Қазақстан Республикасындағы төлем балансының қиыншылықтарын шешу және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 07:58, курсовая работа

Описание работы

Төлем балансы деген белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы болады.
Төлем балансы қосарлы шот принципі бойынша жасалады, яғни барлық экономикалық мәмілелердің екіжақты жазбасы болып табылады. Бұл жағдайда кез келген мәміленің екі тарабы болады: егер сіз өзініңіздің шетелдік әріптесіңізден бірдеңе сатып алсаңыз, сіз оған төлеуге тиіссіз, ал ол өз кезегінде сізден алған ақшаны қалайда пайдалануға – не оны жұмсауға, не банктегі шотқа салуға тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС
1.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу................................4
1.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы........................8
1.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда
айналымын талдау................................................................................................13 2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі мәселелері......18
2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының қиыншылықтарын шешу және дамыту жолдары................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................26

Работа содержит 1 файл

Төлем балансы. КУРСОВАЯ 07.doc

— 216.00 Кб (Скачать)

1.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы 

     Елдің сыртқы позициясына баға беру және өлшеу – экономикалық саясатты шешу процесіндегі қажетті қадамдарының бірі. Ел мен басқа әлемнің арасындағы операциялар мен қаржы ағымы, төлем балансының жүйесіне үнемі алып келеді. Ол өздігінен кез-келген елдің сыртқы позициясына анализ жасаудың және түзетулер енгізудің қажеттілігін көрсетеді.     

        Қазақстанда 2003-ші жылдың басында мұнайға әлемдік деңгейде бағаның өсуі, металлдар нарығының бағалық коньюктурасының жақсаруы, резиденттердің энвистициялық мүмкіндіктерінің кеңеюі төлем балансының жағдайына белгілі бір дәрежеде әсер етті де Қазақстанның алдағы уақытта сыртқы позициясының күшеюін қамтамасыз етті.          

        2003-ші жылдың 1-ші жарты жылдықтың нәтижесі бойынша 1,3млрд. доллардан жоғары таза экспорттық тауарлардың кварталдық көрсеткіші еліміз үшін жоғары рекордпен тіркелді. Бұл халықаралық қызмет импорты мен тікелей инвестормен кірістерді төлеудегі шығындардың нақты өсімінің есесін қайтаруға көмектесті. Тауарлар экспортынан түскен табыстар 626 млн. доллар көлеміндегі ағымдағы операциялардың есебі бойынша активтік сальдоның жетістігін қалыптастырды. Ол сондай-ақ ағымдағы операция бойынша табыс – неттосының тарихи максимальды көлемі болып табылады.

 Қазақстанның 2004-ші жылғы сыртқы сауда айналымы – 8543,1млн. АҚШ долларын құрап, ал импорт – 5669,7 млн. долларын құрап ол 56%-ға өсті.

        2004-ші жылға байланысты шикізат тауарларына бағаның өсуі 2005-ші жылы өзінің одан әрі дамуын жалғастырды. 2005-ші жылдың 1-ші кварталында ағымдағы операциялар бойынша активті сальдосы 509млн. доллар құрады. Алдыңғы жылдың аналогтық мерзіміне қарағанда тауарлар экспорты 5,8 млн. долларды құрап ал импорт тауарлары болса 30%-ға өсіп, 3,5 млрд. долларды құрады.

        Тікелей инвистициялар бойынша баланс есеп беру мерзіміндегі активті сальдомен 1,1млрд. долларды құрады. Тікелей шет елдік инвистициялардың ішкі кірісі есеп беру периодында 1,85 млрд. долларды құрады. Және бұл алдыңғы жылдың аналогтық мерзімінен 48%-ке жоғары. Жоғарыда көрсетілген сомалардың 64%-ы капитал кірісіне шет ел компаниялары берген борыш арқылы тіркеледі. Сонымен қатар, тікелей шет елдік капиталдың кірісі жеке сектордағы борыштық операциялар арқылы көтерілді. 1-ші кварталда банктердің қарыз алуы 1,3 млрд. доллардан жоғары болды. Ішкі тұтыну қарызының өсіміне қарамастан, оның темпі 2004-ші жылдың 4-ші кварталымен салыстырғанда төмендеді.

 Ұлттық банктің есеп беруіне байланысты 2005-ші жылы ішкі қарыздың жалпы көлемінде қысқа мерзімді міндеттемелер – 3730 млн. доллар, ұзақ мерзімді міндеттемелер – 29645,6 млн. долларды құрады. [13-6]

        Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің есебі бойынша 2005 жылдың ІV-кварталында ағымдағы есеп операциялары бойынша төлем балансында 990,7млн. АҚШ доллары шамасында теріс сальдо қалыптасты. 2004 жылдың қазан-желтоқсан аралығында ағымдағы есеп операциялары 399млн. АҚШ долларын құрады. Ағымдағы операциялар есебінің базалық көрсеткіштері стандартты төлем балансында көрсетіледі.

       2005 жылдың ІV-ші кварталында сауда балансының нетто операциялары оң нәтижеге ие, ал қызмет көрсету, кірістер және ағымдағы трансферттер теріс нәтижеге ие болып отыр. Қазақстанның тауар айналымы ағымдағы есеп беру периоды бойынша 12526,8млн. доллар сомасында және бұл өткен жылдың сәйкес кварталының 125,3% құрады.Есеп беру кварталы бойынша Қазақстаннан экспортталған тауарлар сомасы 7525,6% млн. долларды құрады және бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,7%-ға жоғары.

        2005 жылдың ІV кварталында экспортталатын тауарлардың көлемі 2004жылмен салыстырғанда 23,1% -ға өсті. 2005 жылдың ІVкварталында алыс шетелден импортталған тауарлардың жалпы сомасы – 2502,8 млн. долларды құрады, және бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,5%-ға жоғары. Ал СНГ елдерімен импортталатын тауарлар көлемі 31,9%-ға өсті.

 2005 жылдың ІV-варталында және 2004 жылдың аналогтық кезеңінде халықаралық қызмет көрсету балансындағы дефицит Қазақстан үлесіне тиген жоқ және бұл соған байланысты 1808,7 және 915,4млн долларды құрады.

 Қазақстанмен көрсетілген және оған көрсетілген халықаралық қызмет көрсету көлемі туралы ақпараттар төлем балансының стандартты көрсетілімдерінде келтірілген .2005 жылдың ІV-кварталында 2004 жылмен салыстырғанда Қазақстанның басқа елдерге көрсеткен қызметі 18,45%-ға өсті, соның ішінде жүк тасымалдау – 26,9%-ға, ал қалған қызметтер 38,5%-ға өсті. Сонымен қатар, жол қызмет көрсетілімдері 6,0%-ға төмендеді.

         Импортталған қызмет көрсетулер көлемі 68,7%-ға өсті, соның ішінде жүк тасымалдау 25,4%-ға, ал қалған қызмет көрсетулер 94,1%-ға өсті. Ал жол торабында қызмет көрсетулер 12,3%-ға төмендеді. Сонымен қатар, басқа елдердің қызмет көрсетулері қатарынан құрылыс қызметі көп пайдаланылған болып табылады. [16-20]

         Қазақстанның инвистициядан келетін түсімі, 2005 жылғы период бойынша 202,8млн. долларды құрады, және бұл 2004 жылмен салыстырғанда 41,9% жоғары. Осыған байланысты Қазақстан төлемдері 1727,1млн. долларды құрады және ол салыстырып отырған жыл периодынан 84,6% ға жоғары көрсеткіш.

       Қаржы операциясының есебі ағымдағы есеп периоды бойынша 1877,6 млн. доллар шамасында оң нәтиже берді және бұл өткен жыл периодымен салыстырғанда 1500,6млн. долларға жоғары.

         2005 жылдың қазан желтоқсан айында тікелей шетелдік инвистициялық операциялар бойынша сальдо 887 млн. долларды құрады. Соның ішінде Қазақстанның шет елдегі тікелей инвистициялары 221,1 млн. долларға тең болды.

         2005 жылдың ІV-кварталында портфельді инвистициялармен нетто операциясы 3415,6 млн доллар шамасында теріс көлемге ие болды, ал бұл 2004 жылдың аналогтық кезеңінде 674,9 млн. долларды құрады.

         Төлем балансының бір бабында көрсетілетін «Басқа да инвистициялар» активтердің 49,2%-ке түсуімен және міндеттемелердің 1,9 есе өсуімен 3175,9 млн. доллар шамасында оң сомаға ие болды. 2004 жылдың қазан-желтоқсан айында осы көрсетілген баланс бабының сальдосы 321,3 млн. доллар шамасында оң көрсеткішке ие болды. Актив құрылымында салмақты көрсеткішті валюта және депозиттер (70,7%), ал пассив құрылымында борыштар (92,3%) алып отыр.

         Қазақстанның резервті активтері осы периодта 1237,5 млн. долларды құрады және бұл негізінен шетелдік валюталармен операциялық есеп жүргізуден құралды.

         Таза қателермен рұқсатнамалар бабы 2005 жылдың қазан-желтоқсан айында елдің тауар айналымына проценттік қатынасымен 7,1%-ды құрады. Бұл 2004 жылдың аналогтық кезеңінде 7,7%-ды құрап еді. [16-21]

         Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің деректері бойынша 2006 жылғы ІІ тоқсанда төлем балансының ағымдағы операциялар шоты бойынша 72,1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде теріс сальдо қалыптасты. 2005 жылғы тиісті кезеңде ағымдағы операциялар шоты бойынша оң сальдо қалыптасып, 202,5 млн. АҚШ долларын құрады. Ағымдағы шоттың базалық параметрлері төлем балансының стандарттық көрінісінде келтіріледі.

         Қазақстанның тауар айналымы (ФОБ бағасымен және ұйымдастырылмаған сауданы есепке алғанда) есепті кезең ішінде 16151,3млн. доллар сомасында қалыптасып, өткен жылдың тиісті тоқсанында 131,3% , ал импорт көлемі 6024,0 млн. доллар болғанда немесе 2005 жылғы ІІ тоқсандағы импорт көлеміне 125,5% құрады. Қазақстан есепті тоқсанда 10127,3 млн. доллар сомада тауар экспорттады, бұл салыстырмалы кезеңдегіден 34,8% жоғары. [17-49]

         Қазақстан теңгесінің АҚШ-тың қатысты ресми айырбастаудың орташа бағамын талдау кезінде 2005 жылғы ІІ тоқсандағы 132,7 теңгеден 2006 жылдың І тоқсанында 123,1 теңгеге төмендегені байқалды.

         Тауарлар экспортының көлемі 2006 жылдың ІІ тоқсанында 2005 жылғы тиісті кезеңге қатысты 34,5%-ға, соның ішінде алыс шетелдерге – 34,2%-ға өсті, ТМД елдеріне- 36,8%-ға өскені байқзалады.

         Есепті кезең ішінде алыс шетелдерден 3215,22 млн. доллар сомада тауар импортталды (ҚСТ бағасымен), бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 19,7% артық. ТМД елдерінен импортталған тауарлардың көлемі қарастырылып отырған кезеңде 28,6%-ға өсті

         Халықаралық қызмет көрсету балансының дефициті 2006 жылдың ІІ тоқсанында және 2005 жылы 1622,48 және 1223,93 млн. доллар құрады.

        Қазақстанның басқа елдерге көрсеткен және олардан алған халықаралық қызметтерінің көлемі туралы деректер төлем балансының стандарттық көрінісінде келтірілген. 2006 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстанның басқа елдерге көрсеткен қызметтерінің көлемі 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,5%-ға, соның ішінде көлік қызметтері 36,2%-ға өсті, сапарлар бойынша қызметтері – 34,1%-ға өсті, ал өзге қызметтері – 5,3%-ға өсті.

          Басқа елдерден алынатын қызметтердің көлемі 31,3-ға, соның ішінде көлік қызметтері - 23,4%-ға, сапарлар бойынша қызметтер - 41,2%-ға, өзге қызметтер - 32,1%-ға өсті. Есепті кезеңдегі басқа елдерден алынған қызметтердегі ең үлкен үлес салмақты құрылыс қызметтері алатынын атап өткен жөн.(38,3%) Қазақстанның инвестициялардан және жұмыс істейтіндерге өтемақыдан алған табысты талдау жүргізіліп отырған кезеңде 344 млн. доллар соманы құрады, бұл 2005 жылғы тиісті кезеңдегідеңгейден 2 есеге асып түсті.Қазақстанның аталған жолдар бойынша төлемдері 2674 млн. долларды құрап, бұл салыстырылып отырған кезеңдегіден 94,2% жоғары. 

     Қаржы операцияларының шоты есепті кезеңде 827 млн. доллар көлемінде оң қалыптасты, бұл шот 2005 жылдың ІІ тоқсанында да теріс қалыптасып 566 млн. долларды құрады.  

 2006 жылдың І-ші тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялармен жасалған операциялар бойынша сальдо 1412,5 млн. долларды құрады.Қазақстанның шетелдегі тікелей инвестициялары 2006 жылдың талдау жүргізіліп отырған тоқсанында 282,2 млн. долларды құрады, 2005 жылдың тиісті тоқсанында шетелдегі тікелей инвестициялар теріс қалыптасып, 63,1 млн. долларды құрады, соның ішінде басқа капитал түрінде – 359,5 және 52,1млн. доллар болды. [17-50]

       2006 жылдың ІІ тоқсанында портфельдік инвестициялармен жасалатын таза операциялар бойынша 1412,5 млн. доллар мөлшерінде оң шама қалыптасты, ал 2005 жылдың тиісті кезеңінде ол – 621,8 млн. доллар болған.

       Төлем балансының «басқа инвестициялар» деген жолы бойынша жүргізілетін операциялар бойынша таза нәтиже 2006 жылдың ІІтоқсанында 2141,5млн. доллар сомасында оң қалыптасты. 2005жылдың ІІ тоқсанында баланстың аталған жолы бойынша сальдо 189,0 млн. доллар сомасында теріс қалыптасты. Активтер мен пассивтер құрылымындағы ең үлкен үлес салмақты 2006 жылдың ІІ тоқсанында қарыздар (тиісінше 49,5% және 83,0%) алып отыр.

       Қазақстанның резервтегі активтері, негізінен шетел валютасымен жасалатын операциялар есебінен, талдап жүргізіліп отырған кезең ішінде теріс қалыптасып, 1879,0 млн. доллларды құрады.

       2006 жылдың ІІ-тоқсанында баланстың «Таза қателіктер мен ағаттықтар» жолының елдің тауар айналымына пайыздық қатынасы өткен жылғы тиісті кезеңіндегі 6,3%-ға қарағанда 4,7% құрады. [17-51] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда айналымына талдау. 

       Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

        Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік. [6-36]

       1.Теңгенің тұрақтылығының нығаюы.

      2.Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық Банк қайта қаржыландыру ставкасы.

      3.Өндіріс құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал тұрақтанды.

        4.Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда. [6-37]                                       Экспорттық және импорттық операциялардың өсуіне байланысты Қазақстанның сыртқы сауда айналымы өсті. 1994 жылдың басынан бастап 1993 жылмен салыстырғанда тауар айналымы 2%-ке төмендеді, яғни 8559,2 млн. доллар.1995 жылы 51,8%-ке, ал 1996 жылы 1993 жылмен салыстырғанда 60,8% болды. Соңғы үш жылда ФОБ бағасымен санағанда импорт тауарының үлес салмағы артық болды, бірақ та оның үлесі жыл сайын азаюда.1993 ж. 60,7%; 1995 ж.53,8%; 1996 ж.53,7%-ке. Экспорт (кеден) 1996 ж. 1995 жылғы деңгеймен салыстырғанда 7,3%-ке өсті,  ал импорттың өсу қарқыны осы уақыт ішінде 14,4%.

       Экспорт және импорт операциялары көлемінің өсуіне байланысты Қазақстанның сыртқы сауда айналымы да өсті. 1996 ж.1995 жылмен салыстырғанда 8,1%, ал 1993 жылмен салыстырғанда 60,8%-ке өсті.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы төлем балансының қиыншылықтарын шешу және дамыту жолдары