Қоғам негізі жанұя

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 22:21, реферат

Описание работы

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және ҚР*Білім туралы* Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Мұның дәлелі Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Білім және Ғылым министрліг3.doc

— 81.00 Кб (Скачать)

«Денсаулық -зор  байлық»  деп  қазақ халқы  дене  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлген. Дене  тәрбиесіне  жеңіл  қарауға  болмайды.  Дене  жанның  құралы.  Құралы мықты  болса,  иесі  де  мықты.  «Сау  жан  сау  денеде  ғана  болады» деген мәтел  ескіден  қалған.

Адам  бақытты  өмір  сүру  үшін  ең  әуелі  рухани  саулығына  көңіл  бөлуі  тиіс.  

Рухани саулыққа көңіл қойылған жағдайда адам елмен  силасымды, ойлау қабілеті жоғары шама шарқын білетін, ақылмен іс істейтін өте сезімтал, ұстамды да байсалды, қоғамдағы өз орнын білетін, жауапкершілігіне ұқыптылықпен қарайтын, адамдармен тез тіл табыса алатын, табиғатты сүйетін, қоршаған ортадан хабардар, бақыт дегенің не екенін түсінетін жан болады. Ал, рухани саулығы жоқ адам аталған барлық қасиетін жұрдай болмақ.

Қазіргі кезеңде  қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.  

Бұл мәселені тудыратын  себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі  ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихта көз жүгіретін болсақ, кең байтақ өлкемізде буынынан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргеділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.  

 Екінші себеп  -  отбасындағы ұрыс-керіс, ата-аналардың мінез-құлқы.  *Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды  тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың  өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы- тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі* деген болатын А.С.Макаренко. Ал, ұлы ата-бабамыз *Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы*, *Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі* деп түсіндіреді.   

 Сондықтан  балаға өмірінің алғашқы жылдарында  адамгершілік сезімдерін егудің  орны бөлек. 

Үшінші себеп- ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл  аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы , ұстамдығы,кішіпейілділігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.  

 Ұрпақ тағдыры  дегеніміз-ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білімі де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында. Адам тәрбиесі-үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс.

Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер-білімді игеру тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз-*Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы*, *Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар* деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесілімділік заңы салтанат құруы шарт, яғни ол өзінің өсу,есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де, қоршаған  ортасы-табиғатпен  де өзара үйлесім таба білуі тиіс.   

 Жанұя- қоғамның  ең маңызды тобы, бірлестігі.

Қазіргі кездегі  педагогика бойынша жанұялық тәрбие- ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың жүйесі. Олай болса, әрбір   ата-анаға осы жүйені ғылым және өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.  

 Ата-ана мен  баланың арасындағы қарым-қатынастың  тәрбиелік мәні бар. Атақты, белгілі  педагогтардың ойларынша, жанұядағы  ата-ананың тәрбиелік жұмыстары  өз -өздерін тәрбиелеу. Олай болса,  әрбір ата-анаға, біріншіден , баламен  қарым-қатынаста жетекшілік ету керек.  Ал,баламен  қарым-қатынас педагогикалық қарым-қатынасқа жатады. Тәрбиелік және педагогикалық қарым-қатынас баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы ауытқуларды ескертеді.  

 Жанұя тәрбиесінің  қазіргі кездегі іс-тәжірибесінде педагогикалық қарым-қатынастың бірнеше түрлері беріледі. Олар:

1.    әмірлі/авторитарлық/

2.    демократиялық /егемендік/

3.    бетімен жіберушілік

4.    бәрін кешірушілік т.с.

Осы педагогикалық  қарым-қатынастың  ішінде тек демократиялық түрін қолдану ата-ананың баласы алдындағы абыройын жоғарлатады. Өйткені, ол балаға деген сенімділік, тең құқықтық , жоғары деңгейдегі іскерлік талаптары негізінде құрылған.   

 Жанұя тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.

Жанұя тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.

Жанұяның жоғарыда көрсетіліп отырған белгілерінің  тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларға тәрбие барысында   ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет.

Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық  бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Өйткені баланың  өмір сүруге  құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғаліміне, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс әрекетіне, жүріс-тұрысына, сыртқы көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне, т.б. қасиеттеріне байланысты.

Жалпы алғанда, өмірге қызықтыру мектепте берілетін  тәрбиеге, оқыған сабағына, әдеби кітабына, әр түрлі кештерге, пікірталастарға, өнерге, білімге, сайыс-жарыстарға қатыстырып  тартуға, сондай-ақ әйгілі спортшылар мен өнер иелеріне құштар етіп баулуға, өнегелі адамдарға еліктеп есуіне де  қатысты болмақ. Сондықтан қоғамдық мәдени орындар - клуб, кітапханаларға барып, рухани сусындауы қажет. Мұнда ата-ананың атқарар қызметі ерекше болуы тиіс.

Информация о работе Қоғам негізі жанұя