ҚР метрологияның тарихи дамуы және қазіргі жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 09:35, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихын талдау,қазіргі жағдайына тоқтала отырып,мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыруды қарастыру болып табылады.Мемлекеттік метрологиялық қызметтің ұйымдастырушылық негізін, біздің мемлекетіміздегі мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері мен формаларын, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жүзеге асырылу тәртібін – метрологиялық қадағалауды кім жүзеге асыруға құзіретті, қадағалау қандай ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі, бұл тексерістердің нәтижесі қалай рәсімделетінін қарастырылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ. МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 5
1.1Метрологияның даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы 5
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі 11
1.3 Метрологиялық қамтамасыз ету.Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі 13
1.4 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі 17
2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ 21
2.1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі жағдайы 21
2.2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері 26
2.3 Метрологиялық қадағалаудың формалары 27
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Работа содержит 1 файл

1КУРСОВАЯ (2).doc

— 255.00 Кб (Скачать)

1972 жылы Қапчағай  қаласында радиоциондық қадағалау  құрылғыларын салыстырып тексеру  бойынша лабаратория құрылды.Бұл лабаратория көрсеткіші ерекше құрылғылармен қамтамасыз етіліп, изатоптарды сақтауға барлық мүмкіндікті жасап, альфа - , бетта - , гамма – сәулеленудің энергиясы бойынша өлшеу құралдарының толық диапазонын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді.1996 жылға дейін ол дозиметриялық және радиометриялық аппараттарын мемлекеттік салыстырып тексеруді қамтамасыз ететін жалғыз лабаратория болған.70-шы жылдардың басында Өскемен, Целиноград, Шымкент, Жамдыл қалаларында лабараториялар құрылды. Олар 2-ші, 3-ші разрядтары бойынша салыстырып тексерудің ең жаңа құрылғыларымен қамтамасыз етілді.1975 жылы өлшеу техникасы мен стандарттар бойынша Қазақ республикасының тарту қадағалау лабараториясы Қазақ республикасының стандартизация мен метралогия орталығы негізінде (ҚазРСМО) қайта құрылды, ол өнім өндіру мен жасауды метрологиялық қамтамасыз етудің күйі мен шығарылатын өнімнің сапасының стандарттары мен еңгізулерді сақтап, мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға міндетті[4,25б.].

1971 жылы Қазақ  КСМ мен бүкіл КСРО республикасында өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қадағалаудан өлшем бірлігін қамтамаыз етуге өтуіне байланысты үлкен жұмыс істелді.Республикадағы өндірістермен шығарылатын және жасалынатын өлшеу құралдары мемлекеттік сынаудан өткізіледі, өндірістің бірлік өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды ұйымдастырады, өлшеуді орындау бойынша аттестациялаудың методикасын жасау жұмыстары басталады. Осындай жұмыстар халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы өлшем күйлерінің анализін өткізуге түрткі болды.1977 жылы КСРО-ң Мемстандарт тапсырысы бойынша Алматының стандартизация және метрология орталығында (АСМО) түсті металдарға арналған мемлекеттік стандарт үлгілері (МСҮ) жасалды.Барлық Кеңестердің Сверловск филиалының метрологиялық ғылыми-зерттеу институтында МСҮ үшін арнайы техникалық құрылғы жасалды. МСҮ-ң реестрдің 35 түрі Орталықпен жасалып жүргізілді және МСҮ-ң 9000 данасы жасалынды [1,135б.].

Республикада 8 млн. астам өлшеу құралдарының эксплуатациясы болды. Осындай метрологиялық қамтамасыз ету үшін Басты стандарт үлгілерінің орталығы мен Басты мемлекет эталондар орталығының АСМО базасы негізінде эталондық база құрылды. Республика 17 жұмыс эталондағы 13 мың жоғарғы сапалы өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен (ӨҚК), соның ішінде 1-ші разрядтың бастапқы 500-ден, 2-ші разрядтың  700-ден астамымен қамтамасыз етілді [5,25б.].

1992 жылы Қазақстан  Республикасы өзінің тәуелсіздігін  алғаннан кейін, бұрынғы КСРО  мен барлық қатынастарын үзіп, Мемстандарттың жүесі мен республиканың  эканомика құрлымында едәуір өзгерістер бола бастады.Рессей Федерациясы мен Украинада орналасқан метрологиялық институттар 1992 жылға дейін бірегей өлшеммен қамтамасыз етіліп, бұрыңғы Кеңес Үкіметіндегі өлшемнің барлық 17 түрі бойынша, метрология саласындағы нормативтік құжаттар мен негізгі стандарттарды жасау еңгізілді.Осының нәтижесінде Республиканың Мемстандарт алдында қиын жағдайлар қалыптасты, олардың негізгілері республикада қол жеткен өлшеу деңгейін сақтап, Қазақстанның мемлекеттік эталондар базасын құрып жасау, халықаралық талаптарға сай келетін нормативтік құжаттарды дамыту болып табылады.Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін 1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкімімен «Өлшем бірлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданады, ол метрологиялық инфрақұрлымның басқармасының заңды принціптері мен қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік берді.Республика үкімімен «Өлшем бірлігінін мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» қабылданды, одан өлшеу деңгейінің көтерілуін тосқан. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымына тең құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесі болып және ТМД мемлекеттері «Стандартизация, метрология және сертификация саласында келісілген саясатты жүргізу» туралы келісім шартқа қол қойды [5,45б.].

Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның  қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы  кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің  Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады.1925 жылы Семипалатинск бөлімінің аты Өздік жеке салыстырып тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары жататын. Қазақстанның қалған териториясы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне жататын (Саратов, Оренбург және Орта Азия өлшем және таразы палаталары) .1929 жылы 1 қазанда Семипалатинсктін өлшем және таразы палатасының аты Қазақстанның аймақтық өлшем және таразы салыстырып тестеру палатасына өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарған.Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі.Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар: таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған [1,147б.].

 

1.2 Метрологияның  ғылым мен өндірістегі рөлі

 

 

Метрология  – бұл қажетті дәлдікті алу  амалдары мен бірлікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және өлшем  туралы ғылым.Метрология үш бөлімнен тұрады: теориялық, заң шығарушы және қолданбалы метрология.

Теориялық метрология – метрология дамудың іргелі негізін, физикалық тұрақты шама бірлігінің жүйесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен айналысады.

Заң шығарушы метрология – мемлекетте қолданылатын өлшеу лабараториялары, өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен рұқсат етілген мемлекеттік талаптарды орнатады.

Қолданбалы  метрология - әртүрлі саладағы теориялық  және заң шығарушы метрологияның  практикалық қолдануын жүзеге асырады.Практикалық жұмыста өлшемді қолданбайтын ешқандай облыс жоқ, егер де өлшем бірлігі мен өлшенетін ауқымның арасындағы қатынас табылатын болса.Қандай да болсын реттеу, бақылау, жоспарлау, болжау анализдері кезінде, өнімнің сапасы мен өлшемі туралы, дайын өнім мен техникалық опперациялардың жүруі туралы және барлық өндіру циклі туралы нақты мәліметтер болуы керек.Бұндай мәліметтерді олар параметралері мен көрсеткіштердің, әр түрлі физикалық шамалардың едәуір санын өлшеу жолымен алады [5,94б.].

Қажетті нақты  алынған өлшеу мәліметтері, дұрыс шешімді қабылдауды қамтамасыз етеді. Дұрыс емес мәлімет өнім сапасының төмендеуіне, аварияларға, ғылыми-зерттеу кезінде дұрыс емес шешімдерге, пайдалы кеңдер қорын дұрыс емес бағалауына, сауда-коммерциялық опперациялар кезінде есептен жеп қоюына әкеп соғады.Өлшемге бірдей көзқарас келісуші мәліметпен алмасуды, өлшеу құралдары мен әдістерін стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық сауда алмасу жүесіндегі сыналған өнім мен өлшеу нәтижелерін келісіліп қолдау кепілін береді.Барлық мамандарылған метрологтардың өлшемдері кезінде (техникалық құралдармен өлшенген кездегі табылатын мән) алынған мәндері дұрыс деп үміттенеді. Алынған өлшеу нәтижелеріндегі үміттін жоқтығы ғана, оларды қайта өлшеп, басқа мамандар мен өлшеу лабараторияларын қатыстырады.

Н.И. Тюриннің «Метрологияға кіріспе» кітабында «өлшеу қандай болсын мұқияттықпен өткізілгенімен, қандай да болсын нақты өлшеу құралдарын қолданғанымен өлшемнің нақты мәнін алу мүмкін емес» деп жазған, яғни өлшем мәнінің қателігі нөлге тең болмайды. Ықтималдық теориясы алынған өлшемді өлшенетін мәннің нақтысына жақындауына мүмкіндік береді, және де ықтималдық теориясы бізді шектен шықпайтын ықтималдық қателік шекарасын бағалауды үйретті. Өлшемнің дұрыстығы алынған өлшем нәтижелерінің сенімділік деңгейімен сипатталады.Міне осы өлшеу негізіне алынған.Егер де біз өлшем туралы нақты және толық мәліметті білмесек, ғылыми-зерттеу жұмыстардағы жетістіктеріміз, ғарышты танып білуіміз, барлық салалардағы өнімнің сенімділігін қамтамасыз ететін жаңа техналогиялар мен материалдарды құру мүмкін емес болушы еді.

Көп жағдайларда  қиын мәселелерді, әр түрлі жердегі, әр түрлі уақыттағы әр түрлі өлшеу  құралдарының қолдануымен алынған  өлшемдердің көп болуы негізінде  шешуге болады. Бұндай мәндерді тек  қана олардың бір-біріне жарампаздық шарты кезінде ғана қолданылады. Дәлдікті бір-біріне жарампаздықты, өлшемнің нақтылығын жоғарлатуын өндірістің автоматизациясы мәжбүр етеді.Мәселенің неғұрлым қиындығы, метрология мәндері соғұрлым көп болады. Барлық әрекеттер өлшемсіз мүмкін емес. Көп өндіріс салаларында өлшемге байланысты жыл сайын шығын көлемі 30%-ті құрайды[6,105].

Метрологияны  қамтамасыз етудегі үлкен мәнді, энергетикалық, материалдық және т.б. ресурстардың үнемдеу мәселесін  иеленеді, себебі өлшемнің нақты есебін, үнемдеу мен су ресурстарын, мұнай және мұнай өнімдерін, газ, электрлік және жылу энергетикасының материалдар құндылықтарын жоғалтпау негізі болып табылады.

Қазіргі таразы құралдарының қателігі мынандай: өлшеу  процесінде өндірістің барлық өлшенген өнімнен 1% аңғарылмай қалады.Мұнай, газ, жанар майдың көп мөлшері ескерілмейді. Егер электрлік энергия счетчигінің қателігі – 2% болса, онда 2% энергия ескерілмей қалады. Егер де осы пайызды дән, мұнай, газ, болат, шойын үшін тоннада; электр энергиясы үшін килловатта берілсе онда жыл сайынғы шығын миллиондаған теңгені құрайды.Егер дәлдік есебі екі есе ғана болса, онда өнім мен материалдың үлкен саны есептеледі.Метрологиялық қызметтін жоқ болуы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету шартының бұзылуы өнім сапасын бақылау кезіндегі техналогиялық процесстерді реттеу, ауруларды емдеу мен диагностика кезіндегі және т.б. өлшеулер үлкен шығынға әкеледі.Өнімді өндіру кезінде тек қана дайын өнімнің сапасын бағалау кезінде өлшеу күйін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар белсенді бақылау құралының көмегімен, техналогиялық процесстердің өзінде сапа көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігі мен өлшеу күйін де ескеру керек.Жаңа бұйымды жасамас бұрын,техналогиялық процесстегі өндірістің метрологиялық жағынан дайындық мәселелерін шешіп, сынау мен өлшеу құралдарын жасау және аттестациялау әдістерін қолдану қажет.Медицинадағы метрологияның мәні өте үлкен.Медициналық өлшеу және сынау құралдарының (адамға қалпына келтіретін әсер жасаушы) үлкен саны шығарылды. Медицинадағы өлшеулер гигиенада, терапия және диагностика кезінде өткізіледі.Биалогиялық объект параметрлерінің өлшеу көрсеткіштері бойынша адамның барлық және жеке мүшелерінің қызметі мен жұмысқа қабілеттігі туралы пікір айтады. Биалогиялық объектіні емдеу мақсатымен өткізілетін тарапта жанама ықпал етеді, оның параметрлері өлшеу жолымен қадағалап, нормаланған болуы керек. Жанама ықпалы мен ағза параметрлерінің өлшемдері нәтижесі бойынша емдеу жолының дұрыстығы мен іс-әрекеттердің тиімді ықпал етуі туралы қортынды жасайды.Гигиенада ағзаға қоршаған ортаның (су, ауа және т.б.) әсері зерттеледі, ол үшін көп өлшемдер жүргізіледі [7, 25б.].

Оператор  алынған өлшеу нәтижелерінде  күмәні болмауы керек. Ол үшін эксплуатация кезінде үнемі слыстырып тексеруден өтетін, метрологиялық аттестациясы бар, сынаудан өткен өлшеу құралдарын ғана қолдану керек.Өлшеу кезіндегі әдіс, метрологиялық аттестация мен регистрациядан өтуі керек. Аттестациялық әдістің талаптарын ескеріп, қолданған опператор өзінің өлшеу нәтижелерінің дұрыстығында сенімді болуға болады және егер де оның қателігі берілген шектен шықпаса.Барлық бағыттағы объектілерде заң шығарушы метрологияның негізін біліп, теориялық метрологияны жетілдіре біліп, осының бәрін практикада қолдана алатын мамандар болуы керк (басты метролог,өлшеу күйі үшін жауап беруші,өлшемдерді қамтамасыз ететін операторлар).Өлшемді өткізу шығындары, өндірілетін өнімді жасау үшін жалпы шығынның бөлігін құрайды.Өлшеу кез-келген өндіріс бұйымы үшін қадағалау, сынау, дайындау және жобалаудың барлық деңгейлерінен өтетді.Өлшеу техникасының даму деңгейіне байланысты (өлшеу құралдары мен техникасы) өндірісі дамыған мемлекеттердің техникалық және ғылыми потенциалының көрсеткіші бағаланады [7,63б.].

 

1.3.   Метрологиялық  қамтамасыз ету.Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі

 

 

Метрология  метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми негізі болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз ету – бұл өлшеудің талап етілетін дәлдігі мен біртұтастығына қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды бекіту мен қолдану.

Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі мемлекеттік метрологиялық қызметтен және кәсіпорындардың метрологиялық қызметтерінен құралатын метрологиялық қызмет болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негізі болып табылатын жүйелер: 

-физикалық шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

-эталондардан физикалық шамалар бірліктерінің көлемдерін үлгілі СИ көмегімен және басқа да тексеріс құралдарының көмегімен барлық СИ-ге жіберу;

-өлшемдердің жұмыс құралдарының өндірісі мен айналымға шығару үшін дайындаулар мен бекітулер;

-өлшеу құралдарының міндетті мемлекеттік сынақтары мен метрологиялық аттестациясы;

-өлшеу құралдарының міндетті мемлекеттік және ведомствалық тексерілуі;

-заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері;

-физикалық константтар және заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтер.

Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық негізі – «Өлшемдердің біртұтастығын  қамтамасыз ету туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы, өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары болып  табылады:

-өнімнің сапасын, өндірісті басқару тиімділігін және өндіріс процестерін қолдану деңгейін көтеру;

-бөлшектерді, байланыс түйіндерінің және агрегаттардың өзара алмастырушылығын қамтамасыз ету, өндірісті кооперирлеу және маманданудық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау;

-ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, тәжірибелер мен сынақтардың тиімділігін арттыру;

-есепке алудың шынайылығын қамтамасыз ету және материалдық құндылықтарды және энергетикалық ресурстарды қолдану тиімділігін жоғарлату;

-транспортты жүргізуді автоматизациялау деңгейін және оның қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлату;

-байланыстың жоғары сапасын және сенімділігін қамтамасыз ету;

-тұтынушыны қорғау [2,13б.].

Өндірістің  қазіргі даму сатысында метрологиялық  қамтамасыз ету, негізінен, дайындау процестерін  жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған таза қолданбалыдан тиімді технологиялық процестерді құрудың, автоматтандырылған өндірістерді енгізудің, дайын өнімнің сенімді бағалануы мен бақылануының белсенді құралына айналды.

Қазақстан Республикасында  Мемлекеттік метрологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартпен басқарылады. Оның құрамына стандарттар мен стандарттық үлгілердің мемлекеттік ақпараттық орталығы, Қазақстандық метрологиялық институт (ҚазМетИн), территориалдық органдар кіреді. 

Өндірістің, экономиканың дамуы стандартизация, метрология, сертификация облыстарындағы біртұтас ғылыми-техникалық саясатта анықталады.

Барлық өлшемдердің, яғни экономиканың дамуының деңгейі физикалық  шамалар бірліктерінің эталондық  базасының дамуымен анықталады. Эталондық  база, сонымен қатар, стандартизация және сертификация жүйелерінің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Сондықтан қабылданған  мемлекеттік бағдарламалармен дәл  өлшемдерді, жинақталған ғылыми-техникалық потенциалды нығайту мен мақтауды метрологиялық қамтамасыз ету мақсатымен физикалық шамалардың бірліктерінің ұлттық эталондық базасының әрі қарай дамуы алдын-ала қарастырылады. Эталондық база – бұл мемлекеттік бірінші ретті, екінші ретті және жұмысшы эталондардың, сонымен қатар физикалық шамалардың бірліктерінің көлемін сақтау, қайта өндіру және жіберудің жоғары дәлдігі мемлекет үшін шығыс бекітулердің жиынтығы.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік стандартының алдында  келесі міндеттер тұр: өлшемлердің  деңгейін жоғарлату, ұлттық өлшем жүйесін  жетілдіру, физикалық шамалардың бірліктерінің көлемін жіберудің бірегей тәртібін бекіту.

Информация о работе ҚР метрологияның тарихи дамуы және қазіргі жағдайы