Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 23:33, контрольная работа
Қазақмыс ПЛС – пайдалы қазба байлықтарын өндірумен айналысатын, негізгі қызметін Қазақстанда және жақын аймақтарда атқаратын, Ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі мыс өндіру және сату болып табылады.
Маркетингтік ортаны «Қазақмыс ПЛС» корпорациясы мысалы негізінде талдау
Корпорация
туралы жалпы мағлұмат.
Қазақмыс ПЛС
– пайдалы қазба байлықтарын
өндірумен айналысатын, негізгі
қызметін Қазақстанда және жақын
аймақтарда атқаратын, Ұлыбританияда
тіркелген халықаралық
Фирманың маркетингтік ортасы деп отырганымыз – ол кәсіпорынның қызметіне сырттай, тікелей және жанама түрде әсер ететін факторлардың, субъектілердің және күштердің жиынтығы. Маркетингтік ортаның мынадай түрлері бар:
Макроорта – фирманың қызметіне сырттай әсер ететін факторлар жиынтығы. Макроортаны «бақыланбайтын орта» деп те атайды. Себебі фирма оған не жаңа мүмкіншіліктер ашатын, не оған жаңа қауіптер туғызатын кең байтақ макроорталық күштер шегінде жұмыс атқарады және фирма оларға әсер ете алмағандықтан, оларды ұқыпты түрде бақылап, оларға жауап беріп отыруы керек. Ф. Котлер макроортаның негізгі 6 факторын бөліп қарастырды:
Демографиялық фактор.
Нарық адамдардан құралған болғандықтан, демографиялық өзгерістер және тенденциялар нарықты зерттеуде келешекке болжамдар жасауда ерекше мәнге ие болып табылады. Негізгі демографиялық көрсеткіштер:
Қарамағында 62000-нан астам жумысшы қызмет атқаратын «Қазақмыс» үшін, корпорацияның өндіріс орнындары орналасқан аймақтардағы халықтың тығыздығы, орташа жас мөлшері, білім деңгейі аса маңызды. Кен орындарындағы физикалық тұрғыдан ауыр жұмысты атқару, жас шамасы 20-40 жас шамасындағы жұмысшылардыкөптеп талап етеді. Өндіріс технологияларының жылдан-жылға дамуы, жұмысшылардың кәсіби білімділіктерін арттыруды қажет етеді. Қазіргі таңда корпорацияға қарасты шахталарда жылына орта есеппен 17-20 адамның қайтыс болу фактісі тіркеледі. Яғни жұмысшылардың қауіпсіздік техникасын дұрыс сақтамауы осындай жағдайларға алып келеді. Бұған өз кезегінде халықтың білім деңгейі әсер етеді.
Экономикалық фактор.
Кез келген сыртқа өнім шығаратын кәсіпорын қызметіне міндетті түрде экономикалық ахуал өз әсерін береді. Рыноктың үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу мақсатында маркетингтің экономикалық факторын үздіксіз түрде бақылап отыру қажет. Негізгі экономикалық көрсеткіштер:
«Қазақмыс» өз өнімдерін шет елдерге шығаратын компания болғандықтан, корпорация үшін тек ұлттық экономика ғана емес сонымен қатар әлемдік экономикадағы ахуал да өз әсерін береді. «Қазақмыс» Гонконг, АҚШ, Ұлыбритания қор биржаларына кіреді. Осы қор биржаларында бекітілген мысқа деген баға мөлшерінің өзгерісі, мысқа деген әлемдік сұраныс мөлшері корпорация қызметіне зор көлемде әсер етеді. Мысалы Азия елдеріндегі мысқа деген сұраныстың артуы корпорация үшін қолайлы ахуал болып табылады. Қазірде мыстың 1 тоннасына 8 мың долларды құрайды. Мыс бағасының өсуі бірнеше себептермен түсіндіріледі. Олар: доллар девальвациясы, 1996-2004 жылдар арлығыедағы рыноктағы тыныштықтың орнауы (бұл өз кезегінде өндірістің бәсеңдеуіне әсер етті) және Қытайдың жоғары қарқынмен дамуы.
Табиғи фактор.
Кәсіпкерлік іс әрекет қоршаған ортаға белгілі бір мөлшерде қауіп төндіреді. Сондықтан да кәсіпкерлер әр қашан қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беретін және қоғам дамуының қауіпсіздігі үшін адам денсаулығын сақтау мақсатында қазіргі замаға сай ресурстарды сақтайтын жаңа, жетілген технологияларды өндіріс процесінде қолдануға ұмтылуы қажет.
«Қазақмысқа» қарасты кен орындағы мыстың көлемі тек 20 жылға ғана жетеді деп жоспарлануда. Сол себепті иеліктегі кеніштерді оңтайландыру және бар өндірістің тиімділігін арттыру, тартымды да игерілмеген табиғи ресурстар активтерін іздестіру мен иелену компаниянвң басты корпоративтік стратегиясы болып табылады. Сондай-ақ корпорация құрамына кіретін Жезқазған, Балқаш, Жәйрем түсті металл өңдеу зауыттары жыл сайын қоршаған ортаға зор көлемде өндіріс қалдықтарын шығарады. Балқаш зауыты Балқаш көлінің ластануына алып келуде. Сонымен қатар зауыттардың түтін шығару трубаларынан атмосфераға шығатын химиялық, зиянды түтіндер көлемінің артуы қоршаған ортаның ластануын арттырып, өз кезегінде адамдардың денсаулығына да әсерін тигізуде. Осы қалыптасқан жағдайға байланысты корпорация қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бір қатар іс-шараларды ұйымдастыруда:
Ғылыми-техникалық фактор.
Ғылым мен техниканың дамуы үлкен мүмкіндіктер мен қатар қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп тудырады. Сондықтан да кәсіпкерлер өз қызметінің қоғам дамуына кері әсерін тигізбеуі үшін ғылыми-техникалық ортадағы өзгерістерді ескеруі қажет. Сонымен қатар компаниялар ғылыми – техникалық жетістіктерді пайдалану арқылы өнім көлемін, сапасын барынша арттыруға және еңбек тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік алады.
Мыс өндіру әрқашан
да адам өмірі мен денсаулығы үшін
қауіпті іс болып келеді. «Қазақмыс»
компаниясы кәсіпорындар мен кеніштердегі
адам өлімін азайту мақсатында қазіргі
кездері жаңа халықаралық қауіпсіздік
техникасының стандарттарын еңгізуде.
Жұмыскерлерді осы стандарттарға үйрететін
кәсіптік білім беру орталықтарын ашуда.
Жыл сайын барлық шахтерлар тестілеуден
өтеді. Бұл олардың білімін арттырады.
Жер астындағы тау-кен массасының опырылуынан
еңбекшілердің зақымдануы мәселесіне
баса назар аударылуда. Таукен массасының
опырылып құлау оқиғаларының алдын алу
үшін Департаменттің талап етуімен «Қазақмыс
Корпорациясы» ЖШС кеніштерінде болат
полимерлі штангілермен (БПАБ) бекітудің
алдыңғы қатарлы түрі енгізілді.
Өндірістік зақымдануды азайту мақсатында
ВНИИцветмет жетекші ғылыми-зерттеу институттарын
тарту арқылы БПАБ қолданылуын ескере
отырып, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС
жерасты кеніштерін бекіту типтері мен
көрсеткіштерін таңдау жөніндегі нұсқаулық
қайта қарастырылып, енгізілді. «Қазақмыс
Корпорациясы» ЖШС кеніштеріндегі болат
полимерлі анкерлі бекітпенің забой кеудесінен
артта қалуы 5-тен 3,2 метрге қысқартылды.
Сонымен қатар қазбаның төбесіндегі екі
қатар анкерлер забой кеудесіне дейін
орнатылады.
Саяси фактор.
Белгілі бір
дәрежеде кәсіпкерлік қызметті
реттейтін құқықтық нормативтік
актілер жағдайы мен
Мәселен, дағдарыс кезінде Қазақстан үкіметінің қабылданған жаңа салық Кодексі бойынша кәсіпорындар төлейтін корпоративті табыс салығы азайтылды, ҚҚС төлеу жеңілдетілді, әкімшілік кедергілерді азайту жұмыстары жүргізілді . Болып өткен теңгенің девальвациясы да экспорттаушыларға табыс табуға мүмкіндік берді. Жылына 850 млн АҚШ доллары көлемінде корпаративтік табыс салығын төлейтін «Қазақмыс» үшін елдің салық кодексіндегі өзгертулер аса үлкен мәнге ие.
Елдегі шет
елден тартылатын инвесторлар
туралы заңнамасы да
Сонымен қатар,
«Қазақмыс» шет ел қор биржаларында
да қызмет атқаратын компания болғандықтан,
оның қызметіне тек Қазақстан Республикасының
ғана емес, сол шет елдің де заңы өз әсерін
тигізеді. Мысалы: Қытай елінің Гонконг
қор биржасында сауданы қытай юанімен
де жасауға келісімнің болуының арқасында,
«Қазақмыс» компаниясы Қытайдан құрал-жабдық
сатып алатындай болса немесе өз мысын
Қытайға сатса, онда валюта нарығына бармай-ақ,
еш қиналмай қытай юанымен де сауда жасай
алады. Бұл өз кезегінде компания шығындарын
азайтады.
Әлеуметтік – мәдени фактор.
«Қазақмыс» Қазақстанда ең ауқымды әлеуметтік инвестициялау бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Инвестицияланған жобалардың ішінеде:
Сондай-ақ, «Қазақмыс» Жезқазған, Сәтпаев қалаларындағы мешіттердің салынуына ат салысып, халықты діни тұрғыдан, жастар орталықтары мен спорт кешенін салу арқылы жастардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын ұстану саясатының дамуына қолдау көрсету де.
«Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері Алматы облысы, Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру қорына 100 млн теңге аударды. Бұл ақша қаражаты корпорация қызметкерлерінің бір күндік жалақысын аударуы есебінен жиналған болатын.
Корпорацияның Қазақстанда жұмыскерлеріне, және о лардың отбасыларына әрі компанияның ардагерлеріне ақысыз не болмаса субсидиарлық қызметтер ұсынатын бірқатар медициналық, стоматологиялық, спорттық-сауықтыру орталықтары бар. Солардың арасында – республикадағы үздік саналатындардың бірі – жыл сайын 10 мың адамға дейін емделуден өтетін Жезқазған қаласындағы Медициналық орталық та бар. Қызмет көрсету деңгейін одан әрі жоғарылату мақсатымен Медициналық орталық Германиядағы Фрайбург университеттік емханасымен белсенді қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасуда.
Фирманың
микроортасы
Микроорта – ол фирма қызметіне тікелей әсер ететін күштердің және субъектілердің жиынтығы. Микроортаны «бақыланатын орта» деп те атайды.
Әрбір
фирма негізгі - табыс табу. Маркетинг
басқару жүйесінің негізгі
Тұтынушылар.
Металлдарды жалпылай саудалауға арналған Сату және маркетинг бөлімі Лондонда орналасқан. Қазақстанның қолайлы географиялық орналасуы мен оның дамыған инфрақұрылымдық топтары Қазақмыс Тобына бірталай ірі әлемдік нарықтарға қызмет жасай отырып, клиенттерінің сұраныстарына дереу іс-қимыл жасауына мүмкіндік туғызып отыр. Өнімдер теміржол арқылы Қытайға жеткізіледі және де Қара теңіз бен Балтық теңізі порттары арқылы Еуропаға әрі Таяу Шығысқа жолданады. «Қазақмыс» мысының 80-90 пайызына жуығы жеткізілім жасау сәтіндегі нарықтық бағамға үстеме мен көрсетілген көлемдері бар жылдық келісім шарттар бойынша саудаланады. Қалған өнімдер жыл ішінде спорттық нарықта өткізіле береді. 2010 жылдың шикізаттарына келісім – шарттардың барлығы толығымен жасалған. Спорттық нарықта өткізілуге жататын қалған өнімдер, бар клиенттерге тиеліп жолданатын болады.
Информация о работе Маркетингтік ортаны Қазақмыс корпорациясы мысалында талдау