Шартты силлогизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 06:21, реферат

Описание работы

Шартты силлогизм деп алғышарттарының ең болмағанда біреуі шартты пікір болып келетін дедукциялық ойқорытындыны айтады.
Егер шартты силлогизмде алғышарттардың бәрі және қорытындысы шартты пікір болса, онда ол таза шартты силлогизм деп аталады. Ал алғышарттардың біреуі – шартты пікір, ал екіншісі – кесімді пікір болса, онда мұндай силлогизмді шартты-кесімді силлогизм деп атайды.

Работа содержит 1 файл

Шартты силлогизм.doc

— 73.00 Кб (Скачать)

 Енді дилемманы  ғана қарастырып, мысалдар келтірейік. Дилемманың екі түрі болады: конструктивтік (құрастырушы) және деструктивтік (бұзушы) дилеммалар. Бұлардың өзі қарапайым  және күрделі болып бөлінеді.

 1. Қарапайым конструктивтік дилемма шартты алғышартында екі негізі болады, осы екі негізден бір ғана салдар шығады. Ажыратушы алғышарт мүмкін екі негізді қостайды, қорытынды салдарды қостайды. Сөйтіп, ойқорытынды негіздердің ақиқаттығын қостаудан салдардың ақиқаттығын қостауға көшеді.

 Формауласа:         Егер S - P болса, S1 – P1.

                                Егер A - B болса, S1 – P1 болады.

                                S - P не A - B болады.

                                Олай болса, S1 – P1 болады. 

 Мысалы: Егер көпір арқылы жүрсем, онда мені жаулар көріп қояды.

 Егер өзеннен  жүзіп өтсем, онда да мені жаулар көріп  қояды.

 Дмек, қай  жолмен жүрсем де жаулар мені көріп  қояды. 

 2. Күрделі констурктивтік дилемманың шартты алғышартында екі негіз, екі салдар болады. Ажыратушы алғышарт мүмкін екі негізді қостайды, қорытынды мүмкін екі салдарды қостайды. Сөйтіп, ойқорытынды негіздердің ақиқаттығын қостаудан салдардың ақиқаттығын қостауға көшеді.

 Формауласы:        Егер S - P болса, S1 – P1.

                                Егер A - B болса, S2 – P2 болады.

                                S - P не A - B болады.

                                Олай болса, S1 – P1 не S2 – P2 болады.

 Мысалы, өртеніп  жатқан үйдің екінші қабатында қалған адам былай тұжырымдаған болар еді:

 Егер басқыш арқылы түссем, онда күйемін, ал егер терезеден  секірсем, аяғымды сындырамын.

 Мен аман қалу үшін, не басқышпен түсуім керек, не терезеден секіруім керек.

                                                                                                                                                  

 Демек, мен  не отқа күюім керек, не аяғымды сындыруым  керек.

       Сөйтіп, конструктивтік дилемма қостаушы модус  екен.

 3. Қарапайым  дестуктивтік дилемманың үлкен  алғышартында бір негіз және  одан тууы мүмкін екі салдар болады. Кіші алғышар мүмкін екі салдардың екеуін де терістейді. Ал, қорытынды негізді терістейді.

 Формауласы:       Егер S - P болса, онда S1 – P1 не S2 – P2.

                              Бірақ S1 – P1 емес, S2 – P2 емес.

                              Демек, S – P емес.

 Мысалы:

 Егер көрінген өсімдік ағаш болса, онда ол жапырақты, не қылқанды болады.

 Бірақ ол жапырақты  да, қылқанды да емес.

                                                                                                                                                

 Олай болса, ол өсімдік ағаш емес. 

 4. Күрделі  деструктивтік дилемманың үлкен  алғышартында екі негіз болады, ал қорытынды олардың туу мүмкін  екі салдар болады. Кіші алғышарт  екі салдарды терістейді, қорытынды  екі негізді терістейді.

 Формуласы: Егер S - P болса, онда S1 – P1 ; егер A - B болса, онда S2 – P2 болады.

 Бірақ S1 – P1 емес және S2 – P2 емес. Демек, S – P емес және A - B емес.

 Мысалы:

 Егер айыпкер  алаяқтықпен айналысқан болса, онда ҚР қылмыстық кодексінің 147-бабымен сотталады; егер зорлықшылдықпен айналысқан болса, онда ол ҚР қылмыстық кодексінің 148-бабымен сотталады. Айыпкер әрекетінле ҚР қылмыстық кодексінде көрсетілген баппен белгіленгін қылмыстық әрекеттер жоқ.

                                                                                                                                                          

 Олай болса, айыпкер алаяқтықпен де, зоршылдықпен де айналыспаған.

 Сөйтіп деструктивтік  дилемма терістеуші модус екен.

 Дилемманың  төрт түрі бойынша сенімді түрде ақиқат қорытынды шығару үшін, мына ережелерді сақтау қажет:

 1. Конструктивтік (қостаушы) дилеммада ойқорытынды негізді қостаудан салдарды қостауға қарай дүруі тиіс. Деструктивтік (треістеуші) дилеммада салдарды терістеуден негізді терістеуге қарай жүруі тиіс. Бұларға кересінше жүретін ойқорытынды сенімді түрде ақиқат қорытынды бермейді.

 2. Ажыратушы алғышартта мүмкін альтернативалапдың барлығы тізіп көрсетілуі тиіс. Ал дилеммада екі альтернативадан басқа альтернетивалар болмауы керек. Бұл тапа орындалмаса, сенімді ақиқат қорытынды шықпайды.

Информация о работе Шартты силлогизм