В,С,Д вирусты гепатиттер

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:06, творческая работа

Описание работы

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Вирусты гепатиттер. Тарихи мәліметтер;
б) Вирустық гепатит В; оқиғасының стандартты анықтамасы; вирусты гепатит ошағын эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар алгоритмі; алдын алу шаралары; эпидемиологиялық қадағалау;
в) Вирустық гепатит С; оқиғасының стандартты анықтамасы; вирусты гепатит ошағын эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар алгоритмі; алдын алу шаралары; эпидемиологиялық қадағалау;
г) Вирустық гепатит д; оқиғасының стандартты анықтамасы; вирусты гепатит ошағын эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар алгоритмі.
ІІІ. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

В,С,Д вирусты гепатиттер.pptx

— 195.49 Кб (Скачать)

    С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті.

    Кафедра: Эпидемиология.

    СӨЖ

    Орындалу  түрі: Презентация.

    Тақырыбы: В,С,Д вирусты гепатиттері кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері. 

    Орындаған: Халиков Д.А.

    Факультет: ҚДС.

    Курс: V.

    Топ: О.З.07-004-4қ.

    Қабылдаған: Кусаинова А.Ж.

     

    Алматы, 2011-2012 оқу жылы.

      

    Жоспар:

    І. Кіріспе.

    ІІ. Негізгі  бөлім:

    а) Вирусты гепатиттер. Тарихи мәліметтер;

    б) Вирустық гепатит В; оқиғасының стандартты анықтамасы; вирусты гепатит ошағын эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар алгоритмі; алдын алу шаралары; эпидемиологиялық қадағалау;

    в) Вирустық гепатит С; оқиғасының стандартты анықтамасы; вирусты гепатит ошағын эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар алгоритмі; алдын алу шаралары; эпидемиологиялық қадағалау;

    г) Вирустық гепатит д; оқиғасының стандартты анықтамасы; вирусты гепатит ошағын эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар алгоритмі.

    ІІІ. Қорытынды.

    ІV. Қолданылған әдебиеттер.

    • Вирустық  гепатиттер дегеніміз - қоздырғышының әр түрлі беріліс механизмі бар облигатты гепатотропты вирустармен шақырылатын, бауырдың, гепатоциттердің зақымдалуымен, холестазбен, бауырдың қызметінің бұзылуымен, АлАТ, АсАТ ферменттерінің белсенділігінің артуымен, гипербилирубинемиямен, сарғаюдың пайда болуымен, жалпы токсикалық синдромның дамуымен; ал фульминантты түрлерінде - жедел бауыр энцефалопатиясына өтетін шұғыл бауыр жетіспеушілігімен, кейбір жағдайда циррозға немесе біріншілік бауыр гепатокарциномасына жалғасатын жедел және созылмалы антропонозды инфекциялық аурулардың тобы.

    Тарихи мәліметтер.

    • С.П. Боткин гепатитпен ауыратындардың залалда екенін жорамалдады, 1888 ж. «Катаральдық сарғаюды» инфекциялық ауру деп тұжырымдап, оның циррозбен және «бауырдың жедел сары атрофиясымен» байланысты екенін көрсетті.
    • АКШ-та 1937 ж. Дж.Финделяти, Ф.Маккалюм тапқан клиникалық – эпидемиологиялық дәлелдер және Ресейде 1940 ж. П.П.Сергиев, Е.М.Тареев және б.: сарғаюы аурудың инфекциялық табиғатының, әсіресе вирустық этиологиясының дәлелдеді, гепатиттің эпидемиялық (инфекциялық) және сарысулық түрлерін айыра бастады.
    • В. Бламберт - «австралиялық антиген» - гепатит В вирусының беткі (НВsАg) антигені болып шықты
    • 1970 ж. Д. Дейн қаннан, бауыр клеткаларынан «Дейн түйіршігі» деп аталып кеткен, сол вирустарды бөлуі гепатит этиологиясын зерттеудегі үлкен бет бурыс болуы деуге болады. Келесі жылдар әртүрлі гепатотроптық вирустарды ашу жағынан табысты болды.
    • С. Феинстоун 1973 ж. нәжістен гепатиттін А вирусын бөлді,
    • 1977 ж. Италия ғылымы М.Ризетто гепатотроптық Д (дельта) вирусты ашты, ол организмде ауруда тек қана НВsАg болғанда өмір сүретін вирус-паразит болып шықты.
    • М.С. Балаян 1983 ж. өзін-өзі залалдаған тәжірибе барысында гепатит Е тудыратын  тағыда бір гепатотроптық вирусты  бөлді.
    • 1989 ж. АҚШ-та М.Хаутан бастаған ғалымдар тобы гепатитін С вирусын тапты.
    • Сонымен гепатитің С және Е вирустары ашылғаннан кейін, бұнын нақты себептері белгісіз А-да емес, В-де емес деп аталған, трансфузиядан кенйінгі парентеральдық гепатит және су факторымен байланысты жедел энтеральдық гепатиттермен жағдай анықталды. Олар сәйкесті түрде гепатиттің  С және Е вирустары деп аталды.
    • 34 жастағы дәрігер-хирург қан сарысуында аминотрансферазаның аздап көтерілуімен, сарғаюмен сипатталған жедел гепатитпен ауырған 1966 жылғы гепатит G-ні(Г G)  зерттеудің басы деуге болады. 1993ж. Хирургтың инициалымен аталған GВ – агент анықталды, ол А-да В-да емес вирус(кейінірек ол НξV белгіленді). Кәзіргі кезде «А-да емес,В-да емес гепатит» деген түсінік «А-да емес, G-де емес» деген терминге ауысты, ол этиологиясы белгісіз, бірақ вирустық гепатит деген ұғымды береді. Бұл топқа кіретін ықтимал аурулар гепатит F,TTV,SENV және басқ. болып есептеледі.
    • Соңғы жылдары жақсы зерттелген гепатиттер қатарына аурудың 6 дербес нозологиялық түрлері жатады: А,Е,В,Д,С және G вирусты гепатиттері.
    • А,Е вирусты гепатиттер ішек аурулары болады, себебі негізгі берілу механизмі алиментарлық және жанасу-тұрмыстық жолдарымен іске асатын – ауыз-нәжістік.
    • В,Д,С және G гепатиттер негізінен парентеральдық гепатиттер болып есептеледі, олардың қоздырғышын беру парентеральдық (табиғи) және артифициальдық (жасанды) механизмдермен іске асады, онда вирус жарақаттанған тері, шырыш қабаттары (оның ішіндеағзаларының) арқылы, инфекциялы қанды құйғанда, алдар-диагноз қызметтерінде инфекциялы қанмен ластанған шприцтер басқа да медициналық аспаптарды қолданғанда, медициналық емес қимылдарға, ине салғанда (наркотиктер қабылдау, құлақты тесу) организмге өтеді. Нәрестенің инфекциялануы  босану кезінде оның босану жолдарымен жүрген уақытында болады.

    Вирустық  гепатит В.

    • Гепатит В – кең таралған антропоноздық жұқпалы ауру, қоздырғышының негізгі берілу механизмі – оның табиғи және жасанды тері мен сілемейлі қабықтарының жарақаттары арқылы қан арнасына түсуі.
    • Қоздырғышы – гепаднавирустар тұқымдастығы өкілі, оған жоғары жұғушылық және физикалық , химиялық факторлар әсеріне аса жоғары төзімділік тән. ВГВ вибрионы диаметрі – 42 нм ерекше бөлшек. Ішіндегі екі тінді ДНҚ, ақтық белок және ДНҚ – полимераза ферменті бар ядро – нуклеозидтен тұрады. Гепатит вирусының бауырлық жасушалар геномына кірігу қабілеті бар, сонда вирус репродукциясы өтеді. Ол тікелей цитопатикалық әсер етпейді, бірақ әртүрлі иммунологиялық реакцияларды туындату қабілеті бар, олар қоздырғыштың өз қасиеттерімен қатар иенің иммунокомпонентті жасушаларының және организмнің қорғаныс күштері ерекшеліктеріне де тәуелді.

    Вирустық  гепатит В.

    • Гепатит В – кең таралған антропоноздық жұқпалы ауру, қоздырғышының негізгі берілу механизмі – оның табиғи және жасанды тері мен сілемейлі қабықтарының жарақаттары арқылы қан арнасына түсуі.
    • Қоздырғышы – гепаднавирустар тұқымдастығы өкілі, оған жоғары жұғушылық және физикалық , химиялық факторлар әсеріне аса жоғары төзімділік тән. ВГВ вибрионы диаметрі – 42 нм ерекше бөлшек. Ішіндегі екі тінді ДНҚ, ақтық белок және ДНҚ – полимераза ферменті бар ядро – нуклеозидтен тұрады. Гепатит вирусының бауырлық жасушалар геномына кірігу қабілеті бар, сонда вирус репродукциясы өтеді. Ол тікелей цитопатикалық әсер етпейді, бірақ әртүрлі иммунологиялық реакцияларды туындату қабілеті бар, олар қоздырғыштың өз қасиеттерімен қатар иенің иммунокомпонентті жасушаларының және организмнің қорғаныс күштері ерекшеліктеріне де тәуелді.

В гепатиті вирусымен залалданудың әлемдік  таралуы.

    • В гепатиті эпидемиологиясы ерекшеліктері - әртүрлі инфекция көзі және көптеген жасанды берілу жолдарының болуы;
    • Олар HBV – инфекциясының барлық жерде кең таралуын қамтамасыз етеді; өз кезегінде ол жедел не созылмалы сырқаттылықтың әртүрлі деңгейін және бұдан да кеңірек, бірақ біркелкі емес симптомсыз вирус тасымалдаушылықты анықтайды.
    • Инфекция әртүрлі клиникалық түрде өтеді, көбінесе жедел гепатит В сауығумен аяқталады, 5- 10% науқаста ауру созылыңқы не созылмалы болып өтеді, жалпы алғанда алыс болашақта дамитын сәтсіз клиникалық эпидемиологиялық салдармен сипатталады. Жедел В гепатитінде летальділік 04 – 1% құрайды.

    Эпидемиялық процесс сипаты.

    • Инфекция резервуары, көздері:
    • созылмалы ВГВ- мен науқастар;
    • инфекциялық процестің субклиникалық түрімен зардапты адамдар;
    • ВГВ – мен айқын манифестілік түрімен науқастар.
    • Берілу механизмі, жолдары: парентеральды, табиғи: жыныстық, гемоконтактілік – тұрмыстық, вертикальді.
    • Берілу факторлары: қан және оның өнімдері, шәует.
    • Қауіп топтары : инъекциялық есірткілерді тұтынушылар, жезөкшелер, гемосексуалистер олардың клиенттері, жиі медициналық парентеральды манипуляцияларға душар созылмалы гепатитпен науқастар, қан қызметі, гемодиализ бөлінділері, хирургтар, стоматологтар, зертхана қызметкерлері мен медицинана қызметкерлері, ВГВ тасымалдаушылары әйелдерден туған сәбилер, қорғанышсыз жыныстық қатынас.

    Вирустық  В гепатиті оқиғасының стандартты анықтамасы.

    • Болжамды оқиға: әлсіздік, асқа тәбет төмендеу, оң жақ қабырға сатында жанға бататын ауру, бауыр үлкею, несеп қышқылдану, ахолиялық нәжіс, көз ағының, терінің сарғаюы, қышуы, аденамия, бас айналу, тахикардия.
    • Ықтимал оқиға: сырқаттылық маусымдылық болмауы, аурудың циклділікпен өтуі, қанының компаненттерін құйдыру, ВГВ эндемиялық аймағына бару,ВГВ мен дәлелденген оқиғасымен эпидемиологиялық байланыста болу, биохимиялық ауытқулар болуы.
    • Дәлелденген оқиға: науқас қанында ПТР әдісімен вирус ДНК анықтау.

    Вирусты гепатит ошағын эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар  алгоритмі.

    • Мақсаты: эпидемия қоздырғышы көзін, әсіресе инаппаранттық симптомсыз түрімен науқастарды, вирус тасымалдаушыларды беру жолдары мен факторларын, зарарлану жағдайын іздеу және табу. Ол үшін медициналық және медициналық емес парентеральдық іс-әрекеттерді жедел және созылмалы ВГВ науқаспен не вирус тасымалдаушымен жанасуда болғандығы жөнінде анамнезді, деректерді және жалпы, спецификалық эпидемияға қарсы шараларды инфекция ары қарай таратпау мақсатымен жүргізу.

    Шаралар.

    • Ошақты шектеуге және жоюға бағытталған алғашқы шараларды ЕПМ дәрігері не науқасты анықтаған басқа медицина қызметкері жүргізеді;
    • ВГВ мен ауырған күдікті науқасты анықтаған кез келген медицина қызметкері шұғыл хабарламаны міндетті түрде беруі тиіс;
    • Эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша тексеру картасы толтырылады не акт толтырылады;
    • Науқасты госпитилизациялау;
    • Науқас ауруханаға салынғаннан кейін ошаққа қорытынды дезинфекция жүргізіледі;
    • Санитарлық режимді күшейту.

    Эпидемиологиялық  қадағалау.

    • ҚР ДСМ №1050 «Вирусты гепатиттердің алдын алу туралы» бұйрығының орындалуын қадағалау;
    • ЕПҰ басшылары парентеральдық вирустық қоздырғыштарымен зарарланудың, алдын алушараларын ұйымдастыру және жүргізу бойыншы жекелей жауапты;
    • Наркоманиямен сырқаттылық даму тенденциясын жүйелі бақылау.

                             Алдын алу шаралары.

    • Қан қызметі мекемелерінде дезинфекциялық медициналық бұйымдарды стерилизация алдында тазарту және стерилизациялау режимдерін оларға қойылатын талаптарға сай қатал сақталу тиіс;
    • Қан қызметі мекемелері персоналы, кәсібіне байланысты қан және компаненттерәмен контактәге түсетінмедицина қызметкерлері емдеу диагностикалық, парентеральдық, басқа да манипуляцияларды орындайтын болса, олар жұысқа орналасарда жылына бір рет HBs және ВГС тексерілуі тиіс;
    • Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінде вирус беріліс факторы бола алатын барлық аспаптар мен заттар тазартылуы, зазарсыздануы және стерилизациялануы тиіс.

Информация о работе В,С,Д вирусты гепатиттер