Ұйқы процесінде түстің пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 14:04, реферат

Работа содержит 1 файл

Тус кору гылыми жоба.doc

— 64.00 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Ұйқы процесінде түстің пайда болуы
  2. Түстің кіру процестері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың  өзектілігі: Түс – қарапайым тілмен айтқанда ұйықтап жатқанда көрінген тылсым дүниелер, адамның ұйқыда терең мұхитқа не ғарыш кеңістігіне сүңгуі секілді құбылыс. Кейде талай жерді шарласа да екі көзі жұмулы ештеңені көрмей қайтса, кейде мұхиттың ерке толқындарымен ойнап, дәмді суын жұтып, түбіндегі сан түрлі інжу-маржандарын тамашалап үлкен әсермен қайтады. Түс – ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен я болашақта болатын оқиғалардың сол күйі не бірқатар рәміздер арқылы тамашалануы. Әркім ішкі жан дүниесінің тазалығына сай өзіне көрсетілген белгілерден мән шығара алады.Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.Жоғары жүйке әрекеті адам организінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, ұйқы, түс көру, гиппоз т.с.с. ми сыңарларының негізгі қызметі болып саналады.  Адам мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппоктар секліді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын.

 Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) «Интеграциялаушы» деп аталатын  қызметтері сенсорлық сигналдарды  тікелей өңдеумен немесе қозғалу және вегетативтік орталықтарды басқарумен байланысты емес. Олар ұйқы-ояу күй циклі, сана, сөйлеу мен ойлау, ес және эмоция сияқты құбылыстардың негізін құрайды. Аталған қызметтер негізінен алдынғы (ақырғы) мидың екі ірі бөлігінде – лимбиялық жүйе мен жаңа қыртыста (неокортексте) шоғырланған деп есептеледі. Бұлардағы жүріп жатқан физиологиялық процестердің мәнісін, табиғатын түсіндіруге жасалған көптеген ғылыми талаптардың бір парасы шартты рефлекстер туралы іліммен («жоғары нерв әрекетінің физиологияс» деген атпен кеңестік физиологиялық мектепте кең қолдауға ие болған) тығыз байланысты. Декарттан Павловқа дейін рефлексті, рецепторларды тітіркендіруден туатын реакция деп түсінгенмен, Сеченовқа дейінгі физиологтардың бәрі дерлік оны тек орталық нерв жүйесінің төменгі бқлімдерімен ғана байланысты деп есептеді. 
  Адам табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай, адамды ғылымның бірнеше саласы зерттейді. Мәселен, философия ғылымы адамның дүниетанымдық көзқарасын, ақыл ой өрісін, санасын, анатомия мен физиология аадмның денесі мен жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін қарастырады. Антропология адамның қоғамдағы алатын орнын, табиғаттағы өзге құбылыстармен байланыстылығын зерттеуді мақсат етеді. Тарих ғылымы адамның қоға  өміріндегі қарым қатынасын саралауды ал педагогика адамға білім беру жүйесін қарастырып, оның қоғамның белсенді азаматы етіп қалыптастыруды көздейді. Психология ғылымы болса, адам жан дүниесінің сырын, психикасының даму заңдылықтары мен жеке қасиеттерінің жетіліп, қалыптасу жолдарын зерттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ұйқы процесінде түстің пайда болуы

Павловқа дейінгі көптеген физиологтар психиканың өзін де мидың  әрекет ету нәтижесі деп ойлағанымен, бұл әрекетті физиологиялық тәсілдермен  түсінуге болмайды деп түсінеді. Психикалық әрекетті мидың жоғарғы бөлімінің физиологиялық жұмысы ретінде қарап, оған талдау беруге бірінші қадам жасаған И.М. Сеченов болды. Ол 1863 ж. шыққан «Ми рефлекстері» деген еңбегі мен одан кейінгі жұмыстарында психикалық әрекеттің барлық көріністерінің негізінде рефлекс жататындығын дәлелдеді. Сеченов орталық нерв жүйесіндегі тежелу құбылысын ашу арқылы мидың рефлекторлық реакцияларының күшейіп және әлсіреп отыратын кезеңдерінің болатынын көрсетті. Психикалық әрекеттің рефлекторлық механизмді екенін мойындаудың нәтижесінде кез келген әрекеттің бірінші себебі сыртта жатады және бірдей ішкі, сыртқы жағдайлар кезінде адам әрекеті де әр уақытта бір түрлі болу керек деген қорытынды шығарды. Басқаша сөзбен айтқанда, ол саналы тіршілік етудің ба@лЋқ актыларының детерминдігін мжйщнда9Фы. Мидуң физиоЫогиясын жаAау міндетін орындап шыққан И.П. Завлов болдЋ.  Чер=ышевскийдіУ, Добракюбовтың, Пасар5втің, т.б. ағартушы-деиократтардың алдыУГЋ қарарлщ идеялар⑋мен тәрбиеленген Сеченовтың «Ми рефлекЁтері» деп аталатын еңбегінің сөзсіз ықпалында болған Павлов өзінің алғашқы экспериментальдық жұмыстарында-ақ организмдегі жүріп жатқан процестердің реттеуші механизмін зерттеуге тырысты. Ол тұтас, дені сау зақымданбағанорганизмнің сілекей бездерінің қызметін ұзақ уақыт зерттеуге мүмкіндік беретін фистула әдісін ұсынды. Бұл әдісті қолданғанда организмдегі түрлі органдардың бір-біріне әсерін және сыртқы ортаның әсерін ескеруге толық мүмкіндік бар. Сыртқы орта жағдайлары тұрақты болғанда сілекей бездерінің жұмыстары да стеоротипті; сонымصн қатар ол тітіркендіргцшЂің күші мен сипатына да байланысты болады және крта әсерінен оңай өзгереді. Бұрын дәмі белгЖлє тама›Ђың түрі мен иісі емес, басҙа, онымен бір байламысы аар тітіркендіргішрер де, мысалы малду баГып асKрайтын қызметшінің көрінуі де сілекейдің рефлекторлық бөлінуін тудырады. Сондай-ақ егер итті тамақтандыру үнемі бір түтіктің дыбыс шығаруымен қабаттастырылып отырса, ол тамақтың сигналына (шартты тітіркендіргішке) айналып, рефлекс тудырады. Осындай құбылыстарды ұзақ уақыт бақылау арқылы Павлов оларды ми сыңарлары (жарты шарлар) қыртысының физиологиялық жұмысының нәтижесі (шартты рефлекстер) деп қарап, жоғары нерв әрекетін эксперименттік зерттеудің объективтік әдісін тапты. Павловтың негізгі сүйенген қағидасы – жоғары нерв әрекетінің рефлекторлық сипатын мойындау болды. Павлов жоғары нерв әрекетінің негізгі заңдылықтарын сілекей бездерінің шартты рефлекторлық реакцияларын бақылап-зерттеп, талдаудан шығарды. Себебе, оның айтуынша, сілекей бездері шартты рефлексті зерттеудің өте ыңғайлы объектісі (нысаны).Бездің өзегін сыртқа шығару арқылы оның қызметінің сипатын және дәрежесін көзбен көріп, тіркеп отыруға болады. Сондай-ақ мұнымен қатар организмнің қалыпты тіршілік әрекеті бұзылмайды. Сілекей ауызға басқа бездер арқылы құйыла береді.  
  Адам өмірінің едәуір бөлігі ұйқымен өтетіні белгілі. Күні бойғы қауырт жұмыстан шаршап келіп, тынығайын деп көсіліп жатып көз ілген сәтіңізді немістер «Тәтті ұйқы – тамақтан кем емес» деп суреттесе, күрдтеріңіз «Ұйқы – қорғасыннан ауур, қанЂтан тәтті» деп сипаттайды. Ал сөйтЖп жатъп аңдаусызда шошынып$ «Үрейгі түс кӫргенше, ұйы›тамағаным арЂық» деп түріктерше Ђұрып кеBуіңіз де, Цоқ әгде «Жаданның жан рахауы   ұйғщ» деген қырғЋГФаЀдың танымына басып бүркдніп жата беруіҡіз де өз қалауыңыз. ДеГенмдн, осы ұйуқтау, түр көру мәселесінде рарихта бойГан әйгілі адам дардың шындыққа айналған тЯстері туралы мысалдар жеткілікті. Мысалы( ХРрҰн Рашидтіҡ Әзірейіл періштеаен енді қанша өдірђ қалғанын сұрағамда, оның бес саусағыН көрсеткен түсін Әбу Ханифаның ғайЋ?тыңаеЁ хабарЋн Аклаҫ тағаладан басқа ешкім де бєлмебді део жоруы, Абылай ханның түсім өзіңнен кейінгі ±рпағыңны£ ұсақталуы деп Бұқар жыраудЋң жоруы, Шыңғыс ханның қайын атасы Дэй шешеннің түсі, БАбырдың Самарқанд қаласын алар алдщндағы және оның өлімге бас байлағандағы көрген түсі, қайда барса өз көрін қазғандарды көрген Қорқыттың түсі, қазақ жерін орыстың басып алу қаупіне алаңдап: “Бұл арадан көшпесең, айтқаныма түспесең, орыс алар қалаңды, шулатар қатын-балаңды, осыны көрдім түсімде!» деген Асан Қайғы бабаларымыздың түсі әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай келе жатыр. Бұған химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсінде көріп барып тапқан әйгілі Д. Менделеевті де қоссаңыз, апыр-ай, түс көру деген не өзі? Ол қалай жорылады? Жаратушы Иенің түс арқылы болашақтан хабар беруінде қандай мән бар,  деген секілді астары жұмбақ бірқатар сұрақтарға жауап іздеріңіз анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Түстің кіру процестері

Түс көру – бұл адамның  қоршаған ортамен қатысынан қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс. Керең-мылқаулар айтарлықтай толық түс көрмейді. Бұл түс көрудің ми қыртысы арқылы болатындығын дәлелдейді.  
  Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің бірі – жүйкелік іздер теориясы. Егер М.И. Сеченов түс көруді «үйреншікті әсерлердің әдетте болмаған қисындауы» деп есептесе, И.П. Павлов бойынша, «түс көру көбінесе ескі тітіркендірулерден қалған ізден туады». К. Юнгтың айтуынша, «түс көру – ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттің қалдығы және өткен күннің ой әсері мен көңіл-күйі». Түс көру барлық адамдарда болады, тек кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған кездерде, жағымсыз жағдайларда, неврозда түс көру жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс көреді.  Жылдам ұйқы және онымен байланысты түс көру ортаға психикалық бейімделуде өте маңызды рөл атқарады. Ұйқының породоксальды фазасы бір жағынан мидың жоғары белсенділігін жүзкгк асырады, ал екінші жағынан оның бедерсіз күйінде басқа да мотивациялық процестер тудырады.  Физиологиялық көзқарас бойынша, түс көрудің себептері – сергектік жағдайдағы психикалық іс-әрекетті іске қосатын материялық құбылыстар.  Ал З. Фрейдтің психоанализ қағидасы бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының шаласаналық жүйсінің жеңе алмайтын инстинкті (ырықсыз сезімді) іс-әрекетінен туады. Адамның түстеріне жасалған талдау түс көрудің негізінде зерде іздерінің, эмоциялы өңделген оқиғалардың сөзсіз мәні барлығын дәлелдейді. Гионопедия (түсінде үйрету). Адам өзінің онсыз да қысқа өмірінің үштен бірін ұйқыда өткізеді. Сондықтан бір кезде уақытты ұтымды пайдалану үшін, ұйқы кезінде оқыту кеңінен тарады. Алайда, арнайы зерттеулер жаңа материалды ұғыну қабілеті және оны кейін еске түсіру тек сергек ұйқының немесе мүлгудің кезінде мүмкін екенін көрсетті.  
   Демек, нәтижелі гипнопедия ұйқы кезінде кезінде емес, шындығында сергектік күйде, не қалғу кезінде болады. Ал терең ұйқы жағдайында ешқандай үйрету мүмкін емес. Өйткені ұйқының негізгі бір мақсаты – сергектік жағдайда қабылданған мәліметті өңдеу. Егер ұйқы небір материалды оқығаннан соң келсе, ол есте сақталады. Жаңа материалды жаттағаннан кейін 8 сағат жарамды ұйқы болса, оны еске түсіру толық және анық болады.  Түсінде оқыту кезінде ұйқы шала, сергек болғандықтан адам жиі оянуға мәжбүр болады. Демек, бұл пайдалы болмайды, өйткені қалыпты ұйқы адамның жұмысқа қабілеттілігі бұрынғы жағдайына келуі үшін қажет. Сондықтан қазіргі кезде гипнопедия жиі қолданылмайды.

Физиология мен психология ғылымдары организмнің әрекеттік  қалпы туралы ұғымды кеңінен пайдаланады. Өйткені адамның әртүрлі іс-әрекеті өрісіндегі еңбегі мен тәлімінің сәті, денсаулығы, көңіл-күйі оның әрекеттік қалпынан тәуелді келеді. Көбінесе әрекеттік қалып орталық жүйке жүйсінің бедерсіз белсенділігі арқылы анықталады. Мұны И.П. Павловтың айтуынша, үлкен ми сыңарлары қыртысының тонусы немесе оның қозғыштық қасиеті көрсетеді. Ал организмде орталық жүйенің бедерсіз белсенділігін жүрек соғуының жиілігі, қанның қысымы, тыныстың жиілігі мен тереңдігі, ЭЭГ – ның өзгерістері сияқты физиологиялық, мінездік және психологиялық деңгейден тұрады. Әрекеттік қалып өз заңдылығы бар психофизиологиялық құбылыс, ол ерекше әрекеттік жүйе құрылысының негізін құрайды.  Адамның әрекеттік қалпын физиологиялық әсерленістің қозғалтқыш, вегетвтивтік және электроэнцефалогиялық көрсеткіштері арқылы анықтайды. Қозғалтқыш көрсеткіштің ішінде ісқимыл белсенділігі, белгілі бір мерзімдегі оның қарқыны мен сапасы, бұлшықеттердің бедерсіз тонусы бар. Вегетативтік көрсеткіштері ретінде тыныс, жүрек-тамыр жүйелерінің әрекеттік өлшемдер, тері-Гальвандық рефлексі қолданылады. ЭЭГ - әсерленістері альфа ырғақтың сипаты, электр белсенділігінің жиілік спектрі арқылы байқалады.  
   Осы көрсеткіштердің көмегімен организмнің әрекеттік қалпын, ырықсыз сезім, бағдарлама-зерттеу іс-әрекетін, сергектік-ұйқы оралымын анықтауға ьолады. Сергектік-ұйқы оралымы негізін гомеостаздық механизмдер құрады. Әрекеттік қалып ұйқы мен сергектік күйдің алмасуы мен кезектесуі арқылы жүзеге асады.  Адам организмінің әрекеттік қалпының бірі – сергектік, ол ұйқымен қосылып, ұйқы-сергектік циклын құрайды.  Сергектік кезінде адам өзінің тіршілік бағдарламасын іске қосады. Мұқтаждық мотивациялық сүлбілерге сәйкес мінезін ұйымдастырып, қоршаған ортамен белсенді түрде өзара әрекеттеседі. Сергектік біртекті жағдай емес. А.М. Вейн сергектікті мінез белсенділігінің деңгейіне, ықыластың шоғырланысына, вегетативтік белсенділікке қарай үш әрекеттік қалыпқа бөледі – ынталы сергектік, әлсіреген сергектік, шын сергектік. Ұйқвнвң алдында болғандықтан, сергектік кезіндегі дене мен ой істерінің толықтығы, зорлану, әсіресе эмоциялық түрткілердің көлемі ұйқыға зор әсер етеді.  Ұйқыдан сергектікке көшу организмдегі биохимиялық өзгерістер арқылы болады. Әрі қоршаған ортаның тітіркендіргіштер ықпалынан немесе ми қыртысы, гипоталамус пен торлы құрылым арасындағы әрекеттік қатынастың өзгеруінен туады. 

Сергектік қалпын талдағыштар  мен қимыл-әрекеттер белсенділігінің  артуымен сипатталады. Ол организмнің  сыртқы және ішкі ортасының көптеген түрткілерінің салдарынан белгілі  бір уақытқа созылады.  
  Адамда сергектік кезінде әртүрлі психикалық іс-әрекет – байсалды сергектік, зейін, белсенді қимыл, мақсатты іс-әрекетті қамтамасыз ететін эмоциялық қозу немесе әлсіреу байқалады. Осы құбылыстың әрқайсысы орталық жүйке жүйсінің нақтылы әрекеттік қалпымен байланысты болады. 
  Белсенділіктің елеулі айырмашылығы бар екі түрін бөледі. Біріншісіне жүйенің қызметінен туатын бағдарламалық әсерленісті жатқызады. Екіншісі - әрекеттік қалыптың ауытқуларын қамтамасыз етуші және баяу әсерді реттеуші жүйенің жұмысына байланысты. Қысқа мерзімді белсенділік процестері әрекеттік қалыптың баяу өзгерістері бедерінде күшейіп кетеді. Оған ұйқы, байсалды сергектік, қырағы назар, стресс әртүрлі әсер етеді. 

Ұйқы адамдар мен  жануарлар тіршілігінде өте маңызды  орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді (момфазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалық) ұйқы деп атайды. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұны кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.  Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда ұйқы кезінде кейбір процестердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.  Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады.  Ұйқы мен сергектіктің алмасуы – тарихи қалыптасқан ырғақ. Мұнда адамның ұйқысы түнгі кезеңен және қараңғылықпен, ал сергектік – күндізгі кезеңмен және жарықпен сәйкескеліп отырады.  Бұлай бөлінудің негізінде белгілі физиологиялық түрткілер, яғни тіршіліктік және биохимиялық көрсеткіштердің заңды тәжірибелері жатыр. Адамның аса жоғары жұмыс қабілеті, дене температурасы, қаң қысымы, катехоламиндер мен кортикостероидтар түзілуі ең көп деңгейіне жететін тәуліктік кезеңіне сәйкес келеді. Әрбір адамда мұндай жұмыскерлік кезеңдер тәуліктің әрбір мезгілінде байқалады. Сондықтан адамдардың еңбек істеуін дұрыс ұйымдастыру үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру керек. Ұйқының мерзімі мен сапасы сергектік кездегі бастан өткізген оқиғалар мен әрекеттерден тікелей тәуелді. Жағымды өткізген күн қалыпты ұйқыға барлық жағдай жасайды. Сонымен бірге жағымды және жағымсыз сезімдердің сай келуі, болып жатқан оқиғаларға шаттана қарау – ұйқы үшін өте маңызды. Қалыпты ұйқыға ой және дене жұмысының орынды үйлесуі, ұйқының өз салт-жоралары алдын-ала жағдай туғызады. Бір мезгілде жататын және тұратын дағдылар ұйқы мен сергектіктің дұрыс режимі қалыптасуына әсерін тигізеді. Қалыптасқан режимнің уақытша және сирек бұзылуы ұйқыға қатерлі зарар етпейді.  Ұйқы организмді сақтау және оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік (терапия) жиі қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Түс әр қилы көріледі. Кейде есіңізде қалып кеткен жағдайлар, бұрын болған қандай да бір оқиғалар, күндіз – түні ойыңыздан шықпай, өзіңізді іштей мазалап жүрген күнделікті мәселелер, психикалық ауытқушылықтар – барлығы да ұйқы кезінде әсер бермей қоймайды. Мәселен, соғысқа барып келген адамның бірнеше ай бойы шошынып төсегінен атып түрегелуі осыған жатады. Бұдан басқа ауру-сырқау, уайым-қайғы, түрлі рухани мазасыздықтардан барып көрілетін түстер де бар. Жатарда тұзды тамақ жеген адамның түсінде өзен, көл, сарқырама көруі, ашумен көз ілген адамның түсінде ұрыс-төбелес көруі, жайсыз жатқан адамның жайсыз түстер көруі т.б.

Түс көру де физиологиялық  құбылыстың біріне жатқызылады. Түс  көрудің процесін ең алғаш зерттеген  З. Фрейд болатын. Ол 1896-1902 жылдары  психоаналитикалық тұжырымдамаларын жасайды. Ол есірікті емдеуде бұрын қолданған әдістермен қоса, психоанализді жан күйзелістері мен невротикалық жағдайлардың себептерін анықтау мақсатында қолдануға бел байлайды. Алайда бұрынғы әдістердің бірде-бірі оң нәтиже бермеген. Осыдан соң З. Фрейд өзінің көрген түстерін жоруға кіріседі де оның нәтижелерін 1900 жылы басылып шыққан “Түс жору” атты кітабында баяндайды. Әдетте ол көрген түстің “сценарийін” ұйықтап жатып көрген бейне мен символдар арқылы қанағаттандырылатын жасырын ниет пен тілектердің көріністерін деп қарастырады. Осы ұйқы кезінде көрген бейнелердің символикалары жайлы өзі тағайындаған болжамдар негізінде Фрейд түс жоруды іске асырады. Түске оны жоруға қатысты Фрейд еңбектерінде осы бейнелерді жасаудың тәсілдері сипатталады. Осы орайда аспандап ұшу, биіктен құлау, су, өткір заттар, түскен тіс және тағы да сол сияқтылар әркім үшін әмбебап мағынаға ие символдар деп пайымдады. Фрейд түсте көрген бейнелерді аффектілердің сейілуі ретінде түсіндіреді. Оның пікірінше қуат көзі бейсаналықта, қорқыныштан туындайтын аффектілерде құштарлықта және басқа да ығыстырылған жан күйзелістерінде жасырынған.

Түс көру негізінен адамда өтетін физиологиялық құбылыс. Түс  көру процесін зерттеу қазіргі таңдағы  психоанализдегі өткір мәселелердің бірі. Түс көруді психоаналитикадағы зерттеу объектісі ретінде қарастырамыз. Әдетте жаңадан түс көруге бағалау феномені жетіспей жатады, оның өзі де қателесу әсері мен кей жағдайда денсаулықтағы кемшін тұстардан басталады. Қателесу әсері негізінен ғылымда бағаланбаған жағдай,  бұл процесс негізінен аз оқытылады, соңында оның атына ұятты болатындай жағдайда болмайды. Түс көрумен айналысу кез-келген адам баласына тән қасиет. Ол кейде адам баласы шаршаған уақытта да болатын құбылыс.

Информация о работе Ұйқы процесінде түстің пайда болуы

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Түс – қарапайым тілмен айтқанда ұйықтап жатқанда көрінген тылсым дүниелер, адамның ұйқыда терең мұхитқа не ғарыш кеңістігіне сүңгуі секілді құбылыс. Кейде талай жерді шарласа да екі көзі жұмулы ештеңені көрмей қайтса, кейде мұхиттың ерке толқындарымен ойнап, дәмді суын жұтып, түбіндегі сан түрлі інжу-маржандарын тамашалап үлкен әсермен қайтады. Түс – ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен я болашақта болатын оқиғалардың сол күйі не бірқатар рәміздер арқылы тамашалануы. Әркім ішкі жан дүниесінің тазалығына сай өзіне көрсетілген белгілерден мән шығара алады.Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.

Содержание

Кіріспе
Ұйқы процесінде түстің пайда болуы
Түстің кіру процестері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер