Қазіргі ЖОО-да студенттерді адамгершілік-құқықтық тұрғыда тәрбиелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:03, реферат

Описание работы

Қоғамдағы оң өзгертулер құқықтық бедерсіздік( нигилизм), қылмыстың жалпы өсуі, оның ішінде жастар арасындағы,жеке тұлғаның адамгершілік азғындауы т.б кіретін жағымсыз үдерістер мен ілесіп жүреді.
Жоғарғы аталған авторлар еңбектері жиынтығының теориялық және практикалық мәні зор. Өйткені, олар жеке тұлғаның адамгершілік- құқықтың тәрбиесі мәселесінің педагогикалық аспектін арнайы қарастыруды мақсат етпеген.Жалпы бұл мәселе түпкілікті шешімін табудан алыс.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 27.55 Кб (Скачать)

Қазіргі ЖОО-да студенттерді адамгершілік-құқықтық

тұрғыда тәрбиелеу.

 

          Қоғамдағы оң өзгертулер құқықтық бедерсіздік( нигилизм), қылмыстың жалпы өсуі, оның ішінде жастар арасындағы,жеке тұлғаның адамгершілік азғындауы т.б кіретін жағымсыз үдерістер мен ілесіп жүреді.

         Барлық кезеңдерде жастар арасындағы қылмыс жағдайы қоғамның адамгершілік-құқықтық сипаттамаларының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелер арасында Қазақстан Республикасының атқарушы биліктегі мемлекеттік органдарының алдында тұрған  мәселе мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда жастар ортасының криминализациясы болып табылады. Қалыптасқан жағдайда жастарды адамгершілік-құқықтық тұрғыда тәрбиелеу аса шиеленсе түседі. Ол педагогтан теориялық-әдістемелік негіздерді терең білуді және адамгершілік-құқықтық мәдениетінің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді.

          Қазіргі кезеңде жастарда жеткіліксіз екенін айқын:

-оларға жаңа талаптар жағдайында құқықтық және адамгершілік дайындықпен өмір сүру және еңбек ету;

-өмір ұсынған қиын жағдайлардан лайықты түрде шығу үшін құралдық білімдері, мінезінің сапасы мен дағдысының болуы;

-жеке тұлғаны дұрыс емес шешім мен азғындаудан сақтайтын рухани қондырулар мен моральдық принциптер;

        Тәрбие мәселесін зерделеуге отандық және шетел әдебиетінде аса көңіл бөлінген.

        Тәрбиенің философиялық-әдіснамалық аспектін тұрғын халық тобын әлеуметтік бейімдеу ретінде қарау В.Ю.Верещагин, И.Д.Калайков, Т.Ф.Каптерев, Т.И.Царегородцев және т.б еңбектерінде қарастырған.

        Тәрбиенің әлеуметтік-психологиялық аспектерін А.Н.Леонтьев, В.А.Петровский, А.В.Петровский, Ж.Пиаже және басқалар зерттеген.

        Оқушылармен жұмыстың әлеуметтік-педагогикалық аспектері Н.Н.Березовин, И.В.Пиочинский, В.И.Брудный, Н.Н.Вербитский, В.В.Давыдов, Н.Р.Талызина және т.б жұмыстарында қарастырылған.

         Жоғарғы аталған авторлар еңбектері  жиынтығының  теориялық және практикалық мәні зор. Өйткені, олар жеке тұлғаның адамгершілік- құқықтың тәрбиесі мәселесінің педагогикалық аспектін арнайы қарастыруды мақсат етпеген.Жалпы бұл мәселе түпкілікті шешімін табудан алыс.

          Аталған авторлар еңбектерін талдау жалпы педагогика тұрғысында адамгершілік-құқықтық тәрбие ретінде сол қоғамдағы адамдардың адамгершілік және құқықтық сенімдерін ұйымдастырылатын және басқарылатын мақсатты даму процесін, сезім, қажеттілік, дағды, адамгершілік қасиеттер мен адамгершілік құқықтың қамтамасыз ету қылығын қарастыру етіп танылатынын қортындылайды.

           Студенттерді әлеуметтік- құқықтық тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі-оларды дұрыс көзқараста ұстап тұра алатын ерік қасиеттерін қалыптастыру, оның ішінде мақсаткерлік, яғни, қоғамға қажетті мақсаттарды таңдай білу және оған жету, дербестік, өз қылықтарын дәлелдеу және жағымсыз ықпал етулерге қарсы тұратын шешім қабылдай білу, ішкі сенімдерден шығатын жағдайларға ықпал ету, әлеуметтік нормалар жүйесінде бекітілген жалпы мемлекеттік мүдделерге сәйкес шешім қабылдау.

Көптеген ғалымдар пікірі бойынша, адамгершілік және құқықтық тәрбиенің өзара іс-әрекеті бір-біріне қарсы, бірақ бірін бірі толықтыратын бірнеше көзқарастарда ашылады. Оның біріншісінің мәні адамгершілік тәрбиелеу құқықтық тәрбиеге қарағанда бірінші екендігінде. Принципті  заңдылық нақ осы сабақтастықта таңылады: жеке тұлғаның түрлі қоғамдық қатынастарындағы әлеуметтік ұғынуының деңгейі неғұрлым жоғарғы болса, әлеуметтік борыш, заңды құқық пен міндеттерін іске асыру қажеттілігінің уәждемесінің деңгі соғырлым жоғары болады. Екінші  жағдайда, әлеуметтік және құқықтық тәрбие бірдей арақатынаста субъектілер арасындағы қоғам мүддесіне барабар қарым-қатынасты қолдауға және тәрбиеленушінің қоғамда мәні зор іс-әрекет түрлерінде өзін-өзі іске асыру мүмкіндігіне бағдар жасайды. Үшіншісі, құқықтан шығатын түсінікке өзіндік этикалық амалдар мен шартты келісілген. Бұл амал жеке тұлғаның заңды қылығын, уәжін зерттеуге ғана көңіл аудармайды, сонымен қатар адамгершілік-құқықтық қарым-қатынастардағы практикалық іс-әрекеттердің негізгі жолдары мен неғұрлым тиімді жүйесі, пайымды және көкейтесті мақсаттарын талап етеді. Сонымен бірге, оларға тән айырмашылық жеке тұлғаның адамгершілік- құқық саласындағы қылықтары тәсіліне сәйкес адамгершілік және құқықтық талаптарын сезіну мүмкіндігіне көңіл бөледі. Адамгершілік және құқықтық тәрбиенің өзара байланыстылығы да, өзгешелігі де жеке тұлғаны тәрбиелеудегі адамгершілік-құқықтық көзқарастың тұтастығын куәландырады.

             Адамагершілік-құқықтық тәрбиенің міндеті – әркім құқықтық нормаларды мәжбүрлеп, қорқыту арқылы емес, өзінің ішкі қажеттілігіне, өзіндік адамгершілік қағидаларына сай сақтай алатын құқықтық сана деңгейіне жету болып табылады.

            Адамгершілік-құқықтық  тәрбиенің өзара шарттылығы мен өзара тәуелділігі жеке тұлғаның қоғамда бағалы құқықтық бағдар беруін сезіну қажеттілігін белгілейді және осы негізде құқықтық нормалар мен құқық қолдану іс-әрекетінің табиғи мәні мен мазмұнын, бөлек қарастырылатын адамгершілік және  құқықтық сананың өзара байланысын анықтау.

               Тәрбие жұмысы тәрбие процесінің маңызды бөлігі, оның негізгі құрамы болып табылады. ЖОО-ның педагогикалық іс-әрекетінің табысы осы жұмысты педагогтар қалай өткізуіне, оның көкейтесті педагогикалық жағдайларға қаншалықты барабар екеніне байланысты. Педагог жүргізетін тәрбие жұмысында негізгі орынды ұйымдастырушылық іс-әрекет алады. Ол кешенді ұйымдастырушылық қызметін көрсетеді: мақсатты пайымдау, жоспарлау, үйлестіру, тиімділікті талдау т.б

              Осыдан шығатыны, көзқарасы, уәж және шынайы іс-әрекетінде оң өзгерістерді ұйғаратын адамның әлеуметтік дамуы- тәрбиенің нәтижесі болып табылады. Болашақ маманды тәрбиелеу нәтижесінде бағдар беретін тәрбиенің міндеттерінің  үш тобын көрсетуге болады.

              Бірінші топ гуманистік дүниетанымды қалыптастырумен байланысты. Осы міндеттерді шешу барысында жалпыазаматтық құндылықтарды интериоризациялау, студенттерде гуманистік қөзқарас пен сенімді қалыптастыру процестері өтеді.

              Екінші топ міндеттері біріншімен тығыз байланысты және адамгершілік мінез-құлықтың қажеттілігі мен уәжін қалыптастыруға бағыталған.

               Үшінші топ осы уәждерді іске асыруға жағдай жасауды қарастырады және студенттердің құқық қамтамасыз ету мінез- қылығын адамгершілік тұрғыдан ынталандырады.

               Мақсат, міндеттері белгіленгеннен кейін енді студенттерді адамгершілік құқықтық тәрбиелеудің принциптері туралы айтуға болады.

               Принциптер жүйесі адамгершілік құқықтық тәрбиенің негізгі теориясын білдіреді, яғни студенттік өмірдің кез- келген жағдайларында тәрбиенің әлеуметтік түрлерінің қалыптасуында практикалық және нәтижелік шараларды қолдану қажеттілігін көрсететін жүйелеген көзқарас жинтығын білдіреді .

               Тәрбиенің гуманистік бағдарлау принципі студенттің басты нормасы ізгілік болып табылатын адамдар қарым-қатынасы жүйесіндегі жоғарғы құндылық ретінде қарастыруды талап етеді. Бұл принцип әр адамға қадірлі қарым-қатынасты талап етеді, сонымен қатар ар-намыс және дүниетаным бостандығын қамтамасыз ету, болашақ маманның психикалық, әлеуметтік, тән денсаулығы туралы қамқорлықты басты міндет ретінде бөлуді талап етеді.

             Тәрбиенің әлеуметтік баламалығы принципі тәрбие процесін ұйымдастыру ішінде тәрбиенің әлеуметтік жағдайы мен мазмұнының сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің міндеттері шынайы әлеуметтік экономикалық жағдайларын бағдарлайды және түрлі әлеуметтік міндеттерді іске асыруда студенттердің бағдарлы дайындығын қалыптастыруды белгілейді.

         Тәрбиенің жекешелендіру принципі әр студенттің әлеуметтік дамуының жеке траекториясын анықтау, оның жеке ерекшеліктеріне сәйкес арнайы міндеттері белгілеу, ерекшеліктеріне сай студенттерді әлеуметтік- құқықтық іс-әрекет түрлеріне қосу, оқу, қызмет, оқудан, қызметтен тыс уақытта тұлғаның потенциалын ашу, әр студентке өзін-өзі көрсету, өзін- өзі ашу мүмкіндігін беруді белгілейді .

         Тәрбиелеу ортасын құру принципі ЖОО-да болашақ маманның әлеуметтілігін қалыптастыратын қарым-қатынастырды құру талап етеді. Алдымен ЖОО ұжымының, кураторлар, педагогтар, студенттер бірлігінің ұжымды ұйымдастыру идеясы маңызды роль атқарады. Әр топта, әр факультетте ұйымдастырушылық және психологиялық бірлік қалыптастыру қажет.( интелектуалды, ерікті және эмоционалды)

          Тәрбиелеу ортасын құру, педаогикалық процес қатынасушыларының өзара жауапкершілігін, өзара көмек, бірігіп қиындықтарды шешу қабілетін ұйымдастырады.

          Адам бойындағы тұлғалықтың қалыптасуы гуманистік  мәдениеттің негізін құрайтын гумманистік құндылықтар жүйесін игеруді ұйғарады. Қоғамдық ұсынымдарды жеке адам санасына өткізу-интериоризация-жалпы азаматтық құндылықтарды жекешелендірудің жоғары псхикалық функциясына айналдыруға әкеп соқтырады. Сондықтан адамгершілік құқықтық тәрбиенің келешек моделі болып әлеуметтік (танымдық,қылықтық) аспектерді бөліп шығаратын және жекешелік салаларын біріктірудің түрі саналады.

           Осыған байланысты студент өзінің адамгершілік-құқықтық қалыптасу кезеңде өтетін үш этапты көрсетуге мүмкіндік туады.

           Біріншісі адамгершілік- құқықтық өзін-өзі реттеу механизмі студентті өз-өзін шектеуге міндеттейтін моральдіқ құқықтық сананы қалыптастыру дәрежесімен сипаталады. Бұл этапта студент «қоғамда, ұжымда осылай болуы тиіс», «көбі осылай жасайды» т.б сияқты әлеуметтік талаптарды сақтау қажеттілігіне сенім арта отырып, моральдік- құқықтық құндылықтар шкаласын игереді, бұл деңгейде сендіру механизмі жұмыс жасайды.

             Екінші этапқа моральдік- құқықтық нормаларды, принциптерді, өлшемдерді сезіну процесінде олардың құндылығын, маңыздылығын, түсіну және сақтау қажеттілігі, өз жүріс-тұрысында оларды сақтау тән. Бұл деңгейде тұлғада әлеуметтік бағдарлау қалыптасады, өзіне тән құндылықтарды қайта бағалау болады. Оның қылығы моральді- құқықтық  нормалар мен құндылықтарды қабылдағаны  туралы әскери тәртіпті бұзу мен басқа да құқық бұзушылықтардан   бас тартуын куәләандырады.

               Үшінші этапқа тәрбиеленуші де, барлық құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы сенімнің  қалыптасуы, сонымен қатар леготимді мінез-құлыққа тұрақты үйреншіліктің қалыптасуы тән. Бұл этап біздің пайымдауымызша, тұлғада сенімділіктің  күнделікті өмірлік жағдайларда адамгершілік- құқықтық білімін қолдану шеберлігінен тұратын құқықтық мәдениеттің барына және сол сенімділікті қорғау және әлеуметтік, соның ішінде студенттік, ортадағы жағымсыз көріністермен күресуге дайындығы.

              Әрине, жоғарыда сипатталған этаптар бір-бірінен оқшауланбаған. Олар тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының ортақ мәні бар психологиялық-педагогикалық процесі құрамына енеді.

               Студенттердің адамгершілік- құқықтық тәрбиесіне бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды келесідей топқа жүйелендіруге болады:

1.Жеке психикалық  факторлар: мінез- құлықтың тұлғалық белгілері, уәждеменің орта, әлеуметтік жарамды белсенді байланыстың түрлі қалыптасуы.

2.Жеке соматикалық факторлар: соматиқалық аурулар, қажетті мөлшерден аз дененің шынығуы.

3. Әлеуметтік оқу факторлары: ұжымдағы әлеуметтік психологиялық климат, топтағы әлеуметтік ахуал,оқу орнындағы оқыту деңгейі. 

4.Микро және макро ортаның әсері.

           Студенттерді адамгершілік- құқықтық тәрбиелеудің нәтижесін анықтауда аталған этаптардың әрқайсысында өлшемдердің олардың көрсеткіштерінің жүйесі ортаңғы орында.

            Студенттерді адамгершілік- құқықтық тәрбиелеу мен оқытудың нәтижелерінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мәселесін шешуде ынталандыру факторы ретіндегі кешенді әлеуметтік- педагогикалық жағдайларды жасау қажеттілігі туралы шешім шығаруға мүмкіндік береді.

           Бұндай жағдайларға жатады:

-студенттерде адамгершілік- құқықтық мінез- құлықты реттегіш ретінде құқықтық нормаларды қалыптастыру;

-мінез құлықтары мен адамгершілікті тәрбиелеуде студенттердің өзін- өзі түзетулерін ынталандыру;

-студенттерді адамгершілік- құқықтық тәрбиелеу жұмысына студент топтарының кураторларының педагогикалық  дайындығы;

           Адамгершілік- құқықтық тәрбиелеу процесі құқықтық және адамгершілік туралы белгілі білімді игеру мен ғана шектелмейді. Адамгершілік- құқықтық мазмұндағы практикалық тапсырмаларды шешудің түрлі тәсілі мен амалдарын түсінуді міндетті түрде қамтамасыз ету тиіс.

             Бұндай қорытындыны өз сипаты бойынша адамгершілік- құқықтық және қоғамдық мәні бар іс-әрекет көрсетеді. Оның ерекшелігі студенттің әлеуметтік-педагогикалық ортамен баламалық және белсенді іс-әрекетінде.          Оның барысында оқушы адамгершілік- құқықтық қарым-қатынастың жетілуіне әсер ететін субъект ретінде шығуы .

            Бұл мақсатта студент:

-Біріншіден, оның толық іс-әрекетінің процесіне белсенді қатысу: мақсат пен міндеттерін қоюда, оларды іске асыру мен келісімділік тәсілдері мен амалдарын  жоспарлауда, бақылау мен бағалау(өзін-өзі бағалау)

-Екіншіден, іс-әрекеттің  өзі құрамы бойынша қиын, мазмұны бойынша қызықты, оқушылардың интелектуалды және эмоционалды күштерінің бара-бар шиеленісуін талап ететін болуы тиіс.

-Үшіншіден, осындай іс-әрекеттің ерекшелігі   түпкілікті мақсат пен қалаулы нәтижеге жетудің тәсілі мен амалдарын таңдауда шығармашалық қарау мен ерікті таңдауға рұқсат беретін өзін-өзі басқарудың элементерін  белгілеуі тиіс.

-Төртіншіден, іс-әрекет студенттердің жеке және психологиялық жас мөлшерлерінің ерекшеліктерінің есепке ала отырып ұйымдастырылуы тиіс, түсінікі және қолжетімді, ұзақ және жүйелі, фрагментті және зіл-заланы болдырмайтын болуы тиіс.

Информация о работе Қазіргі ЖОО-да студенттерді адамгершілік-құқықтық тұрғыда тәрбиелеу