Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:54, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ......................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6
1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9
1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................14
2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20
3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25
3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ РАБОТА.....doc

— 276.00 Кб (Скачать)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы Қазақ Экономикалық  Университеті

 

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

                                                                 «Экономикалық теория» кафедрасы

 

                                                                    I-курс студенті Молбосынов Руслан

 

 

 

 

 «Экономикалық теория»  пәнінен

 

Қазақстанда кәсіпкерліктің  дамуы

 

тақырыбы бойынша

 

 

 

 

 

К У Р С  Ж Ұ М Ы С  Ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Ғылыми  жетекші аға оқытушы, магистр

                                        Куспанов Абугали Иманович

 

 

 

 

 

Алматы, 2010

 

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

 

1 МЕМЛЕКЕТТІК  ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ  МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ......................................................................................................6

1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6

1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9

1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ  ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................14

2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14

2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18

2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20

3 ӨНЕРКІСІПТЕ  КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25

3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25

3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.           Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.            Зерттеу тақырыбының өзектілігі  экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет.         Мақсаты Қазақстан Республикасы өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті дамыту бағыттарының алғышарттарын қарастыру. Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

  • Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
  • Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;

Кәсіпкерлік қызметтің белгілі  коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.          Міндеті қазіргі таңда нарықтық экономикада кәсіпкерлік және оны дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын  ұйымдастыру ұйғарылды.  Құрылымы курстық жұмыс кіріспе бөлімнен және үш негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші және екінші бөлімдері үш тараудан және үшінші бөлім екі тараудан тұрады. Бірінші бөлімде, Мемлекеттік экономикада өнеркәсіптің орны мен маңыздылығы жайлы қарастырылған. Екінші бөлімде, Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен ерекшеліктерінің мағынасы толығымен ашылған. Үшінші бөлімде, Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жөніндегі бағытатрының сипаттамасы берілген.       Қазақстан территориясында пайда болған өнеркәсіп ошақтарын ол халық шаруашылығының табиғи дамуының негізінде емес, шеттен келген капитал күшімен құрылып, өнеркәсіптің жекелеген  ошақтарын жасады, оның Қазақстан экономикасымен байланысы мүлде аз болды және капитализмге дейінгі катынастар үстемдік еткен, артта қалған шаруашылық мұхитындағы жекелеген Қазақстан ғылымында Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы туралы.         А.Нүсіпбековтің, С.Нейштадтың еңбектерінде жарық көрді. Соның ішінде бірінші рет қазақтың тарих ғылымында революцияға дейінгі Қазақстан экономикасына шетелдік капиталдың енуі мәселелері С.Нейштадтың еңбегінде көрініс тауып, шетелдік өнеркәсіп және банк капиталының Қазақстанға енуі баяндалған. Қазақстан  экономикасына шетелдік өнеркәсіп және банк капиталының енуі туралы Ц.Л.Фридманның еңбектерінде терең және жан-жақты көңіл аударылып, ірі шетелдік компаниялардың бай түсті металл кен орындарын, мұнай және көмір кендерін қолдарына алған әрекеттерін кешенді түрде көрсеткен. Ол аз шығын шығару арқылы көп пайда түсіруге тырысқан шетел капиталистерінің опасыздығын сипаттады.     Революцияға дейінгі тарихнамада лайықты орын алатын ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы жекеленген өнеркәсіп салаларының дамуы туралы А.А.Мурашкинцевтің, Транссібір темір жол магистралінің жүргізілуі, Сібір мен Қазақстанға шетелдік капиталдың келуінің күшеюі осы темір жолмен байланысты С.В.Саблер мен И.В.Сосновскийдің,  В.Верховскийдің, В.С.Зивтің жұмыстарында қарастырылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ  ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1.1 1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны

 

Қазақстан территориясында пайда  болған өнеркәсіп ошақтарын ол халық  шаруашылығының табиғи дамуының негізінде  емес, шеттен келген капитал күшімен  құрылып, өнеркәсіптің жекелеген  ошақтарын жасады, оның Қазақстан экономикасымен байланысы мүлде аз болды және капитализмге дейінгі катынастар үстемдік еткен, артта қалған шаруашылық мұхитындағы жекелеген өнеркәсіп аралдары сияқты болды.        Қазақстанның капиталистік өнеркәсібі басынан-ақ нақты отаршылдық сипатта болды. Отарланған Қазақстандағы капиталистік өнеркәсіптің дамуының екі ерекшелігін атап көрсетуге болады: біріншіден, аймақтағы өнеркәсіптің негізінде табиғи капиталистік қатынастар дамыған жоқ, сырттан келген көпестердің капиталының базасында пайда болды. Екіншіден,  қазақтың ұлттық капиталы өнеркәсіптің дамуы мен құрылуына ешқандай қатыспады. Ұлттық сауда-өсімқор буржуазиясы тек өнеркәсіп капиталы мен жерлікті рынок арасында дәнекер болды. Осындай жағдайда өнеркәсіп пролетариатының ұлттық кадрлары орыс өнеркәсіпшілері басып алған сауда өнеркәсібі базасында қалыптасты [2;4].          Бүгінгі күні Қазақстан экономикасында үлкен орын алып, мемлекеттің гүлденуіне үлес қосып отырған өнеркәсіп салаларының бұрынғы қалыптасуы мен дамуы тарихын зерделеп қарайтын болсақ, оның бірнеше кезеңнен өткенін көруге болады.           Қазақстанның капиталистік өнеркәсібі басынан-ақ нақты отаршылдық сипатта болды. Монополистік капитализм дәуірінде отар елдер мен тәуелді мемлекеттер бірінші кезекте үстемдік етуші метрополияның өнеркәсіп тауарларын өткізу және капитал салу көзі болып қалды. Бұл шетелде монополистерге құлдыққа түскен елдердің экономикасын толық өз қолына алып, бақылау жасауына мүмкіндік берді. Метрополиялар отарлар мен тәуелді елдерге экспортқа тауар шығаруды олардың капиталын салу негізінде ғана жүрді, себебі қажетті мөлшерді пайда түсіру үшін емес, бұл елдерді арзан шикізат көзі мен жері, үнемі тұратын жұмыссыздыққа байланысты болатын арзан жұмыс күші, жалпы бұқара халықтың қайыршылығы мен кең көлемдегі пайдаланылатын күшпен жұмыс жасату, соның ішінде әйелдер мен балалардың арзан еңбегін пайдалану үшін салынды [1;15].     Қазақстанның өнеркәсібі Ресей империасы  тұсында да, Кеңес өкіметінің кезінде де Отандық өнеркәсіптің дамуы мен гүлденуіне қызмет еткен жоқ. Екі билік дәуірінде де Қазақстан арзан шикізат көзі болып қала берді. Соншама байлықтың табыс кілтін қолына ұстаған Орталықтан аса алмай, Қазақстан түскен пайданың болмашы бөлігіне ғана ие болды. Басқару жүйесіндегі әкімшілдік пен әміршілдіктің лебі өнеркәсіп саласына да тиді. Бұл жүйе жеке ұйым, кәсіпорын, тұтас өнеркәсіп аймағының мүддесімен санаспады. Шикізаттың бағасы да, дайын өнімнің де құны төмен болды, әрі қазба байлығын игеруші өндіріс орнының да, еңбек еткен мыңдаған адамдардың да алған пайдасы шамалы болды. Қалыптасқан жоспарлы экономиканың талабы бойынша Одақтық және Республикалық бюджеттен тиімділігі аз, тоқырау жағдайындағы өндіріс орындарына қаржы бөлініп, сақталынса, керісінше жақсы көрсеткіштерге жетіп, сапалы өнім алған кәсіпорындардың тапқан табысын өз қажетіне жаратуға құқығы болмады. Ынталандыру мүмкіндігінен айрылған өнеркәсіп өндірістері құлдырап, дағдарысқа ұшырады. Демек Қазақстанның өнеркәсібінің дамуы туралы мынадай тұжырым жасауға болады: 

  1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының боданында бола отырып, Қазақстанға біртіндеп капиталистік қатынастар енді және отарлаушы елдің арзан шикізат көзіне айналды.
  2. Патшалық Ресей қазақ жеріне орыс және шетел капиталын өз мүддесі үшін енгізді.
  3. Ал 1917-1940 жылдары да өнеркәсіптің дамуы Кеңес өкіметінің экономикалық саясатына сай жүзеге асты. Индустриаландыру процесінің нәтижесінде өнеркәсіпте алға жылжулар болды. Соған қарамастан Қазақстан шикізат көзі болып қала берді. Өйткені жетекші өндіріс салалары қарыштап дамымады.
  4. Соған қарамастан Қазақстанда революцияға дейін бой көтермеген өнеркәсіп салаларының тармақтары пайда болды және  ол индустриаландыру үрдісінде оның құрамдас бөлігіне айналды. 

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасындағы өнеркәсіптердің алатын орны өте  зор. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің жыл сайынғы өсу қарқыны  
2007 – 2009 жылдары орта есеппен 7,2 – 8,8% деңгейінде болжанып отыр. 2008 жылғы қаңтар-наурызда 2007 жылғы қаңтар-наурыздағы деңгейге өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 103,7% құрады. Есепті кезеңде қолданыстағы бағамен 2361,8 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Тұтастай өнеркәсіп бойынша нәтижелердің қалыптасуына кен өндіру өнеркәсібі аса үлкен ықпал етеді (106,8 %), электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде.

Тау-кен өндірісі өнеркәсібінде 2008 жылғы қаңтар-наурызда 1 511,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2007 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 6,8% жоғары. Негізінен мұнай өндіру өсті, сондай-ақ табиғи газ  конденсаты мен көмір өндірісі ұлғайды. Сонымен қатар, кен құрамындағы металдың аздығынан және мыс кенін; жасасылған шарттарға сәйкес темір кендері жентектері өндірудің азаюынан мыс қоспаларынан мыс өндіру қысқарды.

Мұнай өнеркәсібі. Үстіміздегі жылғы І тоқсанда жедел деректер бойынша газ конденсатты 17 680 мың тонна мұнай өндірілді (107,0%). Республиканың мұнайды қайта өңдеу зауыттары 3 088,4 мың тонна (106,3%) мұнайды қайта өңдеді және 663,2 мың (98,2%) тонна бензин, 940 тонна (100,2%) дизель отынын, 853,8 мың тонна (145,5% мазут, 92,9 мың тонна (171,8%) авиакеросин өндірді. 

Көмір өнеркәсібі. 2008 жылғы қаңтар-наурызда жедел деректер бойынша республиканың көмір өндіретін кәсіпорындары 28 млн. тонна көмір өндірді. 2007 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өндіру көлемі 4,9 млн. тоннаға немесе 21,2%-ға ұлғайды.

Мұнайхимия өнеркәсібі. Қазақстанның мұнайхимия өндірісін құру бойынша 2008 жыл саланы дамытудың жаңа дейңгейіне көшу жылы болып табылады. Іске асыру үшін әлемдік деңгейдегі мұнайхимия өндірістерін құрудың бірнеше өзара байланысты инвестициялық жобалары әзірленді және дайындалды. Бұл ретте, мұнайхимия кен орын.дарының ресурстық мүмкіндіктері ғана емес, сонымен бірге жаңғыртылған Атырау мұнайды қайта өңдеу зауытының технологиялық мүмкіндіктері мен өндірістік ресурстары да ескерілді, болашақта басқа да мұнайда, газды қайта өңдеу зауыттарының ресурстық және технологиялық мүмкіндіктері айқындалатын және тартылатын болады. Мұнайхимия кешендерінің жоғары капитал сыйымдылығын ескере отырып оларды салу «Ұлттық индустриалды мұнайхимия технопаркі» арнаулы экономикалық аймағы шеңберінде  жүзеге асырылатын болады.

Информация о работе Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы