Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 18:54, реферат

Описание работы

Ғылыми зерттеудің мәні. Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеудің міндеттері. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің кезеңдері мен әдістері.

Работа содержит 1 файл

9 Дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу.docx

— 35.15 Кб (Скачать)

   Бірінші зерттеудің қойылымдық кезеңі міндеттерді анықтаумен аяқталады. Зерттеу міндеттері зерттеу мәселесі, пәні мен гипотезасына толық сәйкес келуі керек. Әдетте зерттеуші үш немесе төрт міндеттерді көрсетеді. Көбінесе бірінші міндет мәселенің тарихы мен қазіргі даму мәселелерін қарастырса, екінші міндет зерттелушінің құрылымы, қызметі, мағынасын қарастырады, үшінші міндет тәжірибеде зерттелу құбылыстардың жүзеге асу шарттарын дайындаумен байланысты, төртінші міндет ұсынылған гипотезаларды тексеру бойынша эксперименттерді жүргізуді қамтиды. Әрине, қойылған міндеттер көп болуы мүмкін, ол ғалымдардың қарастырылып отырған ғылыми мәселесіне байланысты. Нақтырақ міндеттер – бұл зерттеу жоспарын айқындаушы. Ары қарай ғалым қойылған міндеттеріне сәйкес мәселелерді айқындай береді. Жоғарыда көрсетілгендей, ғалым келесідей міндеттерді қою мүмкін: теория мен практикада мәселенің қаншалықты қарастырылғанын анықтау, жасөспірімдерді қалпына келтіру қызметтерінің моделін ойластыру,  жасөспірімдерді қалпына келтірудің әлеуметтік-педагогикалық шарттарын анықтау, ұсынылған жағдайларды эксперименталды түрде тексеру.

Ғылыми жұмыстың екінші кезеңі – меншікті зерттеу. Бұл кезең  әр ғалымда әр түрлі өтеді. Бірақ  барлық зерттеушілер үшін ортақ жағдайлар  өте көп. Көбінесе олар зерттеу әдісін таңдау болып табылады.

  Әдіс (греч. ''бір нәрсеге жол'') ең жалпы мағынада – мақсатқа жету тәсілі, ол жаңа білім алудың шарты мен құралы болып табылады. Әдіс – бұл ғылымның басты міндеті – ақиқаттың объективті заңдарын ашудың құралы. Объективті әлемді тану үрдісінде  адамзатпен жалпы ғылыми атауға ие ғылыми ойлау қағидалары ойлап табылған. Жоғарыда айтылғандай, олар эмпирикалық, теориялы, және эмпирикалық және теориялық деңгейде қолданылатын талдау, синтез, индукция, салыстыру, жалпылау және т.б. әдістер. Жалпы ғылыми әдістермен қатар нақты ғылымдардың арнайы әдістері бар. Әрбір арнайы әдістерде қандай да бір шамада ғылыми ойлаудың қағидалары мен әдістері кездеседі. Әлеуметтік педагогика педагогиканың салыстырмалы түрде жаңа саласы болғандықтан, оған алдағы уақытта өзінің арнайы зерттеу әдістерін ойлап табу керек. Дамудың осы кезеңінде әлеуметтік педагогика зерттеудің жалпы ғылыми және өзіне жақын келетін педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік салалардың зерттеу әдістерін қолдануда.     

Жалпы зерттеу әдебиеттерді талдау мен практикалық қызмет тәжірибесін жинақтаудан басталады. Әдебиеттер тізімін талдау, әдетте, зерттеудің тақырыбында көрсетілген маңызды және негізгі түсініктерін анықтаудан басталады.кез келген зерттеуші өзінің жұмысында тезірек ақпараттарға қол жеткізуге ұмтылады. Бірақ әдебиеттер тізімі неғұрлым көп және толық болса, зерттеуші соғұрлым өзіне қатысты деректерді жіберіп алмау мүмкіндігіне ие болады. Сондықтан зерттеу мәселесінің жағдайына тез талдау жасаудың жолы болып зерттеу тақырыбында, мәселесінде, міндеттерінде көрсетілген базалық, негізгі түсініктерді қарастыру табылады. Зерттеудің негізгі түсініктерінің талдауын энциклопедиялық сөздіктерден қараудан бастау тиімді, бұл сөздіктерде түсініктердің толық мазмұны мен қазыргі даму жағдайы көрсетіледі. Ғылымнығ барлық салаларында, соның ішінде педагогика мен әлеуметтік педагогикада негізгі түсініктерді реттеу, өзіндік инвентаризациядан өткізу, түсініктер каталогтар құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Ғылыми тілдің дамуының көрінісі ретінде тезаурустар табылады, олар қандай да бір ақиқат жүйесі туралы сипаттама береді. Тезаурустар дескрипторлар түріндегі сөздіктер болып табылады. Дескриптор лексикалық бірлікті білдіреді, яғни бір мәнге ие сөздер мен сөз тіркестері. Мұндай дескриптолы сөздер болып, мысалы, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік-педагогикалық зерттеу, әлеуметтік тәрбие табылады.  

Бұндай сөздіктерді құрастыру  қажеттілігі ақпараттық іздеу бағдарламаларының  құрамына кіретін ақпараттық іздеу  тілінің пайда болуына байланысты болды. Мұндай іздеулер кітапханалардың  эллектронды каталогтарымен жұмыс  жасағанда немесе интернет желісін  пайдаланғанда қолданылады.  

Ары қарай зерттеу тақырыбы бойынша ғылымиға өтуге болады. Жас ізденуші осындай қайнар көздерді пайдалана отырып, әртүрлі авторлар бір түсінікке әртүрлі анықтама беретінін тез байқайды. Сондықтан зерттеуші түсініктерге өзі талдау жасап, анықтама беруі қажет немесе бір автордың берген анықтамасын пайдаланады. Зерттеуде қабылданған түсініктердің  бір мағынада түсіндірілуі ғылыми зерттеудің сәттілігінің нышаны. Қайнар көздердің талдауы шетелдік және отандық теория мен практикада әртүрлі теориялар, жолдарды зерттеуге қажет. Алайда, ғалымдар теорияны құру үшін педагогика мен социологияда белгілі бақылау, аңгімелесу, анкета жүргізу, балалардың шығармашылық жұмысын талдау сияқты әдістерді қолданады.

 Олардың кейбіреулеріне  сипаттама берейік. Әлеуметтік  педагогикалық зерттеудегі бақылау  – сезім мүшелері арқылы алынған  ақпаратты бірінші ретті талдау  негізіндегі әлеуметтік-педагогикалық  құбылыстарды тану әдісі. Ғылыми  бақылау күнделіктуі бақылаудан  бірнеше сипаттамалары бойынша  айырмашылығы бар:мақсаттылығы, талдау  сипаты, кешенділігі, жүйелілігі. Бақылау  үзіліссіз және дискретті болады; кең, мысалы, қаңғыбас балаларды  бақылау, немесе тар маманданған,  мысалы, балаларды қайыршылар ретінде  пайдалану, зерттеуші бақылау үрдісіне өзі де қатыса алады немесе тек сыртқы бақылаушы бола алады. Әртүрлі техникалық құралдарды қолдану (сурет, видео) зерттеушінің жұмысын жеңілдетеді. Зерттеудің барлық түрлерінің өзіндік артықшылықтар мен кемшіліктері бар. Бақылаудың құндылығы болып пәнді қарапайым ортада зерттеу мүмкіндігі табылады, оның көп қилы байланыстары мен көріністерін байқауға, нақты жағдайды тудыру немесе жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл әдістің кемшілігі – көп еңбекті және уақытты қажет етеді, сонымен қатар зерттеуге субъективті факторлардың әсер етуі, соның ішінде бақылаушының өзінің бақылауға қатыса алуы.

Сұрақ әдісі. Оларға дәстүрлі түрде ауызша – әңгімелесу және сұхбат, және жазбаша – анкета әдістері жатады. Сұрақ әдістерінің мақсаты баланың немесе балалар тобының көзқарасын, тәжірибесін, бағаларын айқындау. Әңгімеде ой алмасу, дускуссия, даулар болуы мүмкін. Зерттеудің бұл әдісін қолданғанда нақты қойылған мақсат өте маңызды; алдын ала ойластырылған әңгіме жоспары, зерттелушілерге қойылатын сұрақтарды анықтау. Сұрақтар жабық түрде , сұраққа қатысушылар жауаптардан тек біреуін ғана таңдайды; жартылай жабық сұрақтар түрінде, сұраққа қатысушылар ұсынылған нұсқалардан бөлек өзінің жеке ойын жаза алады; және ашық түрде, дұрыс жауабын сұраққа қатысушы өзі береді. 

Бұл әдістің күшті жақтары: зерттеушінің зерттелушілермен тікелей  байланысқа түсуі, жеке жауап беру мүмкіндігі, олардың сұрақ-жауап кезінде түзетуі, жауаптардың толықтығы мен шынайылылығын  тез тексеру мүмкіндігі. Алайда, сұрақ-жауап жүргізу көп уақытты  қажет етеді, экспериментте көп  зерттелушілерді қатыстыра алмайды бұл кемшіліктер жазбаша сұрақтар мен анкету жүргізу барысында жартылай жойылады. Сонымен қатар мұқият дайындық сұрау алдында жүргізіледі. Анкеталар ашық болуы мүмкін, зерттелуші өзінің жеке көрсеткіштерін жазғанда, сонымен қатар жабық, сұраққа жауап беруші адам нақты белгілі болмағанда. Анкета әдісі әлеуметтанудан алынған, сондықтан анкетаға әлеуметтік зерттеулерге қойылатын талаптар қойылады.

      Әлеуметтік педагогикада баланың әлеуметтік топта, социумда психологиясын, мінез-құлқын, темпераментін анықтайтын психологиялық әдістер кең қолданылады. Алайда, зерттеуші өзінің зерттеулерінде басқа да мамандардың көмегіне жүгінуі мүмкін. Бұндай жағдайға мынадай аналогия келтіруге болады: сіз терапевке келгенде, ол диагноз қояр алдында сізді тексеруге жібереді, біреулері қан талдамасын алса, біреуі кардиограмманың көрсеткіштерін алады. Сондықтан баланы қандай да бір социумда зерттеу үшін  психологтың, медицина қызметкерінің, басқа мандардың көмегіне жүгінуге болады. Сол себептен зерттеуші алдына нақты қандай мақсат қойғаны өте маңызды, соған байланысты ол өзіне қажетті көмекті ала алады.

Осындай жолмен қол жеткен эмпирикалық білімдер зерттеушіге  мәселеге қараудың өзіндік теориялық көруін қамтамасыз етеді, бұл жағдайда зерттеуші теориялық әдістерге жүгінеді. Теорияның құрылуы және оның тәжірибе жүзіне өтуі эмпирикалық білімде аналогы жоқ идеалды объектілер мен моделдердің құрылуымен байланысты. 

  Осындай идеалды объектіні тағайындау әлеуметтік – педагогикалық ақиқатқа тән зерттеудің заңнамалық байланыстарын айқындауға қызмет етеді. Идеалды модел туралы айтатын болсақ, ол табиғатта идеалды газдың болмайтындығы секілді шындығында кездеспейді. Зерттелу объектісінің идеалды моделін құру үшін жүйелік жол мен моделдеу әдісі қолданылады.    


Информация о работе Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу