Тәуелсіздік - аңсаған арман, қол жеткен мұрат

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:59, реферат

Описание работы

Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру. Туған жерді, елін сүйетін, ұлжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

Работа содержит 1 файл

Тәуелсіздік.docx

— 18.71 Кб (Скачать)

                         Тәуелсіздік  - аңсаған арман, қол жеткен мұрат

Мақсаты:  Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру. Туған жерді, елін сүйетін, ұлжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: буклет, плакаттар, қанатты сөздер, компьютер, экран /слайд-шоу/

Әнұран айтылады.

1-оқушы.

Құтты болсын тәуелсіздіік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлайды.

Аңсасған сан ғасырлық арман  болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды.

Туелсізбін, егеменмін, дербеспін.

2-оқушы. 

Тәуелсіз ел болу дегеніміз –  кеудеңді кере дем алып, еңсенді  көтере ұрпақтан ұрпаққа мұра болып  келе жатқан салт-дәстүріңді, әдет ғұрпыңды айқындап көрсетіп, өзіңнің өзгелермен тең екендігінді сезіну және ана  тілінде емін-еркін сөйлеуің деп  білемін. Тәуелсіздік – мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Қазақстан  тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін  білу үшін тарихқа көз жүгіртейік.

3-оқушы.

1723-1727ж. Бұл кезең қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы, қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте ауыр болды. Қазақтардың көбі Орта Азия мемлектеттерінің аумағына қарай ауысты.

Қаратаудың басынан көщ келеді,

Көшкен сайын тір тайлақ бос  келеді.

Ел жұртынан айрылған жаман екен.

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман, бағы заман.

Баяғыдай болар ма тағы заман.

Қарындас пен қара отман қалғаннан  соң

Көздің жасын көл ғылып ағызамын.

4-оқушы.

1730 ж. Қазақ халқының жоңғарларға азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас көктемде Балқаш көлінің оңтүстік – батыс жағалауындағы Алакөл деген жерде болды. Шайқаста кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.

5-оқушы. 

1836ж Бөкей хандығында ара ірі халық-азаттық көтерілістің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Халық көтерілісін елге белгілі батырлар И. Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басқарып, 200-ден артық сарбаздармен жасақталды.

6-оқушы.

1837-1847ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ірі ұлт-азаттық көтеріліс. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенсара тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, басқарушы ретінде 20мың сарбаздан тұратын жасақ құрды.

7-оқушы.

1916ж Ұлт азаттық көтеріліс кезінде 3 мың қазақ құрбан болды. Бұл қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі Торғай облысында болды. Көтерілісшілер жасағын құрған сардарбасы Мамнгелді Иманов.

8-оқушы.

1917-1920 ж. Алаш қозғалысы 20 ғ. алғашқы ширегінде Ресей империясының орталық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтеріліс . «Алаш» партиясының өмірге келуі Ресей империясының Қазақстанда орнатқан орталық басқару жүйсінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті. «Алаш» партиясының басшылары – А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов, М. Дулатов.

9-оқушы.

1931-1933 ж. Өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 % құрылды. Ашаршылыққа 6,2 млн халықтың 2,1 опат болды. 1 млн 578 мың халық атамекенін тастап кетті. 40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келуде.

10-оқушы. 

1937-1938 ж. Лангестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда көрнекті қайраткерлер жазаға тартылды. Олар: С.Сейфулин, Б.Майлин, А.Байтұрсынов, т.б. 101 мың қазақтар «ГУЛАГ» азабынан өтті, 27 мыңнан астамы атылды.

11-оқушы.

1941-1945 ж. Ұлы отан соғысы жылдары. Қиын да ұзақ 4 жыл: 1418 күнде 20 млн адам қаза тапты. Қазақстандықтар Москва, Ленинград түбіндегі шайқастарда және Украин, Белорусь, Молдаван азат ету жолындағы ұрыстарда болды. Ерекше табандылықпен қаһармандық көрсеткен Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Т.Бигельдинов, Н. Әбдіров, С. Нұрмағанбетов, жас офицер Р. Қошқарбаев және т.б. Ер жүрек батырлар халық каһарманы атағын алды. Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталған қазақ қыздары – Ә. Молдағұлова мен М. Мәметованың еңбектері орасан зор.

Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс  бізге,

Соғыс елді түсірді – ау ауыр күйге 

Жұрт күйзелді, төгілді қанша  көз жас,

Түнерді қайғы бұлты талай үйде.

Сұм фашист бейбіт елді болса құртпақ,

Алды-арты құрыш қамал тұрды  құрсап.

Жау жеңілді, сол жеңіс арқасында,

Өсті, ер жетті бүгінгі ұрпақ.

12-оқушы.

1986ж. желтоқсанда отты оқиға болды. Тәуелсіздік аңсаған жастардың ұлттық намыс құдыретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған – Қ.Рысқұлбеков, Л. Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың ісі, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанда мұзға  жаққан алауы.

Өздеріндей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.

Тәуелсіздік құрбандарын  бір минут еске алу.

1-оқушы.

1991ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» ҚР-ның конституциялық заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз, дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілі еткен аса қаситетті құжат.

2-оқушы.

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып.

Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.

3-оқушы

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі  өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

4-оқушы.

Әнұран, бар ұрпаққа өсиет шашқандай,

Теңгеміз, бар тайға таңба басқандай.

Көк байрағым көкте биік жулбіреп,

Бірлікке шақырып бізді жатқандай.

5-оқушы.

Халқым айтқан: Жер көтерер ер даңқын,

Елім айтқан: Ер көтерер жер даңқын.

Президентім аман болғай, Елбасы.

Мәңгі жаса, мәңгі даса, өр халқым!

6-оқушы.

Туындай қанат керген желді күнгі,

Танытты кең әлемге кеңдігінді.

Тұрғанда «Бәйтерегің» көөке шырқап.

Ұстай біл асқақтап елдігіңді.

Тәуелсіздік шежіресі.

1991ж. 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздік  туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда  ТМД құрылды.

1992ж. Мемлекеттік Рәміздер бекітілді.  Қазан айында тұңғыш ғарышкер  Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

1993ж. Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңгң бүниеге  келді.

1994ж. Мемлекеттің тұңғыш ордендері  мен медальдері дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.

1995ж. 30 тамызда жаңа Ата заң  қабылданды.

1996ж. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші  ашылды.

1997ж. Елорда Астанаға көшірілді.  «Қазақстан 2030» жолдауы шықты.

Жалпы ұлттық татулық пен қуғын  сүргіндерді еске алу жылы.

1998ж. Халықтар тұтастығы мен  тарих жылы.

1999 ж. Ұрпақтар бірлігі мен  сабақтастығы жылы.

2002 ж. Денсаулық жылы.

2003-2005 ж. Ауыл жылдары.

2006 ж. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға  20 жыо. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

2007 ж. Қазақ тілін қолдау жылы.

2008 ж. Астанаға 10 жыл.

2009 ж. Қазақстанның украинадағы  жылы.

Ән. «Атамекен» Қорытынды.


Информация о работе Тәуелсіздік - аңсаған арман, қол жеткен мұрат