Қазақстандық кәсіпорындардағы персоналды басқару стильдерінің тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 16:13, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың құрылымы - берілген курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытыңдыдан және де пайдаланған әдебиеттер тізімдемесінен тұрады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ СТИЛЬДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Персоналды басқару стилінің түсінігі мен қалыптасу факторлары...............5
1.2 Персоналды басқару стильдерінің классикалық түрлері................................ 6
1.3 Персоналды басқарудағы шетел тәжірибесі...................................................10
2«БАНКЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДАҒЫ СТИЛЬДЕРІН ТАЛДАУ
2.1«БанкЦентрКредит» АҚ жалпы сипаттамасы.................................................14
2.2 «БанкЦентрКредит» АҚ персоналды басқарудағы стилін талдау...............17
2.3 «БанкЦентрКредит» АҚ персоналды басқару стильдерінің нәтижеге әсерін бағалау.......................................................................................................................20
3 «БАНКЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ СТИЛЬДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандық кәсіпорындардағы басқару стильдерінің мәселелері және оны шешу тетіктері...........................................................................................................27
3.2«БанкЦентрКредит» АҚ персоналды басқару стилін жетілдіру шаралары....................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................37

Работа содержит 1 файл

Қазақстандық кәсіпорындардағы басқару стильдерінің тиімділігі.doc

— 550.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 
 

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3 

1 ПЕРСОНАЛДЫ  БАСҚАРУ СТИЛЬДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Персоналды  басқару стилінің түсінігі мен қалыптасу факторлары...............5

1.2 Персоналды басқару стильдерінің классикалық түрлері................................ 6

1.3 Персоналды  басқарудағы шетел тәжірибесі...................................................10 

2«БАНКЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДАҒЫ СТИЛЬДЕРІН ТАЛДАУ

2.1«БанкЦентрКредит»  АҚ жалпы сипаттамасы.................................................14

2.2 «БанкЦентрКредит» АҚ персоналды басқарудағы стилін талдау...............17

2.3 «БанкЦентрКредит» АҚ персоналды басқару стильдерінің нәтижеге әсерін бағалау.......................................................................................................................20 

3 «БАНКЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ СТИЛЬДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстандық  кәсіпорындардағы басқару стильдерінің мәселелері және оны шешу тетіктері...........................................................................................................27

3.2«БанкЦентрКредит»  АҚ персоналды басқару стилін  жетілдіру шаралары....................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................35 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................37 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстандық кәсіпорындардағы  персоналды басқару стильдерінің тиімділігі» - деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, бүгінгі күнде кәсіпорындардағы және ұйымдардағы персоналды басқару стилі ең өзекті мәселелерінің болуында. Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

     Курстық жұмыстың мақсаты - басқару жүйесінің жағымды ұйымдастырылуын қамтамасыз ете білу. Басқарушыға өзінің бөлімшесінде кадрларды орнату және таңдаудың сұрақтарын шешуге құқық берілген. Бұл шешімдердің нәтижелілігі басқарушының басқарушылық қабілеттілігіне тікелей тәуелді болады. Күшті басқарушы күшті бағыныштыларды, әлсіз басқарушы әлсіздерді таңдайды. Бірінші жағдайда басқару жүйесін ұйымдастырылуының жағымды жақтары, ал екінші жағдайда жағымсыз жақтары  қарастырылады.

     Кадрлардың  құрылымдық орнатылуын жақсарта білу. Күшті басқарушы бағыныштылардың  қызмет нәтижелерін дұрыс бағалауын жүргізе алады. Ол әлсіз бағыныштыларды күрделі және маңызды сұрақтардың шешімін табуға тырыспай басқарудың авторитарлы әдістеріне сүйене отырып, стандартсыз жағдайларда жауап табуға көмектеседі.

       Курстық жұмыстың міндеті - басқару қызметінің нәтижелілігі көбінде басқарушы мен оның қабілеттілігіне тікелей тәуелді болады. Кең мағынада басқарудың нәтижелілігі – ұйым қызметінің нәтижелері, ұйым мен кәсіпорынның басқаруға кетірген толық шығындарына қатынасымен анықталынады; тар мағынада – органдар қызметінің нәтижелері бөлімше қызметкерлерінің басқаруға келтірген қатынасымен анықталынады.

     Курстық жұмыстың өзектілігі: басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағатандыратын жұмыс стилін қалыптастыру оңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер бір басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің», «міндеттісің» секілді қағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды өзінен «аулақ ұстайды» да, ұсақ-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бір басшылардың есігі әрқашан ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады.

     Адам  ұйымдық ресурстардың маңыздысы  болғандықтан, ұйым басқарушысы уақытының  көп бөлігін адамдарды басқаруға жұмсау керек. Өкінішке орай, бұл қазіргі ұйымдардың барлығыда болмайды. Бұл ұйымдағы басқарудың нәтижелігін толығымен төмендететін, өйткені басқару әдістерін өмірге келтірудуң маңызды құралы басқарушылар болып табылады. Олардың сұрақтарға толығымен дұрыс көңіл бөлмеуінен, персоналды басқару сапасының төмендеуі туады.

     Курстық жұмыстың құрылымы - берілген курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытыңдыдан және де пайдаланған әдебиеттер тізімдемесінен тұрады.

     Бірінші бөлімде - басқару стилінің түсінігі мен қалыптасу факторлары, басқару стильдердің классикалық түрлері, персоналды басқарудығы шетел тәжірибесі тоериялық тұрғыда қарастырылған.

     Екінші  бөлімде - «БанкЦентрКредит» АҚ жалпы сипаттамасы, персоналды басқару стилін талдау және банктегі персоналды басқару стильдерін бағалау қарастырылған.

     Үшінші  бөлімде - Қазақстан Республикасының ұйымдарындағы және «БанкЦентрКредит» АҚ персоналын басқару стильдерін жетілдіру жолдары келтірген.

    Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының артуы, отандық кәсіпорындардың шетелдік нарыққа шығуы әр ұйымда персонал сапасын арттыруға әкеліп отыр. Персонал сапасының артуы басқару стилімен тікелей байланысты. Сол себепті ұйымда персоналды басқарудың стилін дұрыс таңдау маңызды фактор болып табылады. Енді осы таңдаған стиль қандай нәтижеге жетуге болатындығын, нақты қалай жүзеге асып жатырғаның, шетелдік кәсіпорындарда қандай тәжірибе қолданып жатырғандығы жөнінде осы курстық жұмыста толығырақ тоқталдық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1 БАСҚАРУ СТИЛЬДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

     1.1 Басқару стилінің түсінігі мен  қалыптастыру факторлары 

     Ұжымға  басшылық ету процесінде, әлеуметтік- экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психологиялық  қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен  ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық  құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардын әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік т.б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін тандай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

     Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек  өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честорфольд «стиль-ой дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль-адамның өзі» деп тұжырымдайды.

     Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі  жұмыс стилінің түсінігі де дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді басшының басқару қызметін тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал ету бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығында, қарамағындағылардың іс-әрекеті нәтижесін қалай бақылайтындығында. Қабылданған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым қатынас туғызады.[1]

     Басшылық  стилі тұрақтылығымен, амалдарды  жиі-жиі қайталамауымен ерекшелінеді. Бірақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың бағалауынша стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық – бұл ырғақтылық» және де «басшылық ете білу – бұл басшылық стилін өзгерте білу».[2]

     Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрикеттерінің жиынтығы. Басшының стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

     Басшылық  стилі басқару тәсілімен белгілі  бір ара қатынаста және өзара  әрекетте болады. Алайда олар бірдей ұғымда емес.

     Басқару тәсілі – басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер  мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-әрекетін үйлестіруді қамтамасыз ету.

     Бұл ұғымның ең әділ, дұрыс бағасы мынадай: «Тәсіл мен стильді музыка шығармаларын орындау нотасымен және мәндерімен салыстыруға болады: нота барлығына бірдей, алайда әрбір орындаушы шығарманы өзінше бейнелейді».

     Басшының  дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұнын өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:

    - іс-әрекет сипаты;

    - басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;

    - психологиялық қасиеті;

    - орындау тәртібінің жағдайы т.б.

     Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас  жасауы, ұжымның ықпал ету нәтижесінде  басшы стилі үнемі жетілдіріп отырыды.

      Стильдің  қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір басшы  өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білу тиіс.[3] 
 

1.2 Басқару  стильдерінің классикалық түрлері 

     Басшының  дербестігі істеген ісіне қарай  емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай  отырып мынаны анықтауға болады: басшы  бір мәселенің өзін алуан түрлі  тәсілмен, өзінше шешеді.

      Стиль дегеніміз әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының көзқарасы мен сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қармағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше  қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені, жұртшылық оның жүріс-тұрысын, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі өнерге алуға, үйренуге талаптанады.

      Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағатандыратын жұмыс стилін қалыптастыру онайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер бір басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің», «міндеттісің» секілді қағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды өзінен «аулақ ұстайды» да, ұсақ-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бір басшылардың есігі әрқашан ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бір директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екінші біреу мұны қажет санамайды.[4]

      Басқару стилінің типі түбеклікті қалыптаспаған, сондықтанда да, отандық және шет  елдік әдебиеттерде оның өзі түрліше  жіктеледі.

      Мәселен, Х.Кох (Германия) басшы стилін былайша  бөледі:

    -  бір жақты автократтық стиль;

    -  билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;

    - өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса   отырып басқару стилі;

    -  парламенттік сипаттағы басқару стилі;

    - бағыныштылар негізінен дербес, жоғары басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі;

      Автократтық және парламентарлық стильдер қолайсыз деп саналады, өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестік болмайды, ал екіншісінде жұмыс жоспарсыз жүргізіліп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет етеді.

      Ең  қолайлысы кооперативтік стиль – «жақсы ынтымақтастық», «ұйымдасып әрекет  ету», қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш біріктіру. Басшы жұмыскерлерді мұқият тындайды, олардың ұсыныс пікірлерін ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлайды және қабылдайды. Мұнда стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені дәл осындай жағдайда қызметкерлер өзін іске қатыстымын деп есептейді. [5]

Информация о работе Қазақстандық кәсіпорындардағы персоналды басқару стильдерінің тиімділігі