Қосылған құн салығының жалпы түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:54, реферат

Описание работы

Жанама салықтар операциялардан, тауарлардан, ойын сауықтардан алынатын салықтар. Басқа сөзбен айтқанда, жанама салықтардың ерекшеліктері – кәсіпорындардан, тауар сатып алатын азаматтардан емес, тиісті тауар сатушылардан түседі. Бұл салықтар тауарларды тұтыну барысында алынады және олар бағаға қосылады. Яғни баға қаншалықты көтеріңкі болса, салық сомасы соншалықты жоғары болады.

Содержание

Қосылған құн салығының жалпы түсінігі.

1.1 Қосылған құн салығының жалпы түсінігі

1.2 Қосылған құн салығының ерекшелігі

1.3 Акциз салығының мәні

1.4 Корпорациялық табыс салығының түсінігі.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қосылған құн салығының жалпы түсінігі..docx

— 26.97 Кб (Скачать)

 

Қосылған құн салығының  жалпы түсінігі.

 

1.1 Қосылған құн салығының  жалпы түсінігі

 

1.2 Қосылған құн салығының  ерекшелігі

 

1.3 Акциз салығының мәні

 

1.4 Корпорациялық табыс салығының түсінігі.

 

Қорытынды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Қосылған құн салығының жалпы түсінігі.

Жанама салықтар операциялардан, тауарлардан, ойын сауықтардан алынатын салықтар. Басқа сөзбен айтқанда, жанама салықтардың ерекшеліктері – кәсіпорындардан, тауар сатып алатын азаматтардан емес, тиісті тауар сатушылардан түседі. Бұл салықтар тауарларды тұтыну барысында алынады және олар бағаға қосылады. Яғни баға қаншалықты  көтеріңкі болса, салық сомасы соншалықты жоғары болады.

Жанама салықтардың түрлеріне тоқталатын болсақ, олар мынадай топтарға бөлінеді: акциздер, қосылған құнға салынатын салық және кедендік баж. Енді осы салықтың түрлеріне қысқаша мәлімдеме беретін болсақ , акциздер дегеніміз- белгілі бір отандық және импорттық тауарларды өндіруге немесе сатуға салынатын салықтар. Яғни қалыптасқан қағида бойынша тұрғындарға арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабельді тауарлар мен өнімдерге салынады.  Мемлекет акциз салығын сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен қатар мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін пайдаланады. Ал қосымша құн салығы дегеніміз- салық айналымының ерекше түрі болып табылады.  Қосылған құнға салынатын салықтың классикалық нысаны- тауарлар мен қызметтерді түпкілікті жеке тұтынуға жұмсалатын шығынға салынатын салық. Жанама салықтардың келесі түрі- кедендік баждар. Кедендік баждар дегеніміз- мемлекетке келетін немесе шығатын тауарлардан алынатын ақшалай алымдар.

 

Қосылған құн салығы-тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өндіру және олардың айналасы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құныңын бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасымен алынған тауарлар  үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қосылған құн салығы жанама салықтардың бірі болып табылады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы салық сомасының айырмасымен ұйғарылады.Оған жұмыстар мен қызметтер және салық сомасы, тауар алуға жататын төлемдер, істел-ген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және тағы басқалар жатады.

     Қосылған құн  салығың тиімді пайдалану шет елдердегі тәжірбиелерде анықталып отыр, атап айтқанда осы салық либерализациялық бағамен байланысады, жоғарғы баға болса салық сомасы сонша жоғары болады.

     Экономикадағы  тұрақсыздық жағдайда дұрыс қолданылмаған  қосылған құн салығы сатып алушыларға теріс әсер етеді . Сонымен қатар тауар шығырушыға да теріс әсерін тигізеді.

      Қосылған  құн салығын төлеушілері:

 Жеке кәсіпкерлер;

 Заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда;

 Қызметін Қазақстан  Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

    Заңды тұлғалардың қосылған құн салығын дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелнрі қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.

    Тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілер Қазақстан Рес-публикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасы-ның аумағына импортайтын тұлғалар болып табылады.

Салық салу объектісі салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып екіге бөлінеді.

Тауарларды өткізу бойынша айналым.

1.Тауарларға қатысты өткізу бойынша айналым:

1)      тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

 тауарды сатуды;

 тауарды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды;

 тауар экспортын;

 тауарды тегін беруді;

 жарғылық капиталға жарна төлеуді;

жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін;

 тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен  тиеп жөнелтуді;

 мүлікті қаржы лизингіне беруді;

 комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді;

 қарызды төлемеген  жағдайда кепіл берушінің кепілге қойылған мүлкін беруін;

 кәсіпкерлік қызмет  мақсаты үшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшін, сонымен қатар қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы қызметкерлерінің, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануын;

 бір заңды тұлғаның  қосылған құн салығын дербес төлеушісі болып табылатын бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар жөнелтуін;

 бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.

2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез-келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызиетті оның ішінде:

 мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау шартымен пайдалануды;

 санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиьалға салым ретінде берілетін құқықтар беруді;

 жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін;

 қосылған құн салығын  дербес төлеушілер болып табылатын бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін білдіреді.

3.Мыналар өткізу бойынша айналым болып табылмайды:

    бірлігінің құны  екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;

 

   тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердлігердің дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы( монтаждау, орындау), жөндеуі және объектілер салу үшін алыс- беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Осы тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәй-кес " Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату”режимі жүзеге асырылса, осы тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;

 

    Қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту.Құны онымен жіберетінөнімді өткізу құныны кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта белгіленген талаптар мен мерзімді, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтарылуға тиісыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгі- ленген мерзімде қайтарылмаса, ондай ыдыс өткізу бойынша айналымға еңгізі- ді;

 

   Бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;

 

 Шартта белгіленген мерзімдер мен талаптарда қайта әкелуге жататын тауар- ларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс дерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республика-сының кеден заңдарына сәйкес " Тауарларды уақытша әкету ” кеден режимімен рәсімделсе;

 

  Жер қойнауын пайдланушы жаңадан құрған және сатып алған, жер қойнауын  пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берілуі тиіс мүлікті жер қойнауын пайдаланушыны- ның жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан республикасының меншігіне беруі, өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

2.2   Қосылған құн  салығының ерекшелігі.

 

1) Cтавкалары.

 

2) Қосылған құн слығын  қайтарып алу ережесі.

 

1) Қосылған құн салығының  ставкалары.

 

 Қосылған құн салығының  ставкасы 15 процентке тең болады және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады

 

 Экспортық айналым бойынша тауарлардың өткізу айналымына қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.

 

 Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 15 процентіне тең болады.

 

  Жеке тұлғаның оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар импорты кезін-де қосылған құн салығын жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан республикасының кеден заңдарына сәйкес айқында-лады.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару.

 

Нөлдік  ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушінің уәкілеттиі мемлекеттік орган белгілеген нысан тбойынша салықты қайтару туралы өтініш алған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және салық кезені ішіндегі қосылған құн салығы туралы декларация, тауарлардың экспортың растау үшін қажет құжаттар, салық органы жүргізген салық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау негізінде жүргізіледі.

 

2. Қосылған құн салығын  қайтару:

 

  Қосылған құн салығын  осы салықты төлеушінің аталған  салық пен салықтың басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне жатқызу

 

  Тауарлардың импорты  кезінде төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу

 

  Қосылған құн салығын  төлеушінің банк шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі

 

3. Қосылған құн салығын  төлеушінің банк шотына қосылған құн салығын қайтаруоның салықтар бойынша мемлекеттік бюджетке салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі

 

4. Егер қосылған құн салығын төлеушінің берушілері алпыс жұмыс күні ішінде қарсы салық тексерулерін кезінде анықталған бұзушылықтардыжоймаған жағдайда мұндай қосылған құн салығын төлеушілерге салықты қайтару бұзушылықтар

 

анықталған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.

 

     Белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасын қай-тару  мерзімі бұзылған әр бір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

 

      Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қосылған құн салығын төлеушінің берушісін тексеру тағайындау туралы шешім уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мынадай жағдайларда:

 

 Қарсы тексерулер

 

   Бұл салық төлеушінің  қосылған құн салығын қайтаруға  өтініш беру сәтінің алдыңдағы  он екі ай кезең ішіндегі аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарлар өткізуді жүзеге асырған берушілерге  

 

    Электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін берушілерге

 

 Қосылған құн салығы 1 миллион теңгеден астам сомаға көрсетіліп шот-фактура жазған берушілер міндетті текскруге жататыны

 

 Егер қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салыұ төлеушілердің мониторингтелуіне  тиіс болса, салық қызметі органдары берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екен,дігі ескеріле отырып қабылданады.

 

5. Мыналар қосылған құн салығын төлеушілерге қайтарылмайды:

 

 Шағын бизнес субъектілері

 

 Шаруа қожалықтары

 

 Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар

 

        Грант  қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару.

 

   1. Грант қаражаттары  есебінен алынатын тауарларды берушілерге төленген қосылған құн салығын, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалса салық органдары отыз жұмыс күні ішінде қайтарады:

 

 Тауарлар алынатын грант қаражаттары мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілсе

 

 Тауарлар тек грант мақсаттарын іске асыру үшін алынса

 

Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсетулер грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылса .

 

   2. Грант алушыларға  қосылған құн салығын қайтару ,  қосылған құн салығы грант қаражаттары есебінен төленгенің растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі. Қосылған құн салығының грант қаражаттары еебінен төленгенің растайтын құжаттардың тізбесі н уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.   

 

   Қосылған құн салығын  Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатия-лық жөне оларға теңестірілген өкілдіктерді қайтару.

 

          1. Қосылған құн салығы сомаларын Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге қайтару осы дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың және қосылған құн салығының төленген фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.

Информация о работе Қосылған құн салығының жалпы түсінігі