Тәрбиенің әдістерінің жіктелулеріне салыстырмалы талдау жасау (педагогика оқулығынан таңдау бойынша)

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 12:22, доклад

Описание работы

Ысқақов 1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз, 1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика математика факультетін бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе жинақтаған дарынд ұстаз. 1988-89 оқу жылынан бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған эксперименттік. мектептің директоры қызметін атқарады. Білім саласы бойынша "Тарлан-2000" сыйлығының иегері.

Работа содержит 1 файл

педагогика.docx

— 1.31 Мб (Скачать)

Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың өмірбаяны және ұстаздық қызметі

Ысқақов 1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз, 1975 жылы Киров  атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің  физика математика факультетін бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе жинақтаған дарынд ұстаз. 1988-89 оқу жылынан бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған эксперименттік. мектептің директоры қызметін атқарады. Білім саласы бойынша "Тарлан-2000" сыйлығының иегері. 

                                   

II. Негізгі идеялары  мен тәжірибелері:

Көпшілік Архимед  мектебін "Болашақ" мектебі дейді. Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау  идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.

Архимед мектебінің міндеті - балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың өмірдегі өз жолын табуына көмектесу. Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін қалалық жүзден астам өндіріс орындарында міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп, оны бос уақыттары мен каникулдарын мазмұнды ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50 сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның ерекшелігі – жалпы білім беретін пәндерден басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу өнері, кино, театр, саз, дін тарихы пәндерін енгізілуде, биология курсының "Экология негіздері" деген қосымша сабақтармен толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті түрде бассейінде өткізілген.

Сондай-ақ ағылшын  тіліне аптасына 4 сағат бөлініп, компьютер сыныбымен қатар, "Журналистика негіздері", "Социология және психология негіздері", т.б. курстар оқылып, балалардың толықтай орта білім алуына, өздігінен білім алуына деген құштарлығы мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасалды. Оқушылар отандық және дүниежүзілік мәдениет байлығымен танысып, адамгершілік және ерік-жігерлерін қоғамдық дәрежеде шынықтыра алады.

Мектепте барлығы 25 мұғалім және жоғары оқу орындары мен мекемелерден шақырылған мамандар тобы еңбек етіп, 8 оқушы, 8 мұғалімнен тұратын мектеп кеңесі болды. Мектеп бітіруші түлек мемлекеттік аттестат, паспорт, 2 жыл еңбек стажы бар еңбек кітапшасын, жұмысшы мамандығын алып шығады. Сол кездегі бір оқушының "Сіздің мектебіңізде оқығым келеді. Мені мектебіңізге алыңыз, өтінемін. Мен ешкімге де керек емеспін", - деген хатын тебіренбей оқу мүмкін емес.

Архимед мектебінің педагогикалық процесі демократиялық  және ізгілік негізінде құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік береді. Тек бір ғана мақсатты - заманына сай саналы да өрелі, әрі дені сау, парасатты азамат болып өсуді талап етеді.

Мектеп оқушылары  өз мектебін мақтан етіп, пікірлерін білдіреді. Оқушы Дина Бектасова:

- Мектепті бітіргенде "аңғал сары  ауыз балапан  емес, өмірдің сынына, күресіне дайын  азамат болып шығатыныма күмәнім  жоқ ". 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Григорий  Максимович Кубраков ұстаздық қызметі мен еңбектері

Г.М.Кубраков - Солтүстік  Қазақстан облысы Мамлют санаториялық мектеп- интернатының директоры, КСРО халық мұғалім, Республикалық және Бүкіл одақтық халық ағарту қызметкерлері съезінің делегаты. 

                          

Г.М.Кубраков ұзақ жылғы қызметінде ұлы педагог  А.С.Макаренконың бай мұрасын бүгінгі  мектеп жағдайында жүзеге асырып, жас  ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді  сапалы биікке көтерудс тұлғаланып, бүкіл  республикамызға танымал болған талапты да, талантты ұстаз.

Г.М.Кубраков республикалық  теледидар арқылы ұйымдастырылған  арнайы хабарға қатысып, озат тәжірибесі туралы телекөрермендермен пікір алмасып отырды. Ол жас ұрпақ бойына еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыруда өте құнды тәжірибені жинақтады. Кубраковтың қаламынан ғылыми педагогикалық негізде баяндалған көп жылғы ұстаздық еңбегінің бай тәжірибесі бірнеше кітаптар болып жарық көрді. Мәселен: Г.М.Кубраков "Попути Макаренко" (-Алматы: Мектеп, 1982), По заветом Макаренко (- М., Просвещение, 1987). 
 
 

Шалва Александрович Амонашвили 

   

Жаңашыл педагогтің қызметі: профессор, психология ғылымдарының докторы, академик.

Негізгі идеялары және педагогикалық ұрындары: ынтымақтастық  педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш.А.Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.

Мысалы: В.Амонашвили мәтіннің қатесін тапқызу әдісін қолданады, өзі қате жіберіп балаларға түзеттіреді. Диктанттың бағасын асырып, не кемітіп қою, оқушылардың өздеріне баға қойғызу тәсілдерін қолданады. Амонашвили балалардан өз сабағының ұнаған, ұнамағанын, жақсы етіп қалай өткізуге болатынын сұрап, олардың сұрауымен сабақ береді.

"Қайырымды  адам қандай болады?" "Сыпайы  кісі қандай?" "Біз нені оқимыз?", "Қандай өлең жақсы?" деген  тақырыпта пікірталастар өткізеді. Суретке қарап әңгіме жазу, оқушыларға математикалық есептер құрастыртып, оны басқаларына шығарту, қиын және оңай есептерді оқушылар өздері таңдау тәсілдері қолданылады.

Амонашвили сабақта  балалармен ақылдасып жұмыс жасап, олардан көмек күткен сыңай танытады, "бір тақырыпты түсіне алмай жүргенін" айтып, әрбір оқушының сөзін тыңдап, оларға сұрақ беріп, қателескен болады, балалардың сұрақтарына бірден жауап бермей, білмейтінін, үйден оқып келетінін айтады.

Балаларға жаттығулар құрастыртады, оған өзінің уақытының жетпейтіндігін айтады. Жаттығулар түзетіліп басқа оқушыларға беріледі, құрастырушыларға алғыстар айтылады. Үй жұмысын алғысы келетіндер ғана алады.

Әр балаға толық, жан-жақты мінездеме жазып, оны ата-анасына береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

В.Ф. Шаталов

В.Ф.Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов  тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу процесін оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге,

бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Шаталов 1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, 2-кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, 3-кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4-кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді. 5-кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып, 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір-бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту. 
 

 
 
 
 

С.Н. Лысенкова

С.Н.Лысенкова  – Ресей педагогы. Әдістемесінің  негізі – бастауыш сыныптардағы оқу  процесінде тірек сигналдарды пайдалану, оқу материалы туралы оқушыда тұтас түсінік қалыптастырып, "оза оқытып, перспективалы жұмыс жасау". Лысенкова оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, олардың сабаққа барысында көп сөйлеуіне, өздерін-өздері оқытуына көп көңіл бөліп "кері байланыс" – деп атайды. Жалпы С.Н.Лысенкова балаларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл сынып қатысатын жазбаша тапсырмаларға ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілеген сайын көп пікірталастар өткізгенді дұрыс деп санайды. 
 

        
 
 

    

     Белгілі инновациялық  білім мекемелері 

Тұрақты мектепке дейінгі  ұйымдар- (жылына кем дегенде 10 ай жұмыс істейтін) 1 жастан 6(7) жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды, күтімді, сауықтыруды оларға қарауды жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі  ұйымдардың саны, барлығы" көрсеткішіне жалпы, шипажайлық және арнаулы мақсаттағы мектепке дейінгі ұйымдардың саны қосылған.

Күндізгі жалпы  білім беретін мектептердің оқушыларына  бастауыш, негізгі, орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, ақыл-ой және дамуынды кемшілігі  бар балаларға арналған мектептерде оқитындар жатады.

 Гимназия және лицей дегеніміз – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдар-ламаларын жүзеге асыратын жоғарғы оқу орындары, гимназия -  оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдеп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны,лицей – жоғарғы сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.

Колледждер – орта кәсіптік білімі бар ма-мандар даярлаудың білім беру бағдарла-маларын іске асыратын оқу орындары.

Мемлекеттік емес оқу орындары (мектептер, колледждер, жоғарғы оқу орындары) санында  мемлекеттік лицензиясы бар оқу орындары есептелді.

Жалпы орта білім алу үшін кезең бойынша жалпы білім беретін оқу мекемесінің бастауыш (1,-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар) және жоғары (10-11(12) сыныптар) сияқты үш баспалдағында өту қажет

Жоғары  оқу орындары – біліктілікті және «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға, жоғары білікті ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. 
 
 
 
 
 
 
 
 

    «Шет  тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)»

    Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін орта мектептегі елжандылыққа тәрбиелеу  үдерісі.

    Зерттеу пәні: ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

    Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын шет тілі арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздерін анықтап,  әдістемелік негізін жасау және оны тәжірибелік эксперименттен өткізу.

    Зерттеудің  ғылыми болжамы: мектепте шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің тиімділігі артады, егер:

    - отандық философиялық, тарихи, психологиялық,  педагогикалық еңбектерде “елжандылық”, “елжандылық тәрбие” ұғымдарының  мәні талданса; оқушыларға елжандылық  тәрбие берудің теориялық және  әдістемелік қағидалары оқу-тәрбие  үдерісінде тиімді пайдаланылса;

    - шет тілін оқыту үдерісі елжандылықты  тәрбиелеуге бағытталса және  шет тілін оқыту арқылы елжандылыққа  тәрбиелеудің озық тәжірибелері  анықталып ғылыми және әдістемелік  негізі жасалса;

    Зерттеу міндеттері:

    - жалпы білім беретін орта мектеп  оқушыларына елжандылық тәрбие  берудің теориялық негізін айқындау  және мәнін ашып көрсету;

    - жалпы білім беретін орта мектеп  оқушыларына шет тілі арқылы  елжандылық тәрбие берудің бүгінгі  жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау;

    - шет тілін оқыту үдерісі   арқылы мектеп оқушыларын елжандылыққа  тәрбиелеу құрылымдық-мазмұндық  қалыптасу моделін жасау, оның  өлшемдері, көрсеткіштері мен  деңгейлерін айқындау;

    - оқушыларға елжандылық тәрбие  берудің мазмұны мен жетілдірудің  бағдарламасын жасау, оның тиімділігін  эксперименттік-тәжірибе жүзінде  тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар  беру.

    Жетекші идея: шет тілі пәнікөпұлтты және көпконфессиялы мемлекеттің оқушыларының елжандылық сана-сезімдерін қалыптастырудың жетекші құралдарының бірі.

Информация о работе Тәрбиенің әдістерінің жіктелулеріне салыстырмалы талдау жасау (педагогика оқулығынан таңдау бойынша)