Қаржылық менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:26, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы службасын құрады. Қаржы службасының қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау.
Фирманың қаржы службасының міндеттері:
1. тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және қажетті көлемде дайындау;
2. кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру және бағыттау қабілеті;
3. шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті;
4. нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл службасыз мүмкін еместігі.
Қаржы службасы біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да службаларымен тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы службасының алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар: нарықтық экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін.

Содержание

Кіріспе 2
1. Қаржылық менеджменттің мазмұны, мақсаты мен бағыттары 4
1.1. Қаржылық менеджменттің мәні, мазмұны және құрылымы 4
1.2. Қаржылық менеджметтің принциптері 8
1.3. Қаржылық менеджметтің функциялары 10
2. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері
мен ақпарат жүйесі 11
2.1. Қаржылық менеджменттің базалық тұжырымдамалары 11
2.2. Қаржылық менеджменттің механизмі........................................................ ..13
3. Леверидж және капитал құрылым 15
3.1. Капитал құрылымы.............................................................. .....15
3.2. Қаржылық леверидж түсінігі, мәні және қаржы менеджментіндегі рөлі......................................................................................................................... .17
3.3. Қаржылық леверидж эффектісінің қалыптасу негізі............................... .18

4. Дивидендтік саясатты басқару 19
4.1. Дивидендтік саясат үғымы және негізгі теориялары................................ ..19
4.2. Дивидендтік саясат түрлері 20
4.3. Дивидендтерді төлеу тәртібі 21
5. Қаржылық менеджменттің арнайы бөлімдері 25
5.1. Корпорацияларды қайта ұйымдастыру 25
5.2. Ұлтаралық корпорациялардағы қаржылық менеджмент 27

Қорытынды 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 31
Қосымшалар.............................................................................................................33

Работа содержит 1 файл

Ернарjyu.docx

— 92.64 Кб (Скачать)

Қаржылық  түтцалар:

- пайда;

- табыс;

- қаржылық санкциялар;

- баға;

- пайыз, дисконт;

- мақсаттық экономикалық қорлар;

- салымдар;

- инвестициялар;

- валюталардың бағамы.

3. Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекет реттеудің нарықтық механизмі - бұл механизм ең алдымен, қаржы нарық сферасында, оның жеке түрлері мен белгілі бір сегмент аясында қалыптасады.

4. Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекет басқару үшін нақты әдісі мен тәсілдер жүйесі - қаржылық іс-әрекет бақылау, жоспарлау және анализ жасау процесінде әдістер мен тәсілдердің кеңейтілген жүйесі қолданады. Олардың көмегімен керекті нәтижеге жетеді. Негізгі әдістерге келесілер жатады:

- жоспарлау;

- болжау;

- инвестициялау;

- несиелеу;

- салық салу;

- есептеу жүйесі;

- сақтандыру;

- трансферттік операциялар;

- жалгерлік;

- лизинг;

- факторинг. 

2.2. Қаржылық менеджменттің механизмі.

     Қаржылық механизм – бұл кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынананықтаудың амалдарын кіріктіреді. Қаржылық механизм құрамына бір-бірімен байланысқан бес элементтер кіреді: қаржылық әдістер, қаржылық тұтқалар, құқықты-нормативті және ақпараттық қамтамасыз ету.

      Қаржылық менеджменттің механизмі  өзімен бірге кәсіпорынның қаржылық  іс-әрекет облысында басқару шешімдерін  өңдеу және іске асыру үрдісін  реттейтін негізгі элементтер  жүйесін көрсетеді. Қаржылық менеджменттің  механиз құрылымына келесі элементтер  кіреді:

      1.  Қәсіпорынның қаржы іс-әрекетін  мемлекеттік нормативті-құқықтық  реттеу-заңдар және басқа да  нормативті актілерді қабылдаудың  кәсіпорынның қаржы іс-әрекетін  реттейтін, өзімен мемлекеттің  ішкі қаржы саясатын іске асыру  бағытының бірін көрсетеді.

   Нормативтік қамсыздандыру:

  • нұсқаулар;
  • нормалар;
  • басқа нормативті құжаттандыру.

Құқықтық  қамсыздандыру:

  • заңдар;
  • президенттің қаулылары;
  • үкімет қаулылары;
  • заңды тұлғаның жарлығы.

2.     Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетінің  жеке аспектілердің реттеудің  ішкі механизмі-осындау реттеудің  механизмі кәсіпорынның өзінің  ішінде қалыптасып, осыған сәйкес  оның қаржылық іс-әрекет сұрақтары  бойынша белгілі бір жедел  басқару шешімдеріне тәртіп белгілі.

     Қаржылық тұтқалар:

  • пайда;
  • табыс;
  • қаржылық санкциялар;
  • баға;
  • пайыз, дисконт;
  • мақсаттық экономикалық қорлар;
  • салымдар;
  • инвестициялар;
  • валюталардың бағамы.

3.       Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекет  реттеудің нарықтық механизмі  – бұл механиз ең алдымен,  қаржы нарық сферасында, оның  жеке түрлері мен белгілі бір  сегмент аясында қалыптасады.

4.    Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекет  басқару үшін нақты әдісі мен  тәсілдер жүйесі – қаржылық  іс-әрекет бақылау, жоспарлау   және анализ жасау процесінде  әдістер мен тәсілдердің кеңейтілген  жүйесі қолданады. Олардың көмегімен  керекті нәтижеге жетеді. Негізгі  әдістерге келесілер жатады:

  • жоспарлау;
  • болжау;
  • инвестициялау;
  • несиелеу;
  • салық салу;
  • есептеу жүйесі;
  • сақтандыру;
  • трансферттік операциялар;
  • жалгерлік;
  • лизинг;
  • факторинг.
 

3. ЛЕВЕРИДЖ ЖӘНЕ КАПИТАЛ ҚҰРЫЛЫМЫ

3.1. Капитал құрылымы

   Капитал - қаржы менеджментінің ішіндегі ең жиі қолданылатын экономикалық категория болып табылады. Кәсіпорынның құрылуы мен дамуының ең негізгі экономикалық базасы бола тұра, кәсіпорын өзінің қызметі кезінде жұмысшылардың, мемлекеттің қызығушылығын қамтамсыз етеді. Қаржылық менеджментте кәсіпорынының капиталы, оның активінің құрылуында инвестицияланған, материалдық, материалдық емес, ақшалай формадағы қордың жалпы құнын сипаттайды.

   Кәсіпорын капиталының экономикалық мағынасын қарастыра келе, оған мынандай сипаттама береді:

   - кәсіпорынының капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады;

   - капитал табыс әкелетін кәсіпорынының қаржылық ресурстарын сипаттайды;

   - капитал меншік иелерінің қаржылық жағдайын құрудың негізгі көздері болып табылады;

   - кәсіпорынының капиталы, оның нарықтық құнының өлшемі;

   - кәсіпорындағы капиталдың динамикасы оның шаруашылық қызметіндегі тиімділік деңгейінің маңызды барометірі болып табылады;

   Капитал құрылымы өзінің шаруашылық қызметі кезіндегі кәсіпорында қолданылатын, меншікті және қарыздық қаржылық қорлардың қатынасын сипаттайды.

   Кәсіпорында қолданылатын капитал құрылымы оның қаржылық, операциондық, инвестициялық қызметіндегі көптеген аспектілерді анықтайды, оның қызметінің қорытынды нәтижесіне белсенді әсер етеді. Капитал құрылымы меншікті капитал мен активтің тиімділік коэффицентіне әсер етеді, төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық коэффицентінің жүйесін анықтайды және соңында кәсіпорынның дамуы кезіндегі тәуекел мен табыстылық санатының қатынасын құрайды.

   Капиталды басқару кәсіпорынның шаруашылық қызметінің әр түрінде оны тиімді қолдануды қамтамасыз етумен және әр түрлі көздерден белсенді құрылуымен байланысты басқару шешімдерін шығару және құру тәсілдерімен принциптерінің жүйесін көрсетеді.

   Кәсіпорын өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысуы үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болады. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы кәсіпорынның меншікті капиталы болып саналады.

   Кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы баланстың пассивінде көрсетіледі. Бұл бөлімде кәсіпорынның құрылуы кезіндегі меншік иелерінің салған қорларының сомасы көрсетіледі.

   Кәсіпорынның меншікті капиталының құрылуы негізгі екі мақсатқа тәуклді:

   1. Айналымнан тыс активтердің көлеміне қажетті меншікті капиталды құруға. Кәсіпорындағы меншікті капиталдың сомасы меншікті негізгі капитал терминімен сипатталады. Кәсіпорын меншікті негізгі капиталдың сомасын келесі формуламен есептейді. 

МАК = АТА-¥ҚКАТА, 

мұнда МАК - меншікті негізгі капитал сомасы;

ATA - кәсіпорынның айналымнан тыс активтерінің жалпы сомасы;

¥ҚКДТА - кәсіпорынның айналымнан тыс активтерін қаржыландыру үшін қолданатын ұзақ мерзімді қарыз капиталының сомасы.

   2. Айналым активтерінің көлеміне қажетті меншікті капиталды құруға. Меншікті капитал сомасы; (аяқталмаған өндіріс көлемі; дайын өнім қоры; ағымдағы дебаторлық қару; ақшалай активтер) меншікті айналым капиталы терминімен сипатталады. Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының сомасы келесі формула бойынша есептеледі. 

МАК = АА — ¥ҚКДД - ҚҚК, 

мұнда МАК - меншікті айналым капиталының сомасы;

АА - кәсіорынның айналым активтерінің жалпы сомасы;

¥ҚКАД - кәсіпорынның айналым активтерін қаржыландыру үшін қолданатын ұзақ мерзімді қарыз капиталының сомасы;

ҚҚК - кәсіпорынның тартатын қысқа мерзімді қарыз капиталының сомасы.

Қарыз капиталы - бұл кәсіпорын капиталының оқшауланған бөлігі. Қарыз капиталының құрылу мүмкіндігі кәсіпорын капиталының шеңбер айналымынан түсіндіріледі. Шеңбер айналымы кезінде капитал бір мезгілде барлық үш түрде бола алады: ақшалай, өндіргіш және тауарлы.

Қарыз капиталының бірнеше қайнар көзі бар, олар:

- тауарды өткерумен жаңасын сатып алудағы уақыттың сай келмеуі;

- қосымша құн бөлігінің қорлануы;

- амортизациялық қорлардың жабдықтары;

- амортизациялық төлемдер;

- жалақыны төлеуге арналған ақшалар;

- кәсіпорын пайдасы, түсіп тұратын дивидендтер, қарыз пайызы, рента және басқалары.

Кәсіпорынның  тиімді қаржылық қызметі күнделікті қарыз қорларын тартусыз мүмкін емес. Қарыз капиталын қолдану кәсіпорынның шаруашылық қызметі көлемін маңызды  кеңейтеді, қарыз капиталын тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, әр түрлі мақсатты қаржылық қорлардың құрылуын жылдамдатады, ең аяғында – кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарлатады.

3.2. Қаржылық леверидж түсінігі, мәні және қаржы менеджментіндегі рөлі

 

   Қаржылық  менеджментте леверидж сөзі пайданы өсіруге бағытталған кәсіпорынның кірістері мен шығыстарын басқару үрдісін көрсетеді.

   Мұнда негізгі нәтижелік көрсеткіш  болып кәсіпорынның таза табысы табылады, ол көптеген факторларға байланысты болып келеді. Яғни, басқадай айтқанда оны түсім мен шығынның арасындағы айырма деуге болады. Оның негізгі екі түрі бар:

- өндірістік;

- қаржылық.

   Олар  бір-бірін алмастыра алмайды, алайда осы шығындардың бөліктерін басқаруға болады. Мұндай тәсіл мен түсімнің құрылымын зерттеу, нарықтық экономикада коммерциялық ұйымдарды коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыландыруды жеңілдетеді.

   Қаржылық  басқару тұрғысынан қарағанда коммерциялық ұйымның табысы мыналарға байланысты болып келеді:

- біріншіден, кәсіпорынның қаржысы қаншалықты оңтайлы әрі тиімді пайдалануда;

- екіншіден, қаржылық көздердің құрылымы қандай;

- үшіншіден, олардың жұмсалу бағыты мен салынымы; Жоғарыда аталып кеткендер негізгі құралдар мен айналым

   құралдарының  құрылымы мен көлемінде көрініс  табады. Өнімнің өзіндік құнының  негізғі элементтері болып тұрақты  және айнымалы шығындар жатады және олардың арасындағы байланыс кәсіпорынның техникалық және технологиялық саясатына байланысты әртүрлі болып келеді. Өнімнің өзіндік құны құрылымының өзгеруі табысқа әсер етеді.

   Сондықтан да, негізгі құралдарға инвестиция тарту тұрақты шығындардың артуына байланысты болып келеді. Сол себепті тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы оңтайлы үйлесімді табу қиын. Міне осы үйлесім өндірістік және операциондық леве-риджді сипаттайды.

   Леверидж - бұл қаржылық жүйедегі белгілі бір фактор болып табылады, оның біраз мөлшерде өзгеруі, нәтижелік көрсеткіштерді біршама өзгертеді.

   Қаржылық  менеджментте леверидждің келесі түрлері ажыратылады:

- қаржылық

- өндірістік (операциондық)

- өндірісті-қаржылық

   Кез келген кәсіпорын өз қызметінде үлкен тәуекелге барып отырады, яғни ол тәуекел көзі болып табылады. Ал, өз кезегінде осы тәуекелдер өндірістік және қаржылық факторлардың негізінде пайда болады. Осы факторлар кәсіпорынның шығындарын құрады.

   Түрлі қаржылық көздерді пайдалану нәтижесінде меншік және қарыз капиталының арасында белгілі бір теңдік пайда болады,ал қарыз капиталы қайтарымды болғандықтан қаржылық ұсталымдар болады. Яғни,осы кезде осы ұсталымдардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне қалай әсер ететінін есептеу қажет болады. Сондықтан қаржылық леверидж капиталдың құрылымының кәсіпорын табысына қалай әсер ететіндігін көрсетеді.

Информация о работе Қаржылық менеджмент