Жер рентасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 13:30, курсовая работа

Описание работы

Біз өз әдет-ғұрпымызды әкелерімізге қарағанда тез өзгертеміз және өзіміздің өзгертулерімізді тез қабылдаймыз, әрі өзіміздің әдет-ғұпымызды үлкен ыждаһатпен құқықтық норма етіп қайта өңдейміз және бір ізге саламыз.
Өз қарамағында жалға алушысы бар лендлорд, осы жалға алушыны сақтап қалу үшін шартта көрсетілмеген көп нәрсеге барады. Осылайша ақша рентасы тұрақты да, ал шынайы рента өзгеріске ұшырап отырады.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................. 3-4

I бөлім. Жер рентасының теориялық негіздері...............................5-8

1.1 Жер рентасының экономикалық мәні…………………………...... 5-8
1.2.Жерді пайдалану ақылығы және оны экономикалық ынталандыру……………………..............................................................9-10

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер
кадастрлық жүйесінде жерлердің бағалануы..................................11-13

2.1. Жер үшін төленетін төлемдердің түсінігі және жалпы мәселелері.................................................................................................11-13
2.2. Сапалы бағалау (жер қыртысының бонитет балы).......................14-15

III бөлім. Жер қойнауын бағалау әдістемесі....................................16-20

3.1. Жер қойнауын пайдаланушылардың негізгі құқықтары..............16-20
3.2. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтын түрлері ......21-23
3.3. Жер учаскісінің бал банитетін бағалау............................................24-25
Қорытынды..........................................................................

Работа содержит 1 файл

дамира курсавой 1.docx

— 86.68 Кб (Скачать)

      -   жерге орналастырудың және жерді аймақтарға бөлудің ремпубликалық;               

           облыстық және аймақтық схемаларын  (жобаларын) әзірлеу;

    - мемлекеттік жер кадастрын  жетілдіру, оны автоматтандырылған

 

22

   режимде құру және жүргізу;

       -   жерді тиімді пайдалану; топырақ құнарлылығын сақтау мен жетілдіру,

жер мониторингін енгізу, жер ресурстарын қорғау жөніндегі  Мемлекеттік

Бағдарламаны  әзірлеу;

      -   зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізу;

      -    жерді бағалау жұмыстарын жүргізу;

  • егістік жерді есепке алуды жүргізу және өзге де шаралар.   

     Құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады-жер-құқықтық, әкімшілік, мүліктік жер-құқықтық, қылмыстық, тәртіптік, жарғылық-тәртіптік еңбек жауаптылығы.

      Осыған орай, меншік иесі жер телімін белгілі бір мақсаттарда, мемлекеттік органдармен алдын ала жасаған заң күші бар құжаттарда көрсетілген жайларға орай пайдаланады. Жер телімін иеленушіиалдын ала мемлекеттік органдар белгіленген мақсатқа сай емес мақсатта пайдаланса немесе пайдаланбай бос қалдырса, құзыретті орган жер телімін қайтарып ала алады.

      Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Республикасының жерге қатысты  заңдарының міндеті жер телімдері мен жер байлығын пайдалануға негіз беретін және оның шарттары мен шектерін белгілейтін, жерге меншік құқығына өзгертулер мен одан айыратын міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23

3.3.  Жер учаскесінің бал бонитетін бағалау

 

       Бонитет латын тілінен аударғанда «сапалылық» дегенді білдіреді.

Бонитет-табиғи қорларды бағалауға, сондай-ақ жануарлар  әлемі мен өсімдіктер дүниесін, жерді, топырақты, орманды тиімді пайдаланудың салыстырмалы сипаттамасын бағалауға  қолданылатын шартты көрсеткіш. Бағалау  табиғат қорларының нақтылы жеке түрлерін есепке алу тұрғысында анықталады. Мысалы, мал бонитеті  малды тұқымдық және өндірістік топқа бөліп, малдың өнімін арттыру, тұқымдық сапасын жақсартуда жаппай қолданылатын негізгі шаралардың бірі.

     Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және де басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар сарапталып бекітіледі. Мысалы, Қостанай өнірінде топырақтың бонитеті 32 балл,Солтүстік Қазақстан облысы жерінің бонитеті-55, Ақмола облысында топырақ бонитеті-40 баллдан асады.Озық технологияның артықшылығын осыдан-ақ бағалай беруге болады.

    Жер салығын айқындау үшін жер учаскісінің алаңы салық базасы болып табылады. Салық мөлшерлемелері жердің сапасына, тұрған орнына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай, топырақ сапасы бойынша сараланған және жер алаңының бір өлшеміне- гектарға, шаршы метрге белгіленген. Жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері салық заңңамасымен белгіленеді. Ең жоғарғы мөлшерлемелер елді мекендердің жерлеріне белгіленеді; бұл мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне белгіленген және елді мекендердің түрлері бойынша; елді мекендердің жеріне, тұрғын үй қорының жеріне, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге белгіленеді. Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу  үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеге базалық салық мөлшерлемелері мынадай мөлшерде белгіленген: [3,-52-б]

  1. алаңы 0,50 гектарға дейін қоса алғанда-0,01 гектар үшін 20 теңге
  2. алаңы 0,50 гектардан асатын алаңға-0,01 гектар үшін 100 теңге

Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік және басқа салалық  мақсаттағы жерлерге мөлшерлемелер  алаңның бір гектарына есептеліп  бонитет балына бара-бар түрде  жер салығының базалық мөлшерлемелері 1-ден 100 балға және одан жоғары болып  белгіленген. Елді мекендер түрлері және учаскілердің мөлшерлері бойынша сараланған үй іргесіндегі жер учаскілеріне жекелеген базалық мөлшерлемелер белгіленген. Жергілікті өкілді органдардың жер заңнамасына сәйкес жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан аспайтындай етіп түзетуге, яғни төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым

 

24

салынады. Қызметтің  игіліктік  және әлеуметтік сипатындағы  төлеушілері 

санаттарының  бірқатары салықты есептеген  кезде базалық мөлшерлемелерге 0,1 коэффицентті қолданады. Сонымен бірге жер салығын төлеушілер жер

учаскісін  немесе оның бір бөлігін жалға өзге негіздерде  пайдалануға беру

немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану негізінде  салықты 0,1

коэффициенті  қолданбай есептейді.

     Алматы облысы Қарасай ауданының «Шамалған» өндірістік кооперативі. Тауға жабсарлас таулық қара топырағының балл бонитетінің жоба есебі.

 

1-кесте.

Қара шіріндінің мөлшері

Берілген  кестемен қара шіріндінің мөлшерін өлшегенін анықтаймыз(2011жыл)

                                                                          

Жер құнарлығының түрлері

Ауданы 

S га

Базалық ставкасы жерге төленетін  теңгемен 1 га

Түзету коэффициенті

Нарықтық құны теңге

Балл бонитет

Қою қызыл  қоңыр

         

Суармалы жерлер

0,9

126,9

1,5

171,3

82

Барлығы

0,9

   

171,3

 

 

 

Қара шіріндінің құрамы:  =  21х3,40+14х2,41+15х1,97 = 134,7 = 2,7%

                                                     50                           50

 

Түзету коэффициенттер: 

Ауыр сазды  топырақтың механикалық құрамы - 0,95

Натрийдің мөлшері (болмауы) – 1,0

Топырақтың  тұзссыздығы – 1,0

Тастақ (болмауы)  - 1,0

Қуатты топырақ (100 см тереңдігі) – 1,0

Гидроморфностік (жер асы суы  6 метрден терең) – 1,0

Суармалы  шаруашылық жерлердің балл банитеті мына формула бойынша анықталады:

 

Б = 2,7 %                     х 100 х 0,95 х 1,9 х 1,9 х 1,0 х 1,0 х 1,0 = 82 балл.

       2,5% (эталон)

 

      Сөйтіп жердің сапасы 82 баллмен бағаланады. Жер топырақ (топырақ) жоғары табиғи құнарлықпен сипатталады.

 

25

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Қорыта келгенде, жер үшін төленетін салықтар жоғарыда қарастырып кеткенімдей, ғасырлар бойы жер иесінің, мемлекеттің және оның жергілікті органдары кірісінің негізгі тұрақты көзі болып келеді. Экономиканы басқарудың әкімшілдік - әміршілдік жүйесінде бізде табиғат пайдалану тегін деп есептелсе де, жер салықтарының болғаны рас, ол әсіресе қазіргі кезде  жеке кооперативтік секторларда қолданылады. Аймақтық шаруашылықтар бойынша  ауылшаруашылық өнімдеріне белгіленген өткізу бағалары жерді пайдаланушылардан мемлекетке бүркемелі түрде рента алуды көрсетеді, яғни жер үшін төлемнің болғанының айғағы. Аз мөлшерде болса да қосалқы шаруашылық жүргізетін жерлерден салық алынатын. Жердің басқа табиғат ресурстарынан ерекшелігі өндірістің негізгі құралы және сонымен  бірге еңбек заты болып табылады, сондықтан еңбек құралы ретінде де, материалдық байлық элементі рөлінде де оған салық салу экономикалық және әділеттілік тұрғыдан негізді.

     Жоғарыда атап өтілгенмен тығыз байланыста келесі мәселе, жалға алушының өз қауіпі мен тәуекеліне байланысты жердің табиғи қасиетін жақсартуға еркіндігіне қатысты, жетістікке жеткен жағдайда ол өзіне оның кәсіпорнынан түсетін қалыпты пайдадан біршама көп пайда түсіреді,- деп болжауға болады.

      Жалға берілетін үлкен жер телімдеріне қарағанда, ұсақ жер телімдері көбінесе жол, қоршау секілді қымбат құрылыстарды, сондай-ақ, аудан бірлігі есебінен басқаруға көп күш пен кездейсоқ шығындарды талап етеді, сондай-ақ қарамағында бай, құнарлы жердің біршама бөлігі бар, жалпы ұсақ жалға алушылар тек жақсы жерлерді пайдаланғанда ғана гүлденуге қол жеткізеді.

      Рента-әрқашанда өнім, ендеше, өндірістің жекеленген дәлеліне жүктеле алатын жалы өнімнің бөлігі.

      Ренталық салық тек жер қойнауын пайдалануға жасалған жаңа келісім шарттарына қатысты, ал бұрынғы барлық келісім- шарттары сол қойылған кезде күшінде болған заңдарға бағынады.

     Жер қойнауын пайдаланушылардың құқығы және жер қойнауын пайдалануға салық салу заңдары өте кең түрде жазылған. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуда бонустар, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін заңдары толық келтірілген.

Ауылшаруашылық  жерлерін бағалау бұл жердің нарықтық бағасы, немесе жерді жалға берудің  нарықтық бағасы. Осыдан біз нарықтық бағасын тек қана тұтынушының  қажеттіліутерін белгілі бір  уақытта қанағаттандыра алатын жерде ғана болатынын көруімізге болады. Ауылшаруашылық жерлерін бағалау күткен ауқымға, белгілі бір уақытта болатынын кірістің кезеңі мен мүмкіндіктері байланысты.

  Жер бағасына талдау нормалды рыноктық экономикалық тауарлар рыногы

мен  өндіріс  факторларының мәнін дұрыс ұғынуға  көмектеседі. Әміршіл-әкімшілдік жүйеде жер рыногының қызмет етуіне, жер  учаскілерінің  еркін 

26

сатып алынуы мен сатылуына тыйым салынатын  болса, рыноктық жүйеге көшу

де мүмкін емес. Біздің елімізде жердің еркін  рыноктық айналымы, оның сатып алынуы мен сатылуына кедергі болған емес, бірақ ол ресми болмады (мысалы,

селолық жерде  үй сату, саяжайларды сату). Мұның мәні, мемлекет жер учаскілерін сату есебінен көптеген табыстан айырылып, ұтылыс жағдайында  қалып келеді. Жерді сатып алу, сатумен байланысты рыноктық  қатынастарды  заңға сәйкестендіру біздің елімізде жүріп жатқан  түбегейлі экономикалық  реформаның қажетті шарты дер едік.

      Жерді жекеменшіктің иеленуіне  құқық беретін заңдық негіз  елімізде толық жасалған және жерге қатысты заңнамалар жеткілікті деп айтуға болады. Ол ең алдымен- Жер кодексі. Біздегі жер заңдарының бір ерекшелігі рұқсат беру сипатында болуында. Жерге қатысты барлық заңдарды реттеуші және жерді пайдалануға рұқсат беретін басты орган-мемлекет болып табылады. Шынын айтқанда жер және жердің байлығы түгел мемлекет меншігі болып саналады дегенмен заң шеңберінде түрлі мақсаттар бойынша жекеменшікке де беріледі. Яғни жерге қатысты меншік заң арқылы реттелген және құқық шегі белгіленген  белгілі міндеттерді жүктейтін құқықтық түсінік болып табылады.

  Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процессі жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және мемлекеттің тікелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердің негізгі өндіріс құралы, аумақтық кеңістіктің негізі және маңызды табиғи объект ретінде жердің басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлә меншік нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгізу және жерді заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектісі ретінде тану қажнттілігін объективті түрде туындап отыр.

Қазіргі нарықтық қатынастарға байланысты, жердің мемлекет меншігінен жеке меншікке өтуі және жеке меншіктегі жерлердің азаматтық құқықтық мәмілелер арқылы сатылуы, жалға берілуі сияқты жүргізіліп жатқан қатынастардық барлығы ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл дамыған нарықтық қоғамның талабынан туындаған заңды құбылыс болып табылады және бұл өте орынды. Себебі, жердің мемлекет меншігінен жеке меншікке өтуі азаматтардың өздерінің рухани-материалдық қажеттіліктерін қанағаттадыру болып табылады. Жеке меншіктегі жер учаскісін әр тұлға заңда көрсетілгендей иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыра отырып, азаматтық мәмілеге түсу арқылы сатып, өзіне сатып ала алады және шарт бойынша жалға бере алады. Бұл қатынастың барлығыда ерікті негізде шарт негізінде ақылы түрде жүзеге асырылады.

      Бұл еңбекте жердің экономикалық  мәні,  жерді пайдалануы оның  ақылығы,экономикалық ынталандыру, басқару, ұйымдастыру, бақылау әдістері, жер төлемдерінің мәселелері қарастырылды.

 

 

27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Әубәкіров Я., Байжұмаев Е., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы. -  Алматы, «Санат», 1998. - 479 бет.

      2.  «Ұлттық экономика»

      3. Қарғажанов З.Қ. «Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері және салықтары»

      4.  С. Мұқаұлы «Табиғат пайдалану экономикасы»

     5. Үпішев Е. Табиғат пайдалану экономикасы «Оқу құралы»

      6. Әкімбаев А.С., Баймұхаметова У.А. «Экономикалық  теория». Оқу құралы, Астана, 2010

     7.  Бағалау қызметі туралы заң, 2009

      8. «Жалпы экономикалық теория»

      9. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2008 – 104б.

     10. Экономика. Әлемдік классика. (4 том) Алматы, 2006

     11. Стамқулов Ә.С., Стамқулова Г.Ә. Қазақстан Республикасының жер құқығы.Жалпы бөлім. Оқұ құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2004. – 334 бет.

Информация о работе Жер рентасы