Экономикалық талдау мазмұны, пәні мен әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:42, отчет по практике

Работа содержит 1 файл

отчет эконом (Автосохраненный).doc

— 314.00 Кб (Скачать)



Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау

1. Экономикалық талдау мазмұны, пәні мен әдісі.

2. Кәсіпорынның өндірістік қызметін экономикалық талдау.

3. Кәсіпорын табыстылығын талдау.

4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.

5. Қаржылық жоспарды талдау.

 

1.Экономикалық талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне  қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қызмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.

Шаруашылық субъектінің статусының жоғарылауы олардың адында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көзін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін  қабылдау үшін қаржылық талдау қажет.

Табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді  зерттеуді талдаусыз жүргізу мүмкін емес. «Талдау» терминінің өзі гректің «analyzis» деген сөзінен шыққан, аудармасында «бөлшектерге бөлемін» дегенді білдіреді. Демек, талдау шағын мағынада құбылыстар мен заттарды зерттеу үшін оларды құраушы бөлшектерге бөлемін дегенді білдіреді. Мұндай бөлшектеу зерттелетін заттың, құбылыстың, процестің ішіне үңілуге, оның әр бөлшегінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді.

           Мысалы, өнімнің өзіндік құнының мәнін ұғу үшін оның тек қандай элементтерден құралатынын ғана емес, сондай-ақ әр шығын бабы мөлшерінің неге байланыстылығын білу керек. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы  мен оған әсер ететін факторлар дәлірек қарастырылған сайын, біз бұл экономикалық құбылыс жайында көбірек білетін боламыз және өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын анағұрлым жақсы басқара аламыз.

          Сонымен қатар, қоршаған ортаның көптеген құбылыстары мен процестері тек анализ көмегімен ғана таныла алады деп айта алмаймыз. Кей  кездерде адамның ойлау қабілеттілігіне сай келетін басқа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл мағынада талдауға зерттелетін заттың әртүрлі бөлшектері арасындағы байланысты табатын синтез жақын келеді. Қазіргі кездегі диалектика шындықты зерттеудің ғылыми әдістері ретінде талдау мен синтездің бірлігінен шығады. Тек талдау мен синтез ғана біріккен күйде құбылыстардың жан-жақты диалектикалық байланысының ғылыми зерттелуін қамтамасыз етеді.

          Сонымен, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.

          Ғылым мен тәжірибеде талдаудың әртүрлі түрлері қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т.б. Олар тәсіл, мақсат және объектілері бойынша ерекшеленеді. Физикалық, химиялық және басқа да талдауларға қарағанда экономикалық талдау экономикалық құбылыстардың абстракті-логикалық зерттеу тәсіліне жатады, мұнда микроскопты да, химиялық реактивтерді де қолдану мүмкін емес, тек абстракция күші ғана қолданыла алады.

          Адамның талдау қабілеттілігі қоршаған ортадағы өз іс-әрекеттерін әрқашан бағалап отырудың объективті қажеттілігінен туындады және жетілуде. Бұл еңбек пен ресурстарды анағұрлым эффективті жұмсаудың тәсілін іздестіруге итермелейді.

          Тұрғын халықтың санының өсуіне, өндіріс құралдарының жетілуіне, адамзаттың рухани және материалдық қажеттіліктерінің өсуіне байланысты талдау дамыған қоғамның ең алғашқы өмірлік қажеттілігіне айналды. Қазірде талдаусыз адамның саналы қызмет етуі мүмкін емес. Ф.Энгельс талдаудың пайда болуының тарихи шекарасына мінездеме бере отырып, былай деп жазған: «Жаңғақты бөлудің өзі талдаудың бастамасы болады». Адамзаттың дамуына байланысты бөлінген жаңғақтар саны да өсуде, әрі оларды бөлу тәсілдері де жетілуде. Талдау объектілерінің шеңбері ұлғаюда, сонымен қатар талдаудың өзі де жетілуде.

          Саналы қызметі нәтижесінде адамдардың табиғи ортамен қарым-қатынастары бірте-бірте кеңейді, соның салдарынан адамдар әртүрлі объектілер мен құбылыстар жайлы өз түсініктерін тереңдетті. Бірте-бірте бұл объектілер мен құбылыстарды зерттеуге байланысты талдаудың тереңдетілген түрі қажет болды. Осылайша, математика, химия, медицина және басқа да ғылымдардағы талдау пайда болды.

          Бүгінде, экономикалық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде зерттейтін жалпытеориялық экономикалық талдау мен бөлек кәсіпорындардың экономикасын зерттеу үшін қолданылатын шаруашылық қызмет талдауы – микродеңгейдегі нақты-экономикалық талдауын айыра білу керек. Егер, жалпытеориялық экономикалық талдаудың ғылыми тұрғыдағы дамуы алдыңғы ғасыр экономистерінің еңбектерінде көрініс тапса, ал шаруашылық қызмет талдауы ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақын арада көрініс тапты.

         Материалистік диалектика барлық құбылыстар мен процестерді тұрақты қозғалыста, өзгерісте, дамуда қарастыруды қажет деп санайды. Шаруашылық қызметті талдау әдісінің бір сипаттамалық белгісінің қайнар көзі осында – тұрақты салыстырулардың қажеттілігі. Салыстырулар Шаруашылық қызметті талдауда кеңінен қолданылады. Қызметтің нақты нәтижелері өткен жылдардың нәтижелерімен, баса кәсіпорындардың жетістіктерімен, жоспарлы көрсеткіштерімен және т.б. салыстырылады.

              Материалистік диалектика әрбір процесс, әрбір құбылысты қарама-қайшылықтардың күресі және бірлік ретінде қарастыру керектігін үйретеді. Осы арадан ішкі қарама-қайшылықтарды, әрбір процестің, әрбір құбылыстың оң және теріс жақтарын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл да шаруашылық қызметті талдаудың сипаттамалық белгісінің бірі. Мысалы, ҒТП еңбек өнімділігінің артуына, рентабельділік деңгейінің өсуіне және т.б. оң әсерін тигізеді, бірақ қоршаған ортаның ластануы,  гиподинамия дамуы және т.б. сияқты оның теріс жақтарын да ескеру қажет.

              Талдауда диалектикалық әдісті қолдану кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу барлық өзара байланыстарды есепке ала отырып жүргізілуі керек екендігін білдіреді. Ешбір құбылыс дұрыс түсінікті болуы мүмкін емес, егер ол бөлек түрде, басқалармен байланыссыз қарастырылатын болса. Мысалы, өнімнің өзіндік құнының деңгейіне жаңа техниканы енгізу әсерін зерттей отырып, тікелей байланысты ғана емес, сонымен қатар жанама байланысты да ескеру қажет. Жаңа техниканы енгізу нәтижесінде өндіріс шығындары артатыны, сонымен бірге өнімнің өзіндік құны да артатыны белгілі. Бірақ мұнда өз қатарында еңбекақының үнемделуі мен өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне жағдай жасайтын еңбек өнімділігі өседі. Осыдан шығатын, егер еңбек өнімділігінің өсу деңгейлері жаңа техниканы ұстау мен іске қосуға кететін шығындарының өсу деңгейіне қарағанда жоғары болса, онда өнімнің өзіндік құны төмендейді, және керісінше. Яғни, осы немесе басқа да экономикалық құбылысты түсініп, дұрыс бағалау үшін басқа құбылыстармен барлық байланыстарын және өзара тәуелділікті зерттеп алу қажет. Бұл шаруашылық қызметті талдау әдісінің әдіснамалық белгісінің бірі.

Экономикалық талдау пәнінің зертеу мәні болып экономикалық құбылыстардың және принциптердің себепті-салдарлы қатынастары табылады.

Экономикалық талдау объектілері ретінде шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелері есептелінеді. Өнеркәсіп кәсіпорында талдау объектілерін өнім өндіру мен өткізу, оның өзіндік құны, еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б. жатады.

Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау мазмұны мен міндеттері оның атқаратын функцияларымен айқындалады.

Біріншіден, бұл функциялардың бірі – экономикалық заңдардың іске асу сипатын зерттеу, кәсіпоорын жағдайында экономикалық процестермен құбылыстардың тенденцияларын орнату.

Екіншіден, талдау функциясы болып ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу есептеледі.

Үшіншіден, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.

Төртіншіден, жоспарды орындау барысы бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалау.

Бесіншіден, шаруашылық қызмет процесінде айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шаралар белгілеу.

Шаруашылық қызметін талдау жүргізуде келесі принциптерді басшылыққа алған жөн.             

1)                 Экономикалық құбылыстар мен процестерді, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін бағалауда талдау мемлекеттік әдіске негізделуі керек. Яғни, экономикалық өмірдің белгілі жақтарын бағалай отырып, олардың мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатқа және заңдылыққа сәйкестігін есепке алып отыруымыз қажет.

2)                 Талдау ғылыми сипатта жүргізілуі қажет, яғни өндіріс дамуында экономикалық заңдар талаптары ескерілуі қажет, ғылым-техникалық прогресс жетістіктерін, экономикалық зерттеулердің жаңа әдістерін пайдалану керек.

3)                 Талдау кешенді болуы қажет. Зерттеудің кешенділігі кәсіпорын экономикасында қызметтің барлық тарауларын қамтуды талап етеді.

4)                 Талдау жасауда жүйелілікті қамтамасыз ету керек. Әрбір объектіні зерттеу оның ішкі және сыртқа қарым-қатынастарын ескере отырылып жүргізілуі қажет.

5)                 Шаруашылық қызметті талдау объективті, анық, дәл болуы керек. Ол тексерілген, нақты, объективті шындықты айқындайтын мәліметке негізделуі қажет, ал оның қорытындылары аналитикалық есептермен негізделуі тиіс.

6)                 Талдау кәсіпорын қызметіне, өндіріс нәтижелеріне өз әсерін тигізіп отыру қажет. Бұл жерде уақытылы жұмыстардың кемшіліктерін айқындалып, олармен кәсіпорын басшылығын таныстыру керек.

7)                 Талдау жоспар бойынша жүргізілуі тиіс.Талдау оперативті болуы қажет. Оперативтілік деп отырғанымыз – бұл тез және оның талдау жасау, басқару шешімдерін қабылдау және оларды іске асыру. Талдау нәтижелі болуы тиіс.

Шаруашылық қызметті талдаудың пайда болуы кез келген саланың пайда болуына қажет жалпыға бірдей объективті тәртіппен байланысты.

Ғылым әдісі кең мағынада өз затын зерттеу тәсілі ретінде түсіндіріледі. Ғылымның әр түрлері үшін өз затын зерттеуге (оның ішінде, шаруашылық қызметті талдау) ерекше қарау әдістері танудың жалпыға бірдей диалектикалық әдісіне негізделеді.

              Талдаудың маңызды методологиялық белгісі болып себепті-тергеулі байланыстарды орнатуға ғана емес, сонымен қатар оларға сандық сипаттама беруге қабілеттілігі табылады, яғни, қызмет нәтижелеріне факторлар ықпалын өлшеуді қамтамасыз етуге қабілеттілігі. Бұл талдауды нақты етіп, ал оның қорытындыларын негізделген етеді.

              Талдауда себепті байланыстарды зерттеу мен өлшеуді индукция және дедукция әдістерімен жүзеге асыруға болады. Логикалық индукция көмегімен себепті байланыстарды зерттеу тәсілі бойынша зерттеу жекеден жалпыға, жеке фактілерді зерттеуден жалпыламаға, себептен нәтижеге жүзеге асырылады. Дедукция – бұл зерттеу жалпы фактілерден жекеге, нәтижелерден себептерге жүзеге асырылатын тәсіл болып табылады. Индукция әдісі талдауда дедукция әдісімен бірге және үйлесімді қолданылады.

              Шаруашылық қызметті талдауда диалектикалық әдісті қолдану әрбір процесті, әрбір экономикалық құбылысты бір-бірімен өзара байланысты көптеген элементтердің жиынтығы түрінде, жүйе түрінде қарастыру керек. Осыдан келіп шығатыны талдаудың тағы бір сипаттамалық белгісі болып табылатын талдау объектісін зерттеуге жүйелі көзқарастың қажеттілігі.

              Жүйелі көзқарас зерттелетін құбылыстар мен процестердің элементтерге максималды бөлшектеу, олардың жүйелілігі мен синтезін қарастырады. Сол не басқа құбылыстарды бөлшектеу (құрама бөліктерін ашып көрсету) зерттеліп отырған объектіде анағұрлым маңызды және негізгіні анықтау үшін тәжірибелік қажетті дәрежеде жүргізіледі. Ол талдаудың объектісі мен мақсатына байланысты болып келеді. Бұл экономикалық көрсеткіштердің маңызын, ондай-ақ олардың дамуын анықтайтын факторлар мен себептерді нақты білуді аналитиктерден талап ететін  ШҚТ-дағы күрделі мәселе болып табылады.

              Элементтерді жүйелендіру олардың өзара байланысын, қарым-қатынастарын, өзара тәуелділіктерін және өзара бағыныштылықтарын зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Бұл зерттеліп отырған объектінің (жүйенің) мүмкін моделін құруға, зерттеліп отырған көрсеткіштердің ішкі байланыстарына сәйкес келетін талдаудың логикалық-әдіснамалық жүйесін ашып көруге, жүйе элементтерінің бағыныштылығын, қызметтерін оның негізгі компоненттерін анықтауға жағдай жасайды.

              Кәсіпорын экономикасының жеке жақтарын, олардың өзара байланысын, бағыныштылығы мен тәуелділігін зерттеп болған соң, барлық зерттеу материалдарын жалпыландыру қажет. Жалпыландыру (синтез) талдауда өте жауапты мезет болып табылады. Талдау нәтижелерін жалпыландыру кезінде қызмет нәтижелері негізінен тәуелді болатын барлық зерттеліп отырған факторлардың ішінен типтіктерді кездейсоқтардан бөлу,  негізгі және шешуші факторларды ашып көрсету қажет.

              Алдынғылардан тікелей шығатын шаруашылық қызметті талдау маңызды әдіснамалық белгісі болып кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процесстердің себепті-тергеулі байланыстарын жүйелі және кешенді зерттеу үшін қажетті болып саналатын көрсеткіштер жүйесін өңдеу мен қолдану табылады.

Информация о работе Экономикалық талдау мазмұны, пәні мен әдісі

Описание работы

.Экономикалық талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қызмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.

Содержание

1. Экономикалық талдау мазмұны, пәні мен әдісі.
2. Кәсіпорынның өндірістік қызметін экономикалық талдау.
3. Кәсіпорын табыстылығын талдау.
4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
5. Қаржылық жоспарды талдау.