Курстық жұмыс Құбырды сынау және сапасын анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Технологиялық өткізгіш тұрбаларды дайындау және жөндеу қазіргі өнеркәсіпте үлкен мәнге ие. Мұндай жұмыстар мұнай, химия, тағамдық, металлургиялық өнеркәсіп мекемесін, минералды тыңайтқыштар өндіру нысандарын тұрғызған кезде қолданылады. Жөндеу жұмыстарының жалпы көлемінде технологиялық өткізгіш трұрбаларды жөндеу құны мұнай және мұнай химиялық өнеркісіп мекемесін тұрғызғанда 65% , химиялық және тағамдықта 40% ,металлургиялықта 25% болады. Технологиялық өткізгіш тұрбалар әр түрлі жағдайларда жұмыс жасайды, үлкен қысым мен жоғары температураларда болады, коррозияға ұшырайды және периодтық суыту мен жылытуда болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………… 3
1 Өткізгіш тұрбалардың жөнделген құрылғыларын сынау….. 4
1.1 Жөнделген өткізгіш тұрбаларды сынаққа даярлау және қабылдау..............................................................................
4
1.2 Болат өткізгіш тұрбаларды гидравликалық сынау………….. 7
1.3 Өткізгіш тұрбаларды жуу және үрлеу………………………. 10
1.4 Қабылдау-берулік өндірістік құжаттама……………………… 10
2 Дәнекерлік қосылыстардың сапасын анықтау………………... 11
2.1 Нормативті сілтемелер…………………………………………… 13
3 Дәнекерлеу жалғанулардың сапасын бұзбай бақылау әдістері……………………………………………………………...
16
4 Өткізгіш тұрбаларды дайындау және жәндеу кезіндегі еңбекті қорғау…………………………………………………..
18
4.1 Дәнекерлеу жұмыстары және термиялық кесу……………. 18
4.2 Өткізгіш тұрбаларды жөндеу және сынау………………….. 20
4.3 Қолданылу саласы………………………………………………… 21
Қорытынды………………………………………………………… 23
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………… 24

Работа содержит 1 файл

дамир.doc

— 189.00 Кб (Скачать)

      1) сыртқы  диаметрi 100 мм дейiн құбырлар (штуцерлер)  үшiн құбырдың сыртқы диаметрiнен  кем емес, бiрақ кемiнде 50 мм;

      2) сыртқы  диаметрi 100 мм және одан да  астам құбырлар (штуцерлер) үшiн  кемiнде 100 мм болуы тиiс.

       13 Құбырлардың көлденең дәнекерлi қосылыстар осiнен бастап тiрек немесе iлмек жиегiне дейiнгi аралық Техникалық регламентте, НҚ-да көзделген тексеру , бақылау және термикалық өңдеу жүргiзу мүмкiндiгiн ескере отырып, таңдалуы тиiс.

 

2.1 Нормативті сілтемелер

 

Осы Нұсқаулықты қолдану  үшін келесі сілтеме нормативті құжаттары  қажет:

- Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы  №49 «Бу және ыстық судың қауіпсіздігіне  қойылатын талаптар» Техникалық  регламентін бекіту туралы Қаулысы  ;

- Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы  № 36 «Жанар-жағар май, улы, сұйылтылған  газдардың қауіпсіздігіне қойылатын  талаптар»  техникалық регламентін  бекіту туралы  Қаулысы;

- Бу және ыстық судың  құбырларын қауіпсіз пайдалану мен құрылысына деген өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары  (Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлары жөніндегі Министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №245 бұйрығымен бекітілген);

-  СанЕжН 2.1.4.559-96 «Ас  суы. Ас суымен жабдықтаудың  орталықтандырылған жүйесі суының  сапасына қойылатын гигиеналық  талаптар. Сапаны бақылау» санитарлы  ережелер мен нормалар талаптарының  орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі  әдістемелік ұсыныстар;

- Су қыздыру және бу қазандарын қауіпсіз пайдалану мен құрылысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрдің 2009 жылғы 21 қазандағы №245 бұйрығымен бекітілген);

- Технологиялық құбырларды  пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары  (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрдің 2009 жылғы 27 шілдедегі №176 бұйрығымен бекітілген);

- ҚР СНжЕ  ҚР 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер  мен құрылыстар»;

- ҚР СНжЕ 4.01-41-2006 «Ішкі су құбыры және ғимараттардың кәрізі»;

- ҚР СНжЕ  3.05.03-85 «Жылу  желілері»;

- ҚР СНжЕ  3.05.04-85* «Сыртқы  желілер және кәріз бен сумен  жабдықтау құрылыстары»;

- СНжЕ 3.05.05-84 «Технологиялық жабдық және технологиялық құбырлар»;

- МЕМСТ Р 50838-95 «Газ құбырларына арналған полиэтилен құбырлары. Техникалық талаптар»;

- МЕМСТ Р 52134-2003 «Термпопласттардан жасалған тегеурінді құбырлар және жылыту және сумен жабдықтау жүйелеріне арналған қосу бөлшектері.»;

- МЕМСТ 18599-2001 «Политиленнен тегеурінді құбырлар. Техникалық талаптар»;

- МЕМСТ ИСО 4065-2005 «Термпопласттардан құбырлар. Қабырғалардың универсалды қалыңдықтарының кестесі»;

- МЕМСТ ИСО 161-1-2004 «Газ  тәріздес және сұйық орталарды  тасымалдауға арналған термопласттардан  жасалған құбырлар. Номиналды сыртқы диаметрлер  және номиналды қысым. Метрлік  серия»;

- МЕМСТ 12586.1-83 «Темір бетонды тегеурінді дірілгидропрестелген құбырлар. Құрылымы мен өлшемдері»;

- МЕМСТ 20054-82 «Тегеурінсіз бетон құбырлар. Техникалық талаптар»;

- МЕМСТ 26067.1-83 «Гидротехникалық құрылыстарға арналған тік бұрышты қиылысудың темірбетонды тегеурінсіз құбырлар бөліктері. Құрылымдары мен өлшемдері»;

- МЕМСТ 26067.0-83 «Гидротехникалық  құрылыстарға арналған тікбұрышты  қиылысудың темірбетонды тегеурінсіз  құбырлардың бөліктері. Техникалық талаптар»;

- МЕМСТ 30732-2006 «Қорғаныс  қабықшасы бар пенополиуретаннан  жасалған жылу оқшаулауышы бар  үлгі бұйымдар мен құбырлар. Техникалық  талаптар»;

- КСРО  Мемлекеттік  стандарт МЕМСТ 25151-82 (СТ СЭВ  2084-80) «Сумен жабдықтау. Терминдер мен анықтамалар»;

- МЕМСТ 21.610-85 (СТ СЭВ  5047-85) «Құрылыс үшін жобалау құжаттамасының  жүйесі. Газбен жабдықтау. Сыртқы  газ құбырлары. Жұмыс сызбалары»;

- ҚР СТ 1128-2002 «Полифир қара майларының негізінде шыны талшығымен арматураланған пластикті құбырлар. Жалпы техникалық талаптар»;

- ҚР СТ 1129-2002 «Полифир  қара май негізінде шыны талшығымен  арматураланған пластикті құбырлар. Қосу бөлшектері. Жалпы техникалық  талаптары »;

- ҚР СТ ИСО 11922-1-2005 «Ақпалы орталарды тасымалдауға арналған термопластикалық метариалдан жасалған құбырлар. Мөлшерлері және қол жетімділіктері. 1 бөлім. Метрлік серия»;

- ҚР СТ ИСО 4427-2004 «Сумен жабдықтауға арналған политилен құбырлар. Техникалық талаптар»;

- ҚР СТ ИСО 4437-2004 «Газ тәріздес отынды беруге  арналған полиэтиленті жер асты құбырлары. Метрлік серия. Техникалық талаптар»;

- ҚР СТ  ИСО 8772-2004 «Кәріздік және жер асты дренажды  жүйелерге арналған полэтиленнен  жасалған фитингтер мен құбырлар»;

- ҚР СТ ИСО 8770-2004 «Ғимараттың ішінде орналасқан (төмен  және жоғары температура кезінде) қолданылған және ағынды суларды бұру жүйесіне арналған жоғары тығыздықты политиленнен жасалған фитингтер мен құбырлар»;

- ҚР СТ ИСО 13761-2005 «Пластмасс құбырлар мен фитингтер. 20°С  астам температура кезінде  қолданылатын политиленді құбырлы жүйелерге арналған қысымның төмендеу коэффициенттері»;

- ҚР СТ ИСО 12162-2005 «Тегеурінлі қосымшаларға арналған  фитингтер мен құбырларды өндіруге  арналған термопластикалық материалдар.  Жіктелуі және белгіленуі. Жалпы  пайдалану (есептік) коэффициенті»;

- ҚР  СЕ 40-101-96 « «Рандом сополимер» полипропиленнен жасалған құбырларды жобалау және монтаждау»;

- ҚР СЕ 41-103-2000 «Құбырлар  мен жабдықтарды жылу оқшаулау  жобасы»;

- ҚР СЕ 4.02-101-2002 «Металл  полимер құбырларын қолдана отырып  жылыту жүйелерінің құбырларын жобалау және монтаждау»;

- ҚР ҚН 4.01-03-2011«Кәріз. Сыртқы желілер мен құрылыстар»;

- ҚР СН  4.01-22-2004 «Шыны  пластиктен жасалған құбырларды  жер асты және жер үстіне  төсеу бойынша нұсқаулықтар»;

- ҚР СН  4.01-05-2002 «Пластмасс  құбырлардан кәріз және сумен жабдықтау желілерін монтаждау және жобалау бойынша нұсқаулық»;

- ҚР СН 550-82 «Пластмасс  құбырлардан технологиялық құбырларды  жобалау бойынша нұсқаулық» (09.08.1988 ж. өзгертулер);

- ҚР СН 527-80 «10 МП  дейін  Ру  технологиялық болат құбырларды жобалау бойынша нұсқаулық» (09.08.1988 жылға қарағандағы өзгертулермен);

-  Пластмасс құбырлардан  технологиялық құбырларды жобалау  бойынша құрал (СН 550-82);

- ВҚН 440-83 Пластмасс  құбырлардан технологиялық құбырларды  монтаждау бойынша нұсқаулық;

- ВҚН 004-88 «Машистралды құбырлардың құрылысы. Технологиясы және ұйымдастырылуы»;

- ВҚН 362-87 «10 МПа РУ-ға  технологиялық құбырларды сынау,  монтаждау және дайындау»;

- МҚН 4.02-02-2004 «Жылу  желілері»;

- МҚН 4.02-03-2004 «Құбырлар  мен жабдықтың жылу оқшаулауы»;

- МҚН 4.03-01-2003 «Газ үлестіргіш жүйелер»;

- ҚР ҚД 34.03.204-05 «Құралдар  және аспаптармен жұмыс кезінде  еңбекті қорғау мен қауіпсіздік  ережелері»;

- ҚР ССТ 36-143-88 «Технологиялық  құбырлар мен технологиялық жабдықтың  монтажы. Жұмыстарды жүзеге асыру жобасы. Әзірлеу тәртібі, құрамы мен мазмұны»;

 

3 Дәнекерлеу  жалғанулардың  сапасын бұзбай бақылау әдістері

 

Рентгендік бақылау.Рентген  сәулелері мөлдір емес денелерден өту  қасиетіне ие. Дәнекерлік тігістен  өтіп, өз жолында ақау кездестіргенде олар интенсивтілігін өзгертеді, бұл рентген пленкасына тіркеледі. Дәнекерлік тігістерді көру үшін РУП типті рентген аппараттарын қолданады. РУП-120-5-1 аппаратын қалыңдығы 25 мм болаттан жасалған және 100 мм-ге дейінгі қалыңдықтағы жеңіл ерітінділерден жасалған дәнекерлік тігістерді көру үшін қолданады. Бақылау кезінде сәулелену көзін (рентген тұрбасын) тігістен белгілі қашықтықта қояды. Тігістің қарама-қарсы жағына рентген пленкасы мен күшейткіш экрандары бар кассетаны орналастырады. Жарықтау кезінде пленканы сәуле астында экспозиция деп аталатын белгілі уақыт бойы ұстайды. Ол металл қалыңдығына, фокустық қашықтыққа, сәулелену интенсивтілігіне, пленка сезімталдығына тәуелді. Күшейткіш экрандар экспозицияны азайтады. Содан соң пленканы кассетадан шығарып, қарайды. Тігіс бөлігінің алынған суретінде бөлек жерлердің қараю дәрежесі бірдей болмайды. Пленкаға ақау арқылы түскен сәулелер тығыз металдан өткен сәулелерге қарағанда аз дәрежеде жұтылады, сондықтан дәнекерлік ақау пленкада өте қара болып көрінеді. Жарықтау кезінде  тігіс қасына сәулелену көзі жағынан ақау көлемін және тігістегі тереңдігін анықтайтын дефектометр қойылады. Дефектометр- бұл жарықталған металл материалынан жасалған пластинка. Пластинка қалыңдығы тігіс күшеюіне тең болуы керек. Дефектометрде әр түрлі тереңдіктегі тоғандар бар. Рентгенограмма бойынша ақау көлемін оның қараюын дефектометр тоғандарының қараюымен салыстыра отырып анықтайды. Рентгендік бақылау көмегімен көптеген ішкі ақауларды табуға болады.

Гамма-бақылау. Гамма-сәулелер рентгендік сияқты электромагниттік толқындар болып табылады.Кей элементтер өздерінен сәуле шығара алады. Бұл құбылыс радиоактивтілік деп аталады. Жарықтау үшін кобальт-60, тулий-170,иридий-192,т.б. жасанды радиоактивті изотоптар қолданылады. Гамма-сәулелер адам ағзасына зиян тигізетіндіктен радиоактивті изотоптарды арнайы контейнерлерде сақтайды. Дәнекерлік жалғауларды гамма-бақылауда  мынадай артықшылықтар бар:радиоактивті изотопы бар контейнерді үлкен рентген қондырғысы сыймайтын орындарға қоюға болады;гамма-сәулелер көмегімен бірнеше бөлшекті және бұйымның сақиналы тігістерін бір уақытта бақылауға болады; бұл әдіс өрістік жағдайларда ыңғайлы; гамма-жарықтау шығындары рентгенге қарағанда аз. Радиоактивті изотоп препараты кобальт-60 жұмыста тоқтамайды және 5 жылдан артық қолданыла алады. Гамма-сәулемен жарықтаудың кемшілігі-қалыңдығы 50 мм-ден төмен тігістердегі ақауларды табу сезімталдығы төмен.

Ультрадыбыстық бақылау. Бақылаудың ультрадыбыстық әдісі ультрадыбыстық толқындардың акустикалық қасиеті әртүрлі екі орта шекараларынан шағылу қасиетіне негізделген. Ультрадыбыс деген тербеліс жиілігі 20 кГц-тен артық материалды ортаның  жіңішке тербелістері. Дәнекерлік тігістерді ультрадыбыстық бақылау үшін үлкен жиіліктер-0,5-тен 5 мГц-ке дейін қолданылады. Ультрадыбыстық тербелісті алудың бірнеше әдісі бар. Көп таралғаны кейбір кристалдардың немесе жасанды материалдардың пьезоэлектрлік жеріне некгізделген әдіс болып табылады. Егер кристалдан кесіп алынған пластинканың қарама-қарсы шеттеріне әр аттас зарядтар берілсе, онда ол өз көлемін заряд белгілерінің өзгеруіне қарай өзгертіп отырады. Секундына 20 мың тербеліс жиілігімен электр зарядтарының жиілігін өзгерте отырып  ультрадыбыс түрінде берілетін пьезоэлектрлік пластинканың механикалық тербелісін алады. Ультрадыбыстық тербелістерді дәнекерлік тігіске енгізу үшін пьезоэлектрлік түрлендіргіш деп аталатын құрылғыларды қолданады. Олар дәнекерлік тігіс ақауынан шағылған ультрадыбыстық тербелістерді қабылдай алады, олар экранға сәйкес сигналмен тіркейді. Ультрадыбыстың көмегімен жарықтарды, үрленулерді және металл жапырағының қабатталуын анықтауға болады. Ультрадыбыстық бақылаудың үлкен кемшілігі- табылған ақауларды шешудің және бағалаудың күрделілігі. Бұл жұмысты тәжірибесі мол, квалификациясы жоғары оператор орындай алады. Қазіргі кезде табылған ақау туралы ақпарат сандық формада немесе арнайы лентада берілетін құрылғылар жасалған.

Магниттік бақылау. Бақылаудың магниттік әдісі бақыланатын бұйымды магниттеу кезінде ақау үстіндегі магнитті шашырауды пайдалану принципіне негізделген. Егер дәнекерлік тігісте  ақау болмаса, магниттік күш сызықтары тігіс қимасында бірқалыпты араласады. Тігісте ақау болғанда магниттік күш ағыны шашыраудың магниттік ағындарын тудырып, ақауды айналып өтеді. Шашырау ағынын тіркеу  әдісіне қарай магниттік ұнтақ және индукциялық әдіс бар. Бірінші жағдайда өрістің бірқалыпсыздығын бұйым бетіне себілген ферромагниттік ұнтақтың жиналу орны бойынша анықтайды. Екінші жағдайда шашырау ағынының индукциялық катушка тіркейді. Бұйымды электромагнитпен, самноидпен немесе тікелей  дәнекерлік жалғану арқылы ток жүргізіп магниттейді. Магнитті ұнтақты бақылауды екі  әдіспен жүргізеді. Құрғақ және ылғал. Бірінші жағдайда магниттік ұнтақ құрғақ түрде болады, екінші жағдайда магниттік ұнтақ сұйықтықта болады. Құрғақ әдісін тереңдегі және бетіндегі ақауларды табуға қолданылады. Магниттік ұнтақ әдісі тек ферромагнитті материалдарға жарамды.Бұл әдіспен беттегі және істегі жарықтарды табуға болады.

Магнитографикалық бақылау. Магнитографикалық әдіс ақау  үстіндегі өрістің шашырауын магниттік лентаға жазып, оны магнитографикалық дефектоскопта жіберуге негізделген. Бұл әдіспен дәнекерлік тігістерде 15 мм тереңдікте орналасқан ақауларды табады.

Люминесцентті және түсті  дефектоскопия. Бұл әдістер кезінде  дефект  аузына  фильоресцияланостан ерітіндісі немесе қызыл сұйықтық құяды, оларды сосын беттен кетіреді. Ультрафиолет  сәулелер әсерімен ақау аузындағы ерітінді жарқырайды. Түсті дефектоскопияда ақаулар ақ көрінетін бояудың көмегімен табылады. Осы әдістер көмегімен беттегі ақауларды, әсіресе әр түрлі дәнекерлік жалғанулардағы жырықтарды табады. Түсті дефектоскопия үшін ДАК-2ц дайын жиындарын пайдаланады.

 

4 Өткізгіш тұрбаларды дайындау және жөндеу кезінде еңбекті қорғау

4.1 Дәнекерлеу жұмыстары және термиялық кесу

 

Аталған жұмыстарды, термиялық  өңдеуді орындау және дәнекерлік жалғанулар сапасын бақылау кезінде  мына талаптарды орындаған жөн:ГОСТ 12.3.003-86, ГОСТ 12.3.004-75, ГОСТ 12.1.013-78,ГОСТ 12.1.004-85, ГОСТ 12.2.007.8-75;Денсаулық сақтау министрлігімен  бекітілгекн дәнекерлеу, еріту және металдарды кесу кезіндегі санитарлық ережелер; дәнекерлеу және басқа да отқа қатысты жұмыстарды орындау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері. Дәнекерлеу жұмыстарын орындауға жасы 18-ден асқан, медициналық тексерістен өткен, арнайы техникалық білімі бар электроқауіпсіздіктен квалификациялық  топ немесе газгенераторлар жұмыс жасау құқығын беретін куәлік алған жұмысшылар жіберіледі. Дәнекерлеу мен кесуге  арналған  электроқұрылғыларға қызмет көрсетуге үшінші разрядтан төмен емес, 1000 В-қа дейінгі кернеудегі электроқондырғылармен жұмыс істеу құқығының куәлігі бар электромонтер жіберіледі. ГОСТ12.0.003-74-ке сай дәнекерлеу жұмыстары мен термиялық кесу кезіндегі негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар: Электр тогының соғуы;аздисперсті шаң мен зиянды газдардың шығуы; шықтар мен ерітілген металл көпіршіктері; жарықтық және ультрафиолет сәулелердің интенсивтілігі: Элетрдәнекерлеу аппараттарында  және олардың қорек көздерінде кернеуі бар элементтерді сенімді қоршауды қарастырылуы және орнатылуы керек. Дәнекерлеу қондырғыларының барлық түрлерінің жердегі  қорғанысы  ГОСТ 12.2.007-75 талаптарына сай іске асырылуы керек. Әр дәнекерлеу  аппаратынды жердегі магистралға тікелей жалғанған бөлек жерленген өткізгіш болуы керек. Технологиялық қондырғыны, электрқондырғылар конструкциясын және жерленген контурды кері өткізгіш, ретінде пайдалануға тыйым салынады. Жұмыс орнынан қысқа уақытқа болса да кеткенде қондырғыны электр көзінен айыру керек. Жұмыс аяқталған соң қондырғыны толық қорексіздендіру керек; баллондардың, газ бөлетін кедендердің, судың вентилдерін жауып; жергілікті вентиляцияны айырып; өткізгіштерді, шлангтерді жинап; металл беттерінің  қарама-қарсы жағын өрт көзінің бар-жоғына тексеріп кету керек. Тұрба дйындайтын цехтардағы от жұмыстарының бөліктері биіктігі 2 м өртенбейтін материалдардан кабиналар жасалуы, кабина қабырғасы мен еден арасында 50 мм (дәнекерлеу және термиялық кесу кезінде 300 мм) орын қондырылуы  керек. Электродәнекерлеушілердің және плазмакесушілердің жұмыс орындарын биіктігі 0,8 м көшпелі қалқанмен қоршалуы керек. Сыртта дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатқанда мұндай қалқандарды бірнеше дәнекерлеушілер жұмыс істегенде және адам қозғалысы көп жерде қондырған жөн. Дәнекерлеу  аудандарындағы ауада жиі кездесетін аэрозолдер мен газдардың мүмкін концентрациясы ГОСТ 12.1.005-88-ге сай  орнатады. Дәнекерлеушілер мен кесушілердің жұмыс орындары аэрозолдың 75% алып кететін  жергілікті вентиляциямен қондырылуы керек, аэрозолдың қалған бөлігі тұрба жасаушы цехтың ортақайналымдық вентиляциясына түседі. Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану талаптары  ГОСТ 12.3.003-86, ГОСТ 12.4.4011-87, ГОСТ 12.4.034-85-ке сай болуы керек. Көзбен бетті қорғау үшін элекрдәнекерлеушілер мен плазмокесушілер ГОСТ 12.4.035-78 бойынша қалқаншалар мен бет перделер пайдалануы керек, ал газкесушілер мен көмекші жұмысшылар ГОСТ 12.4.013-85Е бойынша көзілдірік киюі керек. Жылулық сәулеленуден, еріген металдың шықтарынан, қызған беттермен байланыстан, сыртқы ауаның төмендетілген температураларынан қорғану үшін жұмысшылар арнайы киім және аяқ киіммен қамтамасыз етілуі керек. Биіктерде дәнекерлеу жұмыстарын және термиялық кесуді орындау кезінде олар өртенбейтін  материалдармен қорғалуы керек. Кесу кезінде конструкцияның кесілген элементтерінің құлауына қарсы шаралар қабылданбауы керек. Электрдәнекерлеу және газжалынды жұмыстар кезінде сол айналадағы орындар 5 м радиуста өртенетін материалдардан тазартылуы керек. Жаңбыр және қар жауғанда жұмыс орны жабылмаған болса электрдәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Биіктікте жел жылдамдығы 10...12м/с болғанда, көктайғақта немесе тұманда отпен жұмыстар жасауға болмайды. Бояумен қапталған бұйымдар мен бөлшектерде отпен  жұмыстар атқаруға тыйым салынады. Жанғыш сұйықтықтары  немесе қышқылы болған тұрбаларды кесу, дәнекерлеу алдында олар тазаланып, ыстық сумен және каустикалық сода ерітіндісімен жуылып, кептіріліп, қайтадан тексеріліп алуы керек. Дәнекерлеу өткізгіштерін немесе газ өткізгіштерді қондыру  немесе жылжыту кезінде олардың изоляциясының бұзылуына, сумен маймен, болат арқандармен және ыстық тұрбалармен жанасуына қарсы шаралар қабылдануы керек. Дәнекерлеу өткізгіштерінен ыстық тұрбаларға және оттегі баллондарына дейінгі қашықтық 0,5 м, ал ыстық газдарға дейін-1 м болуы керек. Газ баллондардың  орналасу және қолданыста болуы қатаң түрде ГОСТ 12.2.003-74-ке және Мемтаутехбақылаумен бекітілген қысыммен жұмыс  істейтін ыдыстарды  қауіпсіз пайдалану және орналастыру Ережелеріне сай орындалады. Газ баллондары соққыдан және күн сәулесінің тіке түсуінен қорғалуы керек, жылытқыш құрылғылардан 1 м қашықтықта орналасуы керек. Оттегі баллондарын пайдалану, сақтау, орын ауыстыру кезінде олардың болу материалдарымен, киіммен және май іздері бар материалдармен жанасуына қарсы шаралар қаралуы керек.  Газ баллондарын  олардың орнықты жағдайын қамтамасыз ететін арбаларда жылжытқан жөн. Дәнекерлік жалғанулардың сапасын бақылауды рентген аппаратымен және гамма-дефектоскоптармен орындағанда мына талаптарды басшылыққа алу керек: ГОСТ 12.3.023-80; радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелендірудің басқа көздерімен жұмыс жасаудың негізгі санитарлық ережелері; радиоизотопты дефектоскопия  бойынша санитарлық ережелер; Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген радиациялық қауіпсіздік нормалары. Дефектоскопиялық жұмыстар жүргізгенде сәулелену үлгісінің қуаты 0,3мР/сағ-тан асатын радиациялық-қауіпті аймақтарды жазып жүрген жөн. Бұл аймақтың шекарасы радиациялық қауіп белгісімен белгіленеді. Дәнекерленген тігістердің сапасын ультрадыбыспен бақылағанда электрқондырғыларды техникалық қолдану ережелерін орындау керек.

Информация о работе Курстық жұмыс Құбырды сынау және сапасын анықтау