Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасы портфельдік инвестициялаудың объектісі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 12:00, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім.
• Бағалы қағаздар түсініктемесі мен орындалатын операциялар
• Инвестициялық қызметтің бағалы қағаздар нарығындағы мәні мен мазмұны
• Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесi
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

ШЫНЫБЕКОВА С.308ТОП.КУРСОВАЯ.doc

— 293.50 Кб (Скачать)

       13) тараптардың жауапкершiлiктерi болуы тиiс.

       9. Қазақстан Республикасының резиденті емес клиенттің қаржы құралдарының және ақшасының есепке алуы және сақталуы шетелдік есепке алу ұйымымен жүзеге асырылған жағдайда басқарушы ол туралы уәкілетті органға хабарлайды.

       Қаржы құралдарын және ақшаны есепке алу және сақтау шартында мыналар белгіленеді:

       1) басқарушының айына бір реттен кем емес өзінің есепке алу жүйесі деректерінің шетелдік есепке алу ұйымының деректеріне сәйкестігін салыстырып тексеру, шетелдік есепке алу ұйымының резидент емес клиенттердің жеке шоттарынан үзінді көшірмелерін және оның шоты бойынша қаржы құралдарының қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімі;

       2) басқарушының, уәкілетті органның сұратуы бойынша кез келген уақытта резидент емес клиенті жөнінде, қаржы құралдары және оның шотындағы ақша туралы, сондай-ақ олардың қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну шетелдік есепке алуы ұйымының міндеті.

       10. Инвестициялық  декларация (бap болған кезде) шарттың  ажырамас бөлiгi болып табылады.

       11. Инвестициялық  декларацияда:

       1) клиенттің инвестициялық портфельді  және осы портфельдiң құрылымын  қалыптастыру мақсаты және стратегиясы  туралы ақпарат; 

       2) клиенттің активтерi инвестицияланатын  бағалы қағаздардың тiзбесi;

       3) клиенттің бағалы қағаздарын  түрлендiру нормалары болуы тиіс.

       12. Шарттың қолданылу  барысында басқарушы клиентке  ақпараттық, талдау және кеңес  беру қызметiн көрсетуге құқылы. Басқарушы осы қызметтердi көрсету  кезiнде клиентке бағалы қағаздармен  шартқа сәйкес жасалатын мәмiлелер  бойынша кiрiс алуға немесе зиянның жоқ болуына кепiлдiк беруге құқылы емес.

        Портфельдi басқару жөнiндегi қызметке қойылатын талаптар

       13. Басқарушы клиенттің бiрiншi талап  етуi бойынша оған танысу үшiн: 

       1) инвестициялық портфельді басқару  жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға  лицензиясының нотариат куәландырған көшiрмесiн;

       2) осы Ереженiң және уәкiлеттi органның  портфельдi басқару жөнiндегі  қызметтi жүзеге асыру шарттары  мен тәртiбiн белгiлейтiн өзге  нормативтiк құқықтық актiлерiнiң  көшiрмелерiн; 

       3) басқарушы мүшесi болып табылатын өзiн-өзi реттейтiн ұйым ережесiнiң көшiрмесiн;

       4) оның уәкiлеттi органымен келiсiлгенi туралы белгi қойылған (келiсу күнi  және басқарушы ішкі құжаттардың  келісілуін растайтын құжаттың  нөмiрiн көрсете отырып) басқарушының  бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қойған және мөрiнiң таңбасымен расталған ішкі құжаттардың көшiрмесiн;

       5) соңғы есепті кезең үшiн қаржылық  есептi;

       6) басқарушының пруденциалдық нормативтердi сақтауы туралы мәлiметтер;

       7) соңғы он екi күн ішінде уәкiлеттi орган жүргізген басқарушы қызметiн тексеру актiлерiнiң көшiрмелерiн;

       8) шарт жасау немесе оның қолданылу  барысында клиент үшін мәнi  бар өзге де құжаттарды (бағалы  қағаздар рыногындағы қызметтiк  немесе коммерциялық құпия бар  құжаттарды қоспағанда) ұсынады. 

       14. Осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн клиентке бергенi үшiн басқарушы оларды дайындауға кеткен шығыстардың өлшемiнен аспайтын мөлшерде ақы алады.

       15. Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген жағдайларды  қоспағанда, басқарушы шартты жасау және қолданылу барысында өзiнiң клиентi туралы мәлiметтердiң құпиялылығын, сондай-ақ клиенттен алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

       16. Шарттың қолданылу  мерзiмi iшiнде басқарушы клиентке:

       1) өзiнiң қаржылық жағдайының нашарлау  және пруденциалдық нормативтердiң бұзылу фактілерi және себептерi туралы;

       2) басқарушыға және оның қызметкерлерiне  уәкiлеттi орган және өзге де  мемлекеттiк органдар қолданған  санкциялар туралы;

       3) клиенттiң активтерi туралы басқарушының  есеп жүйесiндегі мәлiметтердiң не бағалы қағаздар туралы мәліметтердің номиналды ұстаушы ұсынған мәліметтерге не басқарушы мен кастодиан арасында салыстырып тексеру барысында кастодиан берген мәлiметтерге сәйкес келмеуi және осы сәйкессiздiктiң пайда болу себептерi туралы хабарлайды.

       17. Осы Ереженiң  16-тармағында көзделген хабарламалар  жазбаша түрде ресiмделедi және  көрсетiлген жағдайлардың бірі  пайда болған күннен бастап  үш жұмыс күнi iшiнде почта байланысымен, электрондық почтамен немесе  шартта не инвестициялық пай  қорының ережесінде айқындалған байланыстың өзге де ықтимал түрлерiмен клиентке жiберiледi.

       18. Портфелдi басқару  жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру  барысында клиенттiң активтерiне  және басқарушының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешiмдердi басқарушының ішкі құжаттарына сәйкес осындай шешімдерді қабылдауға уәкілетті басқарушының қызметкерлері қабылдауға құқылы.

       19. Инвестициялық  шешiмдi қабылдау басқарушының функциясына  мынадай шарттарды ескере отырып  инвестициялық шешiм қабылдау  үшiн қажеттi ақпаратты жинау,  өңдеу және талдау кiретiн құрылымдық бөлiмшесi берген ұсыныс негiзiнде жүзеге асырылады:

       1) инвестициялық портфельдің жай-күйi;

       2) инвестициялау  жобаланып отырған бағалы қағаздардың  және өзге де активтердің кiрiстiлiгі;

       3) инвестициялау жобаланып отырған  бағалы қағаздарға және өзге де активтерге байланысты тәуекелдер;

       4) шартта және инвестициялық декларацияда  белгiленген түрлендiру нормаларын  сақтау;

       5) инвестициялық шешiм қабылдауға  әсер ететiн өзге де факторлар. 

       20. Ұсыныста:

       1) берiлген күнi және оның нөмiрi;

       2) ұсыныс беру үшiн пайдаланылған  ақпаратқа талдау;

       3) атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, ұсынысты жасаған тұлғалардың қойған қолы;

       4) ұсынысты беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері;

       5) инвестициялық шешімнің ұсынылған нұсқалары;

       6) қаржылық құралдың түрін, көлемін, бағаларының ауқымын, кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (шарттарын) көрсете отырып осы құралды сипаттау;

       7) басқарушымен әзірленген инвестициялық декларацияға сәйкес жасауға ұсынылған мәмілені жасау мақсаты болуы тиіс.

       21. Инвестициялық  шешiмде: 

       1) қабылданған күн және оның  нөмiрi;

       2) негiзiнде инвестициялық шешiм  қабылданған ұсыныстың берiлген  күнi және нөмiрi;

       3) бағалы қағаздардың  және өзге де активтердің көлемi  және сатып алу (сату) бағаларын  көрсете отырып инвестициялық шешiмнiң негiзiнде жасалатын мәмiленiң түрi және шарттары;

       4) оған (оларға) қатысты мәмiле жасалатын  бағалы қағаз (бағалы қағаздар) және өзге де активтер туралы  мәлiметтер;

       5) мәмiленi жасау мерзiмi;

       6) мәміле жасау жобаланып отырған рыноктың түрi (бастапқы немесе қайталама, ұйымдасқан немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы);

       7) брокерлiк-дилерлiк ұйымның, көмегі  арқылы мәміле жасау жобаланып  отырған өзге де ықтимал делдалдың  атауы; 

       8) активтерiнiң есебiнен мәмiле жасау  жобаланып отырған клиенттiң деректемелерi;

       9) атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың қойған қолы;

       10) инвестициялық шешiмнiң орындалуы  туралы белгi болуы тиiс. 

       22. Басқарушы клиенттің  инвестициялық портфельдің инвестициялық сапасының тұрақты мониторингiн жүзеге асырады және оны басқару стратегиясын, рұқсат етiлген тәуекелдiң деңгейiн, осы инвестициялық портфельдің кiрiспе нормасын және түрлендiрудi айқындайды.

       23. Егер қандай  да болмасын жағдайлардың нәтижесiнде клиенттің инвестициялық портфельі шартта және (немесе) инвестициялық декларацияда белгiленген талаптарға сәйкес келуiн тоқтатқан жағдайда, басқарушы осындай сәйкес келмеудi ушықтыратын қызметтi шұғыл тоқтатады және бiр күн iшiнде осы сәйкес келмеудi жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қоса бере отырып оның фактiсi және себептерi туралы уәкiлеттi органға және клиентке хабарлайды.

       Басқарушы клиенттің инвестициялық портфельді сәйкес келмеу басталған күннен бастап он төрт күн iшiнде көрсетiлген құжаттардың  талаптарына сәйкес келтiредi.

       24. Басқарушы инвестициялық  шешiмдi бағалы қағаздар рыногында  брокерлiк және дилерлiк қызметтi  жүзеге асыруға қолданылып жүрген  лицензиясы болған кезде дербес  орындайды. 

       25. Басқарушы мынадай: 

       1) клиенттiң активтерi есебiнен оның меншігіндегi бағалы қағаздарды және өзге де активтерді сатып aлу;

       2) өзiнiң меншiгіне клиенттiң активтерiн  иелiгiнен алу; 

       3) оның клиентi болып табылатын  тұлғаның мүддесiн көрсету жағдайларын  қоспағанда, клиенттің активтерi есебiнен  мәміле жасау кезiнде оның (олардың) тарабы болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүдделерiнiң өкiлi ретiнде;

       4) клиенттің активтерi есебiнен басқарушы  шығарған бағалы қағаздарды сатып  алу; 

       5) клиенттің активтерi есебiнен қайта  ұйымдастыру немесе тарату барысында  тұрған эмитенттердiң бағалы қағаздарды  сатып алуы;

       6) клиенттің активтерiне қатысты  мәмілелер жасау кезiнде төлемдi отыз күнтізбелiк күннен асатын мерзiмге кейiнге қалдыру немесе бөлiп жасау көзделетiн;

       7) клиенттiң активтерiн өзiнiң мiндеттемелерiн  немесе өзге тұлғалардың мiндеттемелерiн  орындауды қамтамасыз етуге салу;

       8) клиенттiң активтерiн үшiншi тұлғаны пайда алушы ретiнде айқындай отырып сақтауға беру жөнiндегі;

       9) клиенттiң активтерiн үшiншi тұлғаның  пайдасына салымға беру жөнiндегi мәмiлелердi жүзеге асыруы тиiс  емес.

       25-1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату жөніндегі бұйрықтарға инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды.

       Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сату барысында, егер бұл инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімінде мәмілелерді тіркеген кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз тасымалдауышысында пайларды есептен шығару (есепке алу) бойынша мәмілелер жасауға кастодиан келісімін растайтын құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде бере отырып, кастодиандық қызмет көрсету және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілім жүйесін енгізу жөніндегі шарт талаптарында көзделген жағдайда, факсимильді байланыс құралдарын пайдалануға жол беріледі.

       25-2. Инвестициялық қордың активтерін хеджерлеу мақсатында туынды бағалы қағаздармен мәмілелер Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ұйымдасқан бағалы қағаздар рыноктарында жасалады.

       25-3. Басқарушы есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күннен кешіктірмей тоқсан сайын кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансын және есебін мемлекеттік және орыс тілінде мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) Интернет желісіндегі меншікті веб-сайтында жариялайды.

       Басқарушының кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансын және есебін жариялау үшін он бес мың данадан кем емес тиражбен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдары пайдаланады.

Информация о работе Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасы портфельдік инвестициялаудың объектісі ретінде