Поурочный план

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 23:57, практическая работа

Описание работы

Зульфия Салахаровна Чиншанло 1993 жылы 25 шілдеде Алматы қаласында туды.



2008 года жылдан бері – ҚР ауыр атлетика бойынша ұлттық құрамасының мүшесі.

Работа содержит 1 файл

лондон жулдегерлери.docx

— 18.32 Кб (Скачать)

 ЭЦҚ алу        Тіркелу        Көмек        Кіру 

 

 

 

Мысалы: Мекен-жай анықтамасы

Негізгі

Пікір қалдыру

Қызметтерді талқылау

 

 ҚАЗ

 РУС 

ENG

 

Мемлекеттік қызметтер

Коммерциялық қызметтер

Бюджетке жасалатын төлемдер

Ақпараттық тізімдеме

Е-лицензиялау

 

 Қазақстан олимпиада  жүлдегерлерінің қысқаша өмірбаяндары (Лондон 2012)

  

 

+Александр Винокуров 

 

 

–Зульфия Чиншанло

 

 

Зульфия Салахаровна Чиншанло 1993 жылы 25 шілдеде Алматы қаласында  туды.

 

2008 года жылдан бері  – ҚР ауыр атлетика бойынша  ұлттық құрамасының мүшесі.

 

Гиннестің рекордтар кітабына ауыр атлетика бойынша ең жас жеңімпаз ретінде енгізілді. 53 кг-ге дейінгі  салмақ дәрежесінде қатысады.

 

Қазақстанның 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары жеңімпазы, сондай-ақ 2010 жылы өткен Азия ойындарының күміс  жүлдегері.

 

Чиангмэеда 2009 жылы өткен  жасөспірімдердің әлем чемпионатында  қола медаль алды.

 

Сингапурде 2010 жылы өткен  жасөспірімдердің әлем чемпионатында  күміс жүлде алды.

 

ҚР еңбегі сіңген спорт  шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

 

2012 жылғы 29 шілдеде Зульфия  Лондонда өткен Олимпиада ойындарында  алтын медаль ұтты, бұл арқылы  ол өзінің әлемдік рекордын  жақсартты.

 

 

–Майя Манеза

 

 

Майя Салахаровна Манеза 1985 жылғы 1 қарашада Бішкекте туды. Майя ұзақ уақыт бойы Қытайда жаттықты. Қазақстанға ҚР ауыр атлетика бойынша  бас жаттықтырушысы Алексей Нидің  шақыруы бойынша келді.

 

63 кг-ге дейінгі салмақ  дәрежесінде өнер көрсетеді. Екі  рет әлем чемпионатында жеңіске  жетті  (2009, 2010).

 

Шынтақ жарақатына байланысты Майя 2008 жылғы Олимпиадаға қатыса алмады.

 

2011 жылы өткен әлем чемпионатында  Майя Манеза күміс медальға  ие болып, алтын медаль ресейлік  ауыр атлет Светлана Царукаеваға  бұйырды.

 

2012 жылғы Олимпиадада Манеза  ресейліктен өз есесін қайтарды.110 кг жұлқа көтерумен және 135 итеруде  әлем рекордын орнатып, Қазақстан  құрамасының тағы бір алтын  медаль сыйлады.

 

 

–Светлана Подобедова

 

 

Светлана Николаевна Подобедова РКФСР Иркутск облысы Зиминск  ауданының Зима станциясында туды. Ауыр атлетикамен 11 жастан бері айналысады.

 

2007 жылдан бері Қазақстанда  тұрады және жаттығады.

 

Светлана Подобедова екі  рет Әлем чемпионатында және Еуропа чемпионатында екі рет жеңіске  жетті.

 

2010 жылы Подобедова планетаның  үздік штангашысы деп танылды.

 

Подобедова сондай-ақ Қазақстанның ү дүркін жеңімпазы (2010, 2011 және 2012 жж), Азия жеңімпазы (2009 ж.) және Азия ойындарының (2010 ж.) жеңімпазы, 2011 жылғы әлем чемпионатының  күміс жүлдегері болды.

 

XXX жазғы Олимпиада ойындарында  екісайыс қорытындысы бойынша  291 кг көтеріп, Қазақстан құрамасының  қоржынына тағы бір алтын әкелді.

 

Подобедова екісайыс қорытындысы  бойынша әлем рекордын жаңартты (295 кг).

 

 

–Илья Ильин 

 

 

Илья Александрович Ильин. Қызыл Орда қаласында (Қазақстан) 1988 жылғы 24 мамырда туды, қазақстандыұ ауыр атлет.

 

2001 жылдың желтоқсан айында  өткен Қазақстанның Семей қаласында  ауыр атлетика бойынша чемпионатында  қызыл Орда қаласының 13 жасар  оқушысы Илья Илин арнайы жүлде  алды.

 

2005 жылдың көктемінде өзінің  он жеті жасқа толуы кезінде  Ильин жасөспірімдер арасында  өткен әлем чемпионатында жеңіске  жетті.

 

2005 жылғы 15 қарашада Катар  астанасы Дохада 85 кг-ге дейінгі  дәрежеде әлем рекордын орнатып,  жеңіске жетті, екі қозғалыс  қорытындысы бойынша штангашы 386 кг-мен бірінші орынға ие болды,  бұл оның тағы бір әлем ректорды  еді. Илья 85 кг-ге дейінгі дәрежеде  ең жас қатысушы атанды.

 

2005 жылғы чемпионаттың  үздік штангашысы деп танылды.

 

Илья Қазақстанда әлем біріншіліктерінің бес дүркін және 1998 жылғы олимпиада жеңімпазы  Анатолий Храпатыйдан кейін екінші болып табылады, ауыр атлетика бойынша  әлем жеңімпазы.

 

2006 жылғы мамыр айында  Қытайда жасөспірімдер арасында  әлем жеңімпазы атанды.

 

Осы жылдың қазан айында Санто-Домингода 94 кг-ге дейін әлем жеңімпазы атанды.

 

2006 жылдың желтоқсан айында  Илья Катарда өткен Азия ойындарында  94 кг салмақта 401 кг (175+226) нәтижемен  жеңіске жетті.

 

2007 жылы Илья Бейжің  Олимпиадасына дайындалып, еш жарысқа  қатысқан жоқ. Олимпиадада жұлқа  көтеруде 180 кг-мен және итеруде  226 кг-мен ол алтын медаль алады.

 

Бейжің Олимпиадасындағы жеңістен кейін Илья өз жаттығуларына  үзіліс жасайды, бұны ол физикалық шаршағандықпен, омыртқа жарақатымен және Ауыр атлетика федерациясымен болған қарқылық кикілжінмен  түсіндіреді.

 

2009 жылы Ильин жаттығуларын  қайта бастайды және 2010 жылы Қазақстанның  жеңімпазы және Азия ойындарының  жеңімпазы атанады.

 

Қазақстанның 2011 жылғы жеңімпазы.

 

2011 жылғы Әлем чемпионатында  Парижде жалпы сомасы 407 кг-мен  (181+226) әлемнің үш дүркін жеңімпазы  атанады.

 

2012 жылы Лондонда өткен  Олимпиада ойындарында 94 кг-ге  дейінгі салмақта әлем жеңімпаы  атағын тағы бір рет ұтып  алды, ол екі дүркін олимпиада  жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық  болып табылады.

 

 

–Ольга Рыпакова

 

 

Ольга Сергеевна Рыпакова 1984 жылы 30 қарашада Өскемен қаласында  туды.

 

2000 жылдан бері  «Шығыс  Қазақстан облысының Өскемен  қаласы бойынша  олимпиада  резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер  спорт  мектебінде» жаттығады.

 

2006 жылы Қазақ спорт  және туризм академиясының олимпиада  түрлері факультетін аяқтады.

 

Ольга XVI Азия ойындарының  алтын және күміс жүлдегері; ҚР көпсайыс, көпсайыс түрлері және үш қарғып секіру бойынша көп дүркін жеңімпазы  және жүлдегері болды.

 

2007 жылы Ольга Рыпакова  Бүкіл әлемдік универсиадада  жеңіске жетті. 2010 жылы үш рет  қарғып секіруден әлем жеңімпазы  болды.

 

Бейжіңде өткен Олимпиада  ойындарында 4-орынға ие болды.

 

2012 жылы XXX жазғы Олимпиада  ойындарында үш рет қарғып  секіруден алтын медаль ұтып  алды.

 

 

–Даниял Гаджиев 

 

 

Гаджиев Даниял Дағыстанда туды. Кизилюрт қаласында № 1 БЖСМ еркін  күреспен айналысты.

 

Бірінші жаттықтырушысы –  Н. Б.Курбанов.

 

2001 жылдан бері Тверь  қаласында грек-рим күресімен  айналысты.

 

Ресейдің 23 жасқа дейінгі  жастар жеңімпазы.

 

2011 жылдан бері Қазақстан  құрамасында өнер көрсетеді.

 

Д.Тұрлыханов атындағы спорт  мектебінде жаттығады (жаттықтырушысы — Тұрлыханов Марат Болатоұлы).

 

Азияның лицензияланған Олимпиада  турнирінің жеңімпазы.

 

2012 жылы 2 место на МТ  Гран-при «Вэхби Эмре» Гран-при  ХТ-да 2 орын (Түркия).

 

2012 жылы академик М.Сапарбаевты  есепке алу ХТ-ның жеңімпазы.

 

Батыс Қазақстан облысының  атынан өнер көрсетеді, Орал қаласында  тұрады.

 

2012 жылы Лонданда өткен  Олимпиаданың қола жүлдегері

 

 

–Марина Вольнова

 

 

Марина Ивановна Вольнова (1989 жылғы 26 шілдеде туды) — Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың қола жүлдегері.

 

Бокспен 6 жастан бері  айналысады. Астанада Қазақстанның бокс бойынша  еңбегі сіңген жаттықтырушысы Маржықпаев Берік Борамбейұлының жетекшілігімен жаттығады.

 

2012 жылғы Азия ойындарының  жеңімпазы, 2010 жылғы әлем чемпионатының  күміс жүлдегері.

 

Қазақстанның бокс бойынша  төрт дүркін жеңімпазы, Азия-2010 жеңімпазы, 2010 жылғы Әлем чемпионатының күміс  жүлдегері.

 

2012 жылы Лондонда өткен  Олимпиадаға қатысушы.  Элизабет  Андиегоны (Кения) 20:11 есебімен және  и Саванна Маршаллды (Ұлыбритания) 16:14 есебімен жеңді, жартылай финалда  американдық Кларисса Шилдсқа  15:29 есебімен ұтылды. Нәтижесі –  Лондон Олимпиадасында қола медаль  алды

 

 

–Гузель Манюрова

 

 

Манюрова Гюзель Тагировна (1978 жылғы 24 қаңтарда туды, Саранск, Мордова  АСКР) – қазақстандық спортшы, 2010 жылғы  дейін Ресей атынан өнер көрсетті (еркін күрес).

 

Ресейдің еңбегі сіңген спорт  шебері, Қазақстанның Еңбегі сіңген спорт  шебері, Афинада өткен Олимпиада  ойындарыныың күміс жүлдегері (2004), Лондонда өткен Олимпиада ойындарының  қола жүлдегері (2012).

 

Саранск қаласында татар  отбасында туған, кейін ата-анасымен Мәскеу қаласына көшеді.

 

2002 жылға дейін айкидомен  айналасты, Айкидо Айкикай 3-данына  ие. Ресей Айкидо Айкикай вице-президенті.

 

Еркін күреспен 2002 жылы С.Масьянов пен А.Колывано жаттықтырушыларының  жетекшілігімен айналыса бастады.

 

2004 жылы Еуропа чемпионатының  еркін күрес бойынша жеңімпазы  және Афинада өткен Олимпиаданың  күміс жүлдегері болды.

 

2005 және 2007 жылдары  Ресей  чемпионатында жеңіске жетті.  Бұдан кейін үш жыл қатарынан  (2010-2011-2012ж) Азия чемпионатында  жеңіске жетті.

 

2011 жылы Стамбул қаласында  өткен әлем чемпионатында бесінші  орынға ие болып Лондонда 2012 жылы  өтетін ХХХ жазғы Олимпиада  ойындарына қатысу құқығына ие  болады.

 

Лондон Олимпиадасында қола медальға ие болады.

 

Саранск қаласында Гюзель Манюрованың сыйлықтары үшін еркін  күрес бойынша турнир өткізіліп  тұрады.

 

 

–Иван Дычко 

 

Иван Фёдорович Дычко (1990 жылғы 11 тамызда туды) — қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт  шебері.

 

Қазақстанның 2009, 2010, 2011 жылғы  бокс жеңімпазы.

 

2008 жылы жастар арасындағы  Әлем чемпионатында 2-орын алды.

 

2010 ж. — Гуанчжоу қаласында  (Қытай) өткен ХVI жылғы бокс  бойынша жазғы Азия ойындарының  күміс жүлдегері.

 

2011 ж. — Баку қаласында  (Әзірбайджан) өткен Әлем чемпионатының  қола жүлдегері – 2012 жылғы  Олимпиада ойындарына қатысу  үшін лицензия ұтып алды.

 

2008, 2009, 2010 жылғы өнер көрсету  қорытындылары бойынша Қостанай  облысының үздік он спортшысының  қатарына енді, 2011 жылы Қостанай  облысының ең үздік спортшысы  атанды.

 

Лондонда өткен 2012 жылғы  Олимпиаданың қола жүлдегері.

 

 

–Ақжүрек Танатаров 

 

Ақжүрек Достықұлы Таңатаров (1986 жылғы 3 қыркүйекте туды) — қазақстандық еркін мәнердегі күрескер, Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

 

Тараз қаласында туған.

 

Қазақстан Республикасының 4 дүркін жеңімпазы.

 

Қазақстан Республикасы Кубогының  иегері (2011), халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

 

Лондонда өткен 2012 жылғы  Олимпиаданың қола жүлдегері.

 

 

+Әділбек Ниязымбетов 

 

 

–Серік Сапиев

 

Сапиев Серік Жұманғалиұлы (1983 жылғы 16 қарашада туды) — қазақстандық әуесқой боксшы.

 

Қазақстанның Қарағанды  облысының Абай қаласынды туды, тұрады және жаттығады.

 

Жаттықтырушысы — Стрельников  Александр Владимирович.

 

Екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007).

 

Екі дүркін Азия чемпионы (2007, 2009).

 

Азия ойындаырының жеңімпазы (2010).

 

Бірқатар ірі турнирлерде  медальдар мен сыйлықтарға ие болды. Қазақстанның мейлінше атағы  көп боксшыларының бірі.

 

Бейжіңде өткен 2008 жылғы  жазғы Олимпиадаға 64 кг-ге дейінгі  дәрежеде жартылай финалға өте алмады, бұданк ейін салмақты төмендетуін қойып, 69 кг дәрежесіне өтті.

 

Лондонда өткен 2012 жылғы  Олимпиадада жарыс иесі – британдық  Фрэдди Эвансты 17-9 есебімен жеңіп 69 кг-ге дәрежеде олимпиада чемпионы болды.

 

Серік Сапиев Лондон Олимпиадасының қорытындысы бойынша Вэл Баркер кубогына ие болды - бұл сыйлық Олимпиада  ойындарында 1936 жылдан бері бүгінгі  күнге дейін ең үздік техникаға  ие боксшыға беріледі.

 

 

Бөлісу… 

Біз желідеміз

электрондық кезекті брондау

ХҚКО бойынша байланыс ақпараттарыТанымал электрондық

 қызметтер 

ЖСН туралы мәлімет алу

Балабақшадағы кезектің нөмерін  қарау 

 

Бейне-материалдар 

Интернет - конференциялар 

Басшылардың блогтары

 

 

 

 Заңнама 

"Мемлекеттік қызметтер  туралы" заңжобасын талқылау 

Қазақстан Республикасының  Заңдары

Қазақстан Республикасының  Кодекстері

Үкімет қаулылары және Премьер-министрдің өкімдері

Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлықтары

 Хабарламалар  тақтасы 

11.09.2012

 

«Болашақ» стипендиясын табыстауға құжаттарды енді Интернет арқылы беруге болады. Толығырақ

20.08.2012

 

Құрметті пайдаланушылар! "eGov жүректерді қосады" акциясының қатысушыларының тізімімен танысыңыз.

14.08.2012

 

Құрметті пайдаланушылар! Порталдан 2012 жылғы білім беру грант  иелерінің тізімімен таныса аласыз.

21.08.2012

 

Құрметті пайдаланушылар! 2012 жылғы 21-23 тамыз аралығында порталда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің қатысуымен Интернет-конференция өтеді.

 

барлық қарап шығу →    Республика жаңалықтары

13-09-2012     Алматы  облысында қылмыстық топ қарусыздандырылды

13-09-2012     Лондон  көшесіне аспаннан жансыз дене  құлап түсті

13-09-2012     Қазақстан  мен Ресейдің белді дәрігерлері  балаларда пневмонияның алдын  алу мәселелерін талқылауда

 

 

ҚР Үкіметінің баспасөз хабарламалары 

Суреттер және бейнеклиптер  Дауыс беру

 Қандай ақпарат көзінен  электрондық қызметтер туралы  ақпарат алдыңыз?

 

 Мемлекеттік органдар (стендтер, маман кеңестері) 

 Интернет (соның ішінде  мемлекеттік сайттар), электрондық  пошта арқылы мекен-жай жіберілімі

 БАҚ-тан

 Әлеуметтік қызметкерлер

Информация о работе Поурочный план