Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискалдық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 17:07, реферат

Описание работы

Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегіинституттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).

Работа содержит 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу.docx

— 46.32 Кб (Скачать)

       Пайыз мөлшерлемесі өсетіндіктен (мемлекеттік  бюджеттің тапшылығы өседі және салықтар қысқарады; мемлекеттік бюджет қарыздар есебінен қаржыландырылады; үкімет тарапынан қаржылық ресурстарға  сұраным пайыздық мөлшерлемені көбейтуді  тудырады), таза экспортты төмендететін ынталандырушы фискалдық саясаттан  айырмашылығы - тәсім кері бағытта - мөлшерлемелерден бастай отырып, іс-әрекет етеді.

       Арзан ақшалар саясаты экспорттың көбеюі есебінен сауда балансын жақсартады (тапшылықты төмендетеді). Қымбат ақшалардың кері нәтижесі болады: импорт көбейеді, экспорт қысқарады, сауда тапшылығы өседі. Сондықтан баламалы таңдау туындайды: ел ішінде экономикалық тұрақтылыққа жету үшін монетарлық саясатты пайдалану немесе халықаралық саудадағы тепе-тендіктер.

       Теорияда  тіркелген айырбас бағамы сатып  алу немесе өзінің резервтерін сату арқылы, сөйтіп ұлттық валютаның бірдеме  тіркелген багамын белгілей отырып, банк валюталар паритетіне (тепе-тендігіне) араласқанда орталық банктің  саясаты ретінде анықталады. Тиісінше, жүзбелі айырбас бағамы кезінде  орталық банк бұл үдерістерге  араласпайды. Әрине, таза түрінде бұл  екі жай-күй жиі байқалынбайды,бірақ  жалпы оның көп не аз дәрежесінде  орталық банктің валюталық басқыншылықтар жасауына қарай ел тіркелген немесе икемді айырбас бағамын ұстайды  деп саналады.

       Микроэкономикалық моделдеу мақсаттары үшін ұлттық валютаның  тіркелген немесе жүзбелі айырбас  бағамына кай экономикалық саясат - монетарлық немесе тіркелген саясат нәтижелі (немесе нәтижесіз) екендігі туралы түсінік беретін Манделла-Флеминг моделіқолданылуы мүмкін. Моделді қолдану шарттары мыналар болып табылады:

       экономиканың  ашықтығы;

       капиталдың  жұмылғыштығы, яғни пайыздың төмен  мөлшерлемелері бар экономикалардан  анағұрлым пайдалысына кете отырып, елден елге кедергісіз ағыла алады; 

       экономика шағын болуы тиіс, яғни елдің жалпы  әлемдік экономикалық параметрлерге  әсер ететін мүмкіндігі болмауы тиіс.

       Тіркелген айырбас бағамы кезінде монетарлық саясат абсолютті тиімсіз бола бастайды, ал фискалдық саясат, керісінше, экономикалық көрсеткіштерге тиімді әсер етуі мүмкін деген қағида Манделла-Флеминг моделінің  басты түйіні болып табылады. Жүзбелі  айырбас бағамы кезінде көрініс  керісінше өзгереді: монетарлық саясат өте тиімді бола бастайды, ал фискалдық  саясат олай болмайды. Басқа сөзбен, тіркелген бағам кезінде ақшалай  ұсынымның параметрлерін қалай  болса солай өзгертуге болады, бірақ өндіріс пен сұранымға  бұл әсер етпейді. Басқа жағынан, фискалдық саясаттағы өзгерістер (мысалы, мемлекет шығыстарының өсуі немесе салықтардың  төмендеуі) өндіріс көлеміне, табыстарға (бұл жағдайда, көбейту) және басқа ілеспе көрсеткіштерге дәл тікелей әсер етеді.

       Мемлекет  шығыстарының өсуін қысқарту және тіпті  абсолюттік тұлғаланымдағы шығыстарды азайту инфляциялық үдерістерге  әсер етпейді, тек экономикалық өсімге қысым көрсетуді тудырады. Оларды қысқарту табыстарға, қандай бір дәрежеде импортты азайтуға әсер ететін болады. Алайда табыстардың азаюы елдегі экономикалық белсенділікке қысым  көрсететіндіктен, тиісін ше, экономикаға  банктердің кредиттік салымдары азая түседі, бұл, өз кезегінде, олардың шетелден қарыз алуын азайтады. Бұл төлем балансын тенестіреді, яғни валюта жылыстауының азаюы импорт арқылы банктердің шетелдік қарыз алулары арқылы валюта құйылымын азайтумен өтемделетін болады. Бұл жағдаятта монетарлық биліктерден қандай да бір іс-қимылдар жасау талап етілмейді, яғни ақшалай ұсыным өзгеріссіз қалады және инфляция параметрлері де тиісінше, өзгеріссіз қалады. Ұзақ мерзімді перспективада мұндай саясат, едәуір дәрежеде экономикаға өзіне-өзі қызмет көрсетуге мәжбүр ететіндіктен, ғылыми-техникалық прогресс пен ғаламдану пайдаларынан елді салыстырмалы оқшаулауға жеткізеді. 
 

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискалдық саясат