Тәрбиешілерді белсендірудің әдістері мен формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 22:22, лекция

Описание работы

Тәрбиеші кез-келген орында немесе жағдайда дұрыс шешім қабылдай алуы қажет. Бұл әдіс көптеген ұсыныстардын ішінен нақты, дұрыс вариантты таңдауға көмектеседі. Ал бұл сол жағдайды немесе құбылысты терең және жан-жақты талдап, салыстырған кезде ғана мүмкін болады. Нақты жағдаяттардың 4 түрі белгілі. Олар кезеңмен күрделендіріліп таңдалса, тәрбиешілердің біршама белсенділігі мен қызығушылығына қол жеткізуге болады.

Работа содержит 1 файл

Тәрбиешілерді белсендірудің әдістері мен формалары.doc

— 30.00 Кб (Скачать)

Тәрбиешілерді белсендірудің әдістері мен формалары

Белгілі бір жағдайды көрсету. Тәрбиеші кез-келген орында немесе жағдайда дұрыс шешім қабылдай алуы қажет. Бұл әдіс көптеген ұсыныстардын ішінен нақты, дұрыс вариантты таңдауға көмектеседі. Ал бұл сол жағдайды немесе құбылысты терең және жан-жақты талдап, салыстырған кезде ғана мүмкін болады. Нақты жағдаяттардың 4 түрі белгілі. Олар кезеңмен күрделендіріліп таңдалса, тәрбиешілердің біршама белсенділігі мен қызығушылығына қол жеткізуге болады.

Бейнелі жағдаяттарда практикадан алынған қарапайым оқиғалар сипатталады және бірден шешім қабылданады.

Жаттығу-жағдаяттар кейбір әрекеттерді жасауды талап етеді (конспектінің жоспарын құру, балалардың «Балабақшадағы оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының» белгілі бір бөлімін меңгеру кестені толтыру және т.б.)

Бағалау-жағдаяттарда мәселе алдын-ала шешілген, бірақ тәрбиешілерден оның талдауын беру мен өз жауабын қорытындылау, оны бағалау талап етіледі.

Белсендіру  әдістерінің ең күрделісі – бұл мәселе жағдаяттар, онда практикадан алынған мысал қазіргі таңдағы мәселе ретінде алып қарастырылады және оның шешімін міндетті түрде табу қажет болады.

Тәрбиешілерге көмек ретінде сұрақтар ұсынылады, сол кезде диалог-пікірталас пайда  болады. Әйтсе де, сұрақтарды диалог немесе пікірталас формасында ұжымдық талқылау өнері әрбірінін қолынан келе бермейді.

Диалог – бұл екі немесе бірнеше адамдардың әңгімесі, нақты сол мәселеге қатысты өз ойларымен еркін бөлісу. Өз ойларымен бөлісу кезінде салғыласу немесе дауа пайда болмайды, себебі әрбір қатысушы нақты өз көзқарасвн білдіреді.

Пікірталас – бұл белгілі бір маңызды, пікірлерге көп ұшырайтын сұрақтарды қарастыру, зерттеу, ашық түрде талқылау. Пікірталасты сөзбен бәстесудін ең жеңіл түріне жатқызуға болды, себебі мұнда әр түрлі ойлардын ішінен ортақ позиция анықталуы, ең маңыздысы таңдалуы қажет.

Екі қарама-қарсы көзқарастарды  талқылау. Жетекші бір мәселе бойынша екі көзқарасты ұсынады. Тәрбиеші оларға деген қатынасын айтып, не себепті солай ойлайтынын дәлелдейді.

Практикалық дағдыларды оқыту. Бұл әдіс өте әсерлі, тиімді бірақ оны алдын-ала ойластырып, қайсы тәрбиешіге беруге болатынын шешу керек. Ең дұрысы оқыту элементін жұмыс тәжірибесінен беру.  
 

Тәрбиешінің жұмыс күнін бейнелеу.

Тәрбиешілерге әр жас топ балаларының мінездемесі  беріледі, шешім қабылдауды  талап  ететін мақсат және міндет қалыптастырылады және белгілі бір уақыт аралығында өз жұмыс күнін моделдеу ұсынылады. Қорытындысында жетекші барлық ұсынылған моделдерді талқылауды ұйымдастырады, сәтті және сәттіз жерлерін талдап, анықтайды, тәрбиешілерге айтады.

Педагогикалық сөзжұмбақтарды шешу тәрбиешілердің нақты бір тақырып бойынша білімдерін бекітеді, жан-жақты болуына көмектеседі, яғни балалармен жүргізетін жұмыс сапасына ықпал етеді. Сөзжұмбақтарды топтық және жеке әдістемелік іс-шараларда қолдануға болады.

Ақыл-кеңес, нұсқау, бағдарлау құжаттармен жұмыс. Тәрбиешіге алдын-ала белгілі бір құжатпен танысуды, оны өз іс-әрекетінде қолдануды ұсынады және кемшіліктерді жоюға байланысты жұмыс жоспарын ойластырылады. Бұл тапсырманы әрбірі өздері орындайды, ал пед.кеңесте бір мәселені шешуде әр түрлі жолдар талқыланады.

Балалардың  ойларын, әрекеттерін, шығарашылығын талдау. Жетекші үнтаспа жазбаларын, балалар суреттерін дайындайды. Тәрбиешілер мәліметпен танысады, оны талдайды, балалардың тәрбиесін, білігін, дағдысын, дамуын бағалайды, нақты ұсыныстар құрастырады.

Ойындық моделдеу қызығушылықты арттырып, жоғары белсенділікті көтереді, шынайы педагогикалық мәселелерді шешу білігін дамытады.

Информация о работе Тәрбиешілерді белсендірудің әдістері мен формалары