Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 19:00, доклад

Описание работы

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.

Работа содержит 1 файл

Orazov.doc

— 215.50 Кб (Скачать)


Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі

жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың

ғылыми - педагогикалық негіздері

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие.  Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның  денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының  бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша,  біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын.

Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы  негізгі мәселенің бірі –дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.

Болашақ мұғалімнің жеке басының маман ретінде қалыптасуы үшін  кәсіби сапасының негізгі талаптарының бірі ретінде оның жалпы ғылыми-әдістемелік даярлығын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда күн тәртібінде студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту міндеттері қойылып, болашақ мұғалімнің дербестігі мен белсенділік дағдысын тәрбиелеу және дамыту қажеттілігі күннен-күнге артып отыр. Жоғары оқу орындарына болашақ мұғалімдерге өз кәсіби міндеттерін жете білетін, қажетті педагогикалық дағдыларды меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді тәрбиелеу мен оған мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті жүктелген. Осы мақсатта жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындаудың сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ тәрбиенің ықпал жасау өрісі де орасан кеңейе түсті.

Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі туралы идея, озат тәжірибелер мазмұны түрлі елдерде тарихи кезеңдерде философтар мен педагогтардың, психологтардың тұжырымдарына негізделген.

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда болатынын анықтауға болады:

- дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;

- әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары;

- үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;

- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен ғылыми негізделген тұжырымдамалар;

- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дамыту жөніндегі мемлекеттік сұраныстар.

Дене тәрбиесінің адам әрекетінің сан – қилы сипатымен, өзіне тән ой-сана мен даму заңы, өзара ішкі байланыстары мен өзара ықпалдастықта дамитын ерекшеліктері, әдістері мен өзіндік тарихы қалыптасқан. Нәтижесінде дене тәрбиесі теориясы ғылым ретінде қалыптасып, мәні мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді (Сурет 1).

Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі ұйымдасқан ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денешынықтыру жаттығулары қарапайым болғанымен, олардың адамды қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.

Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді оның бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, өзін-өзі үнемі дамыту қажеттігіне тоқталады. Ол «дененің саламаттылығы» ұғымын енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде мынадай үш қасиет болу қажет деп есептейді: дене күші, рухани және ақыл-ой, олар өзара үйлесімді дамыған жағдайда ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға болатынын дәріптейді.

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында ұлттық психологиямыз бен ұлыстық ерекшеліктерімізге тоқтала келе, «кемел адам» ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында мынадай қасиеттер: жомарттық, саламаттылық, білімділік, ақылдылық, бір сөзде тұру, ширақтық болу қажет дейді.

Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Мысалы, «Сегіз аяқ» өлеңінде бойдағы, денедегі күш - қуатты ойсыз, ақылсыз іс - әрекетке жібермей, белсенді өмір сүре

отырып, өзіңді дамытатын, жетілдіретін іспен ұштастыра білу қажеттігін ескертеді. Әсіресе, «Қара сөздер» адам тәлім-тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін, жай ғана бағыт қана емес, ғылыми негізге сүйенген, өмірлік жағдайлардан алынған философиялық тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дүние.

Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл қоймасы халықтық тәлім-тәрбие бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: «Азған денеге ауру үйір», «Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар», «Ақылсыз жігіт күшіне сенер», «Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсаулығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген әлек», т.б. деп дене тәрбиесін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді.

Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т.б. дене тәрбиесі мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.

Кейінгі жылдары жастардың тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар, заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны, ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат – ұрпақты қазақ халқының жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың өкілдерімен жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі болып саналады.

Соңғы уақытта жеке тұлғаның дене тәрбиесі үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл мақсат үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму талаптарына жауап бере алады. Бұдан басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; сонымен қатар субъекттің жеке өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған «болашақ жоспары» туралы идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер оқу-тәрбие үдерісінің тиімділік талап өлшемдерімен нақтыланады.

Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру проблемасы зерттеліп, теориялық негізінің жасалғанына қарамастан бүгінгі күні ол көкейкесті және ашық мәселе болып қалуда. Бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуындағы өзгерістермен байланысты. Бұлар дене мәдениеті саласында диалектикалық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымдардың әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, мектеп оқушылары үшін дене тәрбиесінің жаңашыл - педагогикалық ұйымдастыру жобасын жасау қажет. Бұл жоба олардың дене мәдениетін қалыптастыруға бағытталады және оның көмегімен жеке физиологиялық, гигиеналық жағынан алдын алу және емдеу қажеттіліктерін жүзеге асырып қана қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға болуға, жемісті еңбек етуге дайындық жасалады (Сурет 2).

Қазіргі кезеңде мектеп және жоғары оқу орны бағдарламаларын құрастыру тұжырымдамасы өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушысы мен студенттің қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Жаттығулардың орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.

Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердегі, жоғары оқу орындарындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау қажеттігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене мәдениеті тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әрине, мәдениет теориясының құбылыстары және олардың түрлеріне сай, жасалып жатқан қандай да теориялық ережелер, тұжырымдамалар көп және олар әлі де жүргізілу үстінде.

Дене тәрбиесі білімінің негізгі мақсатын анықтау үшін белсенді жұмыс атқарылып, оны қозғалыс сапаларының дамуы, енді біреулері білім міндеттерін шешу құралы деп анықтайды. Үшіншілері, оқушыларды спорттың бір түрімен дамыту және сауықтыру деп ұсынса, төртіншілері, «ең басты мақсат – бұл сауықтыру» деп таныды. Ақырында, авторлардың бірқатары басты мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық жетілдіру үдерісімен бірлестіруден деп есептейді.

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында мамандық пәндерінің әдістемесін оқытуда педагогика мен психология  ғылымдары арасындағы өзара байланысты күшейте отырып, білімді  игеру үшін оқушының танымдық ой-тәсілдері мен тәрбиесі жүйесіне байланысты ұғынуын дамыту қажеттігі айқын көрінеді.  Жоғары оқу орнын білімді    игеру     тәсілдерін     ұсына   отырып,   ойлау     әрекеттері     арқылы студенттердің ұғынуына қажетті субъективті түрдегі қабылдаудың нақты әдістерін қамтамасыз ету қажет. Оқу бағдарламасы студенттердің жеке тұлғалық, кәсіби дайындық, жалпы танымын және ұстаздық еңбегіндегі кәсіби өзгерістер мен қойылатын талаптарды жете түсінуі керек. Педагогикалық білім беруді дамыту – білім беру әдістері мен тәсілдерін меңгеру, оқытумен қатар,

болашақ мұғалімнің оқушы белсенділігін дамытуды жоспарлап, шәкірттерінің іскерлігін қалыптастыруға дайындау. Оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысы теорияның тәжірибемен байланысы принципінде құрылады. Ол студенттердің теориялық білімдері мен тәжірибелік іскерліктері, дағдылары жүйесінің арасындағы қажетті  байланысты білдіреді.

Осыдан жоғары оқу орындарындағы педагогикалық тәжірибе ерекше, ал ол болашақ мұғалімдерді дайындау уақытының үштен бір бөлігін алады. 

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде педагогикалық тәжірибені жетілдіру мәселелері көрсетілген. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді саралау арқылы педагогикалық практиканың мүмкіндіктерін, ұйымдастырудың өзекті әдістеріне талдау жасалынды. Педагогикалық тәжірибе болашақ мұғалімдерге тәрбиелік әсері аса зор, ол студенттің идеялық сенімін, адамгершілік бейнесін қалыптастырады. Студенттер педагогикалық тәжірибеге дейін ғылыми - педагогикалық нақты білімдер алады. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық даярлықтар жүйесін жетілдірудің міндеттері, олардың теориялық білімдерімен қаруландыру ғана емес, олардың алған білімдерін мектепте, педагогикалық тәжірибе кезінде қолдана алуы. Педагогикалық тәжірибе болашақ мұғалімдер  мен сынып жетекшілерін дайындаудың басты кезеңі. Олардың мұғалімдік және сынып жетекшілік қызметтерін орындай отырып, алған білімдерін сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда және ата-аналар арасында насихаттауға толық мүмкіндіктері бар. Студенттердің теориялық алған білімдерін педагогикалық тәжірибе кезінде шығармашылықпен қолдануы бұл болашақ мұғалімдердің кәсіби толысуына әсері зор.

Студенттердің дене тәрбиесі бойынша теориялық білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының терең, жүйелі және әсерлі болуы олардың педагогикалық даярлықтарының басты көрсеткіші. Болашақ мұғалімдердің сабақ беруге даярлық көрсеткіштері олардың білімдерінің нақты, терең,  жүйелі болуы, сол білімдер арқылы оқушыларды жаттықтыру іскерліктерімен және дағдыларымен қарулануы деп түсіну керек. Педагогикалық тәжірибе кезінде істелген студенттердің жұмыстары курстық және дипломдық жұмыстарда кеңінен пайдаланылса тиімді. Дене тәрбиесі мамандығындағы студенттер тәжірибелік дене тәрбие сабақтарында әртүрлі жаттығуларды пайдаланып, қызықты сабақтар өткізуді және пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың, үйірмелердің жұмыс формаларын анықтап, олардың тақырыптарын жоспарлары мен мазмұндарын жасайды.

Ғылыми прогресс өркен жайған қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында мектеп үшін оқу тәрбие жұмыстарын шығармашылықпен жүргізе алатын мұғалім - тәрбиешілер дайындаудың  теориялық деңгейін көтерудің маңызы ерекше. Үнемі көбейетін ақпараттар тасқыны жағдайында жастарды жан-жақты дамыту  мұғалімнің өзінің ғылыми теориялық білімін күнделікті көтеруді талап етеді. Қазіргі мектепке өз пәні бойынша сабақты тартымды өткізуімен қатар, оқушыларды ғылым мен техниканың жетістіктерімен қызықтыра алатын мұғалім қажет. Соған байланысты  жоғары оқу орнының студенттері бойында өздерінің болашақ қызметіне зерттеуші ретінде қарауға деген ұмтылысты қалыптастырудың ерекше маңызы бар. Бұл міндетті үйірме мен курс жұмыстарына, студенттердің ғылыми конференцияларына қатысу арқылы, әсіресе, педагогикалық тәжірибесінде нәтижелі шешуге болады. Бұлар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына араласып, өз бетімен жұмыс істеуге, дағдылануына мүмкіндік береді. Ал мұның одан кейінгі педагогтік қызметте ерекше маңызы бар.

Информация о работе Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі