Ядролық қару

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 13:29, курсовая работа

Описание работы

Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды.

Содержание

І Кіріспе
а) Жаппай қырып жою қаруларына түсінік.
ІІ Негізгі бөлім.
а) Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары.
б) Химиялық зақымдау ошағының факорлары, оларға сипаттама.
в) Бактерологиялық қаруға сипаттама және зақымдаушы факторлары.
ІІІ Қорытынды.
Ортаны зарарсыздандыруға арналған заттар.

Работа содержит 1 файл

Ядролық, химиялық, бактерологиялық қырып жою қарулары.DOC

— 87.00 Кб (Скачать)

Ви-экс - тұрақты, жазда бір аптаға, қыста бір айға дейін қасиетін сақтай алады. Ұшпалығы нашар, суға арыласпайды, қайнау температурасы 300°С, қату температурасы - 50°С. Аэрозоль түрінде қолданылады, өлім дозасы 0,01 (мг мин/л) тең, теріден өткенде 7 адам тең. Зариннен күшті. Бұл заттың тері арқылы өтетін кезде сырын түрінде әсер ететін уақыты бар (бірнеше сағат). коммулятивтік қасиеті бар.

Зоман жоғарыда айтпған зарин мен ви-экс аралығындай әсер етеді.

 

биологиялық қарудың қысқаша сипаттамасы.

Биологиялық қару қазіргі заманның қауіпті қарулардың бір түрі және ол халықты жаппай қырып жою мақсатына арналған, оның потенциалы орасан зор: құрғақ биоматериалының әр грамм мөлшерінде жүздеген миллиард микробтар болуы мүмкін. Мысалы, таза кристалды ботулиникалық токсинның 1 граммы 8 млн. адамды уландырып өлтіре алады. Химиялық қару бірінші дүние жүзілік соғыста, ядролық қару екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған болса, биологиялық қару әлі пайдаланылмаған. Сондықтан оның салдары ешкімге беймәлім. Айтарлық, кейбір инфекциялы аурулар (тұмау) бір мезгіл көтерілісінде бірнеше мемлекет территориясына, - бірнеше құрлыққа таралады - бұл құбылысты пандемия деп атайды. Химиялық қару сыңайлы биологиялық қару ғимараттарға, құрылыстарға, жабдықтарға тікелей өзінің әсерін тигізбейді, бірақ адамдарды ауруға ушырату арқылы өндіріс тіршілігін мүлде тоқтату мүмкін. Биологиялық қару құралдары ретінде жау - мынандай аурулардың қоздырғыштарын пайдалануы мүмкін:

-   адамдарды зақымдау үшін - түйнек, оба, нағыз шешек, тyляpeмия, caп, мандам, тырыспа, сары қызба, орнитоз, іш сүзегі, Қу-қызбасы, Цуцугамуши қызбасы, солар мен қатар ботулиникалық токсин;

-   жануарларды зақымдау үшін - аусыл, оба caп, түйнек және т.б.;

-   өсімдіктерді  зақымдау  үшін   -  астық  тұқымдастарының тотықтырғышы,   күріш         пирикуляриозы, картоп фитотррозы, мақта гоммозы, ж.т.б.

Биологиялық     қарудың     негізін     биологиялық     құралдар қалайды.      Олар:  бактериялар,      вирустар,      риккетсиялар, саңыррауқұлақтар; микробтардың өнімдері - токсиндер, мал және ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін жәндіктер мен зиянкестср,    ауру    қоздыратын    микробтарды    тасымалдайтын жәндіктер және өсімдіктерді шірітетін синтетикалық химиялық заттар-гербицидтер мен дефолианттар.

Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі әдіс және диверсия жасау әдісі.

Негізгі әдісі бойынша биологиялық құралдар аэрозоль (тұман) түрінде құрғақ немесе сұйық қалпында жел бағытымен жіберіледі, сонда жерге жақын ауа қабатының жүздеген шаршы шақырымы зарарданылады (зақымға ұшырайды). Әдісті қолдану үшін аэрозолды ұшақтардан арналған шандатқыштар арқылы себеді немесе авиациялық бомбалар тасталады. Одан басқа, жерге тиісімен өздігінен жарылатын: зеңбірек снарядтары, миналар, пластиктен жасалынған бомбалар, контейнерлер, кассеталар, басқармалы биологиялық зымырандар. Нысаналарға жеткізу үшін ауа шарлар да пайдалануы мүмкін.

 

ОРТАНЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗАТТАР.

Адамды, қоршаған ортаны микробтардан зарарсыздандыру үшін дегазацияға арналған тотықтыру және хлорлау әсерін келтіретін  заттар,  солармен  қатар  формалин,  фенол  және  т.б. қолданылады.

Формалин - формальдегидтің суда 30-40%-тік ерітіндісі, өткір, тітіренті    иісі    бар    мөлдір    сұйықтық.    Сақталу    барысында полимерленеді де,  ерітіндіде параформальдегидтің ақ жалырақшалары пайда болады. Формалиннің өзі де, буы да улы (организмнің   ішіне   өткен   өлім   мөлшері   10   граммға   жуық).

Сондықтан   оны   пайдаланғанда   противогазды   қолдану   керек.

Формалинды жүннен жасалған бұйымдарды, теріден тігілген аяқ-киімді, қару-жарақтарды және техниканы зарарсыздандыру үшін пайдаланады.      Спорларға      айналатын      микробтарға      қарсы формалинді 1:1 қатысы бойынша сумен араластырып, осы қоспаға (1 л) монохлорамии (100 г.) қосылады. Монохлорамид - хлор иісті, суда оңай еритін ақшын-сары ұсақ кристаллдар. Егер микробтар спорларды құрмаса, онда формалинды 1:9 қатысы бойынша сумен араластырады.    Формалин    ерітінділерін    қолдану    барысында температура  10°С төмен болмауы керек.   1   м2 өндеуге жататын ауданға 0,3-0,5 л формалин ерітіндісі жұмсалады. Формалин шыны не алюминийден жасалған ыдыста сақталынады.

Фенол, таза түрінде, қызғылт түсті кристаллды зат, суда нашар ериді. Зарарсыздандыру жұмыстарында карбол қышқылы пайдаланылады, ол 90% фенолдан және 10% судан тұратын сұйықтық. Спорлары құрамайтын микробтарға қарсы қолданылғанда, үйлерді, қару-жарақты, техниканы және киім-кешекті зарарсыздандыру үшін 3-5%-тік фенолдың судағы ерітінділері пайдаланынады.

Жәндіктер мен кенелерді жоюға арналған заттарды инсектицид заттары деп атайды. Осы қатарда кеңінен тараған ДДТ, гексахлоран т.б.

ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан) - ақ кристаллды ұнтақ, суда ерімейді, органикалық еріткіштерде жақсы ерітеді. Адамға қауіпті, оны шаңдатқанда противогаз және тері қорғайтын құралдарды қию керек. Көбінесе ұнтақ түрінде дуст деп аталған пайдаланылады (5-12% ДДТ және 88-95% толтырғыш зат-талька, каолин, т.б.). Жәндіктерді киім-кешекте, үйлерде, қыртысында және өсімдіктерде   қыруға   қолданылады.   ДДТ   битумдалған   қағаз қаптарда сақталынады.

Гексахлоран - сүр түсті, зәк иісті кристаллды зат. Қасиеттері ДДТ-ға жақын, онымен істеу әдістері де бірдей. Тұрақты жағымсыз иісі болғандықтан гексахлоранды киімді, азық-түлік қоймаларының, тұрғын үйлердің, жұмыс істейтін орындардың іш жақтарын өндеу мақсатында қолданбайды.

Хлорлы әк 0,2-0,5% -тік, 2-3%-тік, 5-10%-тік судағы ерітіндісі және     құрғақ     қалпында     суды,     ыдыс-аяқты,     үй-жайларды жиһаздарды,    ғимараттардың    сыртқы    бетін,   әжетханаларды жергілікті     жерді     және    басқаларды    зарарсыздандыру     үші қолданылады.  10%-тік хлорлы әк ерітіндісін дайындау үшін бір шелек (10 л) суға 1 кг құрғақ хлорлы әк салады. Ерітіндіні дайындап бола салысымен пайдаланады. Тұнықтырылған ерітіндіні 24 сағат бойы тұндырып дайындайды.

Осылардан басқа зарарсыздандыру заттар ретінде хлорамині 0,2-1%-тік ерітіндісі, лизолдың 3-5%-тік ерітіндісі, ДТС-ГК 1-3%-ті ерітіндісі, сутегі асқын оксидінің 3%-тік ерітіндісі, этилен оксиді және т.б. қолданылады.

 

Бактериялық зақым.

Егер территорияда биологиялық қару қолданылса, ал жерге жайылған микробтардың түрлерін анықтауы қыиндыққа соқса ұзақ уақытқа созылса, онда да жалпы мәліметтерді есте ұста адамдар кешенді түрде, уақытылы, дер кезінде төменде айтылатын мәліметтерді есте сақтап әдістерді орындайды:

-    инфекция микробтар саны қоршаған ортаның әсерінен бара бара    төмендейді,    ақыры    олар    тек    адамдарда    немесе жануарларда (өсімдіктерде), азық-түлік, суда қалады; оларды басым    көбісінің    жоғары    немесе    төмен    температураның бейімділігі   аз;   суда   қайнатылғанда,   тікелей   күн   сәулесі түскенде, зарарсыздандыру құралдар, бактериофагта қолданылғанда әжептеуір жойылады;

- АҚ-тың медициналық жасақтары және басқа да медициналы мекемелер   іске   асыратын   шаралардан   (керекті  дәрі   егу, вакцина, иммунды сарысу жиберуден адамдар қашпау керек жеке адам гигиенасының және зақымдау ауқымда орнатылған ережелерін мұқият сақтап, тұрғын халық арасында гигиеналық дағды   және   санитарлық   мәдениет   жайын   насихаттауды байбаламға, дүрбелеңге жол бермеуді әр кім міндетті түрд орындауға тиіс;

- Бірнеше инфекциялы ауруға қарсы тұратын, кеңінен пайдалы әсер беретін антибиотік дэрі-дәрмектерді қабылдаған дұрыс мысалы    жеке     аптечкадағы     (АИ-2) №1, №2 арнайі антидоттарды.


жылдамдылығына байланысты итеру куші (ΔPж) және артық қысымның әрекет ету уақыты болып табылады. Артық қысым деген термин толқын шебі қысымының атмосфераның кәдімгі қысымынан артықшылығынан шығады. Толқын мен аралас жылжыған ауа ағымы динамикалық қысымды, яғни итеру қабілетін көрсетеді. ΔРІІІ және ΔРЖ Паскаль (Па) деген өлшем бірлігімен есептеледі. 1 Па=1 Н/м2, мысалы үшін бір атмосфералық қысым 105 Па -ға тең (1 атм 105 Па = 100 кПа = 1 кгс/см2).

Ядролық зақымдау ошағы өткен артық қысымның шамасына қарай бірнеше зонаға бөлінеді:

1)    Толық   қирау   зонасы   -ΔРІІІ=50   кПа-мен   (0,5   кгс/см2) шектеледі.   Жер   үстіндегі   құрылыстардың  барлық  түрі   жермен жексен болып, тек қана үйінділер қалады. Жер астындағы қорғаныс ғимараттар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. Қорғанбаған   адамдардың   бәрі   өліп,   жер   астында   орналасқан паналаушылар әр-түрлі жарақат алады.

2)  Күшті қирау зонасы - ΔРІІІ=50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын  ғимараттардың  көбісі  толық  қирап  немесе  қатты бұзылады,   бірақ   жер   астындағы   құрылыстар   толық   сақталуы мүмкін; жасырынбаған адамның көпшілігі қаза табады. Қорғаныс па  алардағы адам арасында жарақат алғандар көп емес, жер беті раиобелсенді заттармен қатты ластанады.

3)   Орташа   қирау   зонасы   -ΔРІІІ=30-20 кПа   арасында.   Көп қатты ғимараттар, электр жүйелерінің бағандары орташа немесе бір шамада   бүлінеді,   қорғаныс   паналар,   жер   төлелер   толық сақталып   қалады.   Кейбір   жерлерде   үйінділер   болуы   мүмкін. Адамдарға көмір қышқыл газбен улану  қауіпі  төнеді.  Осы үш зоналар ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін құрайды және бұл жерде құтқару жұмыстары күрделі түрде жүреді.

4) Жеңіл бүліну зонасы - ΔРІІІ =20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді. Ағаш үйлер бұзылады, жеңіл от алатын заттардың төгілуінен   екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін.

Егер    жарылыстың    қуатын    q   әріппен,    ал    зоналардың радиусын   R   әріппен   белгілесек,   онда   мынау  шамалаған формулалармен зоналардың өлшемін    есептеуге болады:

R,=(0,35 + 0,4)^;

R2=(0,5 ^0,55)3/?; R3=(0,75-r 0,7)3/^;

R4=(i,4-i,l)V?;



Информация о работе Ядролық қару