Алуеметтік сақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 09:12, курсовая работа

Описание работы

Жалпы әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлсіз топтарға көмектеседі, оларды дұрыс қалыпта өмір сүруге жетелейді. Сол адамдардың қайта қалпына келтіруге әлеуметтік педагогтар үлкен үлес қосады. Соның ішінде, әлеуметтік педагогтың диагностикалау және болжау жұмыстары да ерекше орын алады. Сондықтан да әлеуметтік педагогтың диагностикалау және болжау функциясын жетілдіру қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Молдир курсовой.doc

— 241.50 Кб (Скачать)
  1. " Қарым –қатынас" және "педагогикалық қарым –қатынас" түсініктерінің маңызын ашыңдар. Сіздің пікіріңізге сәйкес келетін өзіңіз оқыған анықтаманы жазыңыз. Өзіңіздің таңдауыңызға негіздеме келтіріңіз.
  2. "Әлеуметтік педагог іс -әрекетіндегі қарым –қатынас", "Адам өміріндегі қарым –қатынас", "Менің өмірімдегі қарым –қатынас" деген тақырыптардың бірінешығармашылық жұмыс (мазмұндама) жасаңыз.
  3. Тақырыпқа байланысты афоризмдер, қанатты сөздер, дәйек сөздер жазыңыз.
  4. Қарым –қатынасқа байланысты сөздердің педагогикалық сөздігін құрастырыңыз.
  5. Микротоптар бойынша өзіңіз қызыққан қарым –қатынастың публикациясына аннотация (он қайнар көзден кем емес) дайындаңыз. Талқылау ұйымдастырыңыз.
 

           Екінші тапсырма

       Қарым –қатынас функциясын анықтап, анализ жасаңыз. 

       Үшінші  тапсырма

       Әлеуметтік педагогтың клиентпен (балалармен, ата –аналармен, ұжыммен) қарым қатынасы кезіндегі ең маңызды проблемалар деңгейін  анықтаңыз.

       Сізге, әлеуметтік педагогқа, жұмыста немесе жеке өмірде қандай қарым –қатынас деңгейінен қашу керек? Нәтиже шығарыңыз. 

       Төртінші тапсырма

  1. Клиентпен, тәрбиеленушімен, олардың ата –аналарымен индивидуалды қарым –қатынас орнатыңыз.
  2. Қарым –қатынас нәтижелілігіне анализ жасаңыз.

                   1) Функцияны жетілдіру жүзеге асырылды ма:

        1. Қарым –қатынас кезіндегі баланың "ашылуы";
        2. Қарым –қатынас процесіне баланың белсенді қатысуы;
        3. Қарым –қатынас процесіндегі баланың "көтерілуі"

               2) Қарым –қатынас деңгейі қандай болды?

              3)   Сіз қандай вербалды немесе вербалды емес қарым –қатынас құралдарын қолдандыңыз?

              4) Баламен қарым –қатынас қаншалықты тез және эффективті орнатылды? 

       Бесінші тапсырма

    1. Тоғызыншы схеманы қарап шығыңыз және "Мен -ата –ана", "Мен –ересек", "Мен –бала" деген ұстаным тұрғысынан қарым –қатынасқа өз көзқарасыңызды анализдеңіз. (Э. Берн)

      Қарым –қатынастағы ұстаным 

      Р - ата –ана;   В – ересек;   Д - бала    
       
       

                    

  1. "Қызы үйіне кеш келді", "Жас өспірім ата – анасына ескертпей үйіне қонған жоқ" деген сияқты ситуацияларды микротоптармен ойнауға ұсыныңыз. Әрбір қатысушының осындай жағдайдағы  "Мен -ата –анамын", "Мен –ересекпін", "Мен –баламын" деген ұстаным тұрғысынан қарым –қатынасқа қалай түсетінін анализ жасаңыз.
  2. Мынадай қарым-қатынас ережелерін ұстана отырып, тренингтік жаттығуды орындаңыз.

       Сіз қандай жағдайда тұрғаныңызды анықтаңыз.

       Сіз қарым-қатынасқа түсетін адамның  қандай жағдайда екеніне көңіл аударыңыз.

       "Мен -ата –анамын" деген жағдайды "Мен –ересекпін" ұстанымына аусытырып көріңіз.

       Қандай  мақұлдаулар "ата –анаға", "балаға", немесе "ересек адамға" жататынын анықтаңыз.

       "Сен  кешір, бала, менде саған деген  сөз жоқ";

       "Мені  ұмыт, барлығы қайтпайтындай өзгерді";

       "Біз  аяқтағанда маған көмектесші, өтініш";

       "Неге  әрқашан мен істеуім керек";

       "Өтініш, саябаққа барайықшы";

       "Бұл  көйлек саған мүлдем жараспайды";

       "Біз бұл жерде үш сағат отырдық, бірақ әлі жүмысымызды аяқтаған жоқпыз";

       "Рухыңды  түсірме, өмір жалғасады";

       "Мен –баламын" ұстанымын "Мен –ересекпін" ұстанымына өзгертуге тырысып көріңіз.

       "Мені  жалғыз қалдыр";

       "Неге  барлығын мен істеуім қажет?";

       "Маған  итті серуендету жаныма тиді";

       "Мен  -ата –анамын" ұстанымын "Мен – ересепін" ұстанымына өзгертуге тырысып көріңіз.

       "Мен  сенің би кешіне баруыңа тыйым  саламын";

       "Бұл  қызбен дос болма";

       "Ақшаны  үнемдеп ұста". 

       Алтыншы тапсырма

       Қарым-қатынас  аймағының аралығын анықтау мақсатында тренингтік жаттығу жасап көріңіз.

       Педагог тікелей көзге қарап отырып, оған қарай кезекпен бірнеше метр қашықтықта келуін сұрайды. Дәл осындай тапсырманы басқа екі студент те алады. Келесі жұпқа бір –біріне жақындап әңгімені бастауды ұсынады (ереже бойынша, олар бір –біріне өте жақын орналасып, қызу әңгімеге кіріседі). Сосын оқытушы олардың арасын бір жарым метрге ұзартады, одан кейін төрт метрден алыс қашықтыққа ұзартады.

       Талқылау  ұйымдастырылады. Не көрдіңдер? Эксперименттің түрлі кезеңдерінде не болды? Бұдан арақашықтық қарым-қатынастың екінші маңызды факторы болып табылатыны жайлы нәтижеге келеміз. Әр түрлі қарым-қатынас аймақтары туралы айтылады. 

       Жетінші тапсырма

    1. Ұсынылған әдебиетті пайдалана отырып, оннан аз емес коммуеикативтік қарым-қатынас жаттығулары мен ойындарымен танысыңдар. Сол жаттығулардың бірнешеуін әлеуметтік – педагогикалық кеңседе балалармен жүргізіп көріңіз. Оларды, олардың эмоциясын, бір –біріне қарым-қатынасын байқаңыз.
    2. Жас өспірімдердің өздерімен жіне олардың ата –аналарымен өзара әрекетті ұйымдастырыңыз.  Диалогқа шыға алдыңыз ба? Кіммен диалог құру қиынырақ болды, ата –аналармен бе, әлде жас өспірімдармен бе? Толығымен сіз қарым-қатынасты қалай бағаладыңыз. Сонымен қатар өзіңіздің қарым-қатынасыңыздың "проблемалы аймағын" көрсетіңіз. Сіз қолданған қарым-қатынас құралын (қарым-қатынас  аймағы, жестілер, мимика) анализдеңіз. Қандай барьерлер болды, қандай қиындықтарды бастан кешірдіңіз?
 

       Тақырыпқа арналған материалдар 

       Педагогикалық қарым-қатынастың функциясы мен  ережелері

       Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік. Топ, ұжым мүшелерінің көпшілігі бір-бірімен өзара жарасымды қарым –қатынаста болады. Мәселен, біреудің басқалардан гөрі жиі кездесетін, ұнататын адамы болады. Ондай адамдар бір-бірімен мүдделес, ортақ істері бар, әңгімелері ылғи да жарасып жатады. Көпшілік адамдарда мұндай дос-жараны онша көп болмайды (3-5 адам).

       Ұжым  ішінде мұндай шағын топтардың болуына  қарамастан, ол өзінің бірлігін сақтап, бірыңғай бірлестік ретінде өмір сүре береді. Кейбір адамдар ешкіммен жеке қатынасқа түспейді, ұжымнан өзіне серік таба алмайды. Алайда, мұндай адам топқа қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол да іске қызу араласады, өзі қалап алған міндетті жақсы атқарады. Оның басқалармен қарым –қатынасы қауымдастықтан тыс жерде болады. Мәселен, шәкірт өзімен бір үйде тұратын не басқа сыныпта, басқа мектепте оқитын балалармен қарым –қатынасқа түседі.

       Топта жұрт жек көретін, маңайларына жуытқысы келмейтін, адамдар да кездесуі мүмкін, ондайда өзгелер оған жоламай, одан іргесін аулақ салуға тырысады. Топ ішінде осындай адамдардан бейтараптық сақтайтын, онымен қарым –қатынас жасаудан қашпайтын адамдар да болады.

       Психологтар кейбір оқушылардың өзгелермен араласпай, оқшау жүруі, сондай-ақ топтағылардың оларды жатырқап, жолатпау себептерін зерттегенде, оқшауланған балалардың сабаққа селқостығы анықталған. Оқшауды сүйетіндер сабақты нашар оқиды, үлгерімін жақсарту үшін тіптен талаптанбайды. Осы жайт сыныптастарынан оған деген немқұрайлылықты туғызады. Мұндайлар ұжымның жетістіктері мен кемшіліктеріне қуанбайды, не ренжімейді, сыныптың сабақ үлгерімі оларды мазасыздандырмайды. Олар үшін оқу еш қызығы жоқ, азабы мол жұмыс қана.

         Оқшау қалудың екінші бір себебі- олардың қарым –қатынас жасауға шорқақтығынан да болуы мүмкін. Олар өз бетімен достасуды қаламайды, бойын аулақ салып жүреді. Осындай жағдайға жас мөлшерінің айырмашылығы да, тұйықтығы да себеп болады. Құрбы-құрдастары олармен бірге ойнаудың, кездесудің еш қызығы жоқ деп санайды. Сыныптың абыройлы – атағына ортақтаспаған оқушыларды эгоисттік қасиеттер қалыптаса бастайды...

       Топта ортақ іске қатысқысы келетіндердің  бірқатары оны қалай жүзеге асыруды  біле бермейді. Мұндайлар көбінесе мақтаншақ, ұрыншақ келеді, көп сөйлеп мазаны ала беретін болады.

       Топ ішінде кейбіреулерге қадірі бар  оқушылар да кездесе береді. Олар үнемі көтеріңкі көңілде, ылғи да өздеріне сеніммен жүріп тұрады. Бұлар өз жағдайын бағалай алмай, тек екі-үш адамның қолдайтынына ғана кәміл сенеді, одан артықты қажет етпейді де.

       Өзіне-өзінің сенімділігі онда тоқмейілсу сезімін тудырады. Сыртта қалғандар тобына өз мүмкіндіктерін асыра бағалайтын, нақты істен көрі тек өз беделін, қастерлейтін оқушыларды да жатқызуға болады. Оларды ниет пен шындық (ниеті басымырақ) жағы алшақ жатады. Ондай оқушылар топпен қоян-қолтық араласып кетуге әрекет жасап көреді, бірақ мұның мүмкін еместігіне көзі жеткесін, ұжымнан кетіп, өзімен есептесетін басқа топты табуға тырысады, кейде олар өздері оқитын мектептен шығып кетуге де мәжбүр болады.

       Әлеуметтік-психологиялық ахуал. Топ пен ұжым мүшелерінің өзара қарым –қатынасы, көңіл-күйі ондағы тіршілікке қанағаттанғандық сезім, бастық пен қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, жұртқа ортақ тәртіп пен жауапкершілік іске пайда тигізетін сын мен өзара сын, талап-тілектерді қайшылықсыз бөлісу, топтың үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікірдің қалыптасуы, т.б. осы ұғымға кіреді. Осы ұғымға сондай-ақ, ұжымдағылардың бір-біріне деген шексіз сенімі, жолдастық ақыл-кеңеске үнемі құлақ аса білуі, кісінің бір-біріне деген шынайылығы мен жылы шырайды жатқызуға болады.

       Мәселен, бір зерттеуде жұмыс көңілмен істелсе, үш секундта істейтін бір деталды 1,6 секундта орындауға болатындығы, ал дау-жанжал, ұрыс-керіс болған жерде адам отыз минутқа дейін өзіне -өзі келе алмайтындығы анықталған... Білек сыбанған құлшыныс, жарасқан ынтымақ, ұжымдық сезім бар жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда еңсені басар ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалдырмайды...

       Моральдық-психологиялық ахуалдың негізгі бір компоненті – басшы мен оның қол астындағылардың бір-бірімен өзара қатынастарының мәселесі. Ұжымда түрлі қолайсыз жәйттарды (өсек-аян, домалақ арыз, күндеу, іштарлық, т.б.) тудыратын саңылауларды жабу үшін, жетекші қолайлы психологиялық ахуал жасаудың сан-алуан мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы тиіс.   

       Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функциялары

       Туынды  функция – серіктестің қарым-қатынас кезінде ашылуы: қарым-қатынасқа түсуге деген тілегін ояту, психологиялық қысымдарды шешу, таныс емес адам алдындағы қорқыныштарын жоғалту, серіктеске қарым-қатынас кезінде еркін әрекет етуін ескерту, өзін -өзі бағалау мен өз -өзіне сенімділігін арттыру, және оның басқа адамға қалыпты қарым-қатынас орнатуын айтып өту.

       Серіктеспен қарым-қатынас кезіндегі ашылу  функциясы қарым-қатынас кезіндегі  ең маңызды, шешуші рөлді атқарады, ол қарым-қатынастың алғашқы кезеңінда болады: ол болуы да болмауы да мүмкін. Серіктесті қарым-қатынасқа түсу кезінде оған көмектесу, оның жанын, ішкі дүниесін түсіне білу, оның қарым-қатынас кезіндегі қиыншылықтарды өз мойныңа алу, оған құрметпен қарау, тек қана оның тұлғасына тән ерекшеліктердің шығуына ұмтылу керек.

       Бірге қатысу функциясы орталық рөлді  ойнайды, немесе Серіктеске басқаның ішкі дүниесіне рухани дәстүрлерді сезіне отырып кіруіне көмектеседі, сонымен  қатар басқаның алдында өзінің "Менінің" бір бөлігін ашуға көмектеседі. Берілген функция бір "Меннен" екінші "Менге" ауысуды қамтамасыз етеді.

       Көтерілу  функциясы тәрбиеленушіге әсер етуге  көмектеседі. Қарым-қатынас барысында  тәрбиеленушінің қорқынышын жойып, оның өз -өзіне сенімін арттыруға, өзіндік "Менін" жоғарылатуға, өзін - өзі бағалауды дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді. Баланың оның мүмкіндігі жететін ең биік жетістіктерге жетуге сенімін арттырады. Тәрбиеленушінің барынша мейірімді, батыл, шешім қабылдай алатын, зерек болуына септігін тигізетін функция болып табылады.

Информация о работе Алуеметтік сақтандыру