«Қазақ» газетіндегі публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:44, контрольная работа

Описание работы

“Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. Араб әрпімен қазақ тілінде 2. 2. 1913 ж- 26. 09. 1918 жж аралығында Орынборда аптасына бір рет (1915 жылдан бастап 2 рет) шығып тұрған. Барлығы 264 саны жарық көрген. Таралымы 3 мыңнан 8 мың данаға жеткен. Шығарушылары – Мұстафа Оразаев, одан соң «Азамат» серіктестігі. Редакторы – белгілі қоғам қайраткері, ақын А. Байтұрсынов, «2- редакторы» - М. Дулатов. 1918 жылы шыққан бірнеше санының редакторы – Жанұзақ Жәнібеков.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

А) «Қазақ» газетінің шығу тарихы

Ә) «Қазақ» - қоғамдық- саяси және әдеби газет

Б) Газет публицистері

В) «Қазақ» газетінде жарық көрген мақалалар

Г) «Қазақ» газетінің қазақ басылымдары тарихында алатын орны

ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Қазақ реферат.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

     Малды бауыздау, бауыздамау қазаққа бір  емес екенін біз білеміз, басқалардың  қазақпен араласып жүргендері ғана біледі. Қазақтың қарасын көрмегендер қазақ жайын қайдан білер? Қазақ аң сықылды арам, адалды айырмайтын халық деп біледі. Жоғарыда айтылған мәселелер қазақтың нақ жанына бата қоймайтын мәселелер десе де, тіпті керексіз меселе деп білгендіктен емес. Қазақ керек қылмағандықтан үндемей отыр ма? Қазақ үндемей отырғаны естімегеннен емес, керексінбегендіктен емес, жандығының жоқтығынан, үрейсіздігінен. «Малды бауыздамай сойыңдар, мүфтиліктің қазаққа керегі жоқ, дінің жоғалу үшін екі орыс, бір қазақ болып отырыңдар. Тілің жоғалу үшін балаларынды баста-уыш мектептерде орыс тілімен оқытындар» деп біз айтсақ, үндемек түгіл, дүнияны басына көшірер еді. Дінді керек қылмайтын шала мұсылман деп отырған қазақтар діншіл болып, аузына су алғандай үндемей отырған молдалар шешен болып, үрейсіздер батыр болып, қандай бізге әкіреңдер еді! Оны басқалар білмесе де, біз жақсы білеміз. Билік туралы жазылғанда, «қазақтың дін ісінен басқа дүнияуи, ягни тіршілік істері, шариғатқа қарамай, билік қарауында болу керек, өйткені шариғат - бір айтылып, тас сияқты қатып қалған, өзгерілмейтін жол, тіршілік күн сайынбөзгеріліп тұрады. Сондықтан тіршілік ісі өзімен қатар өзгеріліп тұратын жолда боларға тиіс» деген сөз айтылып еді. «Шариғат тас сияқты қатып қалған» деген сөзге шамданып, орысша оқығандар дін жайын білмейді деп, Білмейтінімізді бетімізге басып, талай адамдар ашуланып,басқармаға хат жазды. Шариғат қатқан тас сияқты дегенге жаны күйзеліп хат жазып отырған қазақтар мұның әкесіндей жоғарыда айтылған мәселелер болмашы, жанға батпайтын мәселелер деп үндемей отырар ма? Үндемеу себептері басқа шығар дейміз. Ол себебін бізден гөрі қазақтың өздері, әсіресе молдалары артық білсе керек.

     Біз дін жайынан сөйлесек, орысша оқығандар  дін жайын білмейді деп, ауыз аштырмайды, жеріме түстің деп, аяқ бастырмайды. Сондықтан біз дін істері туралы пікір айтуға тартынамыз. Қазақтың дін істері мынадай боларға керек деп, жоба сайлап, жөн көрсетіп отырған молдаларымыз тағы жоқ. Біз бірдеме десек, шап етіп бетімізден алатындар көп. Дін істері туралы пікірін айтып, жоба көрсетуге бірі де жоқ.Мүфти жайынан жазатын қазақтан молда шықпаған соң, ноғай молдасы жазып отыр, 6-шы майда болатын Петербургтағы мұсылман кеңесіне барарлық қазақта қандай молда бар деп сұрағанға еш молданы көрсете алмай отырмыз. Өйткені іске жарарлық қандай молда бар екенін білмейміз. Онда барған молда қазандай қылып ораған сәлдесін көрсетуге бармайды. Қазақтың дін істері қай жөнді, қай тәртіпті болу жағынан толық мағлұмат берерге барады. Қараңғы халыққа түндікті бүркеп, қараңғылап қойып, шариғат соғатын молдалар қазақ арасында көп екенін білеміз, бірақ білімін жарыққа шығарып көрсетпеген соң, Петербург кеңесіне қайсысы жарайтынын біле алмадық. Білімін жарыққа шығарып жүрген қазақта бір-екі молда бар екенін де білеміз, бірақ олардың сөзін басқа молдалар қуаттамай тқрған соң, кеңестегі сөзін де қуаттамас деп, оларды да көрсете алмадық.

     Сөйтіп, әуелі, біз туралы мәселелер қозғалып жатыр екен деп, көңілі селт еткен  қазақтарды көре алмай тұрмыз, екінші, қазақ рухани істері мынау женді, мынау тәртіпті болуға тиіс деп, жоба жасаған молдаларды көре алмай тұрмыз һәм қазақтың рухани істері туралы Петербург кеңесіне барып, толық мағлұмат берерлік молдаларды да таба алмадық. Қазақтың өзіне арнап жеке мүфтилік бере қалса, мүфти, қазы, ахун, имам боларлық молдалар табылар ма? Әлде, деуге жарамаса да, ауыз жеуге жарайтын дейміз бе? Қазақ молдалары да жарыққа шығып, бет-жүзін керсетуі тиіс шығар дейміз.

«Қазақ» газеті 

   Ә. Бөкейхан – публицист.  

     Бөкейханов  Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937) – қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Жасынан зерек, алғыр өскен Бөкейхановты әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербордағы Орман институтының экономика факультетінде білім алды. 1896-1903 жылдары Щербина экспедициясының жұмысына қатысады. Экспедиция жұмыстары біткеннен кейін жиналған бай материалдарды іріктеп, өңдеп, ғылыми қорытындысын жазысты. Экспедицияның қорытындылары 1903-1905 жылдары жалпы көлемі 13 том болып жарыққа шықты. Бөкейханов 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде қазақ халқының жоғын жоқтап сөз сөйледі. Сол жылы «Халық бостандығы» (конституциялық-демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 жылы оның Орталық комитеті құрамына енді. Бөкейханов конституциялық-демократиялық партияның Қазақстандағы бөлімшесін ашуға ынта білдірді. 1906 жылы маусымда Семейде өткен қазақ сайлаушыларының съезінде Бөкейханов «Халық бостандығы» партиясының бағдарламасын қуаттап сөз сөйледі. Бөкейханов I Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. 1912-1917 жылдары Кадеттер партиясы Орталық комитетінің мүшесі болды. Кеңес билігі тұсында ол туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес. 1920 жылы Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты алқасының мүшесі, 1922 жылы Ұлттар істері жөніндегі халық комиссариаты (Мәскеу) жанындағы Орталық баспаның ғылыми қызметкері, 1926-1927 жылдары Ресей Ғылым академиясының ғылыми қызметкері болды. 20-шы ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси және рухани өмірінде «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. Оның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде 1-ші жалпықазақ съезі өткізілді, сондай-ақ, «Алаш» партиясы құрылды. Бөкейханов 1917 жылдың күзі мен қысында мемлекеттік бостандыққа жетудің түрлі жолдарын қарастырды. Г.Потанин бастаған Сібір автономияшыларымен қарым-қатынас жасап, Сібір автономиясы құрыла қалған күнде Қазақстанның оның құрамына енуін жақтады. Бірақ, бүкіл империя көлемінде жағдайдың күн өткен сайын шиеленісе түсуіне байланысты, бұл пікірдің іске асуы екіталай еді. Міне, осындай жағдайда Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысы мен ұйымдастыруы бойынша 1917 жылы желтоқсанның 2-13-і аралығында Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселені қараған жалпы қазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе ? кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Бөкейханов жасады. Съезд қазақ облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Бөкейханов Ресей императорлық география қоғамының қызметіне қызу араласты. 1896 жылы оның Батыс-Сібір бөлімінің мүшесі болды, ал 1901 жылы оның басқару комитетіне сайланды. Оның тарих саласында жазып қалдырған «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты алғашқы еңбегі 1903 жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» деген көп томды альманахтың 17-ші томына еніп, Санкт-Петерборда жарық көрді. Шығармада қазақ өлкесінің тас дәуірінен бергі тарихы көрініс тапқан. Сонымен бірге қазақ даласының соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттаған. Бөкейханов қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын да терең зерттеген. Бұған оның әр жылдары Ресей императорлық география қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семей бөлімшесінің басылымдарында жарияланған «Из переписки (писем) киргизских ханов, султанов», «Из переписки хана Средней киргизской орды Букея и его потомков» және «Из бумаг султана Большой киргизской орды Сюка Аблайханова» атты ғылыми жарияланымдары куә бола алады. Бөкейханов назарынан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтерілісі де тыс қалмаған. Оның бұл тақырыпта 1923 жылы Ташкентте «Материалы к истории султана Кенесары Касымова» атты кітапшасы шыққан. Бөкейханов халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. Ол ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш салды. Сондай-ақ қоғам қайраткері тұңғыш абайтанушы да болды. Абай шығармаларын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады. Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға атсалысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 жылы Санкт-Петерборда басылып шығуына қол ұшын берді. Бөкейхановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі ?көркем аударма. Тәржімаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Толстой, А.Чехов, В.Короленко, Д.Мамин-Сибиряктармен қатар, Еуропаның қаламгерлері, сондай-ақ, үнді, түркі тектес халықтардың әдеби шығармалары бар. Ол көркем аудармаларының басым көпшілігін 20-30-шы жылдары аралығында, КСРО халықтарының орталық баспасындағы Қазақ секциясының әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде жасаған. Бөкейханов қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан шыққан мақалалар Санкт-Петербордағы «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь» секілді басылымдарда жиі шығып тұрған. Ол халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген. Бөкейхановтың атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы әлі де жан-жақты талданып, зерттеле түспек.

     Ә.Бөкейханның артына қалдырған шығармашылық мұрасының үлкен саласы орыс тіліндегі монографиялық, энциклопедиялық, ғылыми еңбектері, мыс: «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи» 1903,(«Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры мен мәдени өркені»)

      Отаршылдықтың қаны сорғалаған зұлымдықтары «Ақмола облысындағы қоныс аударып келгендерің жерлері», «Қазақтар дала генерал-губернаторының мәжілісінде» мақалаларында мұжықтарға қазақ жерлерін қалай тартып алып беру фактілерін дәлді көрсетумен дәлелденді.

     Қазақ, орыс тілді жазылған мақалалардың идея-рухы, ой-талғамы, пікір-байламы, стиль-ырғағы мүлде бөлек, өз заманындағы көкейтесті мәселелерді қозғаумен ерекшеленді.

     «Үшінші дума һәм қазақ», «Дума һәм қазақ», «Төртінші дума һәм қазақ» («Қазақ газеті», 1913,№9,10,19,23,25). Бірінші думаға (қазақтардан), Екінші думаға қазақтардан депутат сайланса да 175 күн өмір сүрді, ал төртінші думада қазақ депутатсыз қалды.

  • «Ашық хат» («Қазақ газеті», 1913,№24), «Кабинет жеріндегі қазақтар» («Қазақ газеті»,1913,№10) «Жауап хат» («Қазақ газеті», 1913,№28,29,36)
  • «Екі жол» («Қазақ газеті»,№100,101) мақалаларында қазақ жерінің тарылғанын, ендігі өмір таласы ақылда, ұсталықта, өнерде, кәсіпте екендігін нұсқайды.
  • «Тағы да би һәм билік» («Қазақ газеті», 1914,10-50)
  • «Сайлау» («Қазақ газеті», 1913,№12,14,15,17)
  • «Керек сөз» («Қазақ газеті», 1913,№23)
  • «Балқан соғысы» («Қазақ газеті», 1913,№261)
  • «Тағы соғыс» («Қазақ газеті», 1914, №71)

         М. Дулатов, М. Шоқаймен бірлесіп  Петроградтан 1917 жылы 20 наурыз күні  жазған «Алаш ұлына»  («Қазақ  газеті», 1917,№225)мақалаларында:

  • «Азаттық таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік» деп Ақпан төңкерісіне төбесі жеткенше қуанып, қазақ елінде нақты істерге кіріседі.
  • «Жер комитеті», «Сайлау құқы», «Комитет сайлау», «Қазақ халқына»,
  • «Іштегі орысты ала кетеміз бе деген үміт» мақалалары («Қазақ газеті», 1917,№251) жарияланған.
  • «Қазақ депутаттары», «Екінші жалпы қазақ съезі», «Жұрт төреші» («Қазақ газеті», 1917,№235 25, 253)
  • «Моңғол халі», «Моңғол конституциясы», «Хутухта хаты» («Қазақ газеті», 1919, №13, 20, 29, 1914,№59)

    Стамбулды  жаулап алу жоспарлары «Трубецкой  лекциясы», «Стамбұл һәм қылилар»,  («Қазақ газеті», 1915,№96,117) мақалаларынан  аян болады.

  • «Дума үкімі», «Мұсылман съезі», «Тоғай облыстық мұжық қазағының съезі», «Жалпы Сібір съезі», «Екінші жалпы қазақ съезі», «Сырдария қазағының съезі» («Қазақ газеті», 1914, №69,70,72,85-96,92). Естелік әңгіме очерк сипатында жазылған бір дүние, «Кәкітой» д.а. («Қазақ газеті», 1915,№105)

Әлиханның Портреттік Жазбаларының тақырып аясы кең. «И.М. Лечников» мақаласы («Қазақ газеті», 1915,№26), «Вандер Билдт» («Қазақ газеті», 1915,№131). 

Жақып Ақбаев. Қазақ халқының азаттығы үшін алысқан атақты заңгер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қажырлы күрескер, «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, «Алашорда» үкіметінің мүшесі, ұлт зиялысы, ғалым, қазақтың тұңғыш құқық магистрі Ж. Ақбаев 1876 ж. 7-қарашада Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауылының (кей деректерде №4) Төңіректас деген жерінде Сарыарқа өңіріне атақты Ақбай әулетінде, дәулетті отбасында дүниеге келген.

1886 ж. Қарқаралы қаласындағы орыс-қазақ мектеп-интернатына оқуға түседі. 1889 ж. Омбы гимназиясына түсіп, кейін Томск гимназиясына ауыстырылып, онда бір жыл оқып, 1898 ж. бітіреді. Гимназиядан соң Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1903 ж. алтын медальмен бітіріп, қазақтың тұңғыш «право магистрі» деген атақты иеленеді. Университетте оқи жүріп, 3-курста Санкт-Петербург Археология институтына түсіп, толық курсын тәмәмдайды. Студент кезінен саяси күреске араласып, «Санкт-Петербургские ведомости», «Дала уалаяты» газеттерінде азаттық жолындағы мақалаларын жариялайды.

Университет бітірген соң, 1903 ж. Қарқаралыға, туған еліне оралып, қаланың бай көпесі Халиолла Бекметовтың қызы Гүлбахорға үйленеді. Сол жылдың күзінде Омбы қаласына келіп, сот палатасына қызметке тұрады. 1904 жылы палата хатшысы, 1905 жылдан бастап, бітістіруші судья міндетін атқарады. 1905–1907 ж. Ресейдегі төңкеріс саяси белсінділігін оятып, митингіліерге және жиналыстарға қатысып, сөз сөйлейді. Омбыдағы, Петропавлдағы, Семейдегі, Павлодардағы, Баянауыл мен Қарқаралыдағы демонстрацияларға қатысып, отаршылдық жүйеге, патша үкіметіне қарсы күрес жүргізе жүріп, Омбыда шығатын «Степной край» газетінде мақалалар жариялап, патшаның отаршылдық саясатын сынайды.

1905ж. шілдеде Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесінде «Алаш» көсемдерінің бастамасымен өткен қазақ съезінде Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтармен бірге шаруаларды көшіріп әкетуді тоқтату, қазақтардың діни басқармасын ұйымдастыру, цензураны жою, ресми іс қағаздарын қазақша жүргізу, қазылар сотын енгізу, қазақ депутаттарын Мемлекеттік Думаға шақыру жөніндегі талаптар қойылып, қоныстандыру саясатының озбырлығы айтылған, отаршылдық езгіге қарсы наразылықтағы 145 мың адамның қолы қойылған «Қарқаралы петициясын» ұйымдастырады.

1905 жылы 2-қарашада өз өтініші бойынша Омбы сот палатасынан қызметтен шығады, елдегі саяси жағдайларға араласады. 1906–1918ж. (үзілістермен) Семей округтік сотында жұмыс істейді. 1906 ж. императорға тіл тигізіп, өкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізген мемлекеттік қылмысы үшін 12 қаңтарда тұтқындалып, Семей түрмесіне қамалады. Түрмеде жатып Санкт-Петербург университетінің профессоры, белгілі заңгер Л. И. Петражицкийге бірінші болып қазақ өлкесінің дербес автономия алуы мәселесін көтеріп хат жолдайды. Ғылыми шығармашылық жұмыспен де шұғылданып, 1907 жылы «Наброски по обычному, в частности, брачному праву киргизов» атты диссертациялық ғылыми еңбек жазады. 1908 жылы алғашында Ақмола облысының Омбы оязына 5 жылға, кейіннен 1909 жылдың 19 наурызында Ресей ІІМ-нің шешімімен Жетісу облысының Қапал қаласына (басында Якутияға) жер аударылады. 1908 жылдан Дала генерал-губернаторлығының кеңесінің бөлімінде ашылған арнаулы ісі 1917 жылдың Қазан төңкерісіне дейін жүреді. 1910 ж. патша өкіметіне қарсы күресін тоқтатпағаны үшін Тобыл қаласына жер аударылады. Айдауда жүріп бүркеншек атпен «Айқап» журналына мақалалар жолдап тұрады.

1912 ж. ақпанында Қарқаралыға қайтып оралып, полицияның қадағалауына алынады. 1913 ж. Қарқаралыға Ә. Ермековтің басшылығымен келген қазақ әдебиеті мен ауыз әдебиеті шығармашылығын зерттеуші Г. Потанинді үйінде қонақ қылып күтіп, кеш ұйымдастырады. 1914 жылдың жазында Омбы сот палатасына қызметке қабылдау туралы өтініш жазады, саяси сенімсіздігі үшін жұмысқа алынбағандықтан адвокаттық практикамен айналысуына тура келеді. Қудалаудан құтылмай тағы да Семей түрмесіне қамалып, 1917 ж. басында босап шығады.

1917 жылы патша тақтан құлаған соң, елдегі саяси өзгерістерге араласып, 1917 жылдың 20 наурызында Қарқаралыда орыс-қазақтардан құралған, құрамына М. Бекметов, Ф. Бекметов, Н. Орманбетов, Н. Нұрмақовтармен бірге өзі де кірген Уақытша өкіметтің уездік біріккен атқару комитетін құрады. Кейіннен комитеттің ішінде жік туып, ұлт араздығын қоздырушы деген айыппен, саяси ұрандар таратқаны үшін қамауға алады. Алайда өзі жазықсыз деп танылып, оның қарсыластары комитет құрамынан шығарылады.

1917 жылы «Алашорда» үкіметін құруға қатысады. Осы жылдың 21–28 шілдесінде Орынборда өткен Бүкілқазақтық съезге қатысып, оның басшы құрамында болады. 5–13 желтоқсанда өткен Орынбордағы 2-бүкілқазақ съезінде «Алашорда» үкіметінің мүшелігіне еніп, съезде 26,5 мың адамнан құралған тұрақты әскер құру идеясын көтереді. Сондай-ақ үш алаш полкін құруға басшылық жасайды, олардың екеуі Семейде, үшіншісі Торғайда орналасады.

Ғалым ретінде  мемлекеттік құрылысты белгілеуде, Алашорда автономиясының мемлекеттік институттары мен үкіметін құруда, Алашорда автономиясының шекарасын анықтауда басты рөл атқарады. «Алашорда» үкіметіндегі қызметін тоқтатқаннан соң 1918 жылы Қарқаралыдағы қазақ комитетін басқарады.

Информация о работе «Қазақ» газетіндегі публицистика