Шартты силлогизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 06:21, реферат

Описание работы

Шартты силлогизм деп алғышарттарының ең болмағанда біреуі шартты пікір болып келетін дедукциялық ойқорытындыны айтады.
Егер шартты силлогизмде алғышарттардың бәрі және қорытындысы шартты пікір болса, онда ол таза шартты силлогизм деп аталады. Ал алғышарттардың біреуі – шартты пікір, ал екіншісі – кесімді пікір болса, онда мұндай силлогизмді шартты-кесімді силлогизм деп атайды.

Работа содержит 1 файл

Шартты силлогизм.doc

— 73.00 Кб (Скачать)

 Шартты  силлогизм 

  Шартты  силлогизм деп  алғышарттарының  ең болмағанда біреуі шартты пікір болып  келетін дедукциялық  ойқорытындыны айтады.

  Егер шартты силлогизмде алғышарттардың бәрі және қорытындысы шартты пікір болса, онда ол таза шартты силлогизм деп  аталады. Ал алғышарттардың біреуі – шартты пікір, ал екіншісі – кесімді пікір болса, онда мұндай силлогизмді шартты-кесімді силлогизм деп атайды.

  Шартты  силлогизмдердің жай кесімді  силлогизмнен айырмашылығы сол, мұнда  қорытынды алғышарттардағы терминдердің байланысынан шықпайды, алғышарттардағы пікірлердің арасындағы логикалық байланысының сипатынан шығады. Сондықтан мұнда алғышарттарға талдау жасағанда, олардың бастауыш-баяндауыштық құрылысы ескерілмейді, өйткені олар жоқ.

  Таза  шартты силлогизм.Екі алғышарты және қорытындысы шартты пікір болып келетін ойқорытынды таза шартты силлогизм деп аталады.

  Формуласы: Егер S – P болса, онда S1 – P1 болады.

                        Егер S1 – P1 болса, онда S2 – P2 болады.

                        Демек, егер S – P болса, онда S2 – P2 болады. 

  Мысалы: Егер студент сабаққа  жүйелі түрде күнделікті дайындалып отырмаса, онда ол емтихан тапсыра  алмайды.

  Егер  студент емтихан  тапсыра алмас, онда ол стипендиясыз қалады.

  

  Демек, егер студент сабаққа  жүйелі түрде күнделікті дайындалып отырмаса, онда ол стипендиясыз қалады. 

  Келтірілген бұл мысалдағы екі алғышарттың  екеуіде шартты пікір. Бірінші алғышарттың  салдары екінші алғышартқа негіз болып, одан тағы бір салдар туып тұр. Қорытынды бірінші алғышарттың негізі мен екініші алғышарттың салдары байланысып тұр, оларды байланыстырушы – бірінші алғышарттың салдары. Сөйтіп, таза шартты силлогизмнің қорытындысы: салдардың салдары- негіздің салдары болады деген ережеге негізделеді.

  Егер шартты силлогизмнің алғышарттары екеу болмай, одан әлдеқайда көп болып, тізбектеле берсе, ондай ойқорытынды күрделі шартты силлогизм болады.

  Шартты  силлогизмнің екінші түрі шартты-кесімді  силлогизм деп аталады.

  Шартты-кесімді  силлогизм деп бірінші алғышарты шартты пікір, ал екіншісі алғышарты мен қорытындысы кесімді пікір болып келетін ойқорытындыны айтады.

  Шартты-кесімді  силлогизмнің екі формасы (модусы) бар: 1-формасы – қостаушы модус.

  Оның жалпы  формуласы төмендегідей:

  Егер S дегеніміз P болса, онда S1 дегеніміз P1.

  S дегеніміз P.

  Олай болса, S1 дегеніміз P1.

  Қостаушы модус бойыншы ойқорытынды жасағанда, кіші алғышарт негізгі қостайды. Біз негізді қостаудан (қорытындыда) салдары қостауға көшеміз. Мысалы:

  Егер  бидай сарғайса, оны  ору керек.

  Бидай сарғайды.

  

  Олай  болса, оны ору  керек.

  Бірінші алғышарт есебінде әр түрлі шартты пікірлер алынуы мүмкін. Егер негізде терістеуші пікір болса, онда кіші алғышартта терістеуші болуы керек. Тек осындай жағдайда ғана қорытындыда салдар қосталады. Мысалы:

  Егер  отынды кептірмесе, ол жылуды көп бермейді.

  Мына  отын кептірілмеген.

  

   Олай болса, бұл отын жылуды көп бермейді. 

 Алдыңғы мысалдағы  сияқты, бұл мысалды да кіші алғышарт негізді қостайды, ал қорытындыда  салдар қосталады.

 2-формасы  – терістеуші модус.

 Оның жалпы  формуласы мынадай:

 Егер S дегеніміз P болса, онда S1 дегеніміз P1.

 S1 дегеніміз P1 емес.

 Олай болса, S дегеніміз P емес.

 Терістеуші  модус бойынша құрылған ойқорытындыларда кіші алғышарт салдарды теріске шығарады, салдарды теріске шығарудан (қорытындыда) негізді теріске шығаруға көшеді. Мысалы: 

 Егер  күн тас төбеде тұрса, көлеңке өте қысқа болады.

 Көлеңке өте қысқарған  жоқ.

 

 Олай  болса, күннің тас  төбеден тұрмағаны. 

 Бірінші формадағы  сияқты,мұнда да бірінші алғышарт ретінде әр түрлі шартты пікірлердің  болуы мүмкін. Мысалы: 

 Егер  найзағай алыста жарқылдаса, күн күркірегені естілмейді.

 Күн күркірегені естілді.

 

 Олай  болса, найзағай алыста жарқылдаған жоқ. 

 Бұл мысалда (өткен мысалдағыдай) екінші алғышарт салдарды теріске шығарады. Қорытынды  міндетті түрде негізді теріске  шығарады.

 Сөйтіп, шартты-кесімді силлогизмнің сенімді корытынды беретін екі модусы бар екенін көреміз:

 1)Қостаушы  модус бойынша  біз негізді қостаудан  салдарды қостауға  көшеміз;

 2)Терістеуші  модус бойынша  салдарды теріске  шығарудан негізді  теріске шығаруға  көшеміз.

 Шартты силлогизмдерде сенімді қорытынды шығарудың ережесі осындай.

 Бұл екі модус  логиканың зандарын білдіреді және шартты-кесімді силлогизмнің дұрыс  модустары деп аталады. Бұл екі  модус үшін әрекет ететін ереже: негізді  костау міндетті түрде салдарды қостауға және салдарды терістеу міндетті түрде негізді терістеуге алып келеді.

 Шартты және шартты-кесімді силлогизмдер қылмыстарды  тергеу, зерттеу ісінде кеңінен қолданылады, өйткені нағыз қылмыскер анықталғанша, қылмысты әрекеттердің шын себептері  ашылғанша, толып жатқан жорамалдар жасалып, ықтимал пікірлер айтылады. Ал мұның бәрі істің ақиқатына жетуге көмектесетіні күмәнсіз.  

 Ажыратушы-кесімді  силлогизм 

   Ажыратушы-кеімді силлогизм деп бір алғышарты ажыратушы, ал екінші алғышарты мен қорытындысы кесімді пікір болып келетін ойқорытындыны айтады.

 Ажыратушы пікірді құратынжай пікірлер альтетнативалар (латынша alternare – мүмкін екі жағдайдың бірін таңдау) деп аталады. Мысалы: “Тәуелсіздік алған ел дамудың не капиталистік жолын, не капиталистік емес жолын таңдайды” деген пікірде дамудың екі мүмкін альтернативасы бар. Бұл пікірді “Тәуелсіздік алған ел дамудың капиталистік жолымен жүреді” және “Тәуелсіздік алған ел дамудың капиталистік емес жолымен жүреді” деп, әрқайсысы бір альтернативаны көрсетеін екі қарапайым пікірге бөліп тастауға болады.

 Біз бір альтернативаны қостасақ, екіншісін терістеуге мәжбүр боламыз. Ал біреуін терістесек, екіншісін қостауға міндеттіміз. Осыған сәйкес ажыратушы-кесімді силлогизмнің екі модусын (формасын) айыруға болады: қостай отырып терістеуші (ponendo tollens) және терітей отырып қостаушы (tollendo ponens) модустарын қарастырайық.

 1. Қостай  отырып терістеуші модуста кіші  алғышарт қостаушы, ал қорытынды  терістеуші болады.

 Формуласы: S не P не P1 болады.

                       S – P

                       Демек, S – P1 емес.

 Мысалы:

 Тірі  организмдер не бір  клеткалы, не көп  клеткалы болады.

 Бұл организмдер –  көп клеткалы.

                                                                                                                                              

 Демек, бұл – бір клеткалы емес. 

 Бұл жерде  кіші алғышарт бір альтернативаны қостап, қорытынды екіншісін терістеп тұр.

 Бұл модус  бойынша қорытынды әрдайым сенімді  түрде ақиқат болу үшін, мына ереже  сақталуы тиіс: үлкен алғышарт тысқарылаушы-ажыратушы пікір болуы керек, яғни қатаң дизьюнкциялық пікір болуы керек. Егер бұл ереже сақталмаса, сенімді қорытынды шықпайды. Бұл айтқанды дәлелдеу үшін мына мысалды алайық: 

 Ұрлықты жасаған не Н., не С.

 Ұрлықты жасаған С.

                                                        

 Н. Ұрлық жасаған жоқ. 

 деп сенімді  түрде айта алмаймыз. Логикалық қажеттілікпен  ондай қорытынды шықпайды, өйткені, бәлкім, Н. да ұрлыққа қатысқан шығар.

 2. Терістей  отырып қостаушы модуста кіші  алғышарт бір альтернативаны  терістейді, қорытынды екінші альтернативаны қостайды.

 Формуласы: S не P не P1 болады.

                       S – P емес.

                       Демек, S – P1 болады. 

 Мысалы:

 Тірі  организмдер не бір  клеткалы, не көп  клеткалы болады.

 Бұл организм бір клеткалы емес.

                                                                                                                                              

 Демек, бұл организм  – көп клеткалы. 

 Бұл модус  бойынша қорытынды әрдайым сенімді  түрде ақиқат болу үшін, мына ереже  сақталуы қажет: үлкен алғышартта мүмкін болар альтернативаның бәрі тізіп көрсетілуі тиіс. Яғни үлкен алғышарт толық дизьюнкциялық пікір болуы керек. Альтернативаның бәрі тізіп көрсетілмесе, сенімді түрде ақиқат қорытынды шықпайды. Мұны мысалмен түсіндірейік: 

 Келісім екі жақты немесе көп жақты болуы мүмкін.

 Бұл жасалған келеісм  екі жақты емес. 

 Олай болса, бұл келісім – көп жақты  болды деген қорытынды шықпайды. Өйткені үлкен алғышарт барлық мүмкін альтернативалар толық көрсетілмеген (келісім бір жақты болуы да мүмкін: ол үшін адамның берген сенім куәлігі, мұра қалдырғаны жайында куәлігі, т.б. мәселені шешуге жетіп жатыр).

 Ажыратушы (үлкен) алғышарт альтернатива екеу емес, үшеу не одан да көп болуы мүмкін. Мысалы, қоймадағы өрттің себебін тексеру  барысында тергеуші өрттің шығу себебі не әдейі өртеу, не абайламай сіріңкенің шырпысын тастай салудан немесе қоймада сақталған тұтанғыш материалдың өздігінен жануынан деп жорамалдайды. Тексеру барыснда өрттің абайламай сіріңке шырпысын тастай салғаннан болғаны анықталды. Сөйтіп, өрттің шығуының басқа альтернативалары теріске шығады. Бұл ойқорытынды қостап отырып терістеу модусы бойынша, мынадай формада құрылады: 

                                           S не P не P1 не P2 болады.

                                           S – P.

                                           Олай болса, S – P1 емес және P2 емес. 

 Бұл оқиғаны  тексеруге ойқорытынды басқаша  формада да құрылуы мүмкін. Мысалы, тексеру барысында өрттің абайсызда шықпағаны және қоймадағы тұтанғыш материалдың өздігінен жануы болмағаны анықталса, ол ойқорытынды терістей отырып қостаушы модус қолданылады: 

                  S не P не P1 не P2 болды.

                  S – P1 емес және P2 емес.

                 Олай болса, S - P болады, яғни өрт әдейі өртеудің нәтижесі болып шығады. 

 Ажыратушы-кесімді  силлогизм сот-тергеу жұмыстарында көп қолданылады. Әсіресе тергеу версияларын құруда және тексеруде кеңінен қолданылады ( ҮІІ тарауда қарастырылады). 

 Шартты-ажыратушы  силлогизм 

 Бір алғышарты шартты пікір, екініші алғышарт ажыратушы пікір  болып келетін  ойқорытынды шартты-ажыратушы силлогизм немесе леммалық (латынша lemma – жорамал) ойқорытынды деп аталады.

 Ажыратушы пікірдің альтернативасы екеу, үшеу және одан да көп болатыны жоғарыда көрдік, сондықтан  леммалық ойқорытынды дилемма (екі  альтернативалы), трилемма (үш альтернативалы), т.б. болып бөлінеді.

Информация о работе Шартты силлогизм