Демократияның

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 15:36, контрольная работа

Описание работы

· мемлекет нысаны және жалпы саяси жүйенің нысаны ретінде;
· мүшелерінің басқаруға қатысуы теңдігіне, көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген қоғамдық өмірдің, кез келген ұйымының ұйымдастырылу түрі. Бұл мағынада алғанда, партиялық, кәсіподақтық, өндірістік, тіпті отбасылық демократия туралы айтуға болады. Кең мағынада алғанда демократия ұйым, билік және басқару бар жердің бәрінде өмір сүре алады;
· белгілі бір құндылықтар жүйесіне негізделген қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Мұндай құндылықтарға еркіндік, теңдік, адам құқығы, халық егеменділігі т.б. жатады;

Содержание

1. Демократия: түсінігі және пайда болуы.
2. Қазіргі заманғы демократия: теориялары және тәжірбиелері.
3. Демократияға өтудің құндылықтары, алғы шарттары мен жолдары

Работа содержит 1 файл

Демократия.docx

— 58.85 Кб (Скачать)

Демократияланудың заңдылықтары. Демократиялану процесінің жалпы үрдістері немесе заңдылықтары бар. Демократияланудың тұрақтылығы мыналарға байланысты: 1) оған бірте-бірте көшуге және ол үшін күшті ең аз мөлшерде қолдану; 2) қайта құруларды жоғарыдан, элиталардың келісімі арқылы жасау; 3) саяси тұрақтылық қажет;

Демократиялануға өту жолдары. ХХ ғасырдың 80-90 жылдары әкімшілік социализм елдерінің көпшілігінде авторитарлық және тоталитарлық режимдер күйреді. Бұл елдер демократиялану жолына түсе бастады. Қоғамды демократияландыру мен қайта құру жолына түскен елдерде қоғамдық және саяси қайта құрулардың екі негізгі жолы көрінеді:

1) либералдандыру  жолы. Ол батыс үлгісіндегі тез саяси және экономикалық либералдануды («шоковая терапия») ұсынады. Шығыс Европа елдерінің көбі, КСРО осы жолды таңдады. Олардың ішінде, саяси мәдениеті, экономикалық уклады Батысқа жақын елдерде өндірістің құлдырауы т.б. жағымсыз құбылыстар болса да, қоғамның демократиялануы мен өзгеруі табысты болды. Батыс елдеріне тән көп жылдарлық дәстүрлі рыноктық экономикасы мен дарашылдық мәдениеті жоқ елдерде демократияланудың либералдық үлгісін жүзеге асыру ауыр, қиратушы салдарға әкелді: әлсіреуге, қылмыстың өсуіне, мемлекеттің ыдырауына, саяси және экономикалық анархияға, кейде соғыстарға, өндірістің бірден құлдырауына, тұрғындардың кӛпшілігінің жағдайының нашарлауына. Демократияланудың бұл үлгісін қабылдау, әсіресе КСРО үшін ауыр салдарға әкелді.

2) реформалаудың  қытайлық үлгісі. «Демократияланудың» кеңестік тәжірибесінен кейін ресми идеология ретінде коммунистік идеологияны сақтаған елдер, ең алдымен Қытай тоталитарлық саяси құрылымдарды модернизациялау, мен реформалаудың өзіндік үлгісін жасады, ол «жаңа авторитаризм» деп аталды. Бұл үлгінің мәні - орталықтың күшті билігін сақтау және оны саяси тұрақтылықты сақтау мен сыртқы әлем үшін ашық рыноктық экономиканы дамытуды көздейтін радикалды экономикалық реформалар жүргізу үшін пайдалану. Қытай үлгісі өзінің экономикалық және әлеуметтік нәтижелілігін көрсетті. Қытайлық үлгі батыстық үлгідегі саяси институттарды тікілей енгізбегенімен, іс жүзінде демократияланудың алғы шарттарын жасап, азаматтардың жеке құқықтарын кеңейтіп, оларды толық бақылаудан босатты. Қазақстандық саясаттанушылар, қоғамтанушылар еліміздің батыстың либералдық үлгілеріне де көзсіз бағдар алмағанын және авторитарлық модернизация тәжірибесін сол күйінде қайталамағанын дұрыс көреді. Саяси және шаруашылық реформалаудың тиімді үлгісі өз ерекшеліктерін, дүниежүзілік тәжірибені әбден сараптап, барынша дамыған және гуманистік қоғам құру үшін белсенді және нақты мемлекеттік саясат жүргізу нәтижесінде табылады.


Информация о работе Демократияның