Білім деңгейін анықтаудың тиімді аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 14:09, статья

Описание работы

Педагогикалық теория өлшемдерінің бірі саналатын -тест тапсырмаларын профессор В.С. Аванесов амалдары арқылы құрастыру жолдары мен оны ана тілін оқыту барысында тиімді қолдану аспектілері қарастырылады.

Работа содержит 1 файл

БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ.doc

— 63.50 Кб (Скачать)


БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУДЫҢ ТИІМДІ АСПЕКТІЛЕРІ

 

 

 

 

К.С.ҚАМЗАЕВА

 

 

Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

 

 

 

Педагогикалық теория өлшемдерінің бірі саналатын -тест тапсырмаларын  профессор В.С. Аванесов амалдары арқылы құрастыру жолдары мен оны ана тілін оқыту барысында тиімді қолдану аспектілері қарастырылады.

 

 

Білім, білік, дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалар екі түрлі өлшем арқылы жүргізіледі. Оның бірі – оқушының сөйлеу қызметі, түсіну, сөйлесу, оқу мен жазуы болса, екіншісі – білім деңгейін анықтау. Білім деңгейін анықтаудың бір жолы – тест әдісі. Педагогика ғылымының докторы, профессор В.С.Аванесовтің тыңдаушысы болып,арнайы сертификат алған оқытушылар тест тапсырмаларын пайдалану арқылы өзіндік табыстарға қол жеткіздік. Дәріс беру барысында аталмыш тәсілді меңгерген студенттер өздерінің сабақтарында (үздіксіз, мемлекеттік іс-тәжірибеде) тиімді қолдануда. Тест тапсырмаларын орындау барысында басты мақсат-міндеттер анықталады. Яғни, мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегі қағидалар мен нұсқауларды біліп алудан тұрады.

 

Педагогикалық теория өлшемдерінің бастапқы ұғымы – педагогикалық тапсырмалар.

Тест тапсырмаларын құрастырудағы түр – элементтерді орналастыру мен ұйымдастырудың ұстанымы.

Тест тапсырмаларының түрлеріне қойылатын талаптар.

Синтаксис бойынша тест тапсырмаларын жасау үлгілері.

 

 

«Педагогикалық тапсырма» рельевтеріне   сұрақ, міндет,оқу проблемалары ұғымдары кіреді. Оны білім мен оқытудың  интеллектуалды дамыту құралы деп анықтауға болады.

 

 

Білім оқыту мен тәрбиелеудің адам, қоғам мемлекет игілігіндегі бір мақсаттағы үрдіс ретінде танылады. Сондай-ақ  білімді  өзіңізді және қоршаған әлемді тану жемісі  деп те анықтауға болады. Педагогикалық тапсырмалар оқушылардың  өзін-өзі танудағы танымдық қызметін жетілдіреді, белсенділігін арттырады, оқушылардың білім сапасын көтереді, сондай-ақ  педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады.Педагогикалық тапсырмалар тест және тестік емес түрде жасалады. Шет елдік білім беруде тестік  түр екі тапсырмадан тұрады. Бірі-білім беруші-оқыту тапсырмалары оқу үрдісінде жеке адамды дамытуда, ал бақылау- білім басқармаларындағы оқу кезеңінің аяқталу барысында дайындықтың құрылымы мен деңгейін анықтау мақсатында қолданылады.  Тапсырмалардың көп бөлігі оқыту мен бақылау үшін қолданылады. Тест тапсырмаларындағы (ТТ) түр - элементтерді орналастыру мен ұйымдастырудың  үлгілі принципі,  ұстанымы (Аристотель). Сондай-ақ ол(түр) – тәртіптілікті реттейтін, топтастыратын   ұстаным анықтамасы  (Кант).

 

 

Педагогикалық өлшемнің ұйытқысы 3 негізгі ұғымдардан тұрады:

 

 

 

Тест түріндегі          Тест тапсырмалары           Педагогикалық тест

 

 

Тест тапсырмаларын орналастыруда   шығармашылықпен қарау (өнер) және түр мен мазмұнды жан-жақты біріктіру көзделеді. «Test» - «проба», «проверка»: мүмкіндіктерін тексеру, байқау мағынасында беріледі де, тест түріндегі тапсырмаларға қойылатын талаптарды білу көзделеді:

 

 

- ТТ мақсаты айқын болуы(қай сала бойынша ТТ жасалады: СИНТАКСИС).

 

 

- қысқалық;

 

 

- технологиялық (шеберлік, өнер, анық);

 

 

- айтылымның логикалық түрі;

 

 

- жауаптар үшін орынның анық көрсетілуі (ерекшеленуі);

 

 

- жауаптарды бағалау  ережесінің  біркелкілігі;

 

 

- тапсырма элементтерінің орналасуының дұрыстығы;

 

 

- тәжірибеден өтушілер үшін нұсқаудың бірдейлігі;

 

 

- тапсырма мазмұны мен түрлері нұсқауларының нақтылығы.

 

 

ТТ- Қысқалық: Қажетті сөздерді жан-жақты таңдау  (символ, график), максималды нақтылық, қайталау, түсініксіздік, сирек қолданылатын сөздерді (түсініксіз) қолданбау, шешім  қабылдауда қиыншылықтарға кезіктірмеу. Технологиялық: аудиовизуалды құралдар көмегімен жүргізу: дәл, тез, үнемді, объективті, манитор экранында түрі мен мазмұны жақсы көрінуі тиіс.

 

 

Айтылымның логикалық түрі: ТТ мазмұнының ұйымдастырылу тиімділігі мен реттілігін анықтайтын құрал. Жауаптар үшін орынның анық көрсетілуі (ерекшеленуі): Бір жауабы дұрыс тапсырмаларды таңдау. Осыған орай мына нұсқау нақты берілуі тиіс:

 

 

Бір  ғана жауабы  дұрыс тапсырмалар.

 

 

Дұрыс жауапты дөңгелектеңіз. ТТ нұсқаусыз берілмейді.

 

 

Тапсырмада бірнеше жауабы дұрыс болса, -Нұсқау:

 

 

Екі және бірнеше жауабы дұрыс тапсырмалар.

 

 

Мынадай жауаптары бар ТТ болмайды:

 

1. «Дұрыс  жауап жоқ»

2. «Барлық жауаптар дұрыс»

3. «Барлық жауаптар бұрыс»

 

 

Жауап  арнайылап сызылған сызыққа жазылады. Әрбір тапсырманың жауабы мәтіннен

 

 

төмен жазылуы тиіс. Жауаптарды бағалау ережесінің біркелкілігі: ТТ уақыт барлығына

 

 

бірдей (еш жеңілдік қарастырылмайды).

 

 

Бағалау ережесі алдын ала нақтыланады. ТТ мазмұны мен түрлері нұсқауларының нақтылығы қажет. Мазмұны мен түрінің сәйкессіздігі болған жағдайда  тапсырманы түсінбей, қателесуге бой алдырады.

 

 

Оқушының логикалық ойлауын, жалпы жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдануда тест тапсырмаларының орны ерекше. Білім алушылар категориясына қарай дәстүрлі(жалпы білім беру,) орта білім алушыға бағытталған, тереңдетілген білім беру, дарынды білім алушылармен жұмыс жүргізу технологиялары тест тапсырмаларын жасауда негізге алынады.

 

 

Тест тапсырмалары барысында қолданылатын әдіс түрлері: Дәстүрлі проблемалық әдіс: алынған шешімдер мен нәтижелерді бір жүйеге түсіріп, оларды қолдану жолдарын анықтау көзделеді. Әңгіме әдісі(еске түсіретін): меңгеруге тиісті материалдардың түйінді мәселелерін оқушылардың өздері ашатындай жағдай тудыру қажет. Байқау әдісі: мәселен, сөз тіркестерін жазуда да, сөйлеуде де дұрыс қолдана білу үшін, оның мағынасы мен формаларын білудің міндет екенін аңғару. Байқалғандарынан ненің басты, ненің қосымша фактор екенін аңғарып, соның негізінде дұрыс қорытынды  шығару, ой қорытындысының дұрыстығын байқаған дәйектемелермен дәлелдеп беру.

 

 

 

 

СИНТАКСИС

 

 

 

 

ТАПСЫРМА: ЕКІ ЖӘНЕ БІРНЕШЕ ЖАУАБЫ ДҰРЫС ТАПСЫРМАЛАР

 

 

 

 

1.  СИНТАКСИС ЗЕРТТЕЙТІН САЛАЛАР

 

 

1) етіс

 

 

2) шырай

 

 

3) сөйлем *

 

 

4) сөз табы

 

 

5) сөз тіркесі *

 

 

 

 

2.  СӨЗ ТІРКЕСІ ҚАРАСТЫРАДЫ

 

 

1) сөздердің өзара тіресу қабілеттілігін *

 

 

2) сөздердің тіркесу тәсілдері, түрлерін *

 

 

3) сөздердің құрылу принциптерін

 

 

4) сөз тіркестерінің құрамын *

 

 

5) сөйлем құрамын

 

 

6) сөйлем түрлерін

 

 

3 . СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ ҚАРАСТЫРАДЫ

 

 

1) сөздердің грамматикалық жүйесін

 

 

2) сөйлемнің құрылу принциптерін *

 

 

3) морфологиялық жүйесін

 

 

4) сөз таптарының жүйесін

 

 

5) сөйлемнің құрамын *

 

 

6) сөйлемнің түрлерін *

 

 

 

 

4. СӨЗ ТІРКЕСІ

 

 

1) бір мағыналы сөзден құралады

 

 

2) сөйлем мүшелерінің тіркесі

 

 

3) сөз таптарының тіркесі *

 

 

4) сабақтаса байланысады *

 

 

5) салаласа байланысады

 

 

5.  СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ ҚАРАСТЫРАДЫ

 

 

1) лексика мен морфология ұғымдарын

 

 

2) тиянақты ойды білдіретін бір сөзді

 

 

3) анықтауыштық есімдер тобын

 

 

4) құрмалас сөйлем синтаксисін *

 

 

5) жай сөйлем синтаксисін *

 

 

6) сөз тіркесі синтаксисін

 

 

6. СӨЙЛЕМДІ АЙҚЫНДАЙТЫН НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕР

 

 

1) сөз не сөз тіркесінен құралу *

 

 

2) пысықтауыштық қатынас

 

 

3) толықтауыштық қатынас

 

 

4) предикаттық қатынас *

 

 

5) заттың атауы

 

 

6) аяқталған ой *

 

 

7) модальділік *

 

 

8) интонация *

 

 

 

 

8. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ

 

 

1)      қиысу

 

 

2)      жанасу

 

 

3)      матасу

 

 

4)      меңгеру

 

 

5)      жалғау арқылы *

 

 

6)      интонация арқылы *

 

 

7)      орын тәртібі арқылы *

 

 

8)      септеулік шылау арқылы *

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

9.    Мұхтарды көрді *

 

 

Оспанмен келді

 

 

Жауабын алды

 

 

 

 

1)      қиысу

 

 

2)      матасу

 

 

3)      жанасу

 

 

4)      қабысу

 

 

5)      меңгеру *

 

 

ӨЙТКЕНІ

 

 

 

 

1)      атау

 

 

2)      ілік

 

 

3)      барыс

 

 

4)      жатыс

 

 

5)      табыс *

 

 

6)      шығыс

 

 

СЕПТІКТІ.

 

 

10. СӨЙЛЕМ АЙТЫЛУ МАҚСАТЫНА ҚАРАЙ

 

 

1) лепті *

 

 

2) хабарлы *

 

 

3) септеулі

 

 

4) сұраулы *

 

 

5) шылаулы

 

 

6) жалғаулы

 

 

7) бұйрықты *

 

 

8) жұрнақты

 

 

 

 

 

 

11. СӨЙЛЕМ

 

 

-сен қайдан келдің? *

 

 

-жаяу ма, көлікпен бе?

 

 

-сен осы ауылдың баласы шығарсың?   ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

 

 

 

 

1)      лепті сөйлем

 

 

2)      бәсең дауыс

 

 

3)      көтеріңкі дауыс

 

 

4)      сұраулы сөйлем *

 

 

5)      хабарлы сөйлем

 

 

6)      ше демеулігі арқылы

 

 

7)      сұраулық шылау арқылы

 

 

8)      сұрау есімдіктері арқылы *

 

 

9)      көмекші есімдіктер (күрделі баяндауышта)

 

 

 

 

12..   ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ

 

 

ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ             айтылу мақсат-мағыналары

 

 

СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ *                         сұрақтар мазмұны

 

 

БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ

 

 

 

 

 

 

1)      тілек                     8) қуаныш

 

 

2)      өкіну                    9) баяндау

 

 

3)      ашық *                 10) күмәнды *

 

 

4)      қарсы *                11) жалыныш

 

 

5)      кеңес                    12) таңырқаулы *

 

 

6)      талап                    13) риторикалық *

 

 

7)      аяныш                  14) бірсыдырғы, баяу, бәсең

 

 

 

 

 

 

 

 

ТОЛЫҚТЫР: ТАПСЫРМА: ДҰРЫС ЖАУАП ЖАЗУ

 

 

 

 

13.Сөз тіркесіне қажетті шарттың бірі  _____.

 

 

14. Сөйлем үшін негізгі материал  ______.

 

 

15.  Кәсіпті білдіретін есімді тіркес ________.

 

 

16. Үстеу қатысқан есімді тіркес  _________.

 

 

 

 

Жоғарыда келтірілген ТТ құрастыру алдында мұғалім барлық сабақ барысының әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық оқу іс-әрекетін жандандыра, белсендіре алатындай нақты міндеттерді айқындап алып, жоспарын түзеді. Жоспар сайып келгенде, оқыту үдерісінің нәтижесіне болжам жасай отырылып, шәкірттердің білім сапасының жоғарылығы олардың өз іс-әрекеттерінің сипатына тікелей тәуелді екенін үнемі басшылыққа алады. Оқытудың жүйелілік, бірізділік принципі де басты назарда ұсталады.Оқу материалын саналы түсінуі үшін оқушылардың оқуға деген белсенділігі, ынтасы арттырылады, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Түрлі шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді. Сонымен бірге, ережелер мен анықтамаларды саналы түсінуі үшін оқушылар тіл фактілерін дұрыс ажырата білуге машықтанады(сөз тіркесі, еркін тіркес, атаулы тіркес т.б.). Оқытудың берік, тиянақты болу принципі- ТТ орындауда басшылықта ұсталынатын негізгі де өзектісі. ТТ  үзбей орындап отыратын оқушыларда материалды жан-жақты меңгеру, есінде берік сақтау, құрғақ жаттауға жол бермеу, білгенді ұмытпау үшін қайталау, өзін-өзі бағалау қасиеттері қалыптасады.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1. М.Жампейісова .«Оқыту-тәрбиелеу технологиясы»–Модульдік оқытудың құрылымы, №3.2008.

 

 

2. Қ.Айтжанова.Оқытудың алдын ала болжау ұстанымы, ҚТмӘ,№47.2002.

 

 

3. Ф.Оразбаева. «Тілдік қатынас:теориясы мен әдістемесі», А.,2000.

 

 

4. В.С.Аванесов. «Форма тестовых заданий», М; Исследовательский центр.2006.

 

 

5. В.С.Аванесов. «Композиция тестовых заданий. М; Исследовательский центр.2002.

 

 

6. В.С.Аванесов. «Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме» М.:МГТА, 1995,2001.

 

 

7. Н.Д.Никандров «Понятийный аппарат педагогика и образования:перспектива исследования\ Педагогика.1997.

 

 

 

Ақ орда



Информация о работе Білім деңгейін анықтаудың тиімді аспектілері