Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2012 в 11:47, реферат

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.

Работа содержит 1 файл

Публицистика курсовой.docx

— 89.85 Кб (Скачать)

4.  Публицистикалық шығармаларды  стильдік түрғыдан: а) полеми-кишқ (қақпайіы) публицистика; ә) угітшыік  публіщистика; б) насихат-шььшқ   публицистика;  в)  сатираііык,  публицистика;  г)  эпистолярлык, публицистика;     г)     талдамалы-сыни     публицистика;     д)     деректі публицистика; е) іскерлік публицистика, - деп  жіктей аламыз.

5.  Бүқаралық ақпарат  қүралдарында көрініс табуына  орай: а) газет публицистикасы  немесе баспасөздегі публицистика; ә) радиопублицис-

тика; б) телепублицистика; в) фотопублицистика; г) кинопублицис-тика, - болып жіктеледі.

6. Сондай-ақ кеңестік дәуірдегі  қазақ публицистикасы агартушы-лық,  угітшілік, насихатшылық, уйымдастырушылык,, әшкерелеушшк, анықтамшіық, жарнамалық, танымдық функцияларды атқарды.

Біз қарастырған кенестік дәуір кезендерінде қазак публицистика-сының  әр жанры әр түрлі деңгейде баспасөзден  орын алып отырды. 20, 30-шы жылдары заметка, хат, мақаланың проблемалық түрі, фельетон сияқты публицистика жанрлары көбірек көрініс тапты. 40-шы жылдары  публицистикалық мақала, памфлет, үндеу, рух көтеруге бағытталған хаттар түріндегі публицистика ерекше дамыды. 50, 60, 70-ші жылдары очерк өз дамуының биігіне жетті. Очерктің физиологиялық, социологиялық, экономикалық, проблемалық-анали-тикалық, портреттік, сапарнама, психологиялық, лирикалық, т.б. түр-лері бірінен соң  бірі жарқырап көрінді. Осы жылдары  публицистика-лық мақаланың "өлеңмен  жазылған қарасөз" түрлері ерекше ынта-ықылас туғызды. Фельетон жанры  қайта өрлеу жолына түсті. 80-ші жылдары  сүхбат жанры мен репортаж кең  қолданылды. Сүхбаттың диалог түріне қоса, сүхбат-монолог, сүхбат-хабар, сұхбат-суреттеме, сүхбат-пікір, сүхбаттың анкета түрі, дөңгелек стол басындағы әңгіме, баспасөз конференциясы сияқты бірнеше жаңа түрлері қолданысқа енді. Кеңестік дәуірдің барлық кезендерінде де заметка, корреспонден-ция, есеп, бас мақала, рецензия, шолу, баспасөзге шолу, мақала жанрлары баспасөз бетінен түскен жоқ. Мүның бәрі де дәуір мазмүны - сол  дәуірдің өзіне тән түрді қажетсінетіндігінің  айқын көрінісі.

4.2 Тәуелсіз Қазақстан  публицистикасындагы Іакырыпгык. проблемалык  ізденістер атты бөлімшеде тәуелсіздік  кезеңінің алғашкы жылдарындағы  публицистикалық шығармалар сараланды.

Демократия мен жариялылықтың  нәтижесінде тарихтағы көптеген актандақтардың беті ашыла бастады, ұлт тағдыры, үлттық сананың калыптасуы, мемлекетгіктің қалыптасуы сияқты өзекті мәселелерге баспасөз бетінен орын беріле бастады. Публицистер халықтың тарихта кеткен есесін қайтарып беру жолында қалам қайратын жұмсады, ел намысын оятуға, жүрт санасын сілкіндіруге бағытталған рухани серпіліс жасауға көшті. Бүл әсіресе 90-шы жылдардағы қазақ баспасөзінен, овда жарық көрген публицистикалық шығармалардан айқын көрініс тапты.

Дөл осы кезенде қазак  публицистикасының дамуында да жаңа бір дәуір басталды. Ол — азат ойдық, еркін сөздің дәуірі еді. Публицистика қоғамдық маңызды мәселелерді кетергенде ғана, оның әсер-ықпалы зор болатындығы  белгілі. Сондықтан біз 90-шы жылдардағы ең өзекті мәселелерді алға тартқан  публицистикалық шығармаларға назар  аудардық.

90-шы жылдардағы қазақ  баспасөзінде көрініс тапқан  негізгі тақырыптар мынандай  болып келді: 1) төуелсіздік; 2) Қазақстан  территориясының түтастығы; 3) тіл  саясаты; 4) егемендік; 5) казактар туралы; 6) қоғамды жаңэгырту жолдары; 7) қазақтардың  тарихи атамекеніне оралу мөселесі [34,43 б.].

Бүл жаңа дәуірдегі жанрлық, түрлік езгешеліктерге назар аударсақ, өсіресе сыни корреспонденция, корреспонденция-толғаныс, ғылыми-публицистикалық макала, проблемалық  мақала, полемикалық мақала, тарихи-танымдық очерк, сұхбат, шолу, хат, есеп, жолсапар очеркі жанрларындағы шығармалар кездеседі. Дербес және бір тектес заметкалар мол басылды. Мүның өзі шет  елдік жеңіл ақпаратгык баспасөзге еліктеуден, әрі күнделікті оқиғалар туралы тез хабарлаудан туған  кажеттілік еді. Памфлет, баспасөзге шолу сияқты жанрлар мүлдем көрінбей кетті. Ал репортаж, фельетон, рецензия жанрларында  жазылған публицистикалық шығармалар сирек кездеседі. Бас мақала жанрының орнына оның "Редактор бағанасы", "Серкесөз" "Ойтүрткі" сияқты жаңғырған түрлері пайда болды. Сүхбаттың қолданылу аясы кеңейді. Жаңа пішіндер пайда болды. Көп жарияланымдар  сүхбаттың монолог, диалог, сұхбат-пікір, сүхбат-толғаныс, баспасөз конферен-циясы, брифинг, жедел сүрау салу (блиц-опрос), контрвью (қарсы интервью) түрлерінде берілетін болды. Радиопублицистикада, телепуб-лицистикада радиокөпір, телекөпір, телефон арқылы байланыс сияқты сүхбаттың  жаңа түрлері кең қолданысқа енді. Бүрынғы кеңестік дәуір-дегі кіл  мақтау мен марапатқа қүрылатын  портреттік очерктер мүлдем жарняланбайтын болды. Оның орнына шағын суреттемелер берілетін болды.

90-шы жылдар публицистикасында  "синкретизм" аясы кеңейді.  Кейбір жарияланымдарды жаңа  бір жанрға жатқызып даралау,  өзгешелеу мүмкіндігі болмай  қалды. Оның есесіне бір публицистика-лық  шығарманың бойынан сүхбат пен  репортаждың, корреспон-денция мен  мақаланың, тағы басқа бірнеше  жанрлардың белгісін табуға болады. Бұл тенденцияның алда қалай  өрістейтіні қалам алған публицистер  қауымының фантазиясы мен танымдық  көкжиегіне байланысты болса  керек. Оның үстіне жанрлар  мен пішіндердің өзгерісі әлемдік  әдебиет пен журналистиканың  даму бағыттарына да байланысты  екендігін үмытпаған абзал. "Жанр - даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи  дөуір әр түрлі жанрдың түп  негізін сақтай түра, оның табиғатына  өз ерекшеліктерін енгізеді... Жанрлық  дамудың езі - тірі процесс.  Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады..." [35,311 б.] - деген академик З.Қабдолов  тұжырымы осындайда айтылса керек. 90-шы жылдар публицистикасындағы  тағы бір ерекшелік           шығармадағы ішкі полемика (қақпайласу,

қайымдасу). Мәселен мақала авторы, тууы мүмкін оқырман сауалдары  мен қарсылықтарына ыңғайластырып, ішкі полемиканы туғызады. Бүл теоретиктердің айтып жүрген "Публицистикалык, текстің  ішкімонологтық диалогтандырылуы" [36,90 б.] болып табылады. Дәл осы  ерекшелік төуелсіздік дәуіріндегі  публицистер шығармашылы-ғывда жиі  кездесіп отырады. Тәуелсіздік жыддарындағы баспасөздегі

тенденциялар Ш.Мұртаза, К.Смайылов, Ө.Жәнібеков, Ә.Кекілбай т.б. публицистикалык  шығармалары негізінде көрсетілді.

90-шы жыддар публицистикасының  басты өзгешелігі • - бұрын  жазуға болмайтын, бүрын айтута  болмайтын мәселелерге еркін  қалам тербелді. Бүл жаңа басталған  дәуірде қазақ публицистикасы, әсіресе,  тақырыптық жөне проблемалық  тұрғыдан байыды. Соған сай мазмүндык  жағынан да публицистиканың өмірді  шынайы қамту ауқымының аясы  кеңейді. Ақын-жазушылар, ғылыми, модени зиялылардың публицистикаға  калам тартуы бүрынғыдан да  жиіледі. Сойтіп ел тәуелсіздігімен  бірге, мәселенің мәнісін тез  ашатын, қоғамдағы окиға, қүбылыска  жедел түрде үн қататын публицистика  заманы туды. Бұл қазақ публицистикасының  даму жолындағы жаңа дәуір  еді.

ТҮЖЫРЫМДАРДА

Публицистика табиғаты, қазақ  публицистикасының бастаулары, фольклордағы және көне түркі жазба ескерткіштеріндегі публицистика белгілері, алғашқы қазақ  басылымдарындағы публицистика, кеңестік дәуірдегі және тәуелсіздік кезеңіндегі  қазак публицистикасы туралы негізгі  тарауларда айтылған ойлар мен пікірлер корытындыланған.

Түйіндей келгенде, қазақ  публицистикасы алғаш рет кең  ауқым-ды тұтас зерттеу нысанына айналды. Публицистика табиғаты көркем әдебиетпен, журналистикамен байланыста ашылды. Үлттық публицис-тиканың пайда  болуының уакыттық шегі терендетілді. Қазак ауыз әдебиетіндегі публицистикалық  сарын туралы тың тұжырымдар жасал-ды. Көне жазба ескерткіштердегі публицистикалык  элементтер нақты текстік үзінділерді  талдау негізінде айқындалды. Алғашкы  казақ газет-журналдарындағы публицистика жанрлары, пішіндері, сондай-ақ бүрын  беймәлім көрнекті публицистер шығармашылығы, кеңестік дөуірдегі және тәуелсіздік  кезеңіндегі публицистиканың ерекшеліктері  бүгінгі көзкарас тұрғысынан ғылыми байыптатды. Сонымен, публицистика -- белгілі  бір уақыт пен кеңістікті камтитын заман шежіресі, дәуір үні. Өткен  кезевдерде қандай коғамдық-саяси ахуал  болғандығын, халык жағдайын, әлеуметтік өзгерістер мен шаруа-шылық бағыттарын сол уақытган қалған ауызекі мүралар  арқылы жөне баспасез бетінде жазылып, жарияланған публицистика арқылы бүгін  біле аламыз. Ал бүгінгі болып жатқан қым-куыт оқиғалар публицистиканың  алтын аркауы аркылы келер үрпак  жадына жол тартады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1   Байтұрсынов А.  Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1989. - 320 б.

2  Назарбаев Н. Туған  елім - тірегім. - Алматы: Рауан, 2001. - 128 б.

3  Фетисов М.И. Зарождение  казахской публицистики. - Алматы: КГИХЛ, 1961. -С.440

4  Амандосов Т., Елеукенов  Ш., Ыдырысов Т., Қожакеев Т. Газет  жанрлары. - Алматы: Қазақстан, 1965. - 208 б.

5  Амандосов      Т.      Современная      казахская      публицистика. Автореферат на соиск. учен. степени  докт.филол.наук.- Алматы: 1982.

-  С. 46.

6  Барманкулов М. Жанры  печати, радиовещания и телевидения. -Алматы: КазГУ, 1974. - С. 128.

7  Идрисов    Р.    Казахская   военная    публицистика    (1941-1945): Автореферат на соиск.  учен.  степени  канд.филол.наук.  •-  Алматы, 1970. - С. 20

8  Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Мектеп, 1982. - 365 б.

9  Даль    В.    Толковый    словарь.           Москва:    Государственное  издательство иностранных и национальных  словарей, 1956. Т.З. - С, 535.

10  Әдебиеттану      терминдерінің      сөздігі/      Қүрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. - Алматы: Ана тілі, 1996. - 240 б.

11  Амандосов    Т.    Совет   журналистикасының   теориясы    мен практикасы. - Алматы: Мектеп, 1978. - 273 б.

12  Гребенщиков      А.Я.      Некоторые      вопросы      современной  публицистики//   Сборник   "0   публицистике   и   публицистах". Ленинград: Изд. Ленинградского  университета, 1966. - С. 185.

13  Багиров Э.Г. Место  телевидения в системе средств  массовой информации и пропаганды. - М.: Изд. МГУ, 1976. - С. 119.

14  Белинский В.Г. Разделение  поэзии на роды и виды/ Под  ред. Ф.М.Головенченко.   Собрание   сочинений   в   3-х  томах.   Статьи   и рецензии. - М.: Гос.издат.худ.лит., 1948. Т.2. - С. 5-67.

15  Гус   М.   Статья   и   фельетон   (Опыт   пособия   по   газетной публицистике). - Москва: Работаик просвешения, 1928. - С. 68.

16  Бекхожин Х.Н. Қазак  баспасөзінің даму жоддары (1860-1930 жылдар). - Алматы: Қазақ мемлекет  баспасы, 1964. - 263 б.

17  Алтынсарин Ы. Тавдамалы  шығармалары. - Алматы: ҚМКӘБ, 1955. - 324 б.

18   Қазақ халқының  ауыз өдебиеті.- Алматы:  ҚМКӘБ,   1960.  I-кітап. - 738 б.

19  Рыбаков Б.А. Доевняя  Русь. Сказания, былины, летописи. -М.: Изд.  АН СССР, 1963. - С. 361.

20  Ученова В.В. Исторические  истоки современной публицистики.

-  Москва: МГУ, 1972. - С. 73

21   Ученова В.В. Гносеологические  проблемы публицистики. - М.: МГУ, 1971. - С. 146.

22  Қазақ совет энциклопедиясы.- Алматы: Қазақ совет энц. Бас  редакдиясы, 1978. Т.12. - 600-6.

23   Радлов В.В. Образцы  народной литературы тюркских  племен. СПб. 1896. Т. ҮІІ.

24  Қожакеев Т. Үлттық  баспасөз куні// Жас алаш. - 1992. - 10-мамыр.

25  Түрарбеков 3.  Әдебиеттер  достығынын дәнекері.  - Алматы: Казақстан, 1977. - 147 б.

26  Әуезов М. Акаңның  50 жыддык тойы// Ақ жол. - 1923. - 4-ақпан.

27  Қожакеев Т.  Көк  сеңгірлер.  - Алматы:  Қазак университеті, 1992. - 272 б.

28  Сұхбанбердина  Ү.  "Айқап" журналы.  -•  Кітапта:  "Айқап".-Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясьт, 1995. - 366 б.

29  Әуезов М. (Қоңыр). Қазак  әдебиетінің қазіргі дәуірі// Шолпан. - 1923. - № 4, 5.

30  "Қазақ" газеті/ Бас редактор Ә.Нысанбаев. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" Бас  редакциясы, 1998. - 560 б.

31   Философская энциклопедия. Т.2. - М., 1962.

32  Қозыбаев   С.,    Бекболатов   Ж.   Өмір    айнасы.    —   Алматы: Қазақстан, 1990. - 88 б.

33   Қирабаев С. Кеңес  дәуіріндегі қазақ өдебиеті. - Алматы: Білім. 2003. - 224 б.

34  Сарсенбаев     А.      Новое      информационное      пространство  Республики Казахстан: проблемы  и перспективы. -  Ачматы: Ақыл  кітабы, 1998. - С. 200.

35   Қабдолов   3.   Әдебиет   теориясының   негіздері.         Алматы: Мектеп, 1970. - 379 б.

36  Стюфляева  М.И.   Поэтика  публицистики.   •    Воронеж:   Изд. Воронежского  университета, 1975. - С. 154.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША  ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР

1   Соғыстан кейінгі  жылдардағы М.О.Әуезов публицистикасы /Үлы суреткер үлағаты. Ғылыми  басылым.- Алматы, 1997. - 9-26 б.б.

2   Қазак   публицистикасының   бастаулары/   Ғылым   көкжиегінде.  Ғылыми-көпшілік жинак..- Алматы: Білім, 1998. - 145-152 б.б.

3   Новые взгляды  в исследовании печати Алаш  Орды /,/ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика  сериясы. - 1998. - №2. -35-37 б.б.

4   "Акылды    кара    кылды    қырыкка    белмек..."/    3.    Ахметов.  Материалы  и исследования.  Научное  издание.  •- Алматы:  Ғылым, 1998. - 106-110 б.б.

5   Қазақ   публицистикасының   бастаулары   //ҚазҮУ   хабаршысы.  Журналистика сериясы. - 1998. - №2.-104-108 б.б.

6  Жыраулар   поэзиясындағы   публицистикалық   сарын   //ҚазҮУ  хабаршысы. Журналистика сериясы.  — 1998. — №4.-50-56 б.б.

7  Баспасөз    бостандығы    және    кәсіби    мінез-құлық.    //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика  сериясы. - 1999. - №5. - 29-33 б.б.

8   Шет ел тәжірибесінің  қазак журналистикасына ықпалы //ҚазҮУ  хабаршысы. Журналистика сериясы. - 1999. -№б.-9-12 б.б.

9  Қазақ     анықтамаларының     қалыптасу     кезеңінен     //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика  сериясы. - 1999. - №7.-66-69 б.б.

10  Қазақ    публицистикасының    тарихи    тамырларын    ғылыми негіздеудің маңызы.  5і§піГІсапсе  оГ Ше һійогіаі Гопсіаиоп оГ  Кагаісһ риЫісізт.  (Қазақ және  ағылшын тілдерінде)//  "Қазақстан   БАҚ-ы: ақпарат     алу     еркіндігі"      ғылыми-практикалык      Семинарының материалдары. - Алматы, 2001. - 19-22 б.б.

11   Проблемы    размещения    в    Интернете    казахских    изданий //Материалы    международной    научно-практической    конференции "Массовая коммуникация  Казахстана в XXI веке: Реалии и  прогнозы развития". - Алматы, 2001. - С. 66-69.

Информация о работе Публицистика