Ағылшын сабағындағы рольдік ойындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Рольдік ойындар сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Сонымен рольдік ойындардың басты қызметі – шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады.

Оқу үдерісінде оқытушылар тіл үйренушілердің грамматика, лексиканы жақсы меңгеріп, мәтін мазмұнын түсініп, айтып бере алғанымен, еркін, өз бетінше сөйлей алмайтындығымен айтып жатады. Бұның себебі – сабақта әр түрлі тілдік дағдыларды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) қалыптастыруға арналған жаттығу жұмыстары жүйелі жүргізілгенімен, олар өзара байланысты табиғи қарым – қатынасқа көтерілмейді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………..............................3



І. Ойындарды оқу - тәрбие жұмыстарына пайдалану – тәрбие құралы.

1.1 Ойынның психологиялық педагогикалық мәні .............................................5

1.2 Ойын–адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың негізгі құралы..10

1.3 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің маңызы мен мәні .................14



ІІ. Оқушылардың ортаңғы сатыдағы ағылшын тілі сабағындағы рольдік ойындарының түрлері және оларды ұйымдастыру

2.1 Өзара сөйлесуге жаттықтыратын ойындар.....................…..........................20

2.2 Ағылшын тілі пәніндегі грамматикалық дағдыны қалыптастыратын ойын түрлері ...................................................................................................................22

2.3 Сөйлеу практикасына арналған ойындар …….............................................24



ҚОРЫТЫНДЫ………………………………….....………………….…...........28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………….........….....29

Работа содержит 1 файл

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА РОЛДІК ОЙЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

Мектеп оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу - бала талантын жеделдете дамып, жан-жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз.

Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Д.Элькониннің атап өткеніндей, мұнда балалар өзара сәйкес рөлдерді тасымалдаушылар (ересектердің өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға тікелей қатысушылар болады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рөлдік ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.

Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында.

Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже, ойын әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рөлді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байытып, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді.

 

1.2 Ойын – адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың

негізгі құралы

Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға шындық, қайырымдылық, бостандық, шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар - идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезім арқылы айқындалып, ақыл мен ой-сана арқылы қабылданады. Құндылықтар құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Құндылықтар сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін көрсетеді.

Құндылықтар шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да субъективті, өйткені ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықтарды игереді де іс-өрекет етеді.

Адамгершілік ұғымына көптеген анықтамалар берілген және оны сипаттайтын   қасиеттер   жиынтығы   ретінде   де   қарастырылып   мазмұндалған. Адамгершілік қоғамдық сананың белгілері адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы арқылы сипатталады, яғни, әдептілік, мейірімділік, қайырымдылық, инабаттылық, қарапайымдылық, т.б. Адамгершілік - әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілердің бірі - адамдардың бір-біріне,   қоршаған   табиғатқа   қарым-қатынасы.

Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи-әдеби мұралар арқылы балалардың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін ғылыми зерттеу еңбектерден аңғарамыз. Балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жағдайында белгілі бір жүйе немесе нақты белгілер болуы қажет. Бұл жағдайда оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогикалық шарттардың мөнін ашып көрсету өте салмақты орын алады. Құндылықтарды игеру механизмі адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы адамның өзін-өзі тану барысында жүзеге асады. Оның алғашқы деңгейі - игеретін құндылықтардың мәнін ашу нөтижесінде адамның адамгершілік құндылық бағыттарына ие болуы. Соңғы жылдары білім беру жүйесінде елімізде жүргізіліп жатқан реформалық үрдістерде құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық механизмі тәрбие үрдісіне жеткілікті түрде бағытталмаған. Тәрбиешінің білімі мен білігі тәрбие үрдісінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыруы керек. Адам бойында жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуы ізгілік мәдениетінің негізін құрайтын гуманистік құндылықтар жүйесін меңгерумен байланысты. Осы тұрғыда Л.Выготскийдің еңбегіндегі "Баланың мәдени дамуы кез келген екі тцрде пайда болады. Біріншісі — әлеуметтік, кейін психикалық" деген пікірі көп ойды аңғартады.

Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуындағы балалардың өзін-өзі тануы жүзеге асатын тәрбиенің басты түрі: құндылық жағы басым тәрбие үрдісі болып есептеледі. Тәрбиенің бұл түрі іс-әрекеттік жағынан жүзеге  асады.

Қоғам дамуының жаңа кезеңінде балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми педагогикалық тұрғыда жүйесін жасаған Р.Төлеубекова "адамгершілік тәрбиесі адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі" дейді. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасасақ, адамгершілік - адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзін танып білуі жөне адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның алатын орнына   байланысты.

Мектепке дейінгі жаста қалыптасқан моралдік сана-сезім мен мінез-құлық барлық балалар іс-әрекеттерімен балалар арасындағы, балалар мен үлкендер арасындағы өзара қарым-қатынастары кешеніне шешуші ықпал жасайды. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде ойын үстінде жүзеге асады.

Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл — өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір суру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында танытса, ал балалар ойын үстінде көрсетеді.

Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс-әрекеттерін үйренеді. Ойын арқылы баланың ой-өрісі кеңейеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні бар. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтердің пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің    өзіндегідей    қуанып,    ренжиді.    Баланың    белсенділігін,    сапалы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын қамтамасыз ету, қиындықты жеңуде төзімділікке баулу —  адамгершілік  тәрбиесінің негізгі  міндеті.

Ұлттық ойын ойнау баланың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптаотырады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер: өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер калыптасады. Мектепке дейінгі естияр жастағы балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды жүзеге асыруда тәрбиеші олардың мүмкіндігінің 3-4 жастағы балдырғандарға қарағанда анағұрлым көп екенін аңғарады. Балалар қашанда  шындықты  айтуға  тәрбиеленуі  тиіс.

Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиесі ұлт қаһармандарының өмірі мен ерлік істерінің тарихы, даналық сөздері адамгершілік тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Батыр бабаларымыз қазақ елінін басын қосып, ұлттық жауынгерлік ерлік мектебінің негізін салған. Сондықтан бабалардың ерлігі - адамгершілікке толы, асқақ рухты, күні бүгінге дейін ел аузында, халық тәрбие ісінде үлгі етеді.

Адамгершілік төрбие мәселесі негізінен ұлттық педагогикалық ерекшеліктерге сүйене отырып тәрбие берудің әдістемелік жолдарын қарастырады:

- ұлттық   дәстүрлер   арқылы  тәрбие үрдісінде   баланың   бойында
рухани мәдениетті қалыптастыру;

- ұлттық   дәстүрлер   арқылы   тәрбие   үрдісінде   баланың   бойындағы адамгершілік құндылықтарын дамыту;

- салт-дәстүрлер   негізінде   ойынның   ерекшеліктерін   ескере   отырып баланы рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

Баланың адамгершілік құндылыктарын қалыптастырудың жолдарының бірі - ол баланың қызығуын арттыру. Егер балаға қызығуына қарай төрбиені жүйелеп берсе, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Бұл жерде Л.Занковтың идеясын негізге алған дұрыс. Ол "баланы қоғамдық өмірдің әр тцрлі жақтарымен еркін араластыру керек, баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай отырып, жүцргізу қажет" деген ұсынысын өз зерттеуімізде басшылыққа алдық. Тарихи ескерткіш-мұраларға жүргізілген саяхаттар мен танымжорықтар балалардың танымын қалыптастыруда негізгі орын алатынын тәжірибе барысында айқын байқадық. Әр түрлі жүргізілген саяхат жұмыстары балалардың ынтымақтастығын жетілдіреді. Бұл туралы психолог Л.С. Выготскийдің "... дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынттымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі" дегені баланы ынтымақшыл ету үшін топпен жұмыс ұйымдастыруды ұсынуы құптарлық пікір.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді жинақтай келе, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру ең алғаш тәрбиеден басталады. Тәрбиенің қалыптасуы негізінен балбақшадан басталады. Қай қоғам болса да, талап-тілектеріне,  қажеттіліктеріне орай тәрбиені бір жүйеге келтіріп отырған.

Жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерді зерделеу барысында балалардың мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, олардың психологиялық дамуына ойынның үлкен мәні бары анықталды.

 

1.3 Ойын арқылы адамгершілік тәрбие берудің маңызы

 

Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргеніндей, алты жасар балалар  ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда олар ұйымдастырушылық шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетіп, ойынды өз беттерімен ұйымдастырумен бірге, ұжымда қалыптасқан тәртіп ережелері мен мінез-құлық нормаларын сақтауға дағдыланады. Әрбір ойын мүшесі жұрт алдындаы жауапкершілікті терең сезініп, ережелердің орындалуын өздері бақылай білуге үйренсе, не мектепте жақсы жолдас, шебер ұйымдастырушы, көркемөнер үйірмесінің  белсенді мүшесі, спорттық ойындар мен жарыстардың озат қатысушысы бола алады сол себепті де, біз балалар ойынын адамгершілік тәрбие беру құралы етіп алып отырмыз. Демек, балалардың ойын әрекеті арқылы адамгершілік тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында адамгершілік сезім, сана, мінез-құлық, көзқарас жүйесін орнықтыру болып табылады. Ал бұл міндетті бұлжытпай орындау, ойын әркетіне сүйіспеншілігін арттыруға саяды. Міне, осы міндеттерді жүзеге асыру балалардың адамгершілік тәрбие компоненттері мен ойын туралы таным түсінігін тереңдетіп, олардың қоғамдық өмірге, қоршаған ортаға, үлкендер еңбегіне, табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекітуге бағытталады.

Баланың адамгершілік сезімталдығын, шығармашылық қиял-қабілеттерін, адамгершілік сапасы мен көзқарасын, мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, ана тілінде сөйлеу, сөз өнеріне, қоғам, табиғат өміріндегі әсемдікті аңғарып, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ойынның, ұлттық салт-дәстүрдің айрықша орын алатыны жайлы қазақ халқының тұғыш этнограф-ғалымы Ш.Уәлиханов, көрнекті ағартушы –педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаевтың «Педогогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістері көсетілуімен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған. Оқулықта адамгершілік сезімдері жайлы ғылыми ұғымдр да әр қырынан ашылған. «Баланың маңайында сөйленетін сөздерде әдепті, сұлу болуға тиіс»,- деп балалардың адамгершілік дамуындағы үлкендердің рөліне тоқталады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму ерекшеліктерін зерттеген ғалым Б.Баймұратова балалардың тілін дамыту мәселесін адамгершілік және эстетикалық тәрбиелермен тұтас қарастырған. Т.Иманбеков «Қазақ бала бақшаларындағы оқу-тәрбие жүргізілген зерттеу жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану» (5-7 жас 1995) деген тақырыптарда жүргізілген зерттеу жұмыстарында мектеп жасына дейінгі балалар тәбиесінің әртүрлі салаларын ашып көрсетті. Ә.С.Әмірова (1994) «Ересектер тобындағы балаларды қазақ  балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» деген еңбегінде қазақ балалар әдебиеті шығрмаларын пайдалану арқылы баланы адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін қарастырған.

Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын қоғам мүддесіне лайықты жаңартып, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет еткен ғалымдардың (Н.Нұрахметов, М.С.Сәтімбекова, Б.Б.Баймұратова, Ә.С.Әмірова, Ғ.Х.Дүкенбаева, Ф.Н.Жұмабекова, С.Ғ.Бәтібаева ) еңбектері нәтижесінде 1996 жылы «Балбөбек» бағдарламасы жарық көрді.

«Балбөбек» бағдарламасының мақсаты-балабақша жұмысын тұжырымдамаға сай қайта құру, тәрбие жұмысының мазмұнын халықтық педагогикаға сәйкес үйлесімді түрде жаңарту, ақыл-ой, дене, адамгершілік сапасын жақсарту, жаңа қоғамға лайықты тұлғаны даярлау т.б. Ал бағдарламаның міндеті ата-бабадан мирас болған өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың құлағына құйып, сана сезіміне сіңіру, оларды әдептілікке, мейірімділік пен ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру боолып табылады. Аталмыш бағдарламаның негізгі артықшылығы:

Информация о работе Ағылшын сабағындағы рольдік ойындар