Тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 11:50, реферат

Описание работы

Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап, қөмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратып өкпедегі өтетін үдерістің жиынтығын айтады. өкпеде негізінен үш үдеріс өтеді:
1. атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасауы (өкпенің вентилляциясы);
2. олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы);

Работа содержит 1 файл

тыныс патфиз.docx

— 27.37 Кб (Скачать)

Тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы

Тыныс алу жеткіліксіздігі.

Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап, қөмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратып өкпедегі өтетін үдерістің жиынтығын айтады. өкпеде негізінен үш үдеріс өтеді:

1. атмосфералық ауа мен  өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасауы (өкпенің вентилляциясы);

2. олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы);

3. өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің перфузиясы).

Осы үш үрдістің қалыпты  арақытынастары арқылы қандағы газ  құрамы әдеттегі деңгейде ұсталып тұрады. Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса, ол осы үрдістерді бұзып, сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі.

Өкпе мен тыныс  алу жолдарының қанды оттегімен  қанықтыруын және одан СО2 шығуының керекті дәрежесінде қамтамасыз ете алмау жағдайын сыртқы тыныс  алу жеткіліксіздігі деп атайды. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі: өкпедегі ауа алмасуы (вентилляциясы), ондағы қан айналымның (перфузиясы) немесе газдардың өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың мембраналары арқылы диффузиясы бұзылыстарынан болуы мүмкін. Бұл көрсетілген бұзылыстыр жиі біріккен түрде байқалады.

Өкпе вентилляциясының бұзылыстары.

Өкпе вентилляциясының бұзылыстары  гипервентиляция, гиповентилыция немесе біркелкі емес винтеляция түрлерінде болады.

Өкпенің гипервентилляциясы тыныстың минөттік көлемі (ТМК) мен өкпенің өмірлік сиымдылығы (ӨӨС) көтерілуімен сипетталады. Әдетте, ол организмнің оттегіге көтерілген мұқтаждығын аластауға бағытталған серпіліс. Бұндай физиологиялық гипервентиляция, оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге тоқталады.

Патологиялық гипервентиляция  оттегіге қосымша мұқтаждықпен немесе СО2 шығуы қажеттілігіне байланысты емес. Ол ми және оның қабықтарының аурулары кездерінде, миға қан құйылғанда, гипоксемия (анемия, таулық немесе биіктік аурулары), артериялық қысымның төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуы нәтижелерінен дамуы мүмкін.

Гипервентиляция компенсациялық серпіліс ретінде өкпенің тыныстық бетінің азайғанында, мысалы өкпенің  қабынуы, немесе ісіну кездерінде пайда  болады. Бұл жағдайларда әрдір тыныс алу кезіндегі ауаның көлемі азайғанына қарамай, оның минөттік көлемі қалыпты деңгейде немесе сәл жоғары деңгейде ұсталып тұруы дем алудың жиілеуі нәтижесінде болаады. Бірақ ұзақ гипервентиляция гипокапния мен алкалозға әкеледі, осының әсерінен тыныс алу орталығы тежеледі. Бұл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен ауысады.

Өкпенің гиповентиляциясы өкпеде ауа алмасуының азаюы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

1. Өкпенің және тыныс  жолдарының дерттері (пневмония,  пневмосклероз, эмфизема, бронхит  ж.б.) кездерінде;

2. кеуде қуысының тұтастығы  бұзылғанда (жарақат) немесе плевра  қуысында сұйық, қан, ауа жиналып  қалғанды (гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс);

3. тыныс алуды реттейтін нервтердың жарақаттануы, қабынуы немесе бұл нервтерден серпіндердің миастения, ботулизм, сіреспе т.с.с. дерттер кездерінде, тыныстық еттерге берілмеуі немесе дем алуға қатысатын еттердің қабынуы, дистрофиясы кездерінде;

4. туа біткен немес жүре пайда болған кеуде қуысының пішіні өзгергенде (сколиоз, кифоз), қабырға аралық нервтердің, өкпе пердесінің қабынулары кездерінде қатты ауыру сезімі өкпенің вентиляциясын төмендетеді.

5. жұлында өкпе дамуында немесе полиомиелит ауруы кезінде оның мотонейрондарының бүліністерінен тыныс алуға қатысатын еттердің нервтелуі бұзылуынан;

6. мидағы тыныс алу орталығына дерт туындататын ықпалдардың тікелей тежегіш әсерінен немесе олардың қан тамырларындағы хемо-, барорецепторлардың қоздырылуынан рефлекстік түрде тежелуінен;

Тыныстың минөттік көлемі дем алудың тереңдігі өзгермей, тек  оның жиілеуімен бір деңгейде ұсталып  тұрғаны өкпе ұяшықтарындағы (әлвеолалардағы) вентиляцияның азаюын және ауа алмасуының нашарлығын көрсетеді. Сондықтан әлвеолалардың вентиляциясына зор көңіл бөлінеді.

Өкпенің біркелкі емес вентиляциясы. Қалыпты жағдайдың өзінде барлық өкпе ұяшықтары біркелкі қызмет атқармайды. Ал, патологиялық жағдайларда біркелкі емес вентиляция күшейеді. Ол өкпе тінінің серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасы), бронхиолалардың жиырылып қалғанында (демікпе), өкпе фиброзы кездерінде, әлвеолалардың сұйық немесе экссудат жиналғанда кездеседі. Біркелкі емес вентиляция гипоксемия дамуына әкеледі, бірақ бұл кезде гиперкапния байқалмайды.

Газдардың диффузиясының  бұзылыстары.

Өкпе ұяшықтары мен  каппиляр мембраналардың газдары екі  бағытта өзкізуін өкпенің диффузиялық  қабілеті (ӨДҚ) деп атайды. Оның бұзылыстары мына жағдайларда болуы мүмкін:

1. әлвеолалар мен қылтамырлардың  мембраналырының өкпе қабынуы,  пневмосклероз ж.б. дерттер кездерінде, қалыңдауынан;

2. қызмет атқаратын әлвеолалар  мен капиллярлардың, өкпе бөлшегін  алып тастағанда, үлкен деңгейде бүліністері кездескенде, азаюынан;

3. қанның өкпе әлвеолаларындағы  ауамен жанасу уақыты қысқаруынан газдар керекті мөлшерде әлвеола мен капилляр мембраналары арқылы өтіп үлгермейді. Бұндай жағдай ауыр қол жұмысын атқарғанда, анемиялар кездерінде байқалады.

Газдардың диффузиясы бұзылыстарының нәтижесінде қанның газдық құрамы өзгереді, гипоксемия, гиперкапния дамиды.

Өкпе перфузиясының  бұзылыстары.

Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы  мүмкін:

1. жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде;

2. туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, жүрекшелердің арасындағы сопақша тесіктің бітпей қалуы, Ботал өзекшесінің т.с.с.);

3. өкпе артериясында қан қатпаларының (тромбылар) құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы;

4. шоқ, коллапс кездерінде қан тамырлары қызметтерінің жетіспеушілігінен өкпеге аз қан келуінен;

Қалыпты жағдайда қызмет атқаратын  өкпе ұяшықтарына қан жақсы келеді де, қызмет атқармайтын әлвеолаларға оның келуі шектеледі (Эйлер рефлексі). Вентиляция мен өкпе перфузиясының сәйкессіздігі кейде ауа алмасатын әлвеолаларда перфузия болмауы, перфузиясы бар әлвеолаларда вентиляция болмау мүмкіншіліктеріне әкеледі. Осыларға байланысты сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі дамиды. Ол обструкциялық жәнерестрикациялық болып екіге бөлінеді.

Обструкциялық тыныс алу жеткіліксіздігі тыныс жолдарының тарылғанында (лат. Obstruction – бөгеттелу, бітелу) болады. Бұл кезде ауа қозғалысына кедергі жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарында пайда болады. Жоғарғы тыныс жолдары саңылауларының тарылуы немесе толық бітеліп қалуы мына себептерден болады:

1. оған бөтен заттың  түсуі;

2. тыныс алу жолдары  қабыр – ғаларының мұрынның, тамақтың, кеңірдектің шырышты қабықтарының  қабынудан ісінуі немесе өспе  дамуынан тарылуы;

3. тамақ еттерінің жиырылуы (ларингоспазм);

4. тыныс алу жолдарын сыртынан ісінген қалқанша безбен, айналасындағы тіндердің ісігімен қысып қалуы т.с.с. жағдайлар есептеледі.

Төменгі тыныс жолдарының тарылуы:

1. ұсақ кеңірдекшелер  мен бронхиолалардың саңылауларына  әртүрлі сұйықтықтардың (құсық, су, ірің, шырыш, транссудат) түсуінен;

2. қабыну кезіндегі ісіну мен гиперемия даму нәтижесінде төменгі тыныс жолдарының шырышты қабықтарының қалыңдауынан;

3. бронхиолалардың тегіс еттерінің әртүрлі аллергендердің және химиялық қоздырғыштардың әсерлерінен жиырылуынан (бронхыспазм)ж.б. жағдайлардан болады.

Төменгі тыныс алу жолдары  саңылауларының тарылуы ауа қозғалысына  кедергіні көбейтеді және ауаның әлвеолаларға тең бөлінуіне бөгет  жасайды. Бұл кезде демді іштен шығару тіпті қатты бұзылады.

Рестрикциялық тыныс  алу жеткіліксіздігі өкпенің тыныс алу бетінің азайуы немесе оның серпімділігі азаюының нәтижесінде әлвеола вентиляциясының бұзылуы (лат. Restriction – шектелуі, кішіреюі).

Ресрикциялық сыртқы тыныс  алу жетіспеушілігін туындататын  ықпалдар екі топқа бөлінеді. Біріншісі өкпе тінінің өзінің бұзылыстарымен, екіншісі өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдармен байланысты.

Біріншісі жағдайларда байқалады:

1. өкпеде қабыну мен  қан іркілу құбылыстарында;

2. өкпе аурулары (созылмалы өкпенің қабынуы, пневмосклероз, обыр (рак) эмфизема, туберкулез т.б.) кездерінде;

3. өкпенің бір бөлшегі немесе бір өкпені тұтас хирургиялық тәсілмен алып тастағанды;

4. әртүрлң себептерден сурфактанттың азаюынан ателектаз дамығанда.

Өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдарға:

1. плевра қуысында сұйық,  ауа жиналуы; көкірек орталығында  өкпе дамуы;

2. кеуде қуысын тарылтатын  дененің пішіні өзгеруі;

3. іш қуысында ауа жиналуы  (метеоризм), бауыр ұлғаюы, іш шемені  дамуы т.с.с. жағдайлар жатады. Бұл кезде өкпе сыртынан қысылып  , оның тыныс алу кезіндегі  тербелісін азайтады.

Обструкциялық және рестрикциялық  сыртқы тыныс жеткіліксіздіктері жиі  бңрңккен түрде кездеседі.

Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі  өте тез дамитын (жедел), тез дамитын (қауырт) және созылмалы тұрде болады. Өте тез дамитын сыртқы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше минөттен бірнеше сағаттың ішінде дамиды. Оған мысал ретінде: дыбыс байламдарының аяқ астынан жиырылуы немесе жоғарға тыныс жолдарына бөгде зат түскенде адамның тұншығуын, бронхиалдық демікпенің ұстамасын, өкпе тамырларында тромбоз, эмболия дамуын өкпе ісінуін т.с.с. дерттерді келтіруге болады.

Тез дамитын (қауырт) сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше  аптаның ішінде дамиды. Мәселен, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі т.с.с. аурулар.

Сырткы тыныс алу жеткіліказдігінде  қанның газдык қурамы өзгереді және алқыну пайда болады. Қанның газдык қурамының өзгерістері гипоксемия, гиперкапния және гипокапниямен сипатталады.

а) Гипоксемия деп артериялық қанда оттегінің (02) 90-80 мм с. б.-нан азаюы есептеледі.

б) Гиперкапния деп артериялық қанда С02 улесінің қысымы (рС02) 40-45 мм с. б. -ден жогары болуы есептелед1.

в) Гипокапния — артериялық қанда рС02 темендеуі оның организмнен артык, шыгарылуынан болады.

екінші реттегі себептің пайда болуына, екінші себеп үшінші реттегі себептік жайттарға т. с. с. тізбектерге әкелуі ықтимал. Соңында көрсететінжай, ол аурудың дамуындағы бір салдар, кері айналып соғуға әкелуі мүмкін. Мысалы, гипоксия жүрек етінің метаболизмі мен қызметін бүзып, қанайналым бүзылыстарын одан сайын күшейтуі мүмкін. Мүндай жағдайларды кері айналып соғу шеңбері деп атайды (3-кестеге қараңыз).

Мүндай кері айналып соғу шеңберлерін жасуша деңгейінде де байқауға болады.

 

 

Аурудың патогенезі негізінде емдеу жолдары.

Дерт дамуында себеп-салдарлық  арақатынасты ескеріп, патогенездің кептеген тізбектерінің ішінен негізгі тізбегін үзу арқылы емдеуді патогенездік терапия дейді. Мәселен, аурудың негізінде қабыну жатса, осы қабынуды емдеу қажет. Аурудың дамуы микроциркуляцияның, зат алмасудың, қышқылдық-негіздік үйлесімнің, иммундық жүйенің, нервтік, эндокриндік реттелулердің бүзылыстарының немесе гипоксияның негізінде болса, емдік шаралар соларға қарсы бағытталады. Көптеген аурулардың негізінде жасушалардың қабықтарында май қыш-қылдарының асқын тотығуы, фосфалипаза ферменттерінің ар-тық әсерленуі, иммундық үрдістердің артып кетуі жатады. Сол себептен бүл аурулар кездерінде антиоксиданттар, фосфолипазаның тежегіштері, иммундық модуляторлар қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

 

       а) Тыныс алу жеткіліксіздігі

         б) Өкпе вентилляциясының бұзылыстары.

        в) Газдардың диффузиясының бұзылыстары.

г) Аурудың патогенезі негізінде емдеу жолдары

 

 

 ІІІ. Қорытынды

 ІV. Пайдаланған  әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

    1. Ә. Нұрмұхамбетұлы Патофизиология Алматы, 2011ж.

 

         2.    Қазақ энциклопедиясы, 10 том

 

         3.   Интернет желісінен www.Google.kz

                  www.wikipedia.ru

 

 

 


Информация о работе Тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы