Қоғам негізі жанұя

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 22:21, реферат

Описание работы

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және ҚР*Білім туралы* Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Мұның дәлелі Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Білім және Ғылым министрліг3.doc

— 81.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі

Атырау  политехникалық колледжі 
 
 
 
 

Әңгіме  сағаты

Қоғам негізі - жанұя 
 
 
 
 
 

Орындаған: Курманкулова Айдана ЭКБ-10 гр.

                                 Тексерген: Көшербаева С.А. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және ҚР*Білім туралы* Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Мұның дәлелі Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы

«Қазақстан халқына  Жолдауында білім және ғылымды дамыту мәселелері көтеруі. Білім берудің  ең негізгі өзекті мәселесі- адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру.Сондықтан,бүгінгі  білім берудің мақсаты мен мазмұны  қазіргі заман  талабына сай,адам туралы концепция тұрғысынан анықталуы керек.

Әлемдік өлшемге  сай жаңа экономикалық жағдайға бейімделу  ең алдымен ұрпақтар сабақтастығын  ескеруге,кешегі мен бүгінгінің озығы  мен тозығын  таразылауға,ғылыми болжамға,халық мүддесінен туындайтын мәселелерді  әлемдік деңгейде шешуге негізделген күрделі процесс.

Қай  заман,қай  қоғамда  болсын,адамзат  баласы  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  зор мән  беріп  келген.Өркениет  жолында  алға  ұмтылған  ұлт  ең  алдымен, жастарға  оқу-білім  беру  ісін  дұрыс  жолға  қоюы  тиіс.Балаға  есек  мініп, есек  жегуді  үйретумен  шектелсең, арбасын  салдырлатып  ауыл  іргесінен  ұзай  алмайды.Аспанға  ұшудың  қырсырына      баулысаң,  уақыт  пен

кеңістік  жайындағы  іліммен  сусындатсаң, ғарыш  шарлап  басқа  планеталарға   самғап  кетері  сөзсіз. Сондықтан  да  Елбасымыз  ХХ1 ғасыры  деп  атап  отыр.

Шәкәрім  атамыздың « Адамның  жақсы  өмір  сүруіне  үш  сапа  негіз  бола  алады,олар  барлығынан  үстем  болатын  адал  еңбек, мінсіз  ақыл,таза  жүрек.Бұл  сапалар  адамды  дүниеге  келген  күнінен  бастап  тәрбиелейді»  дегеніндей, құнды  қасиеттерге  не  рухани   адамды  қалыптастыру - шынында да оның  туған  кезінен  басталса  керек.Ал  адамның  адам  болып қалыптасуында  ата-анамен  қатар  тәрбиеші  мен  мұғалімнің   де  рөлі  бар.

Яғни  білім  жүйесінің   қызметкерлеріне болашақ  ұрпақты  тәрбиелеуде  үлкен  жауапкершілік  жүктелген.Сондықтан, болашақ  ұрпақтың  түзу  жолмен  жүріп, дұрыс  қалыптасуына  жағдай  жасалуы  керек. Рас, адамгершілік  тәрбиесінің  маңызы  мектептің  күн  тәртібінен  ешқашан түскен  емес.Адамгершілік құндылықтар бала бойына үлкен мен кішінің  арасына шынайы қарым-қатынас кезінде дариды.Жүрегі таза,ниеті ақ,пейілі кең,пәк періште күйінде мектеп табалдырығынан жаңа аттаған жас бүлдіршін азамат қатарына қосылып кетіп жатыр ма? Міне, осындай сұрақтар кімді болса да мазалайтыны даусыз.   

 Қарапайым  мысалға жүгінсек,мектепке келген  кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас  бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді?  

Сондықтан мына бала қандай еді,қалай өзгеріп кетті?  Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасуға бейім болып алды ?-деген сияқты сауалдар   алдыңнан кесе-көлденеңдейді.  

 Әрине, оның  себептерін жан-жақтан іздеуге болады.Ата-анасын

жүрген ортасын  қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар.

Олардың барлығы  бір мақсатта болғанымен, бір ойдан  шығуы мүмкін емес қой деген пікірдің де туындалуы  ғажап емес.Бірақ, баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын мұғалімнің есте ұстар жағдайлары жетерлік.

Соның ішіндегі негізділеріне тоқталсақ.    

 Балаға  жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды.Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті  мұғалімнен

көрген бала менің ата-анам да осындай болса,деп  армандауы мүмкін. Мұғалімін тек  жақсы қырынан таныған оқушы  үшін оның

айтқаны  анық, дегені  дәл  болып  көрінеді.

Баласын қалай  жақсы көретінін дұрыс білдіру  кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді.Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу  тамағы тоқ  болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала  қорыққаннан

уақытша тыңдайды, бірақ  ата-анасының уысынан шыққан соң өзін-

өзі ұстай алмайтын жағдаға жетеді. Ендеше мұғалім ата-ана ескере

бермейтін тәрбиенің  сәттерін пайдалануға  тырысу қажет.   

 Мұғалім оқушыға  материалдық жағдай жасағанмен, оның өміріне 

азық болар  ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп, қаруландырады.   

 Алтын бесік  - отбасы болса,алтын ұя - мектеп.Иә, олардың алтынға балануы неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі  қастерлі.Өйткені,

отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақалы мен  білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген,өз бетімен өмір

сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын,

толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады.   

 

Осы екі ортаның  да  мақсаты - ортақ, міндету - біреу.

Демек , мұғалім  мен тәрбиеші  қаумының қиындықтарға жиі кездесіп, үнемі толғаныста жүретініде содан.  

 Сондықтан  кез келген мұғалім  баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу-тәрбие жұмысындағы қызметін өзін-өзі танудан бастағаны жөн.Өзіңнің  бала болғаныңды, өзіңнің ата-ана екеніңді,

өзіңнің ұстаз екеніңді ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырсаң,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды.  

 Ғұлама Әл-Фараби  «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл  айту,ең қиыны 

өзіңді өзің түсіну» десе,К.Маркс «Өзіңді  өзің тану даналықтың бірінші белгісі» деп ескертеді. Ең бастысы,баланың жан азығына

зәру екеніні  еш уақытта ұмытуға болмайды.Абай атамыздың жетінші қара сөзінде  «Жас бала анадан туғанда екі түрлі  мінезбен туады.Біріншісі - ішсем,жесем,ұйықтасам  деп туады.Бұлар тәннің

құмары, бұлар  болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды,hәм өзі

өспейді, қуат таппайды. Екіншісі - білсем екен деп ұмтылып,одан

ержетіңкірегенде  ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе  де, біреу 

жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене ?» «бұл немене?»  деп, «ол неге

үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы   естігеннің

бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі « жан құмары,білсем

екен,көрсем екен,үйренсем екен.»деген үлкен пәлсопалық ой жатыр.   Яғни,балаға туғаннан тән азығы - тамақ қандай қажет болса,жан  азығы - жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет.Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата-ана да әсте естен шығармағандары жөн.  

  

  

Егер сіздер мен біздер   баламыздың санасындағы    жылт еткен

сәулені үрлей  берсек мақсатымызға жеткеніміз.

Күні ертең  Абай атамыз айтқандай, дүниедегі кетіктерін тауып, кірпіш боп қалансын.

Орыс  ақыны Некрасов та «Ақын болу, болмау - өз еркің, азамат болу міндетің.» деген екен. Сенің атқарар лауазымдық қызметін

қандай болса  да, алдымен өз еліңнің нағыз азаматы  бола білуі керек.  

 Ғұлама данышпан  Әл-Фараби: балаға бірінші жақсы  тәрбие берілуі керектігін айтқан  еді. Баланың бас тәрбиешісі - ата-ана. 

Әрбір ата-ана  өз перзентінің әдепті,саналы, иманды да ибалы,Ота-

нының сүйікті  және кішіпейіл азаматы болып  жетілуін қалайды.

Солай екен, әрбір  ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында  балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын біліуі шарт.   

 Отанды сүюге,  ұлтаралық достықты, экологияны, құқықты, эко-

номикалық тәрбиеге тән дәстүрлерді отбасындағы  тәрбие барысында да бала бойына сіңіріп  отырудың үлкен мәні бар.

*Жапырақ тамырдан  нәр алады* дейді халқымыз.Оқушы  балалардың әдеп-ғұрыптары мен  дәстүрлерін өзі өскен отбасынан  алады.Демек, ата-бабаларымыздың өмір тәжірибелері негізінде топталған дана пікірлері аңыз, ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңірілуі де тәрбиеде көздеген меқсатқа сай келеді. Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал

болуға және Отанын сүюге шақырады.  

 Отбасында  балаларды саналы етіп тәрбиелеуде  ұлттық мақтаныш сияқты қасиеттерді  де оятудың мәні бар. Себебі,  ұлттық құндылықтар - ата бабаларымыздан бізге жетіп келген салт-дәстүр:

Ораза айт, Құрбан айт, Наурыз салтанаттары, көктемде дән себу, сүндет тойы, ұлды үйлендіру, қызды тұрмысқа шығару, қайғылы

күндерге байланысты істелінетін түрлі ізет,ұлттық әдептіліктің

жолын дұрыс  ұстану, Отанды сүю, тағы сол сияқтыларға  үндейтін

құрал болып  есептеледі.  

 Ата-бабаларымыздан  халқымызға мұра болып қалған меймандостық, тазалық, адалдық және Отанды сүю сияқты қасиеттерді жастардың санасына тәлім-тәрбие барысында сіңіру, олардың болмасын халқымыздың керемет маржандарымен байыту және ұлттық құндылықтарды терең пайдалануға көңілді баса бөлу аса қажет. Бұл мектепте мұғалімдердің, ал отбасында ата-аналардың азаматтық борышы. Ата-ана өз әке шешесін қалай қадірлесе, құрметтесе балада ертең соны істейді. Демек, бала тәрбиесінде үйдегі туысқандық қарым қатынасты ықпалы зор. Отбасы- кішігірім мемлекет.Өйткені, оның ішіндегі кішкентай болып көрінген проблемалар көшеде, яғни қоғамда қайталанса, ол басқаларға тез жұққыш келеді. Себебі, жаман әдет тез тарайды. «Қасықтап жинаған абыройдың шелектеп бірден төгіле салуы оңай» нәрсе. Солай екен, баланы үйде және өзі өсіп келе жатқан ортада бірдей тәрбиелей білудің маңызы үлкен.  

 Адам бойындағы  Отанға адал болу сезімі тума  қасиет емес. Ол - бала туылғаннан  кейін сол өзі туылған отбасы  мен өзі өскен ортада қалыптасатын  адамгершілік қасиет. Оның қалай  қалыптасатыны сол өзі өскен ортаға байланысты. Ендеше баланы адал етіп тәрбиелеу - тек ата-ананың ғана емес, қоғам-әлеуметтің міндеті.              

 БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ  БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ  

 

Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы  мол халықтың бірі - қазақ.

Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені , қазақтың ел алдындағы  абырой-беделі , қадір-қасиеті тек  жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.  

Ата - бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең  сыр жатқандай. Туа бітті тектілін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы жекжат болуіға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп,ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымызда тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз,келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек.  

 Шығыстың  ғұламасы Әл-Фараби : «Жас жеткіншектеріңізді  көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды  айтып берейін» - деген.  

 Адам өмірге  бірдей болып келеді, бірақ та  өсе бара олардың тағдыры әртүрлі  болып қалыптасады.  

 Адамның құдірет санасында, сондықтанда әрбір адам саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып, ойлап істесе, оның алдына қойған мақсатына да, байлыққа да, бақытқа да қол жеткізуге болады.  

Адамзат баласының  осы кезге дейін құрған қоғамы, жасаған рухани және материалдық байлығы,осының бәрі сананың жемісі.

Ендеше біз  адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек. Сана арқылы адамның  дүниетанымы, өмірге көз қарасы, рухани мәдениеті қалыптасады.  

 Адамның ғұмыры  жан мен тәнге негізделген.Яғни адам жан мен тәннен тұрады. Жан жайбарақат болу үшін тәннің жайбарақат болуы шар. Олай болса, адам бақытты болуы үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиелеуі керек. Яғни салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс. Бұл орайда бабаларымыз: «Тәні саудың - жаны сау» - деп, салауаттылық өмірді игерулің жолын көрсетіп берген. Баланың жастайынан  дені  сау  азамат  болуын  аңсаған  халқымыз  келіндерге  жаңа  туған  нәрестені  қалай  күту  жөнінде  ақыл- кеңес  берген,  сәбиді  тұзды  сумен  шомылдырып,  денесін  маймен сыланған,  қол - аяғын  созып, «өс -өс»-деп  буындарын  бекіткен.  Дене  сұлулығына,  әсіресе,  қыз  баланың  көрікті  болуына  ерекше  көңіл  бөлген  «Аттың  көркі - жал,  қыздың  көркі - шаш» деп  ұққан.

Информация о работе Қоғам негізі жанұя