Қонақжайлылықтың стратегиялық бағыттары , даму мақсаттары мен

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Қызмет саласы халық өмірінің бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектеседі. Ол халықтың әрдайым өсіп отыратын материалды-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандырады, оның бос уақытын көбейтеді, денсаулығын нығайтады және көңіл-күйін жоғарылатады, өмір сүру деңгейін ұзартады, қала және ауыл халқының еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға маңызды әсер етеді. Материалды, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдейді, қоғамдық еңбек өнімділігінің жүйелі өсуіне әсер етеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Қызмет көрсету саласындағы қызмет сапасы ұғым
2.Қонақжайлылық қызмет көрсету аясы және қоғамдық өндіріс тиімділігінің
сапасы
3.Қонақжайлылықтың стратегиялық бағыттары , даму мақсаттары мен
нысаналы индикаторлары
4.Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесі және туризм саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қызмет көрсету саласындағы қызмет сапасы..doc

— 118.00 Кб (Скачать)
 

  Жоспар 

Кіріспе 

Негізгі бөлім 

1.Қызмет көрсету саласындағы қызмет сапасы ұғым 

2.Қонақжайлылық қызмет көрсету аясы және қоғамдық өндіріс тиімділігінің

       сапасы 

3.Қонақжайлылықтың стратегиялық бағыттары , даму мақсаттары мен

     нысаналы индикаторлары  

    4.Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесі және туризм саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету  
     
     

Қорытынды 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Бұл рефератта, мен жалпы қызмет көрсету түсінігі мен оның түрлерін, нысандарын, ең бастысы оның сапалылығы мен тиімділігін, оның стратегиялық бағыт кезеңдерінің орындалуы мен даму мақсаттарын; соңғысы ол дәл қазіргі жағдайларда қандай түрлермен толықтырылғаны және олардың жүргізілу сапасы туралы мәліметтерді толықтырдым.

      Қызмет саласы халық өмірінің бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектеседі. Ол халықтың әрдайым өсіп отыратын материалды-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандырады, оның бос уақытын көбейтеді, денсаулығын нығайтады және көңіл-күйін жоғарылатады, өмір сүру деңгейін ұзартады, қала және ауыл халқының еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға маңызды әсер етеді. Материалды, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдейді, қоғамдық еңбек өнімділігінің жүйелі өсуіне әсер етеді. Сонымен қатар, осы қызмет көрсетулер мен тауарлардың жасалуы мен орындалуы сапалы болуы тиіс, өйткені осы нәтижелер неғұрлым жақсы болса,соғұрлым сұраныс та, бәсекелестегі ролі де арта түседі.  

      Ал Елбасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге” бағытталған іс-шараларға сай республиканың барлық өңірлерінде “жалғыз терезе” қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары іс жүзіне асуда. Ал оның қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелгені белгілі.

     Халыққа қызмет көрсететін орталықтарда жұмыс істейтін маман кез келген құжат түрі бойынша өтініштерді қабылдауға міндетті. 

Қызмет  көрсету саласындағы  қызмет сапасы ұғымы 

    2005 жылғы 15-наурызда Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі, Индустрия және сауда министрлігінің Метрология және техникалық реттеу жөніндегі комитетімен бірлескен тақырыптар бойынша семинар өткізді:

1. ИСО-9000 халықаралық стандарты бойынша менеджмент сапасы жүйелерінің негізгі ережелері. Ендіру жөніндегі ұсынымдар.

2. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы » Заңының нормасын талқылау.

     Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру  және байланыс жөніндегі агенттігі  Мемлекеттік қадағалау және лицензиялау департаментінің директоры Р.Р.Нұршабеков құттықтау сөз алды. Семинардың бағдарламасы бойынша Индустрия және сауда министрлігінің Метрология және техникалық реттеу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары В.Н Михалченко, «Ұлттық аккредитивтік орталығы» ААҚ президенті С.Ш.Құрманғалиев, «Ұлттық аккредитивтік орталығының» стандарттау және метрологиялар саласындағы Біліктілікті жоғарылату институтының директоры С.Мырзаханова баяндамалар жасады .

     Семинарға Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің өкілдері, байланыс құралдарын сертификаттау жөніндегі органдардың өкілдері және телекоммуникациялық компаниялардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тұрақты  сапасының жалпы танымал кепілділігі  болып табылатын, қазақстандық мекемелердің ИСО-9000-14000 халықаралық стандартына жедел өту кезеңіне өткен семинардың тақырыбы өте өзекті.

Қатысушыларды менеджмент сапасы жүйелерінің негізгі  ережелерімен, оларды ендіру бойынша ұсынымдарды таныстыру іс-шараның негізгі мақсаты болды.

    Пікірталас болғаннан кейін, пікірлерімен алмасқан семинарға қатысушылар өз уақытында талқыланғанын мәселерді және мақсатқа сәйкес егжей-тегжейлі іс-шараларды өткізуді атап өтті.

     Қызмет, ең алдымен, әлеуметтік категория ретінде көрінеді, себебі ол қызметтерді талдау кезінде және оны халыққа ұсыну кезінде көрінетін күрделі экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылады. Қызметтің негізгі мәні - адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тұтыну құны. Тұтыну құнын анықтау үшін «қызмет» түсінігін айыру қажет. Мысалы, материалды қызметтер бұрынғы тұтыну құнының әсер ету үрдісінде өндіріледі. Егер материалдық емес сипаттағы игіліктер жөнінде сөз болатын болса, басқаша айтқанда таза қызметтер жөнінде болатын болса, «қызмет» түсінігінің мазмұны белгілі бір заттар түріндегі жаңа тұтыну үрдісі, іс әрекет түріндегі берілуі.

     Ғылыми-техникалық революция өндірістік және өндірістік емес салалар арасында еңбекті бөлу пропорционалдағы белгілі өзгерістерді ұйғарады. Осы салалардың экономикалық   көрсеткіштерінің салыстырылуы қоғам дамуының объективті заңдылықтарын айқындайды, ал республиканың экономикалық потенциалының деңгейі өндірістік емес салаға салынатын капитал салымдарының сәйкес өсімін негіздейді, бұ өз кезегінде халықтың өмірлік деңгңйін жоғарылатады, оның рухани қажеттіліктерін кеңейтеді, жұмыс күшінің ұдайы өндірісін жетілдіреді.

     Қызмет көрсету аясы экономикалық барлық салалары жұмысшыларының сапалық сипатына әсер етеді, олардың күш жігерін мамандандырылған функцияларға шоғырландыруға және еңбек ресурстарын өндірістік емес салаларда қолдану үшін босатуға мүмкіндік береді, яғни тек өзінің негізгі функцияларын орындап қана қоймай, сондай ақ материалдық өндіріске де өз әсерін тигізеді. Ол өндірістік құралдарды мен тұтыну заттарының өндірісін дамытуға көмектесе отырып, материалды игіліктердің негізгі тұтынушылардың бірі болып табылады, ал материалдық өндірісте өз базасын таба отырып өзінің салаларын дамытуды жеделдетуге ынталы болып келеді. Екі саланың дамуының өзара байланысты үрдісінің жұмыс жасауы халықтың материалды және рухани игіліктерді үзіліссіз тұтынуымен негізделеді.

     Қызмет сферасының және оның салаларының жұмысшылары материалды игіліктердің тек тұтынушылары ғана болып табылмайды . Өз еңбегімен олар халыққа қызмет ете отырып материалды емес рухани құндылықтарды құрады. Олардың ортақ мақсаты-адамдардың түрлі қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру және өмір сүру деңгейін жоғарлату болғанымен де, екі сферада бұл мәселені түрліше шешеді. Қызмет сферасы әлеуметтік, сондай-ақ экономикалық функцияларды да орындайды. Мысалы білім беру адамдардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмысшы күшін ұдайы өндіру факторы болып келеді.

       Қазіргі кезеңде  қызметтер  тұтынудың маңызды элементі және  адамдардың өмір сүру қалпын жетілдіру шарты болып табылады. Қызмет көрсету сферасының салаларын дамыту қоғам мүшелерінің тіршілік іс әрекетінің көптеген критерийлерін өзгертуге әсер етеді. Және бұл өзгерістер қоғамдық өндіріс құрылымындағы өзгерістерге, оның тиімділігін жоғарылатуға әсер етеді.

     Менеджмент және маркетинг тұрғысынан қызмет дегеніміз қажеттілікті немесе мұқтаждықты қанағаттандыра алатындардың барлығы және ол назар аударту, сатып алу, қолдану және тұтыну мақсатында рынокқа ұсынылады. Қызмет болып бірінші жақ екінші жаққа ұсыныла алатын кез келген шара немесе іс-әрекет, ол сезілмейді және ешкімнің иелігіне өтпейді. Оның ұсынылуы материалды өніммен байланысты болуы мүмкін.

     Қызметті әлеуметтік экономикалық категория ретінде зерттей отырып, біз бұл түсініктің екі жақты мазмұнын зерттей отырып, біз бұл түсініктің екі жақты мазмұнын ескертуіміз тиіс: ерекше тұтыну құны ретіндегі қызмет және белгілі экономикалық қатынастарды білдіретін экономикалық категория ретінде қызмет. Бұл жағдайда біз қызметті, оның өндірілуі, көрсетілуі және тұтынылуы кезінде көрінетін ерекше құн ретінде қабылдаймыз.

     Сонымен, қызмет қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісіндегі экономикалық қатынастарды белгілі формасы ретінде  қабылдайды. Бұл қатынастарды талдау қызметтерді өндіруші мен тұтынушы арасындағы қарым қатынастарды тікелей немесе жанама байланыстырады. Бұл жағдайда қызмет көрсету сферасында экономикалық  мазмұны бойынша түрлі сипатталады, түрлі салаға жататын іс-әрекет түрлері жиналады. Әлеуметтік экономикалық категория ретінде қызметтің мәні туралы айтсақ, ең алдымен, біз оның негізгі екі түрін өліп қарасырамыз: материалды қызмет (зат,өнім және т.б) және таза қызмет (іс әрекет). Бұл түрлердің екеуі де жалпы анықтаманы жоққа шығырмайды, яғни жалпы қызметтер.

     Қызмет деп жеке сұраныстарға сәйкес материалдық, материалдық емес сипаттағы және әлеуметтік мәдени мақсаттағы игіліктерді нақты тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты іс-әрекет түріндегі  еңбек өнімдері бойынша өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастыр жүйесін түсінеміз. Әлі де экономикалық әдебиеттерде жүрген «қызмет» түсінігінің жеткіліксіз толық және терең анықтамасы көбіне осы әлеуметтік әкономикалық категорияның күрделілігімен түсіндіріледі. Тұтынушыға тауармен көрсетілген қызмет - бұл адамның өз өміріндегі күнделікті белгілі бір материалдық және рухани игіліктерді қолдануы. Адамға қызметтерді көптеген тұтыну заттарды көрсетеді: тұрғын үй – коммуналды, сауда, білім беру, мәдениет, көлік, байланыс және т.б. Бұл нақты сезілетін заттың қызметтері.

      Қазіргі жағдайда қызмет аясының салалары және оның жұмысшылары адам дамуының белгілі бір әлеуметтік экономикалық функцияларын орындайды:

  • Материалдық өндіріс аясында және қызмет сферасында өндірілген материалдық және рухани игіліктерді тұтынушылардың жеке талғамдары мен сұраныстаррына сәйкес жеткізіледі және тұтынушылар арасындағы осы игіліктердің болуын айғақтайды;
  • Заттардың тұтыну құнын қайта құра отырып, халықтардың тұтынуына дайындайды, яғни қызмет аясының салалары тауар заттардың өндірісін толықтырады;
  • өмірлік игіліктерді тұтыну үрдісінің өзіне қызмет етеді (қоғамдық тамақтану, коммуналды, тұрмыстық қызметтер көрсету);
  • жұмысшы күшінің ұдайы өсуіне және қызметету дәрежесіне белсенді әсер етеді;
  • саналы демалу үшін, халықтың бос уақытын үнемдеу үшін жақсы жағдай жасайды;
  • үй шаруашылығындағы еңбектің қысқаруына және жеңілдеуіне әрекет етеді, сондай ақ халықтың тұрмысын жақсартады және қала мен ауыл тұрғындарының өмірлік деңгейлерінің жақындауына алып келеді.

    Ортақ ауылшаруашылық кешені күрделі бөлігі бола отырып, қызмет көрсету аясы өзінің даму және жетілдіру үрдісіне, оның әлеуметтік экономикалық мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін сапалы жаңа қырларға ие болды:

    Біріншіден, қызмет жұмысшылардың еңбек нәтижесі бола отырып, өмірлік игіліктерді өндірудің құрамдас өлігі болады, ол өз кезегінде оның қоғамдық пайдалылығын да анықтайды.Екіншіден, ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуде, халықтың тұрмыс халін жоғарлатуда, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарды жоюда, үй мен қойма шаруашылығындағы еңбек ресурстарын рационалды қолдануда, қоғамдық еңбек шығындарын үнемдеуде, адамдардың бос уақытының масштабын кеңейтуге қызмет көрсету аясының әлеуметтік функциясы өсіп отыр, үшіншіден, қызмет көрсету аясының салаларының экономикалық тәуелсіздігі нақтыланды және дәл анықталды, яғни осыдан келіп жеке көрсеткіштер, нормативтер, стандарттар, техникалық қызметтер жүйесін  ұдайы өндіру, қалыптастыру және негіздеу үрдісінде жаңа мақсатты функциялар айқындалды.

     Нарықтық экономикада қызметтерді коммерциялизациялау дәрежесіне көп көңіл бөлінеді. Осыдан келіп коммерциялық және ейкоммерциялық қызметтерді бөлуге тура келеді. Біріншісінің тауарлық сипаты бар және пайда алу немесе басқа экономикалық пайда алу мақсатында өндіріледі; екіншісі саяси экономикалық, әлеуметтік этикалық және т.б. себептерге байланысты коммерциялана алмайды, яғни нарық құлдырайды. 
 

  Қызмет  көрсету аясы және қоғамдық өндіріс  тиімділігі 

       Қоғамдық өндіріс тиімділігін  өсірудің объективті қажеттілігі   экономикалық қатынастардың кемелдену  дәрежесінің өсуімен негізделген. Осы қатынастардағы сапалы қозғалыстар қазіргі кезде қоғамдық өндірістің барлық сатыларында көзге көрінеді. Әр уақытта мәдениет, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету халықтың азыө түлік және өнеркәсіп тауарларымен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Ол агроөнеркәсіп кешенін дамытуға белсенді қатысуымен көрінеді, ауыл шаруашылық өндірісімен және прогрессивті технологияларды кеңінен енгізу негізінде оның өнімдерін өңдеумен тікелей байланысты, сондай ақ ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын жақсарту сияқты өзекті әлеуметтік тұрмыстық мәселелерді шешуде де көрінеді.

     Сонымен бүкіл қоғамдық өндіріс тиімділігін жоғарылатудың шынайы қажеттілігі тікелей немесе жанама түрде қызмет аясындағы тиімділікті жоғарылатудың талап етеді. Мұнда, сондай ақ экономикалық қатынастар күрделенеді, жеткілікті түрде жоғарғы қарқынмен материалды техникалық база дамиды, ресурстарды толығымен қолданудың проблемалары пайда болады. Әлбетте тиімділікті жоғарылатудың жлдары да әр түрлі. Жалпы оларды мынадай топтарға бөліп қарастыруға болады:

Информация о работе Қонақжайлылықтың стратегиялық бағыттары , даму мақсаттары мен