Дағды дегеніміз не?
Реферат, 10 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.
Работа содержит 1 файл
Дағды дегеніміз не.doc
— 186.50 Кб (Скачать)2-сыныпты бітірген оқушы:
- ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін ажырата алуды;
- мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын;
- мәтіннің атауын, мәтіннен кейінгі сұрақ – тапсырмаларды таба алуды;
- көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелей алуды;
- мәтіннің түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) ажыратуды;
- өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі.
- Мәтіннің негізгі ойын;
- мәтіндегі оқиға желісін;
- мәтіндегі ақын-жазушының көңіл-күйін түсінеді.
- Мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
- оқыған немесе көрген оқиғасы жөнінде ауызша әңгімелей алуды;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді меңгереді.
3-сыныпты бітірген оқушы:
- ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрларын (аңыз, ертегі, мақал – мәтел, жаңылтпаш, айтыс, шешендік сөздер, батырлар жыры, айтыс өлеңдер т.б.) ажырата алуды;
- шығарма авторларын, олардың көзқарасын;
- авторы арқылы шығармаларын атауды;
- көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтінді толық және қысқаша әңгімелей алуды;
- көркем шығарма жанрларын (әңгіме, өлең, қара сөз т.б.) ажырата алуды;
- өлең жолдары мен шумағын;
- шығарманың тақырыбы мен басты кейіпкерлерін атауды біледі.
- Мысалдағы аллегорияны;
- көркем шығарманы өмірмен байланыстыра білуді;
- мәтінді тапсырмаға сәйкес теріп оқуды;
- мәтіндегі белгілі мен белгісізді түсінеді.
- Мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);
- ата – аналарына құттықтау, достарына хат жазуды;
- жыл аяғына дейін 4-5 тақпақ, 4 - 5 өлең, 3 - 4 үзінді, 4 - 5 жұмбақ, 5 - 6 мақал-мәтелді жатқа білуді;
- мәтінге жоспар құруды;
- мәтін бойынша сұрақтар қоя алуды меңгереді.
4-сыныпты бітірген оқушы:
- халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, наным-сенім өлеңдері, тұрмыс-салт жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;
- жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми - танымдық шығарма, очерк, мақала, жарнамалық мәтін) ажырата алуды;
- көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;
- өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;
- мәтіннен теңеу, кейіптеу, эпитетті таба алуды;
- мәтінге жоспар құруды;
- шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.
- Шығарманың тақырыбы мен идеясын;
- шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;
- ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;
- мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.
- Портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;
- көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;
- мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;
- мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын) меңгереді.