ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы этнопедагогикалық ойлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 09:35, доклад

Описание работы

Қазақ этнопедагогикасының нысаны – ұлттық мектеп, отбасы, ұлттық педагогикалық болмыс. Қазақ этнопедагогикасы қазақ этникалық тәрбиесін зерттейді. Қазақ этнопедагогикасының пәні - этникалық тәрбие дамытатын этнос субъектісі.
Тамыры тереңнен нәр алатын ұлттық тәрбиеміздің даму кезеңдері тарихи және мәдени дамумен астарлас, әрі өзінің ұлттық айшықтық - нақыштарының маңыздылығымен құнды.

Работа содержит 1 файл

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы этнопедагогикалық ойлар..doc

— 121.50 Кб (Скачать)

Ыбырай   Атынсарин  1850-1857 жылдары Орынбор шекаралық  комиссиясында оқып, оқуды үздік бітірді де, қазақ даласындағы ағарту жұмысын  қолға алуға бел байлады,

Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиеті мен мәдениетін жан-жақты зерттеп оны қазақ халқы үшін пайдаланды,

1860 жылы ол қазақ  балалары үшін мектеп ашуға  (Торғайда) рұқсат алады. Халықтың  қаражатымен 1864 жылы мектеп (болыстық, 8 қаңтарда 14 бала) жанынан интернат  ашылды. Ол: «Мен қазақ  классикалық гимназияларында ауыл шаруашылық академияларында   оқып, білім алуын , өз халқына қызымет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін» - деп жазды.  Педагог арифметиканы  ана тілінде оқыты, қазақ әліппесін жаңаша құрмақ болып, 1879 жылы қазақ хрестоматиясын орыс әріптерімен жазды. 1879-89 жылдар  аралығында  Торғай облысындағы қазақ мектептерінің инспекторы болып  қызмет атақарып,  осы кезде 4 училище,7 мектеп ашты. 1888 жылы 10 сәуірде   Омскі қаласында мұғалімдер мектебін  ашты.   

Ыбырай   Атынсарин  қазақ әліппесін ұлттық   ерекшіліктерге сәйкес құрып, қалыптастыруды арман етті. Ол үшін кирилица нұсқасын алып,  оған қазақи дыбыстардың әріптерін белгілеп қосуды ойлады. Сөйтіп алғашқы хрестоматияны («Қазақ хрестоматиясы»- « Киргизская хестоматия», 1879)  шығарды. Өйткені мың жылдан астам қазақ жазуында қолданылып келе жатқан араб әліппесі қазқтың ұлттық фонемасына сәйкестендірілмеді, оның фонетикалық жағынан күрмеу бола бастағанын ұстаз бала оқыту кезінде байыптады. Бұл жайды белгілі ғалым (филолог-лингвист) Ахмет Байтұрсынов та кейіннен  кеңінен зерттеп , төте оқу әліппесін түзген болатын. Қазақ мектептерінде 1940 жылдан қолданыла бастаған қазіргі әліппе арқылы қазақтың ұлттық жазуы дамып, қалыптасты. 

Қазақ халқының  келешегі - қыз балаларды тәрбиелеуге де байланысты деп түйген ұстаз көзі тірісінде қасында интернаты бар бірнеше қыздар училищелерін ашты, ол игілікті жұмыс кейін жалғасын тапты. Ыбырай Атынсарин ашқан мұғалімдер даярлайтын мектептің шәкірттері (Спандияр Көбеев, Әбіғали Балғынбаев т.б)  кейінен  жаңа мектептер ашып, тарих арифметика, жаратылыстану пәндеріне қоса қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды қолға алып, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлді.

 

4.Абай Құнанбаевтың  гуманистік идеяларын нақтылы  мысалдар арқылы аш.

Абай– ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның оқу-ағарту ісі мен мәдениетінің алға басып, өрістеуі жолында да аянбай күрескен тұлға,  қазақтың ұлы ақыны, философы.

Абай қашанда гуманизмді, адамдық қасиеттерді уағыздаған. Алла ісіне сеніп, мұсылман болудың шарты Абайдың ойынша – адамға адамшылық жасау. Бір сөзінде Абай «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ», – дейді тағы бірде «Алланың, пайғамбардың жағындамыз, ынтамызды бұзбастық иманымыз», – дей отырып, олардың үлгі өсиеттерін жақтайды.

Абайдың дін, иман, сенім туралы ойлары зерттеу барысында оның құдайға, Аллаға,  дінге деген сенімін берік екеніне көзіміз жетті. Ол «тұлғаның туралыққа тұрақтандыратын күш екеу – дін мен сенім. Дін сенімді медет тұтқан адам ғана бұл дүниеде ұлағат атқа иемденеді. Осы екеуі аманатқа лайық істің түйіні. Халықтың берекесін орнықтару және бүлікшілік пен бақытсыздық арандатушыларға тоқтам салу», – деген

Абайдың философиялық ой-пікірі 19-ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Ширази, Низами, Науаилардың шығармаларын және ислам философтарының көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларымен және Сократтың еңбектерімен толық танысты.

Абай өзінің философиялық көзқарастарында: дүниенің, әлемнің обьективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай, бейне бір ағып жатқан судай әрекеттеніп өзгеріп отырады деп таниды. Бұл жөнінде Абай былай тұжырымдайды: “Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды”, “Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел”; “Алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын-інілер, кезектене бөлінер, баяғыдай көрінер”- дейді.

Ұлы Абайдың қара сөздері (оның ғақлиялары, өсиет сөздері  деп те жүрміз) қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Данышпан кемеңгер ақынымыз көсем сөз арқылы өзінің дүниетанымдық, тәрбиелік ойларын жастарға баяндап, ұлттық- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардағы кемшіліктерді айтып, елді түзеп, ерді тәрбиелеуге терең ой жұмсаған.  

Абай педагогика саласынан  арнайы ғылыми-теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен  шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен  қара сөздерінен жастарды тәрбиелеу  мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.

Абай адамның ақылды, білімді болуы оның тумысынан  емес, айналадағы дүниені сезіп-біліп, үйренуінен, еңбек етуінен деп  қарайды. “Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз,-дейді Абай. Жаралып, жасалып қойған нәрселердеі көзбен көріп, ақылмен біліп сезбекпіз”. Демек, Абай білудің сезімдік және ақылдық таным арқылы болатынын құптайды. Бірақ ол ақиқатты анықтаудың өлшемі ақыл деп есептейді : “Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз, ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты, ақылменен жеңсеңіз”, “Ақыл мизам, өлшеу қыл” деп  танымдағы ақылдың рөлін көтермелеп, рационалистердің позициясына жақындайды.  

Абайдың он сегізінші  сөзінде: “…Тегінде адам баласы  адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектін бәрі де ақымақтық”. Адамның сырт келбеті жөнінде жақсы пікір айтады. “Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап, әуре болмақ”. 

Ақын “Отыз екінші сөзінде” ғылым-білімді күн көріс  үшін ғана іздемеу керек, “ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін, үйренбек керек”, “әрбір ақиқатқа тырысып, иждаһатымен көзің жетсе  соны тұт”,-дейді, ол, 34-38- сөздерінде діннің тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, алланың ақ жолыңда халықты имандылыққа тәрбиелеуді көздейді.

… Күллі адам баласын  қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан  қашпақ керек. Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық деп білесің.

Надандық-білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені  оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік-хайуандық  болады.

Еріншектік - күллі дүниедегі  өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады.

Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады. (отыз сегізінші сөзінен).

Абай өзінің  “Қырқыншы сөзінде” жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді.

Оқыту жұмысы  нәтижесінде пайдалы болу үшін Абай, орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский айтқандай балаларды әуелі ана тілінде оқытуды, оларға шын ғылыми білімдер беруді, одан кейін барып шетел тілдеріне, мәселен араб, парсы тілдеріне үйретуге көшуді ұсынды.

Абай оқыту үрдісінде ақыл-ойды дамыту керек екендігін, онсыз білім алуға болмайтындығын өте дұрыс көрсетеді. Ойлау мен  қиялдауды дамыту айналадағы дүниені, құбылыстар мен заттарды жан-жақты терең танып білуге мүмкіндік береді.

Ақылменен ойлап білген сөз,

Бойыңа жұқпас сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар.

«Ақыл-ойды жетілдіру, оқыта  білу мен оқуға байланысты. Талапты  білмей, іздегенмен табылмас,»- деп  Абай білімді меңгеру жолдарын, әдістерін  түсіндіріп  талап етті.

Абай түсінігінде адамның ең жақсы қасиеттері-ерлік, табандылық, тұрақтылық, әділеттілік және шыншылдық, сыпайгершілік, еңбек сүйгіштік, білімге құштарлық пен ақылдылық.

Ақынның ойынша, еңбек арқылы бойдағы  бір қасіретті жоюға болады. Ұлы  Абай еңбектің өзіндік ерекшеліктерін ашып, жастарға үлгі-өнеге етіп, адамның талапты, белсенді болуын,өзінен басқаның жақсы істерін көріп, біліп, олардан үлгі-өнеге алуын қалайды. Шәкіртті білім жолындағы еңбекке үйретіп баулуда, алдымен еңбекке деген сүйіспеншілікті өркендету, еңбектің нәтижесіне қол жеткізу сезімін әдетке айналдыруды дәріптейді.

Абай өз кезенінде қазақ қоғамының  болмысына үңіле қарап, адамгершілік мінез-құлық түрін ұсынады; “Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге  асық бол, адам болам десеңіз… Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал  шашпақ,   бес дұшпанның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз. Жамандық көрсең нәпрәтілі, суытып, көңіл тыйсаңыз, жақсылық көрсең ғибратылы, оны ойға жисаңыз” деп әдептілік пен қайырымдылықты дәріптейді: “Ғадалат пен мархамат-көп азығы, қайда көрсең болып бақ соған көмек” дейді.

Абайдың айтуынша, адамгершілігі мол  адам, батыл, ержүрек болуға, қорқыныш дегенді білмеуге тиіс, қайткен күнде  алдына қойған мақсатқа жете білуге тиіс. Абай жастарды тәрбиелеудің әртүрлі  жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлі өте зор екендігін ескере отырып, Абай балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың өздері жақсы тәрбиеленген болуы керек екендігін ескертеді.

Ақын қараңғы түндегі жарық  жұлдыз тәрізді, надандыққа, түнекке  және мәдениетсіздікке қарсы күресті. Оның арманы-орыс халқы мен қазақ  халқының арасындағы достық қатынасты  күшейту, қазақ жастарын орыс тіліне, мәдениетіне үйрету ақынның  бұл сөздерінің маңызы бүгінгі заманымызда да айрықша зор.

Ұлы ақынның осыдан бір жарым  ғасыр бұрын айтылған ойлары қазіргі  заманның өзекті мәселелерімен үндесіп  жатқандығы айқын. Отанымыздың өсіп-өркендеуі  үшін, елдегі саяси тұрақтылықты сақтау, ұлттар арасындағы бірлікті сақтау қажеттігі керек. Сонымен қатар, тек экономикалық дамыған елдер ғана келешекте әлемдік қауымдастықта өз орынын таба алады. Ал оған қол жеткізудің бірден бір жолы - ғылым мен білім дамуына баса назар аудару. Тек білімді халықтың ғана болшағы болатынын ескеруміз керек. Демек, А.Құнанбаевтың педагогикалық мұралары ұлттық педагогика ғылымының алтын қорына қосылған елеулі  үлес болып табылады.

 

 

 5.Ы.Алтынсариннің қазақтың  салт-дәстүрі туралы ойлары.

 

Қазақ халқының ғұлама ойшылы, қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог ағартушы, ақын және прозик, балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитінің негізін қалаушы ретінде Ы. Алтынсарин мектеп пен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес келу идеясын ұсынды. Ы.Алтынсариннің пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектептерінің бірінші бөлімінің бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс деген қағида ұсынды. Ыбырай өз тұсындағы мектептерде дін сабағының өту мүмкіндігін пайдаланып, қазақ балалары үшін «Шариятұл- ислам» деген оқулық жазды. Бұл кітап кезінде балалардың мұсылман дінінің қағидаларын игеруіне айтарлықтай үлес қосты. Ұлы педагогтың тағылымдарына сүйеніп, мұсылман дінінің адамгершілікке, қанағатшылдыққа, қайырымдылыққа, білімге байланысты т.б. тәрбиелік мәні бар жақтарын мектеп жағдайында сабақтан тыс уақытта пайдаланып отыру жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуде пайдалану қажет деп есептейміз.

Мектептегі тәрбие жұмысында «Аурудан аяған күштірек», «Асыл шөп», «Малды пайдаға жарату» атты әңгімелері қайрымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық секілді қасиеттерді тәрбиелеуге арналған. «Әке мен бала» әңгімесінде ғұлама ұстаз ақыл – насихатқа толы: «Аз жұмысты қиынсынсақ, көп жұмысқа тап боларсың» секілді шын мұсылмандыққа тән қасиеттерге үндейді.

Сынып жетекшілерінің тәрбие жоспарынан педагогикалық тәжірибе жинақтау кезінде  имандылық тәрбиесіне байланысты әңгімелер, діни адамдармен сұхбат өткізу, мұсылман дінінің шарттары жөнінде іс –  шаралар сирек кездесетінін байқаймыз. Ы.Алтынсарин дін, тәрбие, білім мәселелері тұрғысында көп еңбектерін өзіндік көзқарастарын көрсете білді. Ол ислам дінінің аяттарындағы адамгершілік, қайырымдылық, имандылық қағидаларын өзіндік педагогикалық көзқарастарына негіздеп қарауды көздеген.

Ұлы педагог Ы.Алтынсарин заманында  діни кітаптардың барлығы араб тілінде  болғандықтан, оның мазмұнына молда  да, шәкірттері де түсінбеген, тек құрғақ жаттаумен қанағаттанған.  Ол: «… Діни оқулықтардың мазмұнын жете түсінбеген дүмше молдалар дін шариғат қағидаларын өздерінше бұрмалап, теріс түсініктер беремін» деп, дінді емес, оны бұрмалаған дүмше, сауатсыз молдаларды сынаған. Сонымен қатар Ыбырай «Иманның екі мағынасы бар: бірі – тіл мағынасы. Тіл мағынасы дегеніміз – әркім тілімен айтып растамақ, ал екіншісі – сенім. Бұл сенім, демек, иман адам баласының бойында үш түрлі болады. Оның біріншісі «иман талқиқы» деп аталады. Бұл дегеніміз – ақиқатты бекіту иманы. Үшіншісі – иман талқиды – дәстүрлі иман, әлсіз иман» деп жіктеп көрсете келе, Бірінші иман – кәміл иман, Құдай тағала қасында зор мәртебелі адамдардың иманындай; Екінші түрі – истидляли деген. Құдай тәберекқа тағала барлығын һәм бірлігін дәлелдеп, ақылмен ойлап рас тұтуды айтады. Яғни бұл көк пен жер, ай мен күн… мұны жаратушы ешкімге теңдесіз бір ие болса керек. Үшінші түрі – иман талқиды. Бұл иман өз ақылы мен құдайды танымайтынына, ата бабаларының ұстап келе жатқан жолы ғой деп иман келтіргендердің иманы болар деген тұжырым жасайды».

Қазақ халқымыздың дәстүрінде неке қию, жастарды кішкентей кезінен атастыру, қызға құда түсу, сырға салу, қызды ұзату, ер жігіттің үйіне жас келін түсіру және де тағы басқа да әдет – ғұрыптардың тәрбиелік мәні жоғары деп айту керек. Ы.Алтынсарин бұл дәстүрлерді қазақ халқында бар екенін айта отырып, осы дәстүрлерде шаман дінімен қырғыз жұртында да орын алғаны белгілі. Тәрбиелік мәні орасан зор салт – дәстүрлерімізді ұлттық ерекшеліктерімізге тән асыл қасиеттерімізге сіңіріп, келелі ұрпақ бойына жүйелі түрде дарытып, олардың жарқын болашақтарына осы салт – дәстүрлердің терең тамырларын мықтап ұстап, жас ұрпақтардың бойларына сіңіріп, дарыту. Осындай салт – дәстүрлерді Ы.Алтынсарин атап көрсетіп, оларды келелі ұрпақтар, яғни біздерге қалдырғанды.


Информация о работе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы этнопедагогикалық ойлар