Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасы портфельдік инвестициялаудың объектісі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 12:00, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім.
• Бағалы қағаздар түсініктемесі мен орындалатын операциялар
• Инвестициялық қызметтің бағалы қағаздар нарығындағы мәні мен мазмұны
• Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру ережесi
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

ШЫНЫБЕКОВА С.308ТОП.КУРСОВАЯ.doc

— 293.50 Кб (Скачать)

       Интернет желісіндегі басқарушының веб-сайтында кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансын және есебін жариялау үшін осы ақпаратты орналастыру күні және уақыты көрсетіледі. Басқарушының кірістер мен шығындар туралы бухгалтерлік балансы және есебі басқарушының веб-сайтындағы мұрағатта сақталады.  

        Есепке алуды ұйымдастыру

       26. Клиенттің активтерi басқарушының  баланстан тыс шоттарына есепке алу арқылы басқарушының меншiктi активтерiнен оқшауланады және оларға басқарушының мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алу болмауы тиiс.

       27. Клиенттің активтерін  есепке алу клиентке ашылған  шотта басқарушының есепке алу  жүйесінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңдарына, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

       28. ҚР ҚҚА Басқармасының  2004.25.10. № 298 қаулысымен алынып тасталды

       29. Есепке алу жүйесiн  жүргiзу, клиентке шот ашу және  есепке алу жүйесiн көкейкестi  жағдайда ұстап тұру талаптары  мен тәртiбi басқарушының ішкі  құжаттарында белгiленедi.

       30. Басқарушы айына  кемiнде бiр рет өзiнiң есепке  алу жүйесiнiң деректерiн олардың клиенттердiң активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын осы кастодиандағы деректерге және/немесе клиенттің бағалы қағаздарын есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының деректеріне сәйкес келуiн салыстырып тексередi.

       31. Басқарушы қызметiне қатысты барлық құжаттарды шынайы және көкейкестi есепке алуды:

       1) инвестициялық шешiмдер қабылдау  жөнiндегі ұсыныстар; 

       2) инвестициялық шешiмдер, олардың  орындалуы (орындалмауы);

       3) клиенттердiң активтерiмен жасалған  мәмiлелер, олардың орындалуы (орындалмауы);

       4) инвестициялық шешiмдердi орындау  мақсатында брокерге берiлген  құжаттар;

       5) бағалы қағаздар бойынша кiрiстердiң  түсуi және бөлiнуi;

       6) клиенттерге берiлген есептер; 

       7) есепке алу жүйелерiн олардың  кастодиандардың және/немесе номиналды ұстаушылардың деректерiне сәйкес келуiн салыстырып тексеру;

       8) клиенттердiң басқарушыға талап  қою және оларды жою жөнiндегi iс-шаралар бар өтiнiштерi туралы (жөнiндегi) мәлiметтер бар журналдарды жүргiзу  арқылы жүргiзедi.

       32. Ұсыныстар негiзiнде олар берiлген құжаттармен (материалдармен), инвестициялық шешiмдермен және портфельдi басқару жөнiндегi қызметке қатысты өзге де құжаттармен бiрге хронологиялық тәртiппен жеке тiркегiш файлда сақталады.  

       Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін салыстырып тексеру рәсімін жүргізу тәртібі  

       32-1. Арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін салыстырып тексеруді кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және арнайы қаржы компаниясының уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

       32-2. Жаңа басқарушы агентке берілетін активтерді салыстырып тексеру үшін:

       1) берілетін активтердің тізбесі;

       2) салыстырып тексеру актісі;

       3) берілетін құжаттардың тізбесі жасалады.

       Берілетін активтерге салыстырып тексеру сәтіне басқарудағы активтер кіреді.

       32-3. Инвестициялық басқарудың барлық кезеңінде жаңа басқарушы агентке берілетін активтерді салыстырып тексеру кезінде:

       1) басқарушы агенттің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдарға арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға берген тапсырмаларының көшірмелері;

       2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) ұйымдардың басқарушы агенттің арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға тапсырмаларын орындауы туралы есептерінің  көшірмелері;

       3) басқарушы агент арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен бағалы қағаздармен өз бетімен мәмілелер жасасқан кезде - мұндай мәмілелердің жасалуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

       4) инвестициялық шоттан кастодиан-банк берген үзінді жазбалардың көшірмелері;

       5) арнайы қаржы компаниясының «депо» қосалқы шотынан «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ берген үзінді жазбалардың көшірмелері;

       6) арнайы қаржы компаниясының берілетін активтерін салыстырып тексеру күніне арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасалған қолданыстағы банктік салым шарттарының түпнұсқалары;

       7) мерзімі арнайы қаржы компаниясының берілетін активтерін салыстырып тексеру күніне өтіп кеткен арнайы қаржы компаниясының активтері есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасалған банктік

       салым шарттарының көшірмелері;

       8) басқарушы агенттің арнайы қаржы компаниясының активтерін инвестициялық басқаруға қатысты өзге құжаттар беріледі.

       32-4. Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша салыстырып тексеру актісі жасалады әрі онда:

       1) бағалы қағаздардың ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін көрсете отырып олардың саны (данамен) туралы;

       2) депонент-банктердің атауын, салым сомаларын, банктік салым шартының жасалу күні мен оның нөмірін, салым мерзімін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;

       3) инвестициялық шоттардағы теңгемен және шетел валютасында ақша қозғалысы туралы;

       4) қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;

       5) инвестициялардың ағымдағы құны туралы;

       6) әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы туралы;

       7) комиссиялық сыйақы сомасы туралы;

       8) инвестициялық шоттардағы ақша қалдығы туралы;

       9) инвестициялық қызметке қатысты берілетін құжаттардың түпнұсқалары туралы ақпарат;

       10) инвестициялық қызметке қатысты өзге де мәліметтер болады.

       32-5. Салыстырып тексеру актісі:

       1) бір данадан арнайы қаржы компаниясы, жаңа басқарушы агент, басқарушы агент, кастодиан-банк, уәкілетті орган үшін бес дана етіп

       инвестициялық портфельді басқару шартын бұзу күніне жасалады;

       2) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттің және жаңа басқарушы агенттің бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды;

       3) арнайы қаржы компаниясының, басқарушы агенттің және жаңа басқарушы агенттің мөрімен бекітіледі;

       4) кастодиан-банктің оның бірінші басшысының немесе арнайы қаржы компаниясының активтеріне кастодиандық қызмет көрсететін бөлімшеге жетекшілік ететін басшы қызметкерінің қолымен және кастодиан-банктің мөрімен бекітілген салыстырып тексеру актісі деректерінің дұрыстығы туралы белгісі болуы тиіс.

       32-6. Осы Ереженің 32-4 және 32-5 тармақтарының шарттарына сәйкес ресімделген салыстырып тексеру актісінің нұсқасы оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

       33. Осы ережеде  реттелмеген мәселелер Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  шешiледi.

             Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны

       Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам. Ал, Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.

       Бұл екі ұғым осы курстық жұмыстың ұғымдарының субъектілері болып  табылады.

       Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі  алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады.

       Сондықтан да кәсіпорындар үшін де инвестиция негізгі  қажеттілік болып табылады.

       Алайда  инвестиция қажеттілік ретінде қолайлы стратегия мен тактиканы талап етеді.

       Кәсіпорынның  инвестициялық саясаты олардың  таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялау  стартегиясы кәсіпорынның инвестициялық  қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды. 

       Инвестициялық портфельді басқарушы осы күнгі жағдай бойынша: 01.04.2011

1. "АТФБанк" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы - "АТФ Финанс" АҚ         
2. «БТА Банкі» АҚ-ның «БТА Секьюритис» еншілес  ұйымы» АҚ
3. «Жетісу»  Зейнетақы активтерін инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйым”  АҚ
4. «Нұрбанк» АҚ-ның «MONEY EXPERTS» еншілес ұйымы» АҚ
5. «Компас»  Инвестициялық портфельді басқарушы  компания АҚ         
6. «GRANTUM Asset Management» Зейнетақы активтерін инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйым»  АҚ (“Казкоммерцбанк” АҚ еншілес ұйымы)         
7. «Астана-финанс»  брокерлік компаниясы» АҚ
8. «Сентрас  Секьюритиз» АҚ
9. «RESMI»  Қаржы Инвестициялық Үй» АҚ (бұрынғы  атауы - «RG Securities»АҚ)
10. "HOMEBROKER" АҚ (бұрынғы атауы - «Казкоммерц Инвест» АҚ)
11. "ЕҰ "Халық  Банк Қазақстан" Halyk Finance” АҚ
12. «Цесна  Капитал» АҚ (бұрынғы атауы – «ДЕРБЕС СЕКЬЮРИТИЗ» АҚ)         
13. «ОРДА Капитал» Басқарушы компания» АҚ         
14. "Zurich Invest Management" АҚ         
15. «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ Еншілес ұйымы)         
16. «Greenwich Capital Management» («Гринвич Капитал Менеджмент») АҚ         
17. «Алматы Қаржы Орталығы» АҚ         
18. «Компания «CAIFC» АҚ         
19. «Қаржы  компаниясы «REAL-INVEST.kz» АҚ         
20. «BCC Invest»  АҚ - «Банк Центр Кредит» АҚ ЕҰ         
21. «АСЫЛ-ИНВЕСТ»  АҚ         
22. «Seven Rivers Capital» («Севен Риверс Капитал») АҚ         
23. «Алиби  Секьюритиз» АҚ         
24. «Верный Капитал» АҚ         
25. «Gold Investment Group» (Голд Инвестмент Групп) АҚ         
26. «ИФГ КОНТИНЕНТ» АҚ         
27. «Unicorn IFC (Юникорн АйЭфСи)» АҚ         
28. «Басқарушы Компания «Альфа Траст» АҚ         
29. «REAL ASSET MANAGEMENT» АҚ         
30. «Lancaster Invest» АҚ         
31. «Еуразиялық Капитал» АҚ
32. «Aibn Asset Management» АҚ
33. "Asia Capital" Басқарушы компаниясы" АҚ (бұрынғы атауы - "VIRTUS INVEST" Басқарушы компаниясы" АҚ)
34. "Private Asset Management" АҚ
35. "Тройка Диалог Қазақстан" АҚ (бұрынғы атауы - «АЛМЭКС» Эссет Менеджмент» АҚ)
36. "FATTAH FINANCE" АҚ (бұрынғы атауы - «AFC Capital» ЖШС)         
37. "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

       Инвестициялық саясатты жүзеге асыру арқылы кәсіпорын иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

       Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.  

       Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ  шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы     мемлекеттердегі         мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.

       Екінші бөлімде мен кәсіпорындағы инвестиция туралы саясатты сараладым.   Инвестиция есебін анықтадым. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

       
  1. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы”  заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
  2. М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 год//
  3. Аналитическая  информация  о   состояниирынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценныхбумаг Казахстана. N° 1. 2006г,
  4. Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент”  Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год. 
  5. Бочаров В.В. “Управление денежным оборотом предприятий и корпораций. Москва Финансы и статистика 2001.г.
  6. Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
  7. Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар
  8. Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО  «Казинвест », 2006г.
  9. Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
  10. Косжанов.Т.Н. “Промышленная  и  инвестиционнаяполитика в  долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005г,
  11. Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006г.
  12. Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г
  13. Ковалев В.В. Финансовый анализ  Алматы Финансы и статистика. 2004 год.
  14. Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар

Информация о работе Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасы портфельдік инвестициялаудың объектісі ретінде