Асанқайғының жерге айтқан сындары
Доклад, 27 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Асанқайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен: Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер»,— екен депті.
Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен»,— деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан «Үш қара» атанған екен таудың аты.