Бала тілін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

КІРІСПЕ
Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие — барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінін түпкі негізін қалайтын орын.

Работа содержит 1 файл

Курсовой бала тілін дамыту.doc

— 227.00 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен   бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие — барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінін түпкі негізін қалайтын орын.

Егемен еліміздің көк  туын желбіретер ертеңгі азамат, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса жауапты басты мәселенің бірі.

Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай  күт, бес жастан он бес жасқа дейін  құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас» - деген тамаша сөздің терең философиялық мәні бар. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері, туған ел, төлтума мәдениет, салт-дәстүр, моральдық-этикалық нормаларын қалыптастырудың қайнар көзі мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатыны ақиқат.

Бала тәрбиесі - әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, аса күрделі процесс.

Сондықтан да әрбір ата-ана өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға еркі жоқ. Егер де ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтінін, өкінішке ұрынатынын - ешбір дәлелдеп жатудың қажет етпейтіні ақиқат.

Балабақшадағы тәлім-тәрбие барлық тәрбиенің бастауы. Өйткені әр балдырғанның салауатты тіршілігі мен өмірден өз орнын табуының негізі балабақшада қаланады. Бала-ата-ананың болашақ үміті. Адамзаттың келешегі. Оның бүгінгі өмірі ертеңгі күннің өлшемі екені анық. Бала тәрбиесі, оны мәпелеп өсіру бүгінгі таңның үлесіндегі күрделі міндет. Осы міндетті балабақша ұжымы өздерінің ауызбіршілігімен, ізденімпаздығымен, шығармашылық еңбектерімен орындауда.

Баланың айналадағы өмірді танып білудегі басты жәрдемшісі тіл, ал тіл баланың сана-сезімі, ой-өрісінің жетіле түсінуіне негіз болады. Балалар сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйретіп, өлең, тақпақ жаттату арқылы тіл байлығын дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы жан-жақты білімділікке тәрбиелейді.     

Мектеп жасына дейінгі мекемеде тәрбиеленетін бүлдіршіндер мектепке толық дайындықпен барады. Айталық, бала санауды біледі, сурет бойынша сөйлем құра алады, сурет салады, тақпақ жаттап, өлең айтады, би билейді, ертегі айта біледі.

Мектепке дейінгі педагогиканың  теориялық және тәжірибелік мақсаты біреу – ол жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өміріне қажетті білім дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдениетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.

Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды.

Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте  отырып, бір аранаға түсу балабақшада  арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.

 

Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу қабілеттерін, тіл байлықтарын арттыру. Бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы тілдің пайдасын түсіндіру.

Зерттеу объектісі: Сөйлеу қабілетінің диагностикасы

Зерттеу субъектісі: Сөйлеу қабілетін зерттеу жұмысы

Гипотеза: Біз ұсынған диагностикалар арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерінің диагностикасына, олардың сөйлеу деңгейіне, сөздік қорына бір шама өзгерістер өзгертуге мүмкіндік береді. Тіл кемістігі бар балалардың сөздерді, әріптерді дұрыс айтуға арналған диагностикалар нәтижелі әрі тиімді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. СӨЙЛЕУ ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

1.1 Тіл қатынасы жөніндегі түсінік

 

Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл-қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым-қатынасқа түседі.

Ойымызды басқа біреуге жеткізудегі жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тілді өзінше пайдалануы. Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін іс-тәжірибесінде байытып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. [4]

Сөз халық қазынасы, рухани өнегелі өріс. [3]

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бір мезгілде жүріп отырады. Мұның біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі - оның мәнерлілігі. Сөйлейтін сөзінің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды. Сөздің маңыздылығы дегеніміз - екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.

Сөздің мәнерлілігі  дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі  эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айтуы.

Адам миының жарты  шарының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) жүйке саласы бар. Ол - кісінің дыбыстап сөйлей алуын басқарып отыратын орталық. Сөзді қабылдауды, оның мәнісін түсінуде мидың есту, көру, сипап сезу, қозғалыс зоналарының, төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құбылысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі болады. Бірі - адамның сөйлеу органдары толық сақталғанмен, сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, оған үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші бір түрінде адам сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанын түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, жарақатталуы, қабынуы, ісуі афазияның пайда болуына әкеп соғады.

Сөзді сигналды дұрыс талдай алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде әр қилы көрінеді. Жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде (генерамцация) болады. Мысалы, ол «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол затқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына баса назар аударады да, дыбыстың қалай айтылуын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығындағы талдау мен жинақтау әрекеті әлі де жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, оны түсіну мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөздерді жалпылай алу - адамның ойлауы мен сөйлеуінің басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие бола бастайды. [4]

«Сөйлеу» мен «тіл» ұғымдары бірдей емес. Сөйлеу дегеніміз - адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Бұл қарым-қатынасты әр адам өзінше, бірақ та сол ұлттың қолданып жүрген тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл - осы құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем, осылардың арасындағы байланыс) жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры, сондай-ақ, грамматикалық формалар болып табылады. Тіл қоғамдың өндірістің даму барысында, адамдардың өзара сөйлесу процесінде пайда болады, сөйтіп адам дайын тілді игереді.

Сөйлеу баланың ойлау  дағдысын дамыту арқылы қарым-қатынастың мақсаты мен міндетін анықтайтын шығармашылық іс-әрекеттің негізгі қызметтерін іске асырады. [3]

Адамдардың бір ұжымға бірігіп, еңбек ету процесінде бір-біріне бірдеңе айту қажеті пайда болған. Адамдар замандастарына сөйлесу арқылы сол кезеңде болып жатқан оқиғаларды баяндап қана қоймай, ол бүкіл адамзаттың барлық жинақтаған білім қорын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Бала сөйлесуді үйрене отырып, өзі дүиеге келген қоғамның өмірінен тыныс алады. Егер бала кездейсоқ бір жағдаймен сөзді үйрене алмаса, онда оның ой-өрісі төменгі дәрежеде қалған болар еді.

Бөбектер алғаш дүниеге  келген жылдары адамзат қоғамынан сырт қалып, адамдардың сөйлеген сөздерін мүлдем естімеген жағдайларды бастарынан өткерді. Мәселен, туған кезден бастап маймылдар асырап, солардың арасында өскен бірнеше баланың әр кезеңдер бойынша Үндістанда табылғаны рас. Ой өрісі жағынан бұл балалар өздерін асырап, өсірген маймылдардың дәрежесінде болған. Кейіннен мұндай балалар адамдармен бірге тұрғанда олардың ақыл-ойы өте баяу дамыған. Адам өмірінің алғашқы жылдарында оның интеллектісінің дамуына сөйлеудің қаншама мәні бар екенін осы жағдайдың өзі дәлел бола алады.

Ойлау мен сөйлеу, жоғарыда айтылғандай, бір-бірімен тығыз байланысты. Адам ойлағанда, әдетте өз ойын іштей сөз және сөз тізбегі арқылы құрып, іштей сөйлеу деп аталатын түрде береді. Іштей, ең болмаса, бір-екі сөзді құрап алмай бір нәрсені шынында да ойлап көріңізші, ойлай алмайсыз.

Алайда, адамдар өз ойын сөзбен жеткізіп, айтып бере алмайтын жағдайлар да болады. Бұдан ой сөзден бөлек бола береді деген ой тумайды. Бұл жерде адамның іштей ойлаған сөзін сыртқа шығарып, өз ойын басқа адамға түсінікті етіп, кеңінен айтып жеткізуінің қиын екендігі турасында сөз болып отыр. [4]

 

1.2 Сөйлеу түрлері

 

Пікірлесудің кез келген түрі сөз арқылы жүзеге асады. Пікір алысудың нақты мақсаты жеке жағдайларға қарай түрлі сөйлеу ерекшеліктерімен көрінеді. Сөйлеу бірнеше түрге бөлінеді. Алдымен ол сыртқы және іштей сөйлеу болып үлкен екі топқа бөлінеді. Сыртқы сөйлеу - ауызекі және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді. Ауызекі сөйлеу - тілдің негізгі түрі. [4]

Ауызша сөйлеудің негізгі  түрі - диалог. Диалог (грекше dialogos – сөйлесу, әңгімелесу), сұхбат – ауызекі әңгімелесу пішіні, екі не одан да көп адамдардың пікір алысу; ғылыми және көркем әдеби шығармаларда қолданылатын тәсіл. [7]

Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:

- мұндай сөз бөгелмей, еркін айтылады;

- ықшам келеді. Тек әңгімелесушінің өздеріне ғана түсінікті болады;

- диалогтың қисындық жағы (жоспарлылығы, бірізділігі, дәлелділігі, т.б.) кемдеу болады;

- диалог сөз ым-ишарамен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің қозғалысы, т.б.) толықтырылады. [4]

Монолог (грекше monoloqos, mono – бір, loqos – сөз) - бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың, мұғалімнің сөздері. Сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі сол адамның ішкі сыры, көңіл күйі, психологиясы терең ашылып, көрініс табады. [7]

Монолог сөзге тән  кейбір психологиялық ерекшеліктері:

-монолог сөз белгілі жоспарға сәйкес құрылады;

-логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады;

-монолог сөз адамға әсер ететін мәнерлі сөздерді қажет етеді;

-грамматикалық құрылысы белгісіз жүйеден ауытқымайды.

Ауызша сөйлеуде актив  және пассив сөздер болады. Актив сөздер - күн сайын жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер - сирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен, күн сайын қолданылмайтын сөздер.

Сөйлеудің ерекше бір  түрі - жазбаша сөз. Жазбаша сөйлеу қалам-қағаз ұстауға жараған адамның сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.

Жазбаша сөйлеу түріне айрықша талап қойылады. Оқушы жазбаша жұмыстың мазмұнымен әдетте оның авторынсыз танысады, сондықтан ол анық, түсінікті, дәл болуы қажет. Сондай-ақ, сөйлеудің жазбаша түрінде сөйлеген сөзді жандандыра түсуге қажетті сөз ырғағын, мимика мен қол қимылдарын пайдалана алмайсың. Сондықтан да сөйлеудің жазбаша түрінде қиыншылықтар көп кездеседі. Егер сөйлеу кезінде тыңдаушының түсінбегенін баяндаушы адамнан әр уақытта сұрап, айқындап алуға мүмкіндігі болса, ал ауызша және жазбаша сөйлеу адамдарға әр түрлі талап қояды. Мәселен, кейбір адамдар шешен сөйлеп, жазуға шорқақ болса, ал енді біреулер өз ойын майын тамыза жазады, бірақ сөйлеген сөзінде кемшіліктер кездесіп отырады.

Сөйлеудің көрсетілген  түрлері актив сөйлеу ұғымына жатады. Сонымен қатар, адамдардың сөйлемей, тек тыңдап отыруға тура келетін пассив сөйлеу түрі де бар. Пассив сөйлеуге басқа адамның сөйлеген сөзін тыңдап, түсіну кіреді. Ол үшін тіл құралын, сондай-ақ осы құралдар арқылы білдіретін ойларды анықтап алу қажет.

Сөйлеудің жеке бір түрі - ішкі сөйлеу. Бұл - тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ, сөйлей алудың көрінісі. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені, адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады.

 

1.3 Сөйлеудің  дамуы және сөйлеу қызметтері

 

Бала сөйлеуінің дамуы  бірнеше сатыдан тұрады. Алғашқы саты - сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың 2 айлығынан 11 айға дейінгі аралықты қамтиды. Екінші саты - бала тілінің алғаш шыға бастаған 11 айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда - бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырып, ғылыми жүйеге келтірген әйгілі мамандар Л.С. Выготский мен швейцариялық психолог Жан Пиаже.

Информация о работе Бала тілін дамыту