Халықаралық маркетинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 12:15, доклад

Описание работы

Халықаралық маркетинг – бұл компанияның бас өкілдігі орналасқан елдің ұлттық шекарасынан тыс жердегі тауарлар мен қызметтер маркетингі.Ішкі және халықаралық маркетинг арасында айтарлықтай принципиалды айырмашылықтар жоқ. Екі жағдайда да бірдей қызмет ету принциптері пайдаланылады. Алайда халықаралық сауданың өзіндік спецификасына байланысты сыртқы елдердің нарықтық, экономикалық, саяси-құқықтық, әлеуметтік, мәдени ортасын ескермеуге болмайды. Халықаралық сауданың ерекшеліктерін, халықаралық келісім-шарттар мен саудалық практиканы, салт-дәстүрді де есте сақтау керек. Шетелдік нарықта қызмет етуді көздеген фирмалардың негізгі міндеттерінің шешілу реті мынадай: халықаралық маркетинг ортасын зерттеу; сыртқы нарыққа шығудың саналылығы туралы шешім қабылдау; нақты нарықтарды таңдау; сыртқы нарыққа шығу тәсілдерін дайындау; маркетинг кешенін қалыптастыру; маркетинг қызметін дайындау.

Работа содержит 1 файл