Маркетингтік ортаны Қазақмыс корпорациясы мысалында талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 23:33, контрольная работа

Описание работы

Қазақмыс ПЛС – пайдалы қазба байлықтарын өндірумен айналысатын, негізгі қызметін Қазақстанда және жақын аймақтарда атқаратын, Ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі мыс өндіру және сату болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Маркетинг срс Казахмыс.docx

— 929.97 Кб (Скачать)

   2009 жылы  катодты мыстың 50 пйызына жуығы  Қытайға, 40 пайызына жуығы Еуропаға, ал 10 пайызы ТМД елдеріне саудаланады.

   Мырыш  концентрат түрінде ТМД елдеріндегі  және Қытайдағы сатып алушыларға  жылдық келісімшарттар бойынша  саудаланып отыр. Алтын мен күміс  негізінде Алматы аэропорты арқылы  авиажеткізілімдермен жылдық келісім  шарттар бойынша жеткізіліп тұрады. Күміс еуропалық соңғы  тұтынушыларға,  әрі халықаралық банктер мен  брокерлерге саудаланады. Жамбы  түріндегі алтын халықаралық  банктер мен брокерлерге саудаланады.  Аммоний перренаты түріндегі  ренийдің саудасы авиажеткізілімдер  түрінде жүргізіледі немесе Нидерландтағы тәуелсіз қоймадан тиеліп жөнелтіледі.

        

Бәсекелестер.

  Кез келген фирманың әртүрлі көптеген бәсекелестері болады. Әсіресе, әлемдік рынокка шыққан компания үшін өнімдерінің бәсекенің қатаң заңына сай сапада шығуы компания үшін аса маңызды.

«Қазақмыс» әлемдегі толығымен интеграцияланған, яғни мыс кенін қазып, барлаудан соңғы өнім шығаруға дейінгі процессті қамтитын аздаған мыс өндіруші компаниялардың бірі. Қазақ мысы сапасы жағынан әлемде үздік болып саналады. Мыс өндірісінің алпауыты саналатын Чилидің өзінде концентраттағы мыс үлесі 25 пайыз болса, бізде бұл көрсеткіш 39 пайызға жетеді. Мұндай өнімге сұраныс әрдайым болады. Мәселе – оны өндірудің өзіндік құнын төмендетуде болып тұр. Өйткені баға құлдырағанда, өнімнің өзіндік құны сату бағасынан да асып кететін кездері болады. Бұл өз кезегінде бәсекелестікке деген қабілетті төмендетеді.

«Қазақмыс» корпорациясының  негізгі бәсекелестері болып:

Codelco — 1665 тыс. тонн. 
Freeport — McMoRan Copper and Gold — 1583 тыс. тонн. 
BHP Billiton — 1391 тыс. тонн. 
Xstrata — 931 тыс. тонн. 
Rio Tinto Group — 738 тыс. тонн. 
Anglo American — 666 тыс. тонн. 
Grupo Mexico — 592 тыс. тонн. 
KGHM Polska Mediz — 441 тыс. тонн. 
ГМК "Норильский никель" — 423 тыс. тонн.

Компаниялары  табылады.  «Қазақмыс» тек 10-шы орынға иеленеді 343 мың тонна. Сол себептіде  қазіргі уақытта компанияның  алға қойған мақсаты өнім көлемін 30 пайызға дейін көбейту болып  отыр. Қазақстандағы мыс өндірісі байырғы салалардың бірі болғандықтан, оған үлкен көлемде инвестиция салусыз  пайда алу қиын. Қазақстанда бүгінгі  таңда 2 үлкен жаңа мыс кеніштері  Ақтоғай мен Бозшакөлге инвестиция тартылуда. Бұл екі орын тек ТМД-дағы  емес, сондай-ақ әлемдегі аса ірі жоба болып табылады. Сондықтан бұларды бекітілген уақытта жүзеге асыру бәсекелестікті арттыратын негізгі бағыт деп қарастырылуда.

 

  Жабдықтаушылар.

   Жабдықтаушылар – дкомпанияны және оның бәәсекелестерін нақтылы тауарлар мен қызметтер шығару өндірістеріне қажетті материалдық ресуртармен жабдықтаушы іскер фирмалар мен жеке адамдар. Маркетинг басшылары жабдықталатын заттардың бағаларын ұқыпты түрде бақылап отыруы керек. Себебі сатып алатын материалдың бағасының өсуі шығарылатын өнім құнының артуына алып келеді. Кейбір материалдардың  жетіспеуі немесе жабдықтаушы жұмысшыларының  ереуілін тудыруы мүмкін.  Ал бұл жағдай  өткізу дәрежесін төмендетумен қатар, фирма клиенттері  алдындағы беделінің төмендеуінің нәтижесінде, оған деген көзқарастың  өзгеуінің себебі болуы мүмкін.

  «Қазақмыс» корпорациясы   IFS компаниясымен келісімге отырды. Келісімшарт бойынша құрылғыларды автоматтандыру және корпорацияның барлық кәсіпорындарындағы қорларды бақылау осы компанияға жүктелді. 2010 жылы IFS Applications базасында корпорацияның материалды – техникалық жабдықтауы жүзеге асырылды. Қазірде бұл компания «Қазақмыстың» мыс кенін барлаудан соңғы өнім шығарғанға дейінгі қызмет процессін жабдықтаумен айналысады.

2010 жылдың екінші  жартысынан бастап «Қазақмыс» корпорациясы Naumen Service Desk компаниясының ақпараттандыру жүйесін еңгізді. IT базасындағы бұл жүйенің енуі арқылы компания бірнеше салалардағы жұмысын жақсартты. Сондай-ақ корпорация тау-кен жабдықтарының 30 пайызын Қазақстаннан, 40 пайызын шет ел мемлекеттерінен алады. 

 
 
 
 
 

Медиаортафирманың қызметіне  жанама түрде әсер ететін факторлардың жиынтығы. Фирманың қызметі барлық медиаорта факторларымен тиімді өзара қарым – қатынастарды нығайту және  олардың алдында өз беделін көтеру және өзінің қызметіне тиімді қатынастарды құру болып табылады.

  Мысалы БАҚ  беттерінде жарияланған мына  бір мақала корпорацияның беделіне  нұқсан келтіргені анық:

«Қазақмыс»  кетсе, қараң қаламыз  ба?

Былтыр күзде  “Самұрық-Қазына”  ұлттық әл-ауқат қоры “Қазақмыс” компаниясының iрi акционерлерiнiң бiрi Владимир Кимнен оған тиесiлi 40 пайызға  жуық акцияның 11 пайызын  арзан кезiнде  емес, 1,5 есе қымбаттағанда  барып сатып алды. Қазақстан қор  биржасында өткен  осы сауда-саттықтан  Қазақстанды былай  қойып, әлемдегi баспасөз бiткен әлдебiр саяси  астар iздеп, жамырай  жазып жатқанда, қор  биржасынан да, саясаттан  да жырақтағы жезқазғандықтар  оған онша селт еткен  жоқ. “Сақал сипағанша” жасалған саудаға  билiктiң көп қитұрқылығының бiрi деп қарады да қойды.

Сол күзде Үкiмет мәжiлiсiнде  “Қазақмыс” ЖШС  басқармасының төрағасы Эдуард Огай таяудағы 10-15 жылда кейбiр қалалардың тұрғындары жұмыссыз қалуы мүмкiн екенiн  мәлiмдедi. Олардың  болашағы беймәлiм  дегендi меңзедi. “Бұл негiзiнен Жезқазған  аймағына және бiздiң активтерiмiз бар Шығыс Қазақстанға қатысты” деп қадап айтты. Олардың келешек тағдыры үшiн жауапкершiлiктi мойындарына алмайтынын тұспалдап жеткiздi. Үкiмет үнсiз қалды. Әлi жауап жоқ. Ал әлгi ақпарат жезқазғандықтарға ай мен күннiң аманында аспанда найзағай ойнағандай әсер еттi. Үкiметтiң үнсiздiгi ұзаған сайын елдi үрей билеп барады.  

ТЫҚЫРДЫҢ  ТАЯНҒАНЫ МА?

Бұдан төрт-бес жыл бұрын “Қазақмыстың”  кейбiр құрылымдық бөлiмшелерi таратыла бастағанда-ақ, бiр тықырдың таянғанын  түйсiнгенбiз. Корпорация басшылығы  “кез келген саланы кәсiпқойлар басқаруы керек” деген желеудi алға тартқанымен, осының астарында әлдебiр бақайесеп бардай, кететiн күн туа қалса, жеңiл болсын деп етек-жеңiн жинап жатқандай көрiнген. Сол күдiгiмiз күн өткен сайын қоюлана түсуде. Өйткенi “кәсiпқойлар” өздерi тiзгiнiн ұстаған саланың көсегесiн көгертудiң орнына, күрделi жағдай қалыптастырып, көпшiлiктiң наразылығын тудыруда.

Бастапқыда  кенiштер мен басқа да кәсiпорындардың  асханалары асай-мүсейлерiмен, адамдарымен  ресейлiк “Корпус Групп Интеграция”  фирмасына жалға берiлдi. Олардың  берекесiз тiрлiгi, құнарсыз тағам  кеншiлерге қуат бермейтiнi туралы 2008 жылы күзде “Жас Алашқа” жазғанбыз. Артынша авторға “компанияның жетекшi менеджерi” келдi. Бетiн тiлiп жiберсең қан шықпайтындай сұр келiншек өзiн  солай таныстырды.

Комбинаттың темiржол кешенi де “кәсiпқойлардың”  қолына көшкен. Оны басқаруға алған  “ПромТрансМенеджмент” ЖШС кен  тасымалдауда қиындыққа килiккен көрiнедi. Бұзылған техниканы жамап-жасқауға қосалқы бөлшек-саймандар жетiспейдi. Оны сатып алуға ақша жоқ. Өйткенi “Қазақмыстың” бөлген қаржысы жоғары жақтан төменге жетпейдi. Тiптi жаңадан  алынған локоматив пен вагондарды да комбинаттың емес, ЖШС балансына  қояды екен. Осында бiр шикiлiк  бар сияқты. Қалтасы әбден жұқарған темiржол кешенi комбинаттың автокөлiк кәсiпорындарын басқаруға алған тағы бiр “кәсiпқойдың” қызметiн тұтынуға шамасы жетпей, жұмысшыларын тасымалдайтын автобустарды Астанадан алдырып, жалдап отыр. Мұны өздерi “үнемшiлдiк үрдiсi” деп ұғындырғысы келедi. Жетiскен екен!  

АТЫ — “ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  КОМПАНИЯ”, ЗАТЫ — ?..

“Қазақмыс ПЛС” компаниясының Директорлар  кеңесiнде он мүше бар, соның төртеуiнiң  кiндiк қаны Қазақстанда тамған деп  естимiз. Оның бiреуi Владимир НИ былтыр күзде о дүниелiк болып кеттi. Ел арасында: “Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың үзеңгiлес сенiмдi серiгi болған” деген әңгiме бар. Рас шығар, Владимир Ким өз акциясының белгiлi бiр бөлiгiн ойламаған жерден, Владимир Ни қайтыс болғаннан соң бiр ай өтпей “Самұрық-Қазынаға” сатқан тұста кейбiреулер марқұмды тағы бiр еске түсiрдi. Олардың пайымдауынша, сенiмдi серiгiнен айырылған президент компанияны бақылауды басқа бiреуге сенiп тапсыруға тәуекел етпеген сыңайлы. Тәуекелдi төмендету үшiн “Самұрық-Қазынаның” акциялық үлесiн ұлғайтуға ұйғарым жасалған. Сосын оны қайта сатып алу қиын шаруа емес. Оның үстiне ұлттық әл-ауқат қоры өзiне тиесiлi акцияның белгiлi бiр бөлiгiн сатуға мүдделi екенiн мәлiмдеп те үлгердi.

Қазақстанның  шекарасынан шығып, Германия мен  Англияға аяқ артып үлгерген “Қазақмыс  ПЛС” компаниясы айналыспайтын сала кемде-кем. Қазақстанда “құйқалы”  дегендерiнен құр қалған емес. 2005 жылы қазанда акцияларын Лондон қор биржасына тiркетсе, сол жылы желтоқсанда Ұлыбританияның 100 iрi компаниясы индексiне енгiзiлдi. “Жарты мыңнан астам түрлi инвестициялық және сақтандыру қорлары акционерлерi екен” дегендi естимiз. Компанияның демеушiсi және қаржылық кеңесшiсi — JPMorgan Cazenove, әлемдiк үйлестiрушiлерi — CSFB пен JPMorgan Cazenove. “Осы “Қазақмыстың” қожасы кiм?” деген сауал жиi қойылады. Ресми құжаттарға сүйенсек, оның негiзгi акционерлерi — Владимир Ким мен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры. Бiрақ “шын иесi басқа екен” деген алыпқашты әңгiме де бар. Оны В.Ни “Қожайын” деп атаған екен.

Компанияның тұсауын кескен “өкiл әкесi” әрi Директорлар кеңесiнiң төрағасы Владимир КИМНIҢ “ағылшынға” айналғаны  қашан?! “Саяси оқиғаларға қатысты  қаражат мәселесiн шешуге тура келгенде ғана Қазақстанға ат iзiн салатын  көрiнедi” деп естимiз. Директорлар  кеңесi серкелерiнiң бiрi — Олег НОВАЧУК. Кезiнде “Казпромбанк” АҚ Директорлар  кеңесiнiң төрағасы болған ол он жылдан берi осында. “Қазақмыс” корпорациясы президентiнiң қаржылық жобалар жөнiндегi орынбасары, қаржы мәселелерi жөнiндегi кеңесшiсi қызметтерiн атқарды. 

P.S. Таяуда 2011 жылы 13 мамырда  өтетiн “Қазақмыс”  тобы акционерлерiнiң  кезектi жалпы жиналысында  директорлар кеңесiнiң  құрамына бiрқатар  өзгерiстер енгiзiлетiнi  белгiлi болды.  Кететiн кеңес  мүшелерiнiң бiрiнiң  орнына атқарушы  директор қызметiне  “Қазақмыс” корпорациясы  басқармасының төрағасы  Эдуард Огайдың  кандидатурасы ұсынылатыны  туралы “Қазақмыс”  тобы директорлар  кеңесiнiң төрағасы  Владимир Ким мәлiмдедi. “Қосылғыштардың”  орны ауыстырылғанымен, одан Қазақстанның  “көсегесi көгере”  қояр ма екен?  

Әлiбек  ӘБДIРАШ,

Жезқазған

Информация о работе Маркетингтік ортаны Қазақмыс корпорациясы мысалында талдау