Қонақ үй кешені саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 08:39, реферат

Описание работы

Басқарудың нарықтық концепциясы экономиканы тұтынушылардың өзгеріп отыратын көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыруға нысандайды, өндіру мен тұтыну мәселелерін кешенді түрде шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық экономикалық субъектілердің қызметін үйлестіріп, еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын пайдаланудың жоғары тиімділігіне қол жеткізуге ықпал етеді.

Работа содержит 1 файл

Басқару нарығы.doc

— 993.50 Кб (Скачать)
lign:justify"> 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. "Жасамир" қонақ үй кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары

Бүгінгі таңда отельде орынды резервтеудің ең таралған әдісі - ол Интернет арқылы: тікелей қонақ үй сайтында немесе турагенггер арқылы. Болжам бойынша, 2010 жылы дүниежүзінің барлық қонақүй нөмерлерінің 7%-ына Интернет-тор арқылы алдын-ала тапсырыс беріледі.

Туристік өнімдерді туристік қызметтер нарығында жылжыту электрондық жарнама көмегімен маркетингтік зерттеулер негізінде жүзеге асырылады.

Интернет - масштабы бойынша баламасы жоқ жарнама кеңістігі. Жарнаманың әлеуетті тұтынушылары Интернет және оның мүмкіншіліктерін қолданатын 70 миллионнан астам адамды құрайды.

Интернеттегі жарнама компаниясы Қазакстанда да, және шетелде де өте тиімді. Біздің елімізде компьютер кәсіпкерлер мен мемлекеттік ұйымдардың офистерінің күнделікті құралы болып тиянақталды. Көптеген фирмалар электрондық пошта қызметтерін жэне Интернетте ақпарат іздеуді қолданады. Фирма туралы деректерді, сонымен қатар фирма жарнамасын Интернетте орналастыру - ең алдымен жарнама беруші имиджін жоғарылатады және жоғары ұйымдастырылған кәсіпкерлердің, әлеуетті серіктестер фирмаларының, ең негізгісі - әрдайым компьютерлік кеңістікті, серіктестік туралы хабарлар мен ұсыныстарды және өзінің жергілікті нарығында тауарларды тікелей сатуды зерттейтін делдалдардың қызығушылығын тудырады. Бұл өз өнімін дүниежүзілік нарықта жылжытудың керемет әдісі.

Интернет торы қолданушыларға өзінің туристік өнімдерін дүниежүзілік қоғамға ұсынуға және жылжытуға бұрын болмаған мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тіпті кішкентай фирманың өзі жарнама кампаниясын жаксы өткізсе, маңызды нәтижелерге жете алады.

Жарнаманы жылжыту бойынша келесі қадам оны орналастыру орнын таңдау болып табылады. Интернет жарнама территориялық байланыстыкқа ие емес. Оған белгілі-бір қала тұтынушыларының да, планетаның басқа жерлерінің тұтынушыларының да бірдей қолы жетеді. Ақпаратты маманданған туристік WWW-серверінде орналастырган жөн. Бұл жағдайда осы (туристік) сала қызметі мамандарының сапалы қызмет көрсетуіне арқа сүйеуге болады. Тордағы материалдар техникалық қызмет көрсетуді, дамытуды қажет етеді. Сондықтан оларды бұл қызмет көрсетудің сапасы жоғары жерде орналастыру қажет.

Анықтамалық екі бөліктен тұрады: орыс тілінде - Ресей, ТМД елдері мен таяу шетелге арналган, және ағылшын тілінде - Интернеттің дүниежүзілік барлық аудиториясына арналған.

Интернет торына Оп-Ііпе тәртібінде қосылып, қолданушы әрбір беті басқа ұқсастарға сілтемелерден тұратын, үлкен гипертекстті анықтаманы қолдануга шектеусіз (төленген уақыт шегінде) мүмкіндікке иеленеді. Жүйе бүкіл торда ақпаратты жедел іздеуге мүмкіндік береді. Кілттік сөздерді қолдану арқылы пайдаланушы оны қызыктыратын кез келген ақпаратты оңай табады, және егер көшіруге тиым салынбаса, ақпаратты өз компьютеріне жазып алып, кейін оны басып шығарып немесе басқа әдістермен қолдануына болады.

Интернеттің мақсатты дамуы туристік фирмалардың жарнамаға көзқарасын өзгертті. Мысалы, кейбір еуропалық турагенттіктер хабарланатын газеттік жарнамаларды қысқартып, оның орнына өздерінің ақпараттарын Интернетте орналастыра бастады. Қазір үлкен жарнамалық хабарламалардың орнына Интернетте ақпараттық беттің адресі корсетілген кішкентай блоктарды көп кездестіруге болады.

Сонымен қатар, Еуропаның көптеген туристік компаниялары Интернеттің кең таралуында өздерінің бизнесіне қауіпті көруде. Интернетте қонақүй, авиабилет жэне басқа тур кұрамдастарына алдын-ала тапсырыс беру.

жүйесінің ашылуы тұтынушыларға өз демалысын, агенттер қызметінсіз, өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Астана қаласындагы қонақ үй нарығында бәсекелестердің саны аз:

•   «Уют» - бұл кішігірім қонақүй, тұтынушыға кымбат емес нөмерлерді ұсынады, бірақ олардың багасы «Жасамирге» қарағанда жоғары, негізінен ТМД елдері мен таяу шетелдерден келген қонақтарды орналастыруға бағытталған. Қонақ үй сервистің жоғары деңгейімен ерекшеленеді.

•   «Думан» - қызметтердің кең түрі, жайлы нөмерлер, тұтынушылардың негізгі бөлігі - Қазақстан азаматтары және шетелдіктер.

"Жасамир" қонақ үй кешенінде «сервистің салыстырмалы түрде жоғары дәрежесі мен бағалардың төмен деңгейін атап өтуге болады.

Фирманың кемшіліктеріне конақ үйдің сервис деңгейінің орташалығы мен ассортиментінің аздығын жэне нарықта әлі танымал еместігін жатқызуға болады.

Төменде келтірілген 12 - кестеде жоғарыда аталған конақүйлердің артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілғен. Қонақтарды және шетел туристерін қабылдайтын қонақ үй үшін эксклюзивтілік, спорт элементтері бар туризмнің белсенді түрлерін қолдану, барлық инфрақұрылым кешені сервисінің жоғары деңғейде болуы маңызды рөл аткарады.

12 кесте -  ."Жасамир" ЖШС бәсекелестік ортасының талдауы

Көрсеткіштер

«Жасамир»

«Думан»

«Уют»

Эксклюзивтілік

-

+

-

Сервистің жоғары деңгейі

+

+ +

+

Қызметтің түрлі ассортименті

-

+ +

+

Баға деңгейі

Төмен

Орташадан жоғары

Орташа


 

Берілген кесте "Жасамир" қонақ үй кешенінің бәсекелестерге қарағанда артыкшылықтарға ие екендігін көрсетеді. "Жасамир" қызметтерінің бағасы ең арзан.

Бәсекелестер қызметтері негізінен шетелдіктерге арналған, олар шетел туристерін белсенді қабылдамайтын «Жасамир» қонақ үйіне қарағанда, сыртқы нарыққа шыға алады.

Қорытынды

Қонақ үй бизнесі қазіргі заманда көптеген бағыттарда қолданылады - отандық тұрғындарды өндірістік мақсатта, демалыс өткізу жэне де басқа жеке қажеттілікті қанағаттандыру бойынша қызмет көрсетеді, сонымен қатар елімізге бизнес сапарымен немесе жай демалуға келетін шет ел азаматтарына кызмет көрсету және т.б.

Туристік бизнестің инфраструктурасы ретіндегі қонақ үйлердің рөлі ерекше. Туризм, біз білетіндей, экономиканың маңызды салаларының бірі.

Қазақстан экономикасында қонақүй бизнесінің алатын үлесі зор. Соңғы жылдары қонақ үйлердің саны артып, бұл нарықта бәсекелестік шиеленісе түсуде. Осыған байланысты қонақ үйлер өз жұмысында экономиканы, маркетингті қолдануға көңіл бөліп, маркетингтік қызмет штатын құру қажет.

Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылық кеңістігіне интеграциясын жеделдету мәселелерін шешу - халықаралық бизнес элитасын елімізде дұрыс қабылдау үшін сәйкес жоғары деңгейдегі инфраструктура құрумен тығыз байланысты.

Бүл біріншіден шетелдік жоғары дэрежелі қонақтарды күтуге арналған жоғары класты қонақ үй құрылысын дамыту.

Қысқа ғана уақыт аралығында елімізде сервистің түрлі деңгейі мен мақсатына сәйкес келетін көптеген қонақ үйлер салынды. «Жасамир» конақ үйі жағымды жақтары мен кемшіліктері де бар.

Қонақ үйдің номиналды және нақты сервистің деңгейі айтарлықтай жоғары емес, алайда, қонақ үй штаты ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарылату бағытында қызмет етуде.

Қонақ үйде тұруға мүмкіндік беретін тек маңызды ғана шектелген қызмет түрлері бар.

Қонақ үй экономика кешенінің кейбір құрамдастарын қолданады, баға белгілеу шығындар негізінде жүзеге асырылады.

Бірақ кейбір экономикалық элементтерін қолдануға қаржылық және еңбек ресурстары тапшылыгынан әркашан мүмкін бола бермейді, соған қарамастан белгілі бір мақсатты аудиториясы бар, барлық күшін сервис жағдайын жақсартуға жұмсауда. Қонақ үйдің қосымша қызметтер ассортименті төмен.

Қонақүй перспективасы Қазақстан экономикасының қарқынды даму болашағы мен елімізге шет мемлекеттердің қызығушылығының артуымен байланысты.

Қонақ үй қызметін жанжандыру үшін төмендегідей ұсыныстар бар:

•                барлық маркетинг элементтері бойынша нақты маркетингтік жоспар қүру қажет;

•                кадрлік саясат мәселелері бойынша қонақ үй кешеніне штатына қойылган міндеттерді шешетін бір маркетологты ендірген жөн, сондай-ақ персоналдың біліктілігін жоғарылату мақсатында оларды окытатын курстарды жүйелі түрде өткізіп тұру;

•                жеңілдіктер жүйесін қарастыру;

•                ұсынылатын қызметтер саласын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізу, мысалы, спорттық қызметтерді ұсыну;

•                тұтынушылар талғамын анықтау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу;

•                мотивация ерекшеліктерін қолданып фирма қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру;

•                өткізуді ынталандыру жүйесін кеңейту;

•                фирма ең алдымен қандай бәсекеге кабілеттік артыкшылығына ие болуы керек екендігін анықтау үшін бәсекелестердің артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу.

 

48

 



Информация о работе Қонақ үй кешені саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері