Қазіргі заманғы Қазақстандағы көпартиялықтың жағдайы мен даму перспиктивалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 18:59, реферат

Описание работы

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлылқтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгі астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші алдыңғы мүшелері қорғады.

Содержание

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Қазіргі заманғы Қазақстандағы көпартиялықтың жағдайы мен даму перспиктивалары

2.1.Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері

2.2.Саяси партиялардың жіктелуі

2.3.Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы

ІІІ Қоротыны бөлім

ІV Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

политология реферат.doc

— 103.00 Кб (Скачать)

Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне универсалдық сипат алатындай сыңайы бар.

Қазақстанның конституциясы елдегіконституциалық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және заң жүзінде көрсетілген әскери құрылымдарды ұйымдастыруға тыйым салады. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақтарының, діни негіздегі партиялардың жұмысы, сонымен қатар саяси партиялар мен  кәсіподақтарды шетел мемлекеттері жеке халықаралық ұйымдарының қаржыландыруына рұқсат етілмейді.

Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылды. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Қорытынды

Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік – экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.

Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен ) құрайды. Еуропадағы социал – демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық – демократиялық партияларды орта жіктегі қізметкерлер, интеллигенция, ұсақ кәсіпкерлер  және т.б. қолдайтын.Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. ХХ ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді . Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының  даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 



Информация о работе Қазіргі заманғы Қазақстандағы көпартиялықтың жағдайы мен даму перспиктивалары