Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржы жүйенің даму үрдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 17:14, реферат

Описание работы

2009 жылдың 12 ақпанында Елбасымыз «Ислам банкі қызметі мен исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру» мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойып, аталған жүйенің еліміздегі қызметіне айтарлықтай қолдау білдірді. Сондай-ақ, сол жылы көктем кезінде, яғни дағдарыс уақытында Нұрсұлтан Әбішұлы Таяу Шығыс елдеріне іссапармен барып, инвестиция тарту жөнінде келісімге келді.

Работа содержит 1 файл

Исламдық қаржыландыру.docx

— 25.66 Кб (Скачать)

                                                             Жетекшісі: Батай  М. Б.

                                                             Орындаған: Мейрманова  Д. М.

                                                                                  Аширова Н. А.

      Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржы жүйенің даму үрдісі

  2009 жылдың 12 ақпанында Елбасымыз «Ислам  банкі қызметі мен исламдық  қаржыландыруды ұйымдастыру» мәселелері  бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойып, аталған жүйенің еліміздегі қызметіне айтарлықтай қолдау білдірді. Сондай-ақ, сол жылы көктем кезінде, яғни дағдарыс уақытында Нұрсұлтан Әбішұлы Таяу Шығыс елдеріне іссапармен барып, инвестиция тарту жөнінде келісімге келді. Соның нәтижесінде Абу Даби әмірлігінен инвестиция тартылып, Елордамызда «Абу Даби Плаза» көпкешенді орталығын салуға және «әл-Хилал» Ислам банкінің ашылуына қол жеткізді.

  Сонымен қатар, 2010 жылдың тамыз айында 9 мемлекеттік  органның қол қоюымен «Жол картасы» бағдарламасына ие болдық. Одан бөлек, биыл маусым айында Астанада Дүниежүзілік Ислам экономикасының форумы өткені белгілі. Сол жиында Халықаралық Ислам Даму банкі мен біздің еліміз арасында екіжақты Серіктестік Стратегиясы жөнінде үлкен меморандумға қол қойылды. Соған сәйкес, аталған банк біздің елге исламдық қаржыландыру жүйесі арқылы 3 жылда 1 млрд. 200 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуге ниет етіп отыр. Оның ішінде елімізде Ислам қаржы секторын дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, өзге де әлеуметтіқ жобаларға жұмсау сынды нақты мақсаттар қарастырылған. Бұл жерде еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мырзаның еңбегін атап өткен жөн. Сол кісінің және тағы басқа 6 елдің жауапты өкілдерінің қолдауымен жуырда ғана тұңғыш рет мен Ислам Даму банкінің кеңесіне мүшелікке қабылдандым. Бұл еліміз үшін үлкен құрмет және ашық мүмкіндік. Соған орай, алдағы уақытта Қазақстан осы, әлемдегі ең мықты қаржы институттарының және ААА (zero-risk) рейтингімен аталған Ислам банкінде жылына бірнеше рет өтетін директорлар кеңесінің жиналысына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

  Жалпы елімізде исламдық қаржыландырудың ең басты қолдаушысы Елбасы екені белгілі. Сол кісінің тікелей ұйытқы болуымен 2003 жылы қазан айында Алматыда Ислам Даму банкі басқарушыларының кеңесі өтті. Бұл беделі өте жоғары, жылына бір рет өтетін мәртебелі жиналыс. 56 елден министр деңгейіндегі арнайы өкілдер қатысқан сол жиында Елбасымыз Халықаралық Ислам Даму банкінің президенті доктор Ахмед Мохамед Алимен кездесті. 84 жастағы қария бүгінде өте үлкен абыройға ие, осы саладағы ең білікті адамдардың бірі. Сол кездесу барысында көптеген мәселелер сөз болып, елімізде Ислам банкингін дамыту кеңінен талқыланды. 
Айтуға тұрарлық тағы бір жайт, биыл 20 қазанда Елбасы исламдық қаржыландыруға қатысты тоғыз іс-шараны жүзеге асыруға қол қойып, тиісті орындарға тапсырма берді. Бұрын елімізде исламдық қаржыландыруға бас-көз болатын үкіметтік орган болмаған еді. Осы мәселе бойынша тек Алматы аймақтық қаржыландыру орталығы (РФЦА) ғана жұмыс істеді. Алайда олардың қолында ешқандай реттеушілік құзірет болмады. Сондықтан көп жұмыстар сөз жүзінде қалып қойып жатты. Енді Президентіміздің жоғарыда айтқан тапсырмасына орай, аталмыш салаға тікелей қолдау білдіру еліміздің Ұлттық банкіне жүктеліп отыр. Бұл да үлкен жетістік.

    Жалпы Исламдық қаржыландырудың еліміздегі болашағы қандай? 

  1. бұл жүйе тазалыққа негізделген.  Сондай-ақ, оның мақсаты да айқын, ол – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Мен сізге бір қызық айтайын, бүгінде елімізде, тіпті бүкіл әлемде «несиемен өмір сүре аламыз» деген түсінік қалыптасқан. Яғни адамдар несиеге әбден бой үйретіп алған. Ал келешегі жоқ бұл үрдісті түпкілікті жоюда исламдық қаржыландырудың маңызы зор.

  2.  қаржыландырудың бұл түрі нақты  экономикамызға өте үлкен пайда  әкеледі. Бүгінде индустрияландыру жоспары жүзеге асуда. Осының аясында елімізге тікелей инвестиция тартылып жатыр. Ал тікелей инвестиция дегеніміз – ешқандай несие емес. Бұл жерде қаржы бізге серіктестік ретінде беріледі және осы инвестициямен Үкіметтің сыртқы карыздары ешқашан көбеймейді. Бұл экономикамыздың қосымша құнын көтеруге өте пайдалы. Ал қосымша құн артып жатса, еліміздің өмір сүру деңгейі қөтеріліп, орасан зор пайда болмақ.

  3. исламдық қаржыландыру деп аты айтып тұрғандай, барлық жұмыс істеу жүйесі шариғатқа негізделген. Бұл не деген сөз? Әрине, бұл Алланың қалауы бойынша жұмыс істеу дегенді білдіреді. Осылайша, халықтың санасын әбден жаулап алған өсім, үстеме, несие, пайыз деген дерттерден арылуға болады. Міне, осы тұрғыдан қарар болсақ, исламдық қаржыландырудың болашағы зор деп нық сенімен айтуға болады.

  Ислам банкингінің жай банктерден айырмашылығы мен артықшылығы неде?

  Ең  басты айырмашылығы, жоғарыда айтып  өткеніміздей, өсімқорлық (арабша –  риба). Ондай нәрсе исламдық қаржы секторында жоқ. Осы жерде айта кетер жайт, исламдық қаржыландырудағы жобаның табысынан алатын пайданы несие пайызбен шатыстырмау керек. Тағы бір мәселе, қазіргі кездегі жай банктердегі қолданылып жүрген жүйе бойынша, яғни ақшаның үстінен ақша жасау тек қаржы секторын ғана дамытса, исламдық қаржыландыру елдің бүкіл экономикасы үшін жұмыс істейді. Жалпы қатардағы банктер тек өзінің пайдасы үшін қызмет атқарып, бүкіл жүйені соған сәйкестендіріп қояды. «Форекс», «овердрафт», «овернайт» деп аталатын арнайы жүйелер бойынша, таза қаржылық спекуляция және банкаралық операциялар арқылы көп пайдаға кенеледі. Бірақ, бұдан елдің экономикасына ешқандай пайда келмейді. Түсінікті болу үшін мысал келтірейін. Дағдарыстан кейін жағдайды қалыпқа келтіру үшін ұлттық қордан 4,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінді. Бұл жерде Үкіметтің ойы осы қаржының есебінен баяулап қалған экономикамыздың қарқынын күшейту болатын. Ал шынтуайтына келер болсақ, бұл мақсаттар толық орындалмай қалды. Өйткені, қаржыға ие болған банктер сол ақшамен өздерінің бос қалған «қуыстарын» толтырып, қайтадан байып шыға келді. Сондай-ақ, олар экономикадағы «риск менеджмент», яғни «тәуекел басқару» деген түсінікті өте қатаң мағынада қолданып, аясын тарылтып тастады. Осы әдістер арқылы жай банктер өндіріс және нақты шаруаларға арналған инвестициялардан бас тартты. Ал негізінде нақты экономикада компаниялар үлкен тәуекелмен бетпе-бет келіп отырады. Яғни қаржы салған сала өз нәтижесін бере ме, бермей ме, кеткен шығынды ақтай ма, ақтамай ма деген мәселелер туындайды. Соңында барлық кәсіпорындар банктерден көмек көрмей бюджеттің тендерлеріне қарап қалады. Ал исламдық қаржыландыруда олай емес, керісінше, мұндай тәуекелдер екі жаққа тең бөлінеді. Оны «профит энд лосс шэринг», яғни ұтыс пен ұтылысты бөлісу деп атайды. Сонымен қатар, қазіргі қолданыстағы жүйе халқымыздың санасын өте қатты бұзып жатыр. Өйткені бұл жүйе халықтан ақшаны жиып алып: «Енді сіз жұмыс істемей-ақ қойыңыз. Бұдан былай сіздің бізге берген ақшаңызға пайыз қосылып, сол сіз ұшін жұмыс істейтін болады», – деп алдап, елді жалқаулыққа, оңай пайдаға кенелуге үгіттеуде. Оған қазіргі депозиттер мысал. Өкінішке қарай, халық та оңай олжаны қол көріп, жалқаулыққа бой алдыруда. Бұл сананың тежелуіне, ұлттық психологияның бұзылуына үлкен әсер етеді. Ал біз ежелден асымызды адал еңбекпен тапқан халықпыз. Сондықтан сол болмысымыздан айнымай, өз құндылықтарымызды сақтауымыз керек. Жалпы өсімқорлықтың зиянын көру үшін қазіргі батыс елдеріне қарасақ, жеткілікті. Өйткені, ол жақта рибамен әбден байыған және ешқандай шаруаға құлықсыз кейбір адамдар ойларына келгенін жасауда.

  Исламдық қаржыландырудың негізгі жұмыс істеу тетіктері

   
     Исламдық қаржыландырудың жұмыс істейтін тағы негізгі екі тетігі, жолы бар. Оның бірі – сауда арқылы, екіншісі – серіктестік. 
Негізі сауданың Исламда орны бөлек екені белгілі. Сондықтан, исламдық қаржыландыру жүйесінде де бұған аса зор мән берілген. Яғни сауда тетігінің жұмыс істеу әдістері бар.

  Біріншісі – мурабаха. Бұл қысқа мерзімге сауданы қаржыландыруға пайдаланылады. Мәселен, сіз бір тауар алғыңыз келіп исламдық қаржыландыруға жүгіндіңіз. Сол тауарды Ислам банкі өзі сатып алып, үстіне пайда есебінде 5 пайыз қосып сізге сатады. Демек, тауардың құны 100 мың теңге болса, сіз банкке 105 мың теңге етіп қайтарасыз. Оны алдын-ала келісілген кысқа мерзімге созып немесе бір төлеумен өтеуіңізге болады. Яғни нақты қанша қайтаратыңызды, банкке қанша пайда түсетінін білесіз. Ал жай банктерде олай емес. Ол жерде комиссия сынды қосымша төлемдерден басқа, төленбей қалған айларға айыппұл қосылады. Өсімі тағы бар. Яғни төлемдердің нақты сомасы белгісіз. Ол тек төлеп болған кезде ғана белгілі болады. Тіпті, төлеу уақытын 20-30 жылға созып қойып, соңында сізден екі немесе үш есе қылып қайтарып алады. Осы жылдар аралығында сіз сол қарызыңызды жабу үшін ғана жұмыс істеп, басқа мәселелерге уақытыңыз да қалмайды. Сондай-ақ, сонша жыл біреуге қарыз болу адамның жүйкесіне де әсер етеді. Егер бір ай төлей алмай қалсаңыз, айыппұлы, өсімі қосылып, екінші, үшінші ай қатарынан төленбей қалса, жаңағы тауарыңызды еш ойланбастан басқа біреуге сата салады. Сонда сіздің соған дейін төлеген қаражатыңыз да, алған тауарыңыз да, бір сөзбен айтқанда, күйіп кетеді. Ал Ислам банкінде жағдай басқаша. Ол жерде төлеуге жағдайыңыз келмесе, барып ке-лісімді создыруға мүмкіндік бар. Ол үшін ешқандай айыппұл бол-майды. Сол басында келісілген сома соңына дейін сақталып қалады. Міне, әділдік, ұтыс пен ұтылысты тең бөлісу дегеніміз осы.

  Екінші  әдіс – истисна. Бұл орта және ұзақ мерзімде үлкен жобаларды қаржыландыруға қолданылады. Яғни белгіленген мерзімде және өзгермейтін бағамен салынатын немесе шығарылатын затты тапсырыс бойынша сатып алу. 
Өсімқорлыққа негізделген несиедегі пайызды мұзтауға теңеуге болады. Себебі, оның бізге көрінетіні кішкене беті ғана. Ал негізгі үлген бөлігі судың астында. Несиедегі пайыз да сол сияқты. Алғашында, аз ғана 3-4 пайыз сияқты болып көрінеді. Ал соңында барлық қайтарылған соманы есептесек, төбе шашың тік тұрады. Өкінішке қарай, сол аз пайыз дегенге көпшілік алданып қалып жатыр. Расымен көптеген банктер не бәрі төмен пайыз деп халықты алдап несие беріп, соңында бүкіл дүние-мүлкін сүліктей сорып алады. Себебі, оның мұзтау сияқты түбі көзге көрінбейді. Ал Ислам банктері саған нақты санды айтқандықтан, оның түбі де, шыңы да бірдей көрінеді және ондағы пайыз несиедегі емес, саудадағы пайыз. Яғни пайыз математикалық категория тұрғысында айтылып тұр. Бұл жүйе сонысымен де ерекше. 
Осы жерде айта кететін бір жайт, бізде әлі күнге дейін ешкім осы мәселеге терең үңіліп, сараптама жасаған жоқ. Халықаралық банктердің Үкіметке ұсынған аз пайыздарына қызығып, солардың қызметіне жүгініп келеміз. Ал соңында қанша төленгенін ешкім білмейді. Қағаз жүзінде келісімшарттағы санға қарап, пайызының аз екенін көреміз де, төленетін қарыз да сондай аз болады деп ойлаймыз. Бірақ бұл мүлдем қате пікір. Міне, өкінішке қарай, осыны саралап, сараптап жатқан ешкім жоқ.

  Үшінші  әдіс – иджара. Бұл қазір кеңінен қолданылып жүрген лизингтік әдіске ұқсайды. Яғни ауыл шаруашылығына немесе басқа да қажеттіліктер үшін техника алып, кейін жұмыс өнім бергеннен кейін ғана қарызыңызды белгіленген мерзімде төлейсіз.

  Сауда тетігінің соңғы  төртінші әдісі –  салям. Бұл да ауыл шаруашылығы үшін өте тиімді. Яғни алдын-ала төлем жасау арқылы қолдау білдіру. Мәселен сіз Ислам банкіне келіп өзіңіздің бизнес жоспарыңызды ұсынасыз. Соған сәйкес қарызға ақша алып, оны жоспарыңыз жүзеге асқан кезде, яғни өнім алғаннан кейін барып өтейсіз. Қысқаша айтқанда, бұл алдын-ала болатын өнімді (мәселен, бидай) сатып алу деген сөз. Жоғарыдағы әдістердегі сияқты мұнда да нақты сома алдын-ала белгіленеді. Демек, сіз мол өнім алсаңыз да, оны қымбатқа сатсаңыз да, төлейтін қарызыңыз бірқалыпта қалады. Ал егер бөлінген қаржы мақсатты жұмсалғанымен, жоспар жүзеге аспай, өнім болмаса, банк исламдық сақтандыру, яғни такафул арқылы белгілі бір мөлшерде қаржысын қайтарып, сізден алатын ақшаны есептен шығарады. Бұл банк пен тұтынушы арасындағы өзара келісім бойынша жүзеге асады. Сондықтан исламдық қаржыландыруда келісімшарттарға баса назар аударылады. Осы жерде ескеретін жағдай, Ислам банктері сізге қаржы бергеннен кейін сіздің ісіңіз алға басуы үшін бірге жүгіреді. Қаржының өз орнымен көзделген мақсаттарға жұмсалып жатқанын тексеріп, әркез қолдау білдіріп отырады. Ал басқа банктер ақшасын беріп, кепілдік меншікті толығымен алғаннан кейін сіздің жобаңызда шаруасы болмайды. Тек сол қаржыны еселеп қайтарсаң болғаны. Ал қайтара алмасаң, әртүрлі айыппұлдармен сіздің бүкіл мүлкіңізді иеленіп алады. Өйткені, оларда Ислам банктеріндегі сияқты «кешіру» құралы жоқ. 
Екінші тетік – серіктестіктің де екі жұмыс істеу әдісі бар. Олар – мушарака және мудараба.

  Мушарака  әдісінде екі адам немесе екі кәсіпорын серіктес ретінде жұмыс істейді. Яғни, бір іске қосымша бірігіп қаржы құйып, өзара тең құқықта болады. Соған сәйкес, бірге жұмыс істеп, табысты да тең бөледі. 
Ал мудараба бойынша сәл басқаша. Мысалы, бір адамның іс бастауға жетерлік қаржысы бар дейік. Бірақ ол өзінің тұрақты қызметі болғандықтан, бұл шаруаға уақыты жоқ. Мұндай жағдайда Ислам банкінің мудараба әдісіне жүгінгені абзал. Өйткені, банк сізден аманат (инвестициялық) депозит арқылы ақшаны алып, оны мудариб ретінде іске жаратады. Бұл жерде қаржы берген адам «раб аль-маль», яғни серіктес-инвестор болып табылады. Сәйкесінше, келісім бойынша бұл табыс та бөлінеді. Міне, исламдық қаржыландырудың алты негізгі жұмыс істеу құралы осылар. Бұл жерде елдің экономикасын арттырып, қосымша нақты құнын көтеру қатаң ескерілген.

  Қазақстанда ислам банкингінің  даму толқыны

  Ислам банкінің алғашқы толқыны елімізге тәуелсіздіктің бастапқы жылдары келген болатын. 1993-1994 жылдары Қазақстанда «Әл-Барака Қазақстан» деген Ислам банкі өз жұмысын бастады. Ол банктің иесі Ислам әлемінде, сондай-ақ, дүниежүзілік банк ісінде өте үлкен беделге ие тұлға, ірі инвесторлардың бірі, Ислам сауда және индустриялдық палатасының президенті шейх Салех Кәміл мырза болатын. Оның шариғатқа сәйкес инвестициясының нәтижесінде әлемнің 36 елінде осындай банк ашылып, табысты жұмыс істеуде. Алайда сол банктің біздегі ғұмыры ұзаққа созылған жоқ. Себебі, еліміздегі кейбір адамдардың теріс әрекеттері банк жұмысына айтарлықтай кедергі келтірді. Соған орай, шейх Кәміл мырза біздің елге өте қатты ренжіп кетті. Өйткені, бізді мұсылман елі деп ескеріп келген кезде үмітін ақтамадық. Сондай-ақ, ол кезде біз бұл жүйенің не екенін біліп үйренуге мұршамыз да болмаған еді. Екінші толқын дағдарыстың алдында 2004-2006 жылдары келді. Сол кезде еліміздегі екінші деңгейдегі ірі банктер Ислам банктерінен мурабаха әдісі бойынша синдикаттық несие алды. Кейін дағдарыс болып, несие алған банктер дефолтқа ұшырады. Тіпті, БТА, Альянс банк, Астана-Финанс және Темірбанк сынды ірі банктердің өздері толық дефолтқа ұшырап, солармен бірге несие берген Ислам банктері де өте үлкен мөлшерде шығынға тап болды. Кейін де ол қарыздар қайтарылмады. Шығынға ұшыраған әйгілі Ислам банктерінің қатарында Дубай Исламик банк, Абу-Даби Исламик банк, Араб Инвестмент Компани, СИМБ Исламик банк және басқалар бар еді. Дағдарыстан кейін біз қайта исламдық қаржыландыруға қызығушылық танытқанымызда жоғарыда аталған шетелдік         Ислам банктері дағдарысқа дейін кеткен шығындарын алғашқы капитал ретінде ұсынып, бізбен жұмыс істеу мәселесін көтерді. Алайда біздің банктер ол ұсыныстан бас тартып, кеткен шығын жөнінде жақ ашпады. Нәтижесінде, әлемде үлкен абыройға ие Ислам банктерінің бізге деген сенімдерін жоғалтып алдық. Тіпті, біз туралы «келісімшартты бұзады», «сөзге тұрмайды» деген сияқты жағымсыз пікірлер де қалыптасып үлгерді. Қазір біз осы келеңсіздіктерді жою үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаудамыз. Соған байланысты стратегиялық іс-шаралар және жобалар дайындалып жатыр. Осы ретте бүгінде Ислам Даму банкінің тобы бізге қызығушылық танытып, сенім білдіріп отырғанын айта кеткен жөн. Оған себеп те бар. Өйткені біз сол Халықаралық Ислам Даму банкінің бір мүшесіміз.

 
Ислам банктері бәсекелестікке қаншалықты қабілетті?

     Исламдық қаржыландыру 1974-1975 жылдардан бастап жұмыс істеуде. Бүгінде қанатын кеңге жайып, ең ірі дамыған елдерде кәсіпорындары ашылды. Соның ішінде Таяу Шығыс, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа елдерінде жақсы дамыған. Мәселен Ұлыбританияда бес Ислам банкі жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2010 жылы Люксембург қор биржасында 14 сукук шығарылып, 40 млрд. АҚШ доллары айналымда болған. 
     Биыл наурыз айында Ыстамбұл қаласында осы мәселе төңірегінде үлкен бір жиын болды. Сол кезде оған Германия, Франция, Ұлыбритания сынды батыс, Бахрейн, Малайзия және ТМД елдерінен реттеу органдары қатысты. Аталған елдердің өкілдері исламдық қаржыландырудың әділеттілігіне қызығып, оның пайдалы екенін мойындап отыр. Сондай-ақ, 2001 жылдан бастап әлем бойынша Ислам банкингі жылына 15-20 пайызға дамыған. Бүгінде оның нақты активтері 1 трлн. АҚШ долларын құрап отыр. Қандай дағдарыс болса да бұл беделді активтерге еш зиян болмайды. Өйткені Ислам қаржы секторы нақты экономикаға инвестиция салу арқылы жұмыс істейді. Ал өзге қаржылық секторда активтер 400 трлн. АҚШ долларын құрауы мүмкін. Бірақ оның он пайызы ғана нақты да, қалған тоқсан пайызы жел және токсикалық активтермен толы виртуалдық капитал болуы ықтимал. Соңғы дағдарыста осындай активтер ауа шарлары тәрізді жарылып, үлкен зиянға ұшырады. Осы істерден-ақ, Ислам банктері бәсекеге қаншалықты қабілетті екенін көруге болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржы жүйенің даму үрдісі