Қабылдағыштың негізгі құрылғылары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 18:59, доклад

Описание работы

Кіріс тізбегі – антеннаны бірінші каскадпен байланыстыратын радиоқабылдағыштың бөлігі. Кіріс тізбек антенна қабылдаған сигналдарды өзінің таңдайшылық (іріктеушілік) қасиеті арқылы пайдалы сигналды анықтайды, бөгеулер әсерін азайтады, пайдалы сигналды күшейтуге (әлсіретуге) мүмкіндік береді.
Қабылдағыштар белгіленген жиілік диапазонында жұмыс істейді. Бұл жағдайда антенна ешқандай таратушыға бағытталып орнатылмайды. Бұндай антеннаның шығыс кедергісі комплексті болады: немесе активті-сыйымдылықты, активті-индуктивті. Бұл антенна орнатылмаған деп аталады.
Профессионалды қабылдағыштарда антенна таратушының жиілігіне бағытталып орнатыладыоның шығыс кедергісі активті болады. Бұл антенна орнатылған деп аталады.
Орнатылмаған антеннамен жұмыс істегенде кіріс тізбектің негізгі көрсеткіші болып берілу коэффициенті, айналық және тікелей арнаны іріктеуі табылады.