«Қазақ» газетіндегі публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:44, контрольная работа

Описание работы

“Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. Араб әрпімен қазақ тілінде 2. 2. 1913 ж- 26. 09. 1918 жж аралығында Орынборда аптасына бір рет (1915 жылдан бастап 2 рет) шығып тұрған. Барлығы 264 саны жарық көрген. Таралымы 3 мыңнан 8 мың данаға жеткен. Шығарушылары – Мұстафа Оразаев, одан соң «Азамат» серіктестігі. Редакторы – белгілі қоғам қайраткері, ақын А. Байтұрсынов, «2- редакторы» - М. Дулатов. 1918 жылы шыққан бірнеше санының редакторы – Жанұзақ Жәнібеков.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

А) «Қазақ» газетінің шығу тарихы

Ә) «Қазақ» - қоғамдық- саяси және әдеби газет

Б) Газет публицистері

В) «Қазақ» газетінде жарық көрген мақалалар

Г) «Қазақ» газетінің қазақ басылымдары тарихында алатын орны

ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Қазақ реферат.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

1918 жылы Семей ақ-казақтардың қолына көшкенде ұлттық дербестікті сақтап қалуға ұмтылғаны үшін қамауға алынып, 1919 жылы түрмеден босайды. Қарқаралыға келіп колчакшыларға, атамандардың озбырлығына қарсы күрес ұйымдастырғаны үшін тағы да түрмеге түседі. Алаш автономиясын сақтап қалу мақсатында ақ-казактарға қарсы қарулы көтеріліске басшылық жасағаны үшін Колчактың әскери-дала соты 1919 жылдың 7 шілдесінде «әскери-казак диктатурасын құлатып, Совет өкіметін орнату үшін халықты көтеріліске шақырды, атамандардың жауы» деп айыптап, ату жазасына кеседі. Дегенмен 1919 жылы ақ казактар толық жеңіліске ұшырап, Қазақстан арқылы Қытайға қаша бастайды. Корпус командирі Березовский мен Сібір үкіметінің төрғасы Вологодскийдің ұсынысы бойынша аталмыш үкім күшін жойып, қамаудан босатылады. Семей ақ казактардан босатылған соң, заң мекемелерінің қызметіне араласады. 1920 жылдың қыркүйегінен Семей губревкомының әділет бөліміне басшылық жасап, губерниялық сот-тергеу учаскесін құрады. 1920 жылдың сәуір айынан Семей кеңестік халық сотының мүшесі болып, 1921 жылдың қараша айынан 1922 жылдың ақпанына дейін халық ағарту бөлімінде жұмыс істеп, қазақтың ауыз әдебиеті шығармаларын жинау жөніндегі комиссияның төрағасы болады. Бірақ сол жылы өкпе аурына шалдығып, Қарқаралыға қайтып оралады. Денсаулығын сәл түзеп, 1925 жылы Семейге оралып, губерниялық атқару комитетінде, халық сотында түрлі қызметтермен айналысады. 1926 ж. шілдесінен 1927 жылдың 13 желтоқсанына дейін Семей губерниялық соты жанындағы адвокаттар алқасы мүшесінің міндетін атқарады. Осы жылы «Қазақ халқының шығу тегі туралы» атты еңбегін жазғанымен, жарыққа шығара алмайды.

1928ж. Голощекиндік саяси айыптаулардан аулақ болу мақсатында елден тысқары кетіп, Сырдария округтік адвокаттар алқасының мүшесі болады. Көп ұзамай бұл қызметтен шеттетіліп, сол кездегі Жамбыл облысы, Шу ауданы, Новотроицкое селосына келіп, ғылыми-шығармашылық жұмыспен шұғылданады. Елден жырақта болса да, 1930 ж. 14-қыркүйекте ОГПУ жендеттері Кеңес үкіметіне, Коммунистік жүйеге жүргізген қарсы әрекеті, Алашордашы болғаны үшін тұтқындап, абақтыға қамайды. Түрмеде 1,5 жыл отырғаннан кейін, 1932 жылдың сәуір айында 58–10 және 59–3 баптар бойынша айыпталып, Воронеж облысына 5 жылға жер аударылады. Айдаудағы ауыр азаптан денсаулығы әбден нашарлаған соң, рақымшылық жасалып, мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға емделуге рұқсат алады. Ақыры асқынған ауру алып тынып, шамалыдан соң қазақтардың әдеттегі құқығын, оның ішінде отбасы-неке құқығын зерттеп, мерзімді баспасөзде публицистикалық материалдар жариялаған сан алуан талант иесі, энциклопедиялық білімі бар ғалым 1934 жылы 4 шілдеде қайтыс болады.

Ж. Ақбаев Қазақстан Жоғарғы сотының 1958 жылғы 28 ақпанындағы шешімімен толық ақталады. Бірақ бұл хабар жақындарына 1990 ж. ғана жетеді.

Ақбаевтың өмірі  мен қызметі, саяси серіктері А. Байтұрсынов және Ж. Досмухамедов тағы басқа Алаш ардагерлерімен үндес келеді. Ақбаев қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, соның ішінде отбасы-неке құқығын зерттеп, баспасөз бетінде публицистикалық материалдар жариялады. Қазақтың әдет-ғұрып, неке-отбасы мәселелері туралы көптеген еңбектер жазды. Абай аулымен қоңсы қонып, жастайынан ұлы ақынның өлеңдерін жаттап өсті. 1909 жылы Абай жырларының Петербургте кітап болып шығуына қолғабыс жасады. «Қазақстандағы семья-неке қатынастары» (1907), «Қазақтың шығу тегі туралы» (1927) тағы басқа ғылыми зерттеулері Абайдың қарасөздері мен «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» шығармаларымен үндеседі. Алашорда қозғалысына белсене қатынасып, Семейде қызметте жүрген кезде Әуезовпен таныс-біліс, пікірлес, аралас-құралас болған.[2][3] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Жақып Б., «Публицистикалық шығармашылық негіздері» − Алматы, «Қазақ университеті», 2007 ж
 
  1. “Қазақ  әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010
 
  1. Тарихи  тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
 
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
 
  1. Байтұрсынов А. Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1989
 
  1. «Алаш»  қозғалысы. Алматы, 2008
 
 
 
 
 
 

       
 
 
 
 
 
 

Информация о работе «Қазақ» газетіндегі публицистика