Қазақстанда инвестициялық қызметтің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 21:38, курсовая работа

Описание работы

Зерттелетін тақырып бойынша көптеген теориялық және практикалық мәселелерге қатысты ресейлік және шетелдік зерттеушілердің, сонымен бірге қазақстандық ғалымдардың еңбектері қолданылды. Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін қарастырылатын мәселе бойынша отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу барысында ҚР Президентінің жарлықтары, үкімет қаулылары, заңдар мен нормативтік құжаттар, Президенттің жолдаулары, мемлекеттің даму бағдарламалары қолданды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі мәні.............................5

Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы.......................................5
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар..............................................................................................................8
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің қалыптасу ерекшеліктері.....................................................................................................10

Қазақстан экономикасының дамуындағы шетелдік инвестицияның ролі....................................................................................................................13

Шетел инвестициялары: Қазақстан экономикасына құйылу серпіні...................................................................................................................13
2011 жылы Ақтөбе облысының негізгі капиталына салынған инвестицияны талдау....................................................................................................................15
Мұнай өндіруші салалардағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайы................................................................................................................16

Қазақстан Республикасының экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың қазіргі жағдайы.........................................24

Қорытынды..........................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс инвестиция.docx

— 135.65 Кб (Скачать)

Шетелдік инвестициялар  белсенділігінің төмен болудың  себебінің бірі – үкіметтің шетелдік инвестициялар тартуға жағдай туғызбайтын  саясат, оларға көптеген дамыған елдерде  бар және жоғары тиімділікті беретін  кедергі болатын тәртіптердің жоқ  болуы. Шетел инвесторларын үкіметтің  экономикалық саясатының тәртіпсіздігі, «ойын ережелерінің» жиі өзгеруі  шошындырады.

Шетел капиталдарын тартудың негізгі жағдай келесілер:

  • Қазақстан территориясында  инвесторлар жұмысына тұрақты және дамыған нормативті-құқықтық базаны құру;
  • салық жүйесін тұрақтандыру; 
  • меншік институттарын нығайту;
  • сақтандыру жүйелерін және шетелдік инвестицияларына кепіл формаларын құру;
  • инвестициялық шешім қабылдауды қамтамасыз ететін хабарландырушы және консультативті жүйелерді құру;
  • халықаралық банктер және қаржылық ұйымдармен инвестициялық бірлестіктерін дамытуға арнайы жеңілдетілген жағдай туғызу керек.

 

 

2.3 Мұнай өндіруші салалардағы инвестициялық үрдістердің қазіргі жағдайы

 

Қазақстан экономикасына  шетел инвестицияларын тарту  макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті  үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады.

Қазақстан Республикасы аумақтарындағы барлық шаруашылық субъектілеріне үздіксіз сыртқы нарыққа шығу құқығын ұсыну, шетел инвестицияларын кеңінен  тарту, ҚР-ның сыртқы экономикалық байланыстарын  кеңейту құқықтарын беру шетел инвестицияларын  ғылыми-зерттеудің өзектілігін анықтайды.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев  “біздің міндетіміз - әлемдік қоғамдастық  алдында қазақстанды инвестициялар  үшін тартымды орын ретінде көрсету, маңызды салаларға инвесторларды  белсене тарту” – деп атап көрсеткен. Сондай-ақ, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Президентіміз  Н. Ә. Назарбаевпен реформалаудың негізгі  тұжырымдамалық принципі қалыптасқан. Сол құжаттың басымды ұстанымы - нарықтық қатынас кезінде мемлекеттің  экономикасын және жоғары деңгейде шетел  инвестициясын нығайту болып  табылады.

Нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, мұнай өндіру саласында  инвестициялық үрдісті қалыптастыруда әлемдік технологияларды және менеджмент пен маркетингтің озық әдістерін  қолдануға негізделген және инвестициялау  тетіктерін қалыптастыруда ең тиімді инвестициялық жобаларды нарықтық тетіктер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті болып  табылады.

Экономиканың өсуі инвестициялық  қызметтің белсенділігімен байланысты. Сондықтан, қазіргі таңда еліміздің  мұнай өндіруші саласының алдында  тұрған негізгі мақсаты құрылымдық және инвестициялық саясат жүйелерінің  барынша қайта қаралуын талап  етеді. Бірақ, өз кезегінде инвестициялық  қызмет, құрылымы, ұдайы өндірістегі  қаржылық және материалдық активтер дәрежесі оның инвестициялық тартымдылығын  анықтайтын факторы негізінде еліміздің  экономикалық жағдайына байланысты болып келеді, яғни бұл инвесторлардың нарықта инвестициялық стратегияны  дайындауды есепке алу факторы болып  табылады. 

Қазақстан өзінің өндірістік әлеуетін қайта қалыптастыруға, жаңартуға, тұтынушылық нарықты жоғары сапалы және қымбат емес тауарлармен толтыруға, өзінің экспорттық потенциалын дамытуға және құрылымдық қайта құруға, бастысы  басқарушылық мәдениетін қоғамға еңгізуге антиимпорттық саясат жүргізуге  мүдделі. Шетел инвесторлары Қазақстанның кең ішкі нарығы есебінен пайда табуға, оның табиғи байлығына, білікті және арзан жұмыс күшіне тәуелді. Сондықтан  да біздің мемлекетіміз алдында келесідей  күрделі және аса маңызды мәселе тұр: жеке ынтаны жоғалтпай қоғамдық мақсаттарға жету үшін экономикалық реттеу шараларын бағыттай отырып шетел  капиталын елге тарту. Қазақстан экономикасына кең көлемде шетел инвестицияларын тарту  халықтың жоғары сапалы өмірімен сипатталатын өркениетті, әлеуметтік бейімделген қоғам құру секілді ұзақ мерзімді мақсаттарды көздейді. Ал шетел капиталы Қазақстанға ғылыми-техникалық прогресске және алдынғы қатарлы басқарушылық тәжірибесіне жетуге мүмкіндік береді. Демек, бұл үшін шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды жетілдіру жолдарын кешенді зерттеу қажет.

Қазақстанның мұнай өндіруші саласындағы инвестициялық үрдістердің  қазіргі жағдайына республикалық  статистикалық мәліметтер негізінде  талдау жасау нәтижесінде, бүгінгі  күнде елімізде шетелдік инвестициялардың ролінің маңыздылығы, инвестициялық  ортаның тартымдылығы, Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша  мұнай өндіруші саланың даму ерекшеліктері  және мұнай өндіруші салаға инвестицияларды  тарту тетіктері,  инвестициялық  қызметті жүзеге асырумен байланысты болған кей бір мәселелер, сондай-ақ, бұл мәселелерді шешуде мемлекеттің  ролін күшейту жағдайлары анықталды.

Стратегиялық аспектте инвестиция елдің дамуындағы барлық жинақ мәселені шешуді анықтаушы және ең алдымен  экономиканы жаңғырту, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, ішкі және әлемдік  нарықта отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды  түйіні болып табылады. 2003 жылы үкімет тарапынан Қазақстанның дамуының 2015 жылға дейінгі индустриалдық- инновациялық стратегиясы қабылданды. Оның басты  орындалуы үшін, қомақты инвестициялық  бағдарламаны іске асыру ішкі көздерді жұмылдыру және шетел инвестициясын  тарту болды. Мәселе тек қана инвестиция көлемінде емес, оның тиімді қолданылуында, сонымен қатар, ресурстардың басымды  секторының дамуына бағыттауында. Қазақстандағы  инвестициялық үрдістің қазіргі  кездегі даму бағыттарының ерекшеліктеріне, олардың әлеуметтік мазмұнына мынадай  сипаттама беруге болады:

1.Қазақстан посткеңестік  кеңістіктегі шетел капиталын  (инвестициялардың барлық түрлерін) қабылдаушы негізгі мемлекеттердің  біріне жатады.

2. Инвестиция тартудан  алдыңғы қатарда тұруына қарамастан  Қазақстанға шетел капиталының  келуі әлі де жеткіліксіз.

Әрине, шетел инвестициялары қазіргі уақытта қай елде болмасын экономиканың   жанданып   өсуіне   себеп   болып   отыр.   Олар   Қазақстан экономикасын демонополизациялау үрдісінде жоғары роль атқарып, еркін бәсекелестікке, өндірісті дамытып, реттеумен ынталандырудың нарықтық тетіктерінің қалыптасуына әсер етіп және осыған сәйкес жүргізілген  шаралардың арқасында терең инфляциядан  шығуға мүмкіндік берді.

3. Келесі бір атап көрсететін  жағдай, Қазақстанды тікелей инвестициялау  үрдісіне негізінен алғанда дамыған  шетел резиденттері үлес қосуда. Мысалы, АҚШ-тың үлесі 36%-дан жоғары, Ұлыбритания-17%, Италия-12,8%. Бұлардан  кейін Оңтүстік Корея, Қытай,  Канада және тағы басқалар. Ал  таяу көршілес мемлекеттің үлесіне  тек тікелей инвесторлардың 6%-ы  ғана келеді.

4. Республикаға тікелей  инвестицияларды тартудың негізгі  түрі - мұнай-газ салаларына қалыптасқан  бірлескен кәсіпорындар мен негізгілерден  бөлініп шыққан кәсіпорындар болды. Осыған орай атап кететін мәселе, ол салық және басқа да төлемдер бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялардың үлесі мемлекеттік бюджеттің маңызды бөлігін қамтиды. Соған қоса осы компаниялардан жоспардан тыс түсетін табыс салығы, роялти, бонус тағы да басқа түрлеріндегі түсімдер - Ұлттық қорымыздың негізгі бөліктерін құрайды.

5. Инвестициялық үрдістің  даму тенденцияларының ең басты  ерекшелігі - оның шикізат өндіруге  бағыттылығы. Мысалы, 1993-2008 жылдар  арасында Қазақстанға келген  шетел инвестицияларының 67,3%-ы  мұнай-газ секторына жұмсалып, ал  өңдеуші өнеркәсіптеріне олардың  12,4%- ғана жұмсалған. Сондықтан,  экономикамыздың қазіргі жағдайында  халықаралық нарықта шикізатқа  сұраныстың өсуін дұрыс пайдаланып  қалуымыз керек. Таяудағы он  жылдықтағы стратегиялық міндеттерді  анықтағанда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан экономикасының дәстүрлі  артықшылықтарын, атап айтқанда  мол табиғи байлықтары мен  минералды шикізат қорларын барынша  дұрыс пайдалану керектігін баса  көрсеткен болатын. Дегенмен де, экономикамыздың дамуын тек қана  мұнай-газ секторындағы кірістерге  тәуелді болмауы үшін ұлттық  экономиканың көп векторлығын  дамыту қажет. Өз кезегінде  бұл саясат әлеуметтік мәселелерді  шешуге мүмкіндік беріп, әлеуметтік  қолайлы орта қалыптасуына қол  жеткізеді. Сондықтан да экономикамыздың  тұрақты дамуын, бәсекеге қабілеттілігін  қамтамасыз ету үшін шетел  инвестицияларымен қатар отандық  инвестицияларды жандандырып, өңдеуші  секторларымызды дамытып, экспортты  үлғайтып, ел ішіндегі жұмыссыздықты  азайтуға, халықтың өмір сүру  сапасының жақсаруына мүмкіндік  туғызу қажет.

6. Инвестициялық үрдістің  қазіргі кездегі жағымды ерекшелігіне соңғы уақыттағы   шетел   инвестицияларының   көлемі   азайып,   отандық ішкі инвестициялардың өсуін жатқызуға болады.

7. Келесі      атап      көрсететін      бағыт - ол      инвестициялық қызметті қаржыландырудағы мемлекеттің рөлі артып, үлесінің көбеюі. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдерден қай жағынан болса да кейін қалуды азайтуда мемлекеттің рөлі, оның экономиканың маңызды салаларындағы инвестицияларды реттеу қызметтері ерекше жүйелі болу қажет.

2000-2008 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау көрсеткіштерінен тек соңғы жылдары ғана инвестиция саласында оң тенденцияның орныққандығы байқалады. 2007 жылы ЖІӨ мен негізгі капиталға инвестиция көлемі сәйкесінше  және 14%-ға артып, ЖІӨ-дегі инвестициялардың үлес салмағы 2000 жылғы 12,3%-дан 2008 жылы 32,3%-ға дейін өсті. Қолданылған ЖІӨ құрылымы айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Соңғы тұтынуға жұмсалған ЖІӨ шығындарының үлесі 2004 жылғы 113,3%-дан 2008 жыл 111,6% дейін азайғанда жалпы сақтаулы қаржы үлесі 18%-дан 22,7%-ға дейін ұлғайып, негізгі капиталдағы жалпы сақтаулы қаржы мөлшерінің де өскендігі көрінді.

2004 жылмен салыстырғанда  2005 жылы негізгі капиталға инвестиция  көлемі 14% көбейіп, 2420,9 млрд. теңгені  құрады, оның ішінде 9,4%-ы бюджеттік қаражаттан жинақталса, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаржысының тиісінше 63,7% және 19,1%-ы шетелдік инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді. 2006 жыл негізгі капиталға инвестиция көлемі 2824,5 млрд.теңгені құраса, 2008 жыл бұл көрсеткіш 4210,9 млрд. теңгеге жетті. 

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың салалық құрылымына назар аударсақ, 1-суретте көріп  отырғанымыздай мұнай және табиғи газ  өндіру (негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлемінен 32,6%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (25,4%), көлік және байланыс (13,4%), өңдеу  өнеркәсібі (10,5%) басым салалар болып  табылады.

Жалпы республикадағы инвесторлар  ұшін жағымды жағдайлар жасау  бойынша қолданып жатқан шаралар  ел экономикасына үлкен үлестегі шетел инвестицияларының келуіне  мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда 40-тан  астам ел өз қаржылық ресурстарын  қосуда.

Қазіргі таңда еліміздің  мұнай-газ саласында мемлекеттік  қатысу үлесі бар 30-дан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бірлескен кәсіпорындардың басым бөлігі Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында мұнай, газ және конденсат өндірісімен айналысады. 5-7 жылдың ішінде шетелдік инвесторларға 50-ден астам мұнай, газ және конденсат кен орны игерілуге берілсе, 25 кен орны халықаралық тендер өткізуге даяр күйге келтірілді.

Мұнай өндіру көлемі бойынша  Қазақстан қазіргі таңда Таяу Шығыс елдері, Ресей, Венесуэла, Қытай, Норвегия, Канада, Ұлыбритания, Индонезия, Бразилия және Африканың кейбір мемлекеттерінен кейін әлемде 18-орын (ТМД-да 2-орын) алады. Мұнда АҚШ, Жапония, Қытай, Корея, Үндістан және Еуропа елдерінің негізгі көмірсутек тұтынушылары (әлемдік тұтынудың 60 пайызы) екенін айта кету керек.

Өндіру көлемі мен тұтыну көлемі арасындағы осындай тепе-теңсіздік  әлемдік энергетика нарығында мұнай  экспорттаушы елдердің көшбасшылығын  күшейтеді. Сондықтан, алдағы 30 жыл ішінде отандық мұнай-газ өнеркәсібіміз ұлттық экономикамыздың дамуын айқындайтын басым бағытты сала ретінде қолға алыну керек.

Мұнай және газ өндірісі Қазақстан өнеркәсібінің табысты  бағыттарының бірі болып қалуда. Қазақстанда 180-нен аса кен орындары табылған, олардың тек 60 ғана игерілуде. Қазақстанның мұнай-газ саласының потенциалды мүмкіндіктері өте үлкен. Потенциалды ресурстар бойынша республикада мұнай өндірісі болжамды бағалау бойынша 2015 жылға қарай – 120-150 млн тоннаны құрайтын болады.  

Мұнай өндірісінің қазіргі деңгейі Қазақстанның минималды ішкі нарығының қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі нарығының географиясы, әсіресе мұнай өнімін тұтынудағы негізгі аймақтардың қашықтығы экономиканың мұнай саласымен өзіндік қамтамасыз етілуінде проблемалар туғызуда. Оның үстіне мұнайды еркін экспорттау  үшін техникалыќ мүмкіншіліктердің жоқтығы әлемдік нарыққа шығуын тежеуде, бірақ жылдық 5-6 млн тонналық экспорт деңгейін сақтап қалуда.

Әлемдік мұнай компанияларының Қазақстанда болуы елдің экономикасы, әсіресе мұнай-газ саласы – инвестиция салудың ең тиімді және тартымды саласы екенін дәлелдейді.

Аймақтық инвестициялық  қызметтің дұрыс деңгейде дамуы  нәтижелі болуы кешенді аймақтық саясатқа байланысты.

Қазақстанның мұнай өндіру саласында мемлекеттік инвестициялық  саясатты және инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру  жолдарын келесідей түрде көрсетуге болады (3-сурет).

Елімізде инвестициялық  ахуалды жақсартуда және инвестициялық  қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіруде  мемлекеттің инвестициялық саясаты  үлкен маңызға ие.

1. Экономикаға қазақстандық, сондай-ақ шетелдік инвестиция  тарту үрдісі өзінің одан әрі  дамуы үшін инвестициялық басқару  саласын мемлекеттік қолдау мен  реттеудің бірқатар шараларын  жүзеге асыруды талап етеді.  Инвестициялық үрдістерді ынталандырудың  мемлекеттік шаралары жергілікті  және жоғарғы билік органдарының  ынталандырушы шараларынан қалыптасады.  Олардың өзара ықпал ету дәрежесі  мемлекеттік инвестициялық саясаттың  тиімділігін анықтайды.       

2. Инвестициялық басқару  саласындағы мемлекеттің ролін  күшейту жеке инвестицияларды  ынталандыру мен нарықтық еркіндікті  сақтай отырып, мемлекеттің узақ  мерзімді  саясаты мен нақты  іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыруға  бағытталады. 

3.  Жалпы, экономикалық  дамудың тиімді динамикасын қамтамасыз ету мүмкіндіктері көбіне ішкі қорлардың аздығынан және экономиканың нақты саласына салынған қаржы қайтарымдылығының төмендігінен шектеулі болып табылады. Ресурстардың асқын тапшылығын және инвестициялау жөніндегі нарықтық тетіктердің қалыптаспағандығын ескере отырып, инвестициялық қызметті басқару саласындағы мемлекеттік саясат басымдықты бағыттар мен «дәлме-дәл инвестициялауды» таңдау және жоспарланатын іс-шаралардың негізділігін, үздіксіздігі мен кешенділігін күшейту арқылы инвестициялық үрдістің басқарылу деңгейін арттыру қағидаларына сүйену керек.

Информация о работе Қазақстанда инвестициялық қызметтің дамуы