Жерге орналастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

Работа содержит 1 файл

УМК ЖОЖ 4кр.doc

— 508.00 Кб (Скачать)
style="text-align:justify">-              жалпы шаруашылық инженерлік объектілерін.

              3.              Ауылшаруашылық алқаптары ұйымдастыру. Ауылшаруашылық алқаптарын трансформациялау, өндеу және орналастыру.

Ауылшаруашылық алқаптарының құрамын, өзара қатынасын бекіту және оларды орналастыру.

              4.              Ауыспалы егістік жүйелерін ұйымдастырып, олардың территорияларын орналастыру              Ауыспалы егістіктердің түрін (типтерін) санын, көлемін таңдап алу.

Орналастыру:

-              ауыспалы егістік жер бөліктерін орналастырып, оларды бригад. бекіту;

-              ауыспалы егістік танаптарын орналастыру;

-              танап қорғау орман жолақтарын;

-              танаптық жолдар;

-              далалық стан және  автолық қызмет көрсету алаңдары.

              5.              Жеміс-жидек егістері территорияларын орналастыру              Орналастыру:

-              породалары мен сорттарын;

-              кварталдары мен бригадалық учаскелері (жүзімдіктер үшін-клеткалар);

-              жолдарды, қорғау орман жолақтарын, көмекші шаруашылық орталықтарын, су көздерін, суландыру және құрғату жүйелері;

-              жидектер өсетін территориясына орналастыру;

-              жеміс және жүзімдіктер питомниктарының территориясының орнын белгілеу орналастыру.

              6.              Мал азықтық алқаптардың территориясын орналастыру. Жайылымдарды ферма немесе мал топтарына бекіту.

Ауыспалы жойылымды ұйымдастыру және олардың танаптарын орналастыру.

Орналастыру:

-              гурттық (отарлық) жерлерді;

-              жазғы лагерлердегі әр жайылу қоршауларын;

-              мал өтетін жолдар;

-              су көздерін және су  ішетін пунктлер.

Ауыспалы шабындықтарды ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру (танаптарды, жолдарды).

 

9.3 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарындағы дайындық жұмыстары.

Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын негіздеу үшін шаруашылықтың жерін мінездемелейтін құжаттар мен материалдар жиналуы керек: қазіргі кездегі қалыптасқан территориясының орналасуы; шаруашылық салаларының қазіргі кездегі жайы және әрқарай дамуы жайындағы деректер. Барлық деректерді дайындық жұмыстары арқылы жинап алынады.

Камералдық дайындық жұмыстарына деректерді, құжаттарды жинау, жүйелеу және зерттеу жұмыстары жатады.

Мына құжаттар жиналады: пландық-картографиялық, жер-кадастрлық, зерттеу материалдары салалардың экономикалық жайы жайында деректер, шаруашылықтың орналасқан запасының агроклиматтық жағдайы жайында, шаруашылық әрқарай дамуы, территориясының орналасуы (организация) жайында перспективалық болжамдар, бұрыңғы жасалған жобалар және т.б.

Пландық-картографиялық материалдар - жер иелігінің планы, әртүрлі зерттеу жұмыстарының сызбалары (топырақ, топырақ-эрозиялық, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық, т.б.)

Жер иелігінің (жер пайдаланудың) планы – жобалау жұмыстарының техникалық негізі.

Рельефі күрделі жерлерде пландар горизонтальдарымен болуы керек, егістіктер қартасы болуы керек.

Аудандық немесе шаруашылық жер-кадастрлық кітаптар арқылы: жер иелігі бекітілгені, көлемдері және сапасы жайында есепке алу жұмыстары, топырақты бонитировкалау және жерге экономикалық баға беру жайында материалдар жиналады.

Елді мекендегі  халқының саны (оның ішінде жұмысқа жарайтын адамдар) жайында және үй қасындағы жерлер жайында анықтамалар жиналады.

Табиғат жағдайы жайында пландық картографиялық материалдарға қосымша әртүрлі зерттеу және ізденіс жұмыстарының материалдары жиналады (топырақ, геоботаникалық, орман-мелиорациялық, су шаруашылық және т.б.). Бұл зерттеу жұмыстарының жүргізілген уақыты, сапасы, олардың жобалауда жұмыстарына жарайтындылығы анықталады, және қосымша қандай зерттеу және ізденіс жұмыстарының керек екендігі анықталады.

Топырақ зерттеу материалдар бойынша топырақ жамылғысының (покров) физико-химиялық қасиетін горизонттардың қалыңдағын, механикалық құрамын, сортаңдылығың және сортаңдалануын, зерттейді топырақтың агроөндірістік группаларын және оларды пайдалану жайында рекомендациялар (ұсыныстарды) зерттейді.

Эрозиялы жерлер болса оларға, қосымша топырақ-эрозиялық зерттеулер жасалып, эрозияға шалыну қауіпі бар жерлердің көлемі анықталып, топырақ сақтау әрекеттері белгілеледі.

Геоботаникалық зерттеу материалдары арқылы шабындықтар мен жайылымдардың әр түрлерінің,  сезондық жайымлымдардың өнімділіктері зерттеледі, олардың мал өсіруде қайсысын қай малға тиімді пайдалануы жайында рекомендациялар беріледі.

Жол зерттеу жұмыстарының материалдағы арқылы жолдардың (ортақ және ішкі) жүк тасымалдылығын, қозғалыстың қарқындылығын, жол жамылғысының түрін, жол ғимараттары жайында жолдарың мінездемелері беріледі.

 

9.4 Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын зерттеу.

Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын зерттеу үшін және әрқарай даму жолдарын білу үшін соңғы өткен үш-бес жылдың жылдық есеп беру көрсеткіштері зерттеледі. Келешек 5-10 жылдық әлеуметтік және экономикалық дамуы жайында жоспарлар қаралынады. Осы зерттеулер арқылы шаруашылықтың жағдайын мінездемелей мына деректер жиналады:

-              өндіріс мамандығы және РАПО (райондық агроөндірістік бірлігіндегі (ААӨБ) шаруашылық аралық байланыстары жайында құрамында атқаратын міндеті;

-              егістік көлемі, егістік құрамы, органикалық және минералдық тыңайтқыштар енгізу, дала жеміс-шөп өсімдіктері көпжылдық өсімдіктер және мал азықты а/ш пайдаланулар, өсімдік шаруашылығының өнімі және оны пайдалануы;

-              мал басы түрімен, породосы және жастары бойынша топтары, өрісі структурасы, азықтың жеткіліктілігі, малдардың өнімділігі, мал шаруашылығының өнімі және оны пайдалануы;

-              көмекші салалардың барлығы даму көрсеткіштері;

-              өндіріс салалары, өндіріс бөлімшелері, елді мекендер бойынша адам еңбегінің жеткіліктілігі (трудообеспеченность);

-              техниканың барлығы, оны пайдалануды ұйымдастыру түрлері, мал, өсімдік және көмекші салалардағы негізгі жұмыстардың механикаландыруы;

-              тұрмыс, мәдени-тұрмыстық және өндірістік құрылыстардың барлығы, жағдайы (состояние) және құны, басқа да территорияны инженерлік жабдықтау;

-              энергиямен қарулануы, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны, ақшалай кіріс, оны бөлу, өндіріске жұмсалған қаржы, еңбек ақы.

Аудандық жерге орналастыру схемасын және басқа болжау, жобалауға дейінгі жасалатын схемаларды зерттеп, олардың қолдану жайын тексеріп, керекті көшірмелер жасалады.

Территориялы инженерлік жабдықтау  (мелиорациялық, орман-мелиорациялық, елді мекенді пландау және салу, т.б.) жобалары, немесе мәдени-техникалық, эрозияға қарсы және басқа шаралар бойынша техно-жұмыс жобаларының копияларын, сызбаларының көшірмелерін жасап, керекті деректерді жазып алу керек (кейін территорияны орналастырғанда пайдалану үшін).

Осы камералдық дайындық жұмыстарында жиналған материалдарды зерттей отырып, далалық жұмыстардың көлемін, мазмұнын анықтайды.

 

9.5 Далалық дайындық жұмыстар.

Далалық дайындық жұмыстарында жер беті зерттеледі, камералдық жиналған материалдармен салыстырылып, сәйкестілігі тексеріліп, толықтырылады.

Далалық дайындық жұмыстарының негізгі мақсаты территорияның іс жүзінде қалыптасқан жайын анықтап, жобалау авторларының жер пайдаланудың территориясымен және өндіріс ұйымдастырылуымен танысу. Бұл жұмыс жобалау институтының мамандары және жерге орналастыру жұмысы жүргізілетін шаруашылық мамандары кіретін комиссиямен жүргізіледі.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстарының шешетін сұрақтарына, оның мазмұнына, түріне, жобалау жұмыстарының көлеміне байланысты жинайтын материалдардың тізімі, мазмұны, көлемі, толықтылығы өзгереді.

Кейбір ауыл шаруашылық тық емес жер пайдалануда бөлгенде қосымша мына құжаттар жиналады: бөлінетін учаскеде пайдалы қазбалардың барлығы; объектісінің орналасу схемасы: әр жыл бойынша салу кезегі көрсетілген, объектінің генералдық планының схемасы; құрылысты қаржылау құжаты.

Жиналған зерттеу, ізденіс және жобалау материалдарын зерттей, талдай  келіп дала ізденіс жұмыстарының көлемі анықталады.

Дала ізденісінің нәтижесі әр жер иесі және жер пайдалануы бойынша актіленеді, оған ізденіс сызбасы қосылады.

Сызбада ізденістің барлық элементтері мен детальдары түсіріледі, басқа жер иелеріне және жер пайдаланушыларға берілетін жерлер көрсетіледі.

Камералдық және даладық ізденіс жұмыстарының нәтижелері бойынша ш.а.ж орналастыру жобасын жасауға әзірленген пландық негіз қаралып (уточняется), жобалау жұмыстары қамтитын жер иелері мен жер пайдаланушылардың әрқайсысы бойынша жерлерінің экспликациясы дайындалады.

Жобалауға тапсырма І. Дайындық жұмыстары материалдары бойынша жобалау ұйымы, тапсырма беруші және жерге орналастыру жұмыстары жүргізілетін объектілердің мамандарының қатынасуымен шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасауға тапсырма тағайындайды.

ІІ. Жобалауға тапсырма жер иелері, жер пайдаланушылар, мекемелер және үйымдар, өкіметтің компетентті органдарымен келісе отырып жасалады. Жобалауға тапсырманы заказ беруші бекітеді. Міндетті түрде тапсырма Госкомзем мен келісуде жасады.

ІІІ. Жобалауға тапсырма өзінің бекітілген формасы бойынша жасалады.

Нег: 1. [64-72], 2. [77-84].

Бақылау сұрақтары:

1) Шаруашылық аралық жерге орналастыруға түсінік бер.

2). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісін ата?

3). Қазіргі кездегі шаруашылық аралық жерге орналастыру қандай іс- әрекеттерден тұрады?

4). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың эконмикалық мәні неде?

5).  Жер иелену және жер пайдалану жүйесіне анықтама бер.

 

Дәріс№10. ӨНДІРІС БӨЛІМШЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРТАЛЫҚТАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ.

10.1 Өндіріс бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын ұйымдастыру

Қаралатын сұрақтар:

І.  Өндіріс бөлімшелерінің санын және мөлшерін анықтау.

ІІ. Өндіріс бөлімшелерінің жер алабын және шаруашылық орталықтарын орналастыру.

ІІІ. Шаруа қожалығының жер пайдалануында осы сұрақтарды шешу. Көптеген ірі шаруашылықтарды ұйымдастыруда шаруашылық құрылысдарын келесі типтерге бөлуге болады: 

1) территориялық; 2) салалық; 3) аралас

Құрылым бөлімшелері ретінде реформаға дейінгі болған бөлімшелерді, өндіріс учаскелерін, бригадаларды, цехтарды және реформадан кейінгі: құрылған арендалық және командиттық басқару және аралас құрылымдарды алуға болады.

Аралас құрылымдар дегеніміз бұрыңғы традициялық және жаңадан пайда болған құрылымдардың  аралас қолданылуы

Құрылымдар екі-үш сатылы болуы мүмкін:

1.              ауылшаруашылық мекемесі - өндіріс учаскелері (бөлімшелер) – бригадалар;

2.              ауылшаруашылық мекемесі - цехтар – бригадалар;

3.              кооперативтер;

4.              кіші өндірістер;

5.              арендаторлар тобы.

Бөлімшелерге тек қана осы бригадаларда жұмыс істейтін жұмысшылардың жері және мүлкі ғана кіріп қоймай, басқа да салаларда жұмыс істейтін адамдардың жер бөліктері кіруі мүмкін (өндіріс және қоғамдық цифраструктураларды).

Шаруашылықтағы өндіріс бөлімшелерінің саны, мөлшерлері, мына көрсеткіштерге әсерін тигізеді:

-              шаруашылық орталықтарын салуға, пайдалануға эксплуатация жұмсалатын қаржының мөлшеріне;

-              басқаруға ыңғайлылығына;

-              әкімшіліктік басқару аппаратына жұмсалатын қаржының мөлшеріне;

-              адамдарға дұрыс мәдени-тұрмыстық жағдай жасауға.

Сондықтан бұл мәселені шешер алдында елді  мекендердің санын, оларда қанша адамдар тұратындығын, су мен қамтамасыздығын, транспорт және байланыс жүйелерінің дамығандығын, транспорттың өту жағдайлары жақсылап зерттеуге тиіс.

Өндіріс бөлімшелері тым үлкен, немесе тым кіші болмай, көптеген өндірістік факторларға байланысты ең үлкен экономикалық нәтиже беретін мөлшерде жобаланулары тиісті.

Өндіріс бөлімшелерінің мөлшеріне көп факторлар әсер етеді

 

Өндіріс бөлімшелерінің жобамен тиімді мөлшерлері.

Бөлімшелердің өндірістік типтері (түрлері)

Ауылшаруашылық алқаптардың  мөлшері,

мың га

Жыртылған жер

барлығы

о.і. негізгі дақылд. (мал басы)

1.

Дәнді-дақылдық:

 

 

 

 

- Қазақстан далаларында

5-12

 

 

 

- басқа зоналарда

3-5

 

 

2.

Көкөніс

 

2.5-3

0.6-1

3.

Қызылша

 

1.0-1.6

0.4-0.6

4.

Мақта

 

1.4-2

0.9-1.3

5.

Күріш

 

2-3

1.2-1.8

6.

Темекі

 

1-1.5

0.2-0.3

7.

Бау-бақша, жүзімдік

 

0.5-1

0.3-0.5

Мал шаруашылықтық бөлімшелер

 

Қой шаруашылық

20-50

1.4

10-20 мың бас қой

 

Ірі қара мал

16-18

2-5

 

 

Шошқа љсіру

1-5-7

1-4.5

 

 

 

ІҚМ (КРС)

мал басы

20-400

 

 

 

Молодняк

400-800

 

 

 

Шошқа

80-100 свиноматки

 

 

 

Откорм (шошқа)

1500-4000 бас

 

 

 

Қой

3-5 мың бас

 

 

Информация о работе Жерге орналастыру