Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 19:08, реферат
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байла-нысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алды-мен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, психологиялық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.
1. Кіріспе............................................1-3
2.Негізгі бөлім...............................................................3-13
2.1. Қиял түрлері мен сипаттамасы..................................
2.2. Шығармашыл қиял......................................................
2.3.
Оқушылар қиялы- арман
Ертегілер арманмен толған.........................................
3.Тәжірибелік бөлім.............................................................13-21
3.1. «Ертегілер еліне» саяхат (сабақ жоспары).................
3.2.Ертегілер арқылы қиялды дамыту жолдары..................
4.Қорытынды.........................................................................21-23
Қиялмен өмір сүргендер,
Болашаққа күліп кіргендер.
Арманға мойынсұнғандар,
Мақсатқа жеткен ұландар!
5. Әдебиеттер тізімі................................................................24
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Мәметова атындағы
гуманитарлық колледжі
Тақырыбы: 5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту
Тобы: Кт-3-07к
Қабылдаған: Аманбайқызы Райхан
Орындаған: Бақытқызы
Мөлдір
5-сынып
оқушыларының қиялын
ертегілер арқылы дамыту
1.
Кіріспе.......................
2.Негізгі
бөлім.........................
2.1.
Қиял түрлері мен
сипаттамасы...................
2.2.
Шығармашыл қиял...............
2.3.
Оқушылар қиялы- арман
Ертегілер арманмен
толған........................
3.Тәжірибелік
бөлім.........................
3.1.
«Ертегілер еліне»
саяхат (сабақ жоспары)...............
3.2.Ертегілер
арқылы қиялды
дамыту жолдары................
4.Қорытынды...................
Қиялмен өмір сүргендер,
Болашаққа күліп кіргендер.
Арманға мойынсұнғандар,
Мақсатқа
жеткен ұландар!
5.
Әдебиеттер тізімі.............
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байла-нысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алды-мен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, психологиялық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.
Оқушының
дербестігін, шығармашылық ынтасын
арттыруға бағытталған
Жеке бала –
бұл күрделі бүтін жүйе және
оның дамуын ашатын
Жеке баланың
өздігінен танымдылығын дамыту
үшін көптеген факторлар әсер
етеді: стихиялық (апаттық)
Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршауы деп көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап, қазіргі зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап (ұйымдасқан және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек) қарастырады.
Барлық теориялық
және практикалық маңызды
I. Зерттеу жұмысының өзектілігі: келесі факторлармен көрсетуге болады:
- әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін адамның қажеттілігі;
- төменгі сынып оқушыларының өздігінен танымдылығын дамытуды зерттейтін, оның ғылыми негізін талдайтын оқу орындарының қажеттілігі;
-сабақ барысында оқу мен танымдық процестерді жетілдіру үшін тиімді әдістер, жаңа технологиялар пайдаланатын оқытушылардың аздығы.
II. Зерттеудің мақсаты:
5-сынып оқушыларының
қиялын ертегілер арқылы
-оқушыларға қиял және оның түрлері жөнінде түсінік беру;
-оқу процесінде
қиялды дамыту жолдарын
-ертегілер оқу арқылы қиялдың ерекше түрі - арман қалыптастыру;
-қиял-ғажайып ертегілер арқылы оқушының бойында қиял түрлерін жетілдіру.
ІІІ.Зерттеудің міндеттері:
жаңа, тиімді әдіс-тәсілдер пайдалану.
IV. Зерттеудің әдісі:
Бала
әрекетінің өнімін талдау, педагогикалық
эксперимент, анкета, сұхбаттасу, бақылау;
математикалық және
V. Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:
Ойын – пән
ортасында субъекттің әрекетін
ұйымдастыру технологиясы
VІ. Зерттеудің негізі:
- жеке әрекет жасауы жеке адамның өздігінен танылуына жағдай жасайды;
- жүйелі жағдай жасау, бұл педагогикалық құбылысты бір – бірімен байланысты және бір – бірімен келіскен бүтін жүйені құрастыратын диалектикалы жинақты қарастырады;
- әлеуметтік қатынастағы теорияны
қарастырады.
Қиял туралы жалпы
ұғым
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъек-тивтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күш-терді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын өзіндік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтасты-руға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2)қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3)қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында,—деп жазады М. Жұмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал.Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше.Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жете-лейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді.Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты.Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
5)адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады.Мұндағы негізгі шарт:саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүкіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламыз , оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады.
А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ...
Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған
Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Информация о работе 5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту