Қабілеттің жалпы сипаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:59, реферат

Описание работы

Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

Работа содержит 1 файл

диплом гулдерайым.doc

— 187.00 Кб (Скачать)

Ортаңғы деңгей танымдық қызметтің тәсілдерін игеруге тиянақты бағдарлану кезінде қалыптасады. Соның нәтижесінде студент оқу-танымдық    қызметтің сырттқы берілген мақсатын оңай қабылдайды және оқу-танымдық қызметті аяқтауға    айтарлықтай талпыныс    танытады. Игерілген білімдер   жаңғыртылады   және   ең   алдымен алгоритм бойынша міндеттерді шешу үшін қолданылды,   өз   бетінше   білім   алуға   қызығушылық   көрсетеді. Хабардағы және алдағы оқу-танымдық қызметтің негіз мазмұнын қабылдап, жаңғыртады.

Жоғары  деңгейге өту деңгейі   танымдық қызметтің тәсілдерін жетілдіруге тиянақсыз бағдарланудың көрініс табуымен    сипатталады. Студент    өз бетінше білім алумен жүйелі түрде шұғылдана бастайды. «Мақсаттарға — уәждерге» қайта бағдарланады, мұның өзі таным барысында елеулі қиындықтар болса да оқу танымдық қызметті аяқтауға талпынушылықты айқындайды. Игерілген білімдер өзгерген   жағдайды және шығармашылық сипаттағы   міндеттерді   шешу   үшін   пайдаланады. Көп ретте хабардағы және алдағы оқу-танымдық қызметтегі ең басты ақпаратты қабылдап, жаңғыртады.

Жоғары  деңгей білімдерге қол жеткізу тәсілдерін жетілдіруге тиянақты бағдарланумен ерекшеленеді. Кәсіпке бағдарланып өз бетінше білім алу нысаналы және жүйелі сипатта болады. «Мақсаттардың — уәждерді тиянақтылығы таным барысындағы қиындықтардың қандай дәрежеде екендігіне қарамастан кез келген оқу-танымдық қызметті аяқтауға ұмтылушылықты аиқындайды. Игерілген білімдерді студент кез келген тұрпаттағы міндеттерді шешу үшін пайдаланады. Хабардағы және  оқу-танымдық қызметтің кез келген түріндегі ең басты нәрсені қатесіз қабылдап, жаңғыртады. Танымдық ізденімпаздық деңгейлерінің келтірілген баспалдақтары танымдық ізденімпаздықты түсіндіруге басқалардан гөрі көбірек лайықты, бірақ осы жеке тұлға-бітімінің барлық жақтарын қамтымайды. Танымдық іздемпаздық деңгейлерінің жүйесі студенттің танымдық іздемпаздықтың қалыптасу процесін талдау өлшемін көрсеткен жағдайда жасалуы мүмкін, мұның өзі кезегінде оқыту процесін талдауды талап етеді. Алай-Танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру проблемасын одан әрі зерттеуге көшпестен бұрын біз бұл проблены математик-студентті әдістемелік даярлау тұрғысынан-шешетінімізді айта кетеміз, яғни әңгіме кәсіпқойлық танымдық ізденімпаздық туралы болып отыр. Осыған байланысты математика мұғалімінің қызметі өте алуан қырлы екенін, ал мұғалімнің жеке тұлғасының сапасы ауқымды екенін атап өтеміз. Мұғалімнің жеке тұлғасының бітімдік компоненттері көрсетілген түрлі профессиограммалар әзірленді. Мәселен, мұғалімнің жеке тұлға-карталарының бірі былайша көрініс тапқан (карта проф. К. К. Платоновтың әдістемесі бойынша әзірленген).

 I. Жеке   тұлғаның   жалпы   педагокикалық   с а п а л а р ы:

1.  Жеке тұлғаның қалыптасуына мирасқорлықтьщ, ортаның, тәрбиенің және түлектің өзінің белсенділігінің рөліне ғылыми-педагогикалық    көзқарастардың дұрыстығы.

2.  Жеке  тұлғаның кемелденуінің себептері  мен қозғаушы күштерін түсіну.

3.  Жеке  тұлғаның кәсіптік бағытталуының  жәй-күйі. :

 4. Жеке тұлғаның әлеуметтік және кәсіптік тұрғыдан неғұрлым мәнді қасиеттері: а) идеялылық пен азаматтық; ә) балаға деген сүйіспеншілік; б) өзінің кәсібіне деген сүйіспеншілік; в)  ізгіліктілік және ізгі ниеттілік;

жұғымдылық.

II. Кәс і пті к с а п а л а р:

1. Мамандық  бойынша теориялық және әдістемелік бағыттаушылық.

2. Психология-педагогикалық, теориялық және практикалық дайындық.

3. Педагогикалық   біліктіліктердің: а) танымдық; ә)  құрастырушылық; б) қарым-қатынас;  В) ақпараттық г) ұйымдастырушылық  біліктліктердің  дамығандығы

ІІІ. Дара психологиялық  сапалар:

  1. Психологиялық  процестердің  педагогикалық  бағытталуы.
  2. Педагогикалық ойлаудың, қиял мен естің дамығандығы
  3. Әсерлі ықыластылық.
  4. Еріктің дамығандығы .
  5. Темперамент мәдениеті.

Математика   мұғалімнің  негізгі рөлі –оқушылардың жеке тұлғасын тәрбиелеу, олардың қабілеттерін , адамгершілік мұраттары мен сенімдерін тәрбиелеу.

Оқыту процесі  диагностикасының  негізгі  объектілері –кәсіптік сапалар  (мұғалімнің қажетті біліктілігі):

А) мұғалімнің диагностикалық ісерлігі: оның  білім  білік және дағдылардың сапасын  диагноз қоя  білу,  бабалардан  оқып үйрену деңгейін анықтай білу, олардың қабілетін  ескере білу іскерлігі;

Ә) Мұғалімнің ұйымдастырушылық  қабелттері; оқушылардың  танымдық қызметін  оқу материалы олардың  белсенді әрекет  жасайтын нәрсесіне  айналатындай  етіп ұйымдастыру (Льонтиев, 1977; Шамова, 1977);

Б) оқыту  әдістері  мен құралдарын оқу  материалының мазмұны  балалардың  оны игеріп , қолдана  білу қабілетін барынша  толық ескеретіндей  етіп таңдау (Бабанский, 1977);

В) оқу  сабақтарының  тәрбиелік тиімділігі: мазмұнды  тиімді пайалану, балалардың психикалық  жағынан  дамуын басқару  үшін, олардың  бойында танымдық   іздемпаздықты, жауапкершілікті , өзіне және өзгеге талап қой ғыштықты тәрбиелеу үшін оқыту құралдары мен әдістерін жұмылдыру (Занков, 1968; Коротов, 1991; Лихачев 1982)

Г) танымдық  бағдарланушылық  негіздерін  жасауц мұнда әрбір оқушы  нені және қалай  оқып-үйрену керек екенін,  нені және қайдан ізеу керек, қандай ақпарат алу керек екенін, оны қайда қолдану және қандай  көрсеткіштер бойынша  пайдалану керек екенін  біледі;

Ғ) сабақтағы  адагершілік –психологиялық  ахуал, мұғалімнің  оқушыларға  және оқушылардың  бір-бірімен қатынасының стилі мен сөйлеу мәнері;

      

ҚАБІЛЕТТІЛІК  ТУРАЛЫ

Қабілеттілік жеке адам туралы ілімнің кұрамдас бір бөлігі болып табылады. Ғылымға алғаш рет қабілеттілік туралы ұғымды Платон енгізген.

Қабілеттілік туралы мәселе — күрделі проблемалардың бірі. Оның сипаты мен заңдылығын, түрлері мен жетілуін, адамның іс-әрекетімен, мақсат-мұратымен байланысын зерттеумен философтар мен педагогтар да ұдайы шұғылданып келеді.

К. Маркс «Қапиталда» қабілеттілік ұғымына анықтама беріп, оның әлеуметтік мәнін ашты. Қоммунистік қоғамның негізгі әлеуметтік принципі: «әркімнің қабілетіне қарай, әркімге қажетіне қарай».  Әр адамның іс-әрекеті жоғары шеберлік дәрежесінде болу үшін испан дәрігері Хуан Уарте (1575 ж.) мынадай шарттың керектігін ұсынды: ағаш ұстасы — егіншілікпен, тоқымашы — сәулеткерлікпен, заң қызметкері — дәрігерлікпен, дәрігер — адвокаттықпен айналыспасын, әркім табиғат берген қабілетіне лайықты өнер түрімен немесе кәсіппен айналысатын болсын.

 Адамдар ақыл-ойының әр түрлі дәрежеде болу себебі оларды тәрбиелеудегі айырмашылықтарға байланысты (Гелвеций), әрбір адам белгілі бір кабілеттілікпен туады (Дидро) деген пікірлер қабілеттіліктің психологиялық функциясын ашты. Чех педагогы Я. А. Қоменский «¥лы дидактикада» қабілеттілікті дамытатын таным процесін анықтады.

Қабілеттілік  туралы мәселе А. Н. Радишевтің және В. Г. Белинскийдің еңбектерінде де әлеуметтік тұрғыда қарастырылды. Әсіресе, қабілеттілік жайлы ілімді дамыту үшін ебдейлік пен дағдының қажеттігін дәлелдеудің (В. Г. Белинский) маңызы күшті болды. Бұл ілімнің келесі кезеңі психотехникамен  (еңбек психологиясы)  байланысты болды.

К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин еңбектерінде де қабілеттілікке жеткілікті мән берілген.

Советтік  дәуірде қабілеттілік проблемасы психологиялық, физиологиялық, философиялық, педагогикалық, әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты зерттеліп    келеді.   Демек,    қабілеттілік   туралы   ілім  ертеде бастау алып, қазіргі кезде өз алдына психологиялық функцияға, философиялық, маңызды әлеуметтік-педагогикалық проблемаға айналып отыр.

КӘСІПТІК  ЕБДЕЙЛІК ПЕН ДАҒДЫ  ЖҮЙЕСІ

Адамның іс-әрекеті өзінің табиғаты жағынан психологиялық категорияға жатады. Іс-әрекет адамның алға қойған мақсатын орындау үшін оның айналадағы ортамен (адамдармен, табиғатпен, заттармен т. т.) қарым-қатынасын көрсететін саналы процесс түрінде байқалады. Сондықтан да, іс-әрекет — адамның жалпы тіршілікпен өзара байланысының формасы, өмірдің бірлік бөлігі, адамға керекті игіліктерді жасаудың жолы болып саналады. Іс-әрекетсіз ешкім де мақсат-мүддеге жеткен емес, өмірден де шын мәнінде қанағат ала алмайды.

Философиялық  тұрғыдан қарағанда, өмір дегенді даму, өзгеріс, қозғалыс, жоғары саты мен жаңа сапаға көтерілу деп түсінуіміз керек. Социалистік қоғамда, адамның іс-әрекеттерін жетілдіруге және қабілетін дамытуға барлық қажетті жағдай жасалынған кезде, адам — өз бақытының қожасы деп айту да заңды құбылыс. Демек, мақсатты және нәтижелі еңбек ету, өмірде белсенділік көрсету —-адамның өмірден өз бақытын табуына мүмкіндік жасайды. Сол себепті де, социализмді одан әрі жетілдіру дәуірінде адамның белсенді өмірлік позициясын калыптастыру мәселесі үлкен әлеуметтік проблемаға айналып отыр.

Адам  өмірінде бір ғана іс-әрекет жасаумен тынбайды. Оның күн сайын, ай сайын, жыл сайын әр түрлі игіліктерді меңгеру дәрежесі өсіп, арман-мақсатының арта түсуіне байланысты, өз өмірінде көптеген іс-әрекеттерді орындап, жетілдіре беруі қажет. Бірақ олардың барлығын бір адамның меңгеруі де мүмкін емес, оның үстіне іс-әрекеттердің көптеген түрін игерудің нәтижесі де жоғары болмайды. Сондықтан да адамға кәсіптік мамандық алудың қажеттігі туады, сонда ғана ол өз мамандығы бойынша    орындайтын    іс-әрекеттерді  әрі шапшаң, әрі нәтижелі орындап, іскер қызметкер бола алады. Сонда ғана көздеген мақсатына жетіп., өмірден, кәсіп-қызметінен қанағат алады.

Белгілі бір кәсіби мамандықты меңгеру үшін кез келген адам оған кажетті кәсіптік қабілеттілікті дамытып, білім мен дағды, ебдейліктердің жүйесін қалыптастыруы тиіс, яғни іс-әрекеттің бір саласы бойынша мамандануы қажет.

В. В. Чебышеваның зерттеулері бойынша, жастарды тәрбиелеп дамытуда, әсіресе жалпы еңбек ебдейліктерін қалыптастырудың маңызы зор. Бұл ебдейліктер адамның белсенділігі, өздігінен ойлауы, жұмысқа жауапкершілігі, іс-әрекетіне сын көзбен қарап, талдау жасау сияқты көптеген қасиеттерін өрістетуге күшті әсер етеді. Ал жалпы еңбек ебдейліктері адамның еңбек әрекеттерін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және    реттеу    сияқты  компоненттерден тұрады.

 Көптеген  нақты зерттеулердің  қорытыдысын   әр түрлі мекеме  басшыларына   қатысты талдағанда, олардың жалпы басқару ебдейліктері жүйесінде творчестволық және тәрбиелік-педагогтік ебдейліктің «меншікті үлес»  процентінің  аз екендігі  байқалады да, олардың орнына , 2-кестеде көрсетілгендей, ебдейліктің соңғы екі түрі орын алатындығы анықталды. 

П В. Кузьминаның   анықтауынша,   педагогті кәсіптік мамандығына қатысты  конструктивті  ебдейліктердің құрамына мыналар кіреді:

—  түсіндірілетін білімді   оқушыларға    ұғымды болатындай мазмұнда таңдап алу;

—  шәкірттің  сабақтағы іс-әрекетін берілетін қажетті информацияны олар қабылдай алатындай етіп жоспарлау;

—  оқушылармен  қарым-қатынас жасау барысында мұғалімнің өзінің іс-әрекетінің тәртібін жос парлау.

Ұйымдастырушылық  компоненті:

—  информацияны тыңдаушыларға жеткізуді,

—  оқушылардың  әр түрлі іс-әрекеттерін,  —  оқушылармен жұмыс істеген кезде мұғалімнің өз іс-әрекетін ұйымдастыра білу ебдейліктерінен тұрады.

Коммуникативтік ебдейліктердің элементтеріне мыналар  жатады:

—  окушылармен  дұрыс қарым-қатынас жасай білу;

—  мұғалімнің қойылған талапқа сай өзінің басқарушылық іс-әрекетін құруы.

Педагогикалық іс-әрекеттің гностикалық ебдейліктерінің жүйесі:

—  басқа  адамдарға әсер етудің ыңғайы мен тәсілдерін білу;

—  олардың жеке-дара және жас ерекшеліктерін ескере білу;

—  мұғалімнің өзінің іс-әрекеттерінің нәтижелерін, артықшылығы мен кемшіліктерін байқай білу.

жалпыпедагогикалық ебдейліктер жуйесі мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетіне сәйкес келеді. Сонымен бірге, педагогикалық, психологиялық, методикалық әдебиеттерде көрсетілгеніндей, ебдейліктердің 10-нан, кейде тіпті 50-ден астам түрлерінің біразынан арылып, белгілі бір жүйеге келеміз. Мәселен, Е. А. Милеряннық' еңбегінде психологиялық-педагогикалық ебдейліктердің 50-ден астам элементтері ұшырасса, методикалык ебдейліктердің 30-дан астам түрі мен 15-ке жуық тобын кездестіреміз (А. А. Мотков, М. М. Духовная, т. б.). Әрине, ебдейліктердің осыншама көп түрін қалыптастыру былай тұрсын, оларды тек қана атап шығудың өзі қиынға соғатыны түсінікті.

Информация о работе Қабілеттің жалпы сипаты